Национальной академии наук республики казахстан



Pdf көрінісі
бет28/30
Дата06.03.2017
өлшемі2,69 Mb.
#8471
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30

Резюме 
 
В  статье  рассмотрены  вопросы  современной  казахской  драматургии.  В  аспекте  художественного  отражения  образа 
современника  автор  анализирует  драматические  произведения  Д.Исабекова,  Б.Мукая,  С.Балгабаева,  Р.Мукановой, 
С.Асылбекулы, т.б.  
 
Summary 
 
The article considers questions of the modern Kazakh dramaturgy. In the aspect of artistic reflection of the image of the 
contemporary author analyzes the dramatic works of D.Isabekov, B.Mukay, S.Balgabaev, R.Mukanova, S.Asylbekuly, etc. 
 
 
 
 
 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
182  
Д.Д. СУЛЕЙМЕНОВА 
Батыс Қазақстан Гуманитарлық академиясы, т. ғ. к., доцент, Орал қаласы 
 
ҚАЗАҚ  ЕЛІНІҢ  САЯСИ  КҮРЕС  ТАРИХЫ 
                                                                                               
 
ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасырдың 20 жылдарына  дейінгі  кезең  патша  өкіметінің  қазақ 
халқын ұлттық рухтан айыру үшін барын салып, экономикалық, саяси жағынан қанауды мейлінше 
күшейте түскен кезеңі болды. Оның бірқатар объективті себептері де бар еді. Алдымен Ресейдің өз 
ішінде  революциялық  толқулар,  қозғалыстар  күшейіп,  оның  соңы  монархиялық  режимнің 
құлауымен тынды. Ресей экономикасы бірінші дүниежүзілік соғыстан əбден күйзеліп шықты. Сол 
себепті  ондағы  экономикалық  дағдарыс  та  өзінің  шегіне  жетті.  Империяның  аграрлық  секторы 
дағдарысқа  ұшырап,  шаруалардың  жаппай  ашаршылыққа  ұрынуы  оларды  ғасыр  басында  отар 
аймақтарға,  оның  ішінде  қазақ  даласына  қоныстандыру  процесін  жеделдетті.  Бұл  өз  кезегінде 
жергілікті  қазақтар  тарапының  наразылығын  күшейтті.  Ресейдегі  монархиялық  режимге, 
самодержавиеге қарсы оппозициялық партиялар мен саяси күштер ықпалы қазақ даласына да келіп 
жетіп,  жергілікті  халықтың  саяси  санасын  шыңдай  түсті.  Міне,  осындай  қат-қабат  қайшылықтар 
1916 жылғы көтеріліске əкеліп, оның соңы бүкіл қазақ даласын қамтыған ұлттық, саяси тəуелсіздік 
жолындағы ұлт-азаттық қозғалысқа ұласты. Қазақ зиялы қауымы осы қозғалыстың саяси жетекші 
күшіне айналды.  
Адамзат тарихы əлденеше рет дəлелдегендей, ұлттың бірлігі, қоғамның күші, халық рухы сын 
сағаттарда  сыналып,  шыңдалады.  Міне,  осы  кезде  тарих  сахнасына  оның  шын  мəніндегі  ел 
бастаған  көсемдері  мен  біртуар  перзенттерінің  үркердей  озық  ойлы  тобы  шықты.  Бұл  кезең, 
Гумилевше  айтқанда,  қазақ  пассионарлығының,  яғни  ұлттық  интеллектуалдық  күш-қуатының 
жанартаудай жартасты жара атылу кезеңі болды. Сондықтан біз пассионарлығының айқын көрінісі 
немесе  ХХ  ғасыр  басындағы  ұлттық  ренессанс  кезеңі  саналатын  осы  кезеңді  қазіргі  жас  ұрпаққа 
барынша тереңірек ұғындырып айтуымыз керек. 
Қазақ халқының қадым ғасырлардан бастау алып, ғасырлар тоғысында ерекше сипатқа ие болған 
ұлт-азаттық  қозғалысының  қалыптасуы  мен  дамуы – Ресей  империясымен,  оның  қазақ  даласында 
жүргізген  отарлау  саясатының  ерекшеліктерінен  туындайтын  бірнеше  кезеңдерден  тұрады.  Кеңес 
одағы дəуірінде мұндай кезеңдеу жүйесі партиялық əдебиетте қалыптасқан революциялық қозғалыс 
кезеңдерімен сəйкестендіріліп, оның қазақ даласындағы нақты көріністеріне, ішкі заңдылықтарына, 
тенденцияларына, ерекшеліктеріне, пайда болуы, дамуы, шарықтау шектеріне ерекше мəн берілмеді. 
Сондықтан осы еңбекте қазақ даласындағы ұлт-азаттық қозғалыс кезеңдерін ғылыми объективтілікті 
басшылыққа ала отырып, жаңаша жүйелеуді жөн көрдік.  
Кез  келген  халықтың  ұлт-азаттық  қозғалысы  тарихын  бүкіл  əлемдік  контекстен  бөліп  қарауға 
болмайды. Ал ұлт-азаттық қозғалыстың заңдылықтары жөніндегі зерттеулер саяси жəне құқықтық 
ілімдер  тарихының  негізін  құрайды.  Жаңа  замандағы  қазақ  тарихын,  оның  ұлт-азаттық 
қозғалыстардан  туындайтын  саяси  жəне  құқықтық  тарихын  төмендегідей  кезеңдерге  бөліп 
қарастыруға болады:  
–  бірінші  кезең – ХІХ  ғасырдың  аяғы  мен  ХХ  ғасыр  басындағы  Ресейдегі  революциялық 
қозғалыстың өрістеуінен туындаған кезең. Бұл 1905 жылға дейінгі уақытты қамтиды.  
– екінші кезең – Қазақстанда отаршылдық езгі, патша өкіметінің қазақ халқын қанауды одан əрі 
күшейтуі  негізінде  туындаған  əртүрлі  бас  көтеру,  наразылық  акцияларынан  бастап,  саяси 
күштердің  «Қазақ»  газеті  төңірегіне  топтасуына  дейінгі  аралықты  қамтиды.  Бұл – 1905-1912 
жылдар аралығы.  
–  үшінші  кезең  – «Қазақ»  газеті  шығуымен  ұлттық  зиялы  қауымның  біртұтас  саяси  күшке 
айналып, оның Ақпан (1917) революциясына дейінгі азаттық жолындағы күресін қамтитын кезең.  
–  төртінші  кезең  –  Ақпан  революциясынан  бастап,  Алашорда  үкіметінің  құрылуымен 
аяқталатын (1917 жыл, желтоқсан) – саяси тəуелсіздік жолындағы күрес кезеңі.  
–  бесінші  кезең  –  қазақ  қауымының  саяси  жетекші  күшін  құрайтын  Алашорда  қозғалысы 
қайраткерлерінің қуғындалып, қозғалыстың таратылу кезеңі (бұл 1919-1920 жылдарды қамтиды).  
Енді осы кезеңдеу жүйесінің теориялық тұжырымдары мен заңдылықтарына тоқтала кеткеніміз 
жөн. 
Бірінші  кезең  ХІХ  ғасырдың  аяғында  Ресейде  самодержавиеге  қарсы  əртүрлі  идеялық-саяси 
ағымдар пайда болды. Дəл осы кезеңде империяның аса үлкен ғылыми орталықтарында кейіннен 
қазақ зиялы қауымының негізін құраған қазақ жастары білім алды. Олардың ішінде Ə.Бөкейханов, 
Б.Қаратаев, М.Тынышбаев, Ж.Ақбаев, Ж.Сейдалин, Жаһанша Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов т.б. 
болды.  Кейбір  мəліметтерге  қарағанда,  ХХ  ғасыр  басында  Қазақстанның  əр  түкпірінен  шығып, 
Ресейдің  түрлі  қалаларында  білім  алған  қазақ  жастарының  саны 700-ге  жуықтаған [1]. Олардың 

№6. 2013  
 
 
183 
таңдаған мамандықтары, білім алған оқу орындарының беделі, ол оқу орындарының үлкенді-кішілі 
қалаларда  орналасуына  қарамастан,  барлығы  дерлік  сол  кездерде  бүкіл  Ресейді  шарпыған  саяси 
күреске  тартылды.  Олар  студент  кездерінің  өзінде-ақ  саяси  қозғалыстар  мен  партиялар  ісіне 
араласып,  əртүрлі  идеялық-саяси  ағымдармен  таныс  болды.  Егер  сол  тұстағы  көптеген  саяси 
қозғалыстардың  «бауырластық», «теңдік», «азаттық»  идеяларын  ұстанғанын  ескеретін  болсақ, 
самодержавия  мен  отарлауға  қарсы  бағытталған  мұндай  ағымдар  қазақ  жастарының  көңілінен 
шықты.  Сондай  жастардың  бірі,  кейін  Алашорда  қозғалысының  көрнекті  қайраткеріне  айналған 
Əлібек  Ермековтің  Мұхтар  Əуезовпен  бірге 1932 жылы  жазған  əйгілі  мəлімдемесінен  айқын 
аңғаруға болады: «Менің саяси бағытым, өзім бұрын патша заманында езілген елдің баласы болған 
соң, əрқашан өзге мəселенің бəрінен бұрын ұлт қамын ерекше ғып жоғары ұстап, соны қалыптан 
асыра, көтере бағалауда болған. Оны туғызған патшаның отаршылдық саясаты. Қазақ жерін Ресей 
алпауыттарына  жағынамын  деп  отаршылдыққа  аяусыз  тартып  əпере  беруі.  Ұлт  мектептерін 
жойып, шаруа жүзінде халықты жауша қанауы болған» [2].  
Бұл  кезеңге  төмендегідей  сипаттар  тəн  болды.  Біріншіден,  қараңғылық  жайлаған  қазақ 
даласындағы  орыс  отаршылдарының  озбыр  əрекетін  өз  көзімен  көріп  өскен  қазақ  жастары  туған 
халқын  отаршылдық  қамытынан  құтқару  үшін  монархиялық  режимді  құлатуға  бағытталған  кез 
келген  саяси  күштер  ісіне  белсене  араласып,  түрлі  идеялық-саяси  ағымдардың  теориясы  мен 
тəжірибесін  оқып  үйренді.  Екіншіден,  орысша  сауат  ашып,  тəлім-тəрбие  алған  қазақ  жастары 
туған халқын еуропалық мəдениет пен ғылым-білімге жақындатудың бірден-бір жолы орыс тілін, 
мəдениетін,  ғылымын  үйрену  деп  білді  жəне  өз  отандастарын  оны  меңгеруге  шақырды.  Ұлттық 
мемлекеттілігін бұдан бірнеше ғасыр бұрын жоғалтып алған қазақ қоғамын бірден емес, біртіндеп 
саяси  тəуелсіздіктің  сатыларынан  өткізіп  барып,  мемлекеттік  тəуелсіздікке  қол  жеткізуді  алға 
қойды.  Осы  орайда  олар  қазақ  елін  əуелі  Ресей  Федерациясының  құрамындағы  «құрдас» (тең 
дəрежедегі) автономия формасында көрді жəне бұл халықты орынсыз қантөгістен алып шығудың 
бірден-бір  дұрыс  жолы  еді.  Үшіншіден,  толық  мемлекеттік  тəуелсіздік  идеясы  түпкі  мақсат 
болғанымен,  сол  кездегі  қазақ  қауымында  орын  алған  саяси-экономикалық  жағдай  мен  саяси 
күштердің  толық  пісіп-жетілмеуі  оны  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  бермеді.  Оған  патша  өкіметінің 
ғасырлар  тоғысында  қазақ  жерін  отарлауды  жеделдетуі  мен  орыс  мұжықтарын  жаппай  қоныс 
аудартуы,  соның  нəтижесінде  қазақ  қоғамындағы  демографиялық,  этникалық,  саяси  жəне  əскери 
күштердің ара салмағының өзгеруі де əсер етті.  
Екінші  кезең  бұл  кезең – ХХ  ғасыр  басындағы  Ресейдегі  монархиялық  жүйеге  қарсы  саяси 
күштер  мен  қозғалыстардың  бүкіл  ресейлік  сипат  алып,  жаңа  кезеңге  аяқ  басқан 1905 жылдан 
басталып,  Қазақстан  үшін  жалпы  ұлттық  саяси  күштің  трибунасы  болған  «Қазақ»  газетінің 
шығуына дейінгі кезең. Бұл кезең іштей екі бөліктен:  Бүкіл ресейлік революциялық қозғалыстың 
қазақ даласында ұлт-азаттық күштерді ояту мен əрекетке түсіруі жəне оның патша өкіметінің кең 
көлемде жүргізген жазалау шаралары негізінде ашық бой көрсетулерден ұйымдасқан, жария саяси 
күреске  ұласу  бөлігінен  тұрады.  Бұл  кезеңнің  де  өзіне  тəн  сипаттары  болды.  Біріншіден
Ə.Бөкейханов  айтқандай,  бұл  кезеңде  «бұл  дала  саясат  ісіне  тартылып,  азаттық  қозғалысының 
ағымына араласты» [3]. Əрине, бүкіл қазақ даласын қамтыған саяси қозғалыстардың басты күші – 
Ресейдің  саяси  күрес  оты  лаулаған  орталықтарынан  оралған  оқыған  қазақ  жастары  болды.  Оның 
айқын  дəлелі 1905 жылы  Императорлық  Санкт-Петербург  университетінен  еліне  оралған  Халел 
Досмұхамедов бірден саяси күрес ісіне араласып, жергілікті қазақтар арасында саяси үгіт жұмысын 
бастап  жəне  оның  қаласында  конституциялық-демократиялық  партия  құру  жолында  қазақ 
зиялыларының бас қосуы еді. Екіншіден, қазақ жастарының Ресейдегі самодержавиеге қарсы  кез 
келген ашық наразылықты асқан жауыздықпен басқан əйгілі «Қанды жексенбі», «Лена қырғыны» 
оқиғаларынан  кейінгі  күрестің  ашық,  жария  жəне  өркениетті  түрін  таңдауы,  ол  түрлі  питециялар 
мен арыз-шағым түсірулерден бастап, баспасөздегі өткір сынға, саяси күреске шақырған кітаптарға 
(мəселен, 1909 жылы қазақ жастарының саяси ұранына айналған «Оян, қазағының» жарық көруі) 
ұласты. Осылайша жария саяси күрестің ең төменгі сатысынан басталған қазақ зиялыларының бұл 
қозғалысы өркениетті елдердегі саяси күрестің күрделі формасы ең жоғарғы заң шығарушы билік 
органы-парламенттегі  орынға,  яғни  Мемлекеттік  Думадағы  орын  үшін  күреске  ұласты.  Мəселен, 
1906 жылғы қазақ зиялыларының алғашқысы болып Мемлекеттік Думаға Ə.Бөкейханов сайланды 
жəне  т.б.  Бұл  қазақ  зиялыларының  саяси-күрес  формаларын  мейлінше  меңгеріп,  тəжірибесінің 
пісіп-жетілгенін  көрсетті.  Үшіншіден,  бұл  кезеңге  қазақ  даласындағы  саяси  күштер  де  өз  ішінде 
жіктеліп,  екі  үлкен  ағымның  төңірегіне  топтасты.  Бірінші – орыс  революциясынан  кейінгі  қазақ 
қоғамында  орын  алған  саяси  оқиғаларды  саралай  келіп,  Ə.Бөкейханов 1910 жылы  олардың  екі 
бағытта дами бастағанын атап көрсетті. Олардың алғашқысы ұлттық-діни сипатта болса, кейінгісі 
еуропалық  мəдениет  үрдісін  қабылдады [4]. Ə.Бөкейханов  мақаласында 1910 жылға  дейін  қазақ 
даласында айқын сипатты белгіге ие болған саяси партиялардың болмағанын жазады. Сондықтан 
кейбір  зерттеушілер  жазып  жүргендей, 1910 жылға  дейін  қазақ  қоғамында  жария  яки  жасырын 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
184  
түрдегі  ешбір  партия  жұмыс  істеген  жоқ,  тек  саяси  күштердің  жоғарыда  аталған  екі  бағыты 
төңірегінде  топтасуы  жеделдей  түсті.  Төртіншіден,  бұл  кезеңде  саяси  партиялардың  əлі  құрыла 
қоймауы өлкедегі саяси күштер жұмысын жоққа шығара алмайды. Бұл кезеңде Ə.Бөкейханов атап 
көрсеткендей,  жасырын,  қазақ  съездері  өтті [5]. Архив  деректері  дəлелдегендей,  дəл  осы  кезеңде 
Ж.Ақбаев  пен  Ə.Бөкейхановтың  саяси,  шығармашылық,  достық  одағы  басталып,  олар 
Қарқаралыдағы  саяси  үгіт  жұмысын  өрістетеді.  Батыс  Қазақстан  өлкесінде  де  саяси  күрес, 
ереуілдер т.б. деңгейдегі наразылықтар күшейді.  
Бесіншіден, дəл осы кезеңде саяси күрес жұмысы саяси-құқықтық идеяларға ұласып, болашақ 
қазақ  қоғамы  мемлекеттілігінің  нысандары  талқылана  бастады.  Осындай  талқылауларда  дербес 
автономия алу идеясы ұсынылды.  
Үшінші  кезең  ұлт-азаттық  қозғалыстың  басшылары  жалпыұлттық  саяси  трибуна  атқарған 
«Қазақ»  газеті  төңірегінде  топтасуын  одан  əрі  күшейте  түсті. 1910 жылы  Ə.Бөкейханов  осы 
уақытқа дейін қазақ тілінде кітап басатын бірде бір баспа, бірде бір газет жоғы екендігінің өкінішін 
айта  келіп: «Бұлар  туралы  ой  қазақ  даласында  азаттықтың  бақытты  күндері  басымызға  келсе  де, 
жүзеге аспап еді», –деген еді.  
 «Қазақ»  газетінің  қазақ  халқын  саяси  күреске  жұмылдырудағы  рөлін  большевиктік  тарихшы 
Н.Мартыненко 1935 жылдың  өзінде-ақ: ««Қазақ»  газеті  Алашорда  съездерін  шақырудың 
идеологиялық  дайындығының  ұйымдастырушысы  болды.  Кейіннен  бұл  газет  Алашорда  үкіметі 
мен партиясының орталық органына айналды. Ол большевизмге қарсы аяусыз сынды өрістетті», – 
деп атап көрсетті [6]. Бұл шын мəнінде тарихи шындыққа толық сəйкес келетін баға еді. «Қазақ» 
газеті қазақ қоғамындағы саяси күштерді топтастырып қана қойған жоқ, ол сонымен бірге жалпы 
қазақ  Құрылтай съездерін өткізудің бас штабына айналды. Онда талқылауға ұсынатын саяси жəне 
құқықтық  мəселелерді  кеңінен  насихаттап,  халықтың  құқықтық  сауатын  ашты.  Осы  саладағы 
алғашқы талдаулар мен зерттеулердің орталығына айналды.  
Газет  бетіндегі  Ə.Бөкейханов [7], М.Дулатов [8], Ж.Сейдалин [9] жəне  Шəкəрімнің [10] 
мақалаларында  саяси  күрес,  қазақ  елінің  жаңа  əкімшілік  бөлінісінің  зиянды  зардаптары,  сот  ісі, 
Мемлекеттік  Думаға  депутат  сайлаудың  жай-күйі  талқыланды.  Мұндай  мақалалар  халықтың 
құқықтық  сауатын  ашумен  бірге  саяси  күреске  шақырған  үгіт-насихат  құралының  рөлін  де 
атқарды.  
Төртінші кезең Ресейдегі монархиялық режимді құлатқан 1917 жылғы Ақпан революциясынан 
бастау алады. Бұл хронологиялық шегі қысқа болғанмен, қат-қабат саяси оқиғаларға толы тарихи 
кезең  болды.  Қазақ  зиялылары  Ақпан  революциясын  патша  самодержавиесінің  келмеске  кеткені 
ретінде  қабылдап,  Ресейде  демократиялық  негіздегі  қайта  құрулар  жүзеге  асатын  болады  деген 
үмітпен  қарсы  алды.  Мəселен,  Əлихан,  Мұстафа,  Міржақып  деп  қол  қойған  «Қазақ»  газетіндегі 
«Алаш ұлына» деген үндеуде: «Азаттық таңы атты... Ресейдің  қол астындағы халықтардың бəріне 
дін,  ұлт,  тіл  айырмасына  қарамай,  азаттық  əперді.  Енді  бəрі  теңеліп,  түсімізде  көрмеген 
жақсылықты өңімізде көріп, төбеміз көкке жетіп отыр» [11], – деп қуана хабарлады.  
Ақпан төңкерісінен кейін Алаш арыстары өзгелермен терезесі тең ұлттық-аумақтық автономия 
құру  жолында  жұмысты  өрістетіп  жіберді.  Олардың  саяси  күрестегі  тактикасы  мен  стратегиялық 
мақсаты да осы ұлы идеяға қызмет етуге арналды. Төртінші кезең Алаш ардагерлері қозғалысының 
апогейі, саяси күресінің шырқау шыңы болды.  
Бесінші  кезеңді  Кеңес  өкіметі мен келіссөздер кезеңі  деп бағалауға  болады. Большевиктердің 
Қазан  төңкерісінде  жеңіске  жетіп,  Ресей  империясы  біртіндеп  Азамат  соғысының  от-жалынына 
оранған  кезеңде,  Алашордашылар  қазақ  халқын  қызылдардың  қырғыны  мен  ақтардың  лаңынан 
сақтап қалу үшін саяси күрестегі тактикасын  өзгертіп, жеңген де, жеңілген жақпен де келіссөздер 
жүргізе  бастады.  Бұл  кезеңде  Ə.Бөкейханов,  Ж.Ақбаев,  Ə.Ермеков,  Х.Ғаббасов,  Жаһанша,  Халел 
Досмұхамедовтер  Ресейдің  түрлі  орталықтарында  болып,  əртүрлі  саяси,  əскери  күш  өкілдерімен 
келіссөздер  жүргізді. «Сарыарқа»  газетінде 1917 жылдың  маусымында  жарияланған  «Жақып 
Ақбаев  туралы» [12] хабарда  оның  Құрылтай  жиналысына  қатысу  үшін  Петербургке  кеткені 
туралы  мəлімет  бар.  Осы  кезеңде  Ж.Ақбаевтың  да  саяси  қызметі  бұрынғысынан  да  күшейіп, 
заңгер-ғалым келіссөздер ісіне белсене араласады.  
Алаш ардагерлері алғашында большевиктер жеңісін кездейсоқ деп бағалап, оны қабылдамағаны 
анық.  Ə.Бөкейхановтың 1917 жылдың  желтоқсан  айында  «Шаруа,  жұмысшы  жəне  солдаттарға 
арналған жаднамасында»: «Халық Комиссарлар төрағасы Ульянов-Ленин ІІ Николай сияқты жеке 
дара  билік  жүргізіп,  ешкіммен  есептескісі  келмейді.  Билеушілердің  жарлықтарына  халықтық 
бақылау жасауды «буржуазиялық сарқыншақтар» деп есептейді. 
Билеушілердің  жауапкерсіздігін  біз  Николай  патша  заманында  көріп  едік.  Большевиктер 
Төрағасы Ульянов-Ленин халықты Николай сияқты аузын буған малдай көреді.  
Шаруалар,  жұмысшылар  мен  солдаттар  большевиктер  ретіндегі  революционердің  қызыл 
маскасының ар жағында қаражүздіктердің бейнесі көрінеді» [13], – деп жазады.  

№6. 2013  
 
 
185 
Алғашында  большевиктерге  мүлде  қарсы  позиция  ұстанған  Алашордалықтар  кейіннен 
біртіндеп  саяси  күрес  тактикасын  өзгертіп,  олармен  де  келіссөздер  жүргізеді.  Оның  нəтижесін 
туған халқының тəуелсіздігі жолындағы ұлы мақсаттарына пайдалануды көздейді.  
1917 жылдың желтоқсанында большевиктер мен оның көсемі В.И.Ленинді аяусыз сынға алған 
Ə.Бөкейханов  арада  небəрі  үш  ай  өткенде  Семей  қаласынан  тікелей  телефон  байланысы  арқылы 
В.И.Ленин  жəне  сол  кезде  большевиктік  үкіметтегі  Ұлт  істері  халық  комиссариатын  басқарған 
И.В.Сталинмен келіссөз жүргізеді.  
Большевиктер  Алаш  қайраткерлерін  жалған  уəдемен  алдап,  өз  жағына  шығарады.  Шын 
мəнісінде  көптеген  зиялы  қауым  өкілдері  Кеңес  өкіметінің  алғашқы  жылдарында  партия,  кеңес 
мекемелеріне  жұмысқа  тұрып,  туған  халқының  саяси,  рухани  түлеуі  жолында  қызмет  істеді. 
Өкінішке орай, көп ұзамай, 1920 жылдан бастап олардың басты тұлғалары қуғын-сүргінге ұшырап, 
айдауға жіберілді; сталиндік түрмелерде жазықсыз жапа шегіп, ату жазасына кесілді.  
Қазақ  халқының  ХІХ  ғасыр  аяғы-ХХ  ғасыр  басындағы  ұлт-азаттық  күресін  жоғарыдағыдай 
кезеңдеу оны Ресейде ғана емес, қазақ жерінің өз ішіндегі саяси қозғалыстар мен күштердің пайда 
болу,  даму,  өрістеу  заңдылықтарынан  туындады  жəне  оны  анықтауда  саяси  жəне  құқық  тарихы 
саласындағы зерттеулерде жинақталған тəжірибе де ескерілді. 
1917  жылдың  ақпан  айында  патшаның  тақтан  құлауы,  Ресей  империясы  құрамында  болып 
келген  халықтардың  ұлттық  қозғалыстарының  өрлеуіне  орасан  зор  ықпал  етті.  Қазақ  халқының 
көшбасшысы  болған  зиялылар  жаңа  қоғам  құру  сəті  келгенін  айқын  түсініп,  жаңа  жағдайдағы 
саяси күрес жолына шықты.  
1917  жылы  Ақпан  төңкерісінің  жеңісі  күллі  қазақ  деген  ұлт  зиялыларының  басын  бір  жерге 
қосуға  мүмкіндік  əкелді. 1917 жылдың  сəуір-мамыр  айларында  көптеген  облыс-уез 
орталықтарында  аймақтық  қазақ  съездері  өткізіліп,  қазақ  комитеттері  құрыла  бастады.  Оралдың 
жекелеген өкілдері Уақытша үкіметтің жергілікті органдары болған облыстық жəне уездік атқару 
комитеттерінің құрамына енгізілді.  
1917 жылы қазақ съездері Орынбор (Торғай облыстық), Орал (Орал облыстық), Семей (Семей 
облыстық), Омбы (Ақмола облыстық) қалаларында болды. Қазақ съездерін өткізуге ұлт зиялылары 
Ə.Бөкейханов,  М.Дулатов,  Ж.Ақбаев,  Ə.Ермеков,  Х.Ғаббасов,  Р.Мəрсеков,  А.Байтұрсынов, 
Х.Досмұхамедов, Жаһанша Досмұхамедов т.б. белсене кірісті.  
Орал облыстық қазақ комитеті – Жайық өзенінің сол жағалауын қоныстанған қазақ ауылдарын 
басқару мақсатында құрылған атқару органы. 1917 жылғы 19-22 сəуір аралығында Орал қаласында 
өткен  Жайық  сырты  қазақтарының 1-інші  съезінде  бұрынғы  Жайық  сырты  бөлігін  басқару 
жөніндегі уақытша комитеттің орнына құрылды. Комитетке мүше болып Жаһанша Досмұхамедов, 
Ы.Тоқберлиев,  Х.Тасымов,  Т.Сарбөпиев,  Е.Мұқанов,  Д.Сəрсенбаев,  Ғ.Əлібеков,  Д.Күсепқалиев, 
Б.Жанқадамов,  Р.Қаржаубаев,  Д.Жұлдызов,  Х.Досмұхамедов,  Ы.Топаев,  Е.Əбенов,  К.Жəленов, 
Ғ.Есенғұлов,  С.Қаратілеуов,  Б.Жұмағалиев,  С.Омаров  жəне  Б.Тілепин  сайланды.  Комитет 1-інші 
Орал  облыстық  қазақ  съезінің  Жайық  сырты  бөлігіндегі  бұрынғы  төрешіл-бюрократтық  басқару 
жүйесін  коллегальды  халықтық  басқару  жүйесіне  ауыстыру  жөніндегі  шешімінен  туындаған 
барлық  қаулы-қарарды  жүзеге  асырумен  шұғылданды.  Орал  қаласындағы,  уездердегі  қазақ 
қаржысына  салынған  жылжымайтын  дүние-мүлікті  есепке  алып,  қазақ  пайдасына  қызмет  еткізу, 
елден ерікті жылу жинау, оқу орындарын ашу, жəрмеңкелер өткізу, азық-түлікпен қамтамасыз ету, 
басқа қоғамдық ұйым-мекемелермен байланыс жасау ісімен айналысты.  
Орал  облыстық 1-інші  қазақ  съезін  шақырушылар  оған  мұқият  дайындалды.  Делегаттар 
арасында,  Орал  облысының  уездерін  айтпағанда,  барлық  болыстардың  өкілдері  болды.  Съезді 
шақыру  жөніндегі  ұйымдастыру  бюросы  жұмысын  бастаудан  көп  бұрын  Ғұбайдолла  Əлібеков 
төрағалық еткен Уақытша облыстық  қазақ комитетін құрған болатын. Съезді кіріспе сөзбен ашып, 
оның төрағасын, екі орынбасарын жəне үш хатшысын сайлау жөнінде ұсыныс жасаған Ғ.Əлібеков 
болатын. Төрағалыққа Жаһанша Досмұхамедов сайланды.  
Жаһанша Досмұхамедов, съездің хаттамасындағы мəліметтерге қарағанда, Томск округтық соты 
прокурорының  қызметін  атқарған;  Ол  съезд  жұмыс  істеген  кезде  Оралда  демалыста  жүрген 
болатын.  Округтық  сот  орынбасары  үлкен  лауазым  иесі  болған.  Оған  Томск  губерниясындағы 
саяси айдауда болғандар мен қамау орындарының үстінен қарау құқығы берілген болатын.  
Оның  орынбасары  болып  Ғ.Əлібеков  пен  А.Қалменов,  хатшылар  болып  Ғ.Жетпісбаев, 
Х.Ахметше жəне Н.Арғыншиев сайланды. 
Орал  облыстық  қазақтарының 1-інші  съезі 1917 жылдың 19-22 сəуір  аралығында  Орал 
қаласында  өтті.  Қазақ  съезіне 800-ден  астам  делегат  қатысты.  Съезд  қазіргі  Ж.Молдағалиевтың 
ескерткіші тұрған жерде, бұрынғы цирк үйі болған орында өткізілді, оған Байұлы, Əлімұлы, Жеті 
ру өкілдері мен болыс басшылары қатысты.  
Съезд  күндізгі  сағат 12-де  басталды.  Съезді  уақытша  қазақ  комитетінің  төрағасы  Ғ.Əлібеков 
ашып, құттықтау сөз сөйледі. Жаһанша Досмұхамедов съезд делегаттарына өзіне көрсетілген сенім 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
186  
үшін алғысын айтып, қазақ халқының бостандығы мен тəуелсіздігі үшін құрбан болғандарды еске 
түсіріп,  мұсылмандық  рəсім  жасауды  ұсынды.  Жаһаншаның  халық  алдындағы  алғаш  рəсімі  ата 
көрген,  парасатты,  халқының  əдет-ғұрпын  сақтай  алатын  жан  екенін  көрсетіп  берді,  съезд 
делегаттары бұл ұсынысты бір ауыздан мақұлдады. 
Съезд  Ақпан  төңкерісін  қуаттап,  Уақытша  үкіметтің  басшысы  князь  Львовқа,  Мемлекеттік 
Думаның  төрағасы  Родзянкоға,  Петроград  жұмысшы  жəне  солдаттар  депутаттарының  Кеңесіне, 
Əділет министрі Керенскийге құттықтау жеделхат жібереді.  
Съезді  Уақытша  үкіметтің  Оралдағы  комиссары  Григорий  Бизьянов,  жергілікті  татар 
қауымының өкілдері құттықтады.  
Орал облыстық 1-інші съездің 1917 жылғы 19 сəуір күнгі мəжілісінде үш мəселе талқыланды: 1. 
Мемлекетті  басқару  туралы; 2. Уақытша  үкіметке  жəне  жүріп  жатқан  соғысқа  көзқарас  туралы 
мəселелер.  Бірінші  мəселеге  байланысты  делегаттар  «демократиялық  республика»  идеясын 
қолдады. Ал ұлттық-территориялық федерация мəселесін əзірге ашық қалдыруды ұсынды. [14] 
Съезд  Уақытша  үкіметті  «оның  қызметі,  уəде  етілгендей, ...демократия  мүддесін  қорғауға 
бағыттала  беретін  болса»,  қолдайтындығын  білдірді.  Соғысқа  байланысты  делегаттардың  пікірі 
оны  герман  милитаризмі  жеңіліс  тапқанға  дейін  жүргізе  беру  керек  дегенге  тоқтады  жəне  бітім 
Петроград  кеңесі  ұсынған  аннекциясыз  жəне  контребуциясыз  принциптері  негізінде  жасауға  тиіс 
делінді. 
Съезд  қабылдаған  осы  үш  мəселе  жөніндегі  қарарларды  талдау  Уақытша  үкімет  қызметінің 
басты  бағыттарын  қолдағанымен,  сонымен  қатар  өз  іргесін  одан  аулағырақ  ұстағанын  көрсетеді. 
Осыған  дейінгі  болған  Торғай  жəне  Жетісу  съезінен  Орал  съезінің  айырмашылығы 1-інші  күні 
құрамында 20 адам  бар  Жаһанша  Досмұхамедов  басқарған  облыстық  қазақ  комитетін  сайлау 
болды.  
Орал  облыстық  съезінің  күн  тəртібі  басқалардікінен  айтарлықтай  ерекшеленіп  тұр.  Зерттеуші 
К.Нүрпейісов  дұрыс  көрсеткеніндей,  көлемі  де,  деңгейі  де,  маңызы  да  əртүрлі  бір-бірімен 
байланысты  үш  мəселе – жалпы  мемлекеттік,  ұлттық  жəне  аймақтық  (жалпыресейлік,  қазақтық 
немесе  қазақстандық  жəне  Оралдық ) мəселе  жеке  жүйеленген [15]. Мұның  үстіне  съезде 
талқыланған  мəселелер  оған  қатынасушыларға  сол  кезеңнің  сан  қилы  оқиғаларын  бағалауға  ғана 
мүмкіндік  беріп  қоймаған,  сонымен  қатар  келешекті  болжауға  да  түрткі  болған.  Съезде  қаралған 
мəселелер саны 23-ке жетіп, басқа съездердің күн тəртібінен əлдеқайда асып жығылды.  
Батыс  өңіріндегі  осы  кезең  туралы  өз  естелігінде  Ə.Əйтиев  былай  деген: «Ақпан 
революциясынан  кейін  Орал  аймағын  басқару  жөнінде  Азаматтық  комитет  құрылып,  оның 
құрамына Б.Қаратаев, Ғ.Əлібеков, И.Тоқберлинов, Д.Күсепқалиев, Ə.Əйтиев, И.Жаленов, кейіннен 
студенттер  К.Жален,  Б.Жанқадамов,  дəрігерлер,  Н.Ипмағамбетов,  Х.Досмұхамедов  кірді.  Бұл 
комитеттің  одан  арғы  жұмысын  жасау  мақсатында  қазақ  өкілдеріне  съезд  шақыру  қажеттігі 
айтылып, кесілді»,  – деп жазады [16]. 
Осылайша, съездің алғашқы күнінің мəжілісі аяқталды. 
Орал  облыстық 1-інші  съездің  2-інші  күні (20.04. 1917ж.)  аграрлық  мəселелерді  талқылауға 
арналады.  Бұл  мəселедегі  ерекшелік  сол,  оралдықтар  аграрлық  мəселені  түбегейлі  шешуді 
Құрылтай  жиналысының  үлесіне  қалдырғанымен,  оның  делегаттары  жер  иемдену  көлемі  еңбек 
нормасына  сай  болу  қажет  деп  шешеді.  Сөйтіп,  бұл  мəселеде  өздерінің  Ресейдің  халықтық-
социалистік  партиясының  бағытына  жақын  тұратындықтарын  анық  білдіреді.  Съезд  делегаттары 
мемлекеттің  жаңа  жерлерді  алу  құқына  қол  сұқпайтындарын  мəлімдегеніне  қарамастан,  облысқа 
сырттан  көшіп  келуге  жəне  қазақтардың  пайдалануындағы  жерлерді  алуға  тыйым  салуды 
қолдайтындықтарын ашық білдірді.  
Талқыланған мəселе бойынша съезд мынадай шешім алады:  
1.  Қазақ  жеріне  келімсектерді  жіберуді  тоқтатып,  осы  кезге  дейін  пайдаланбай  келген 
монастырьлердің, шіркеулердің, дворяндардың жерлері қазақтарға себеп-сылтаусыз қайтарылсын;  
2.  Қазақтарға  бұрынғы  қазына  меншігіндегі  орман,  саяжай,  далалық  аймақтардың  шөптерін 
шабуға рұқсат беріледі, бірақ орманды шабуға, орман арасына мал жаюға тыйым салынды, малды 
орман арасындағы ашық жерлерге, далада жаюға рұқсат етіледі;  
3. Қоныс аударушылар тұрып жатқан жерлер  Құрылтай  жиналысы жер мəселесін  шешкенше, 
оларға пайдалануға қалдырылады; 
4. Шалқар жəне Индер көлдерінің талас мəселелері, ондағы балық аулауға байланысты дау жаңа 
заң қабылданғанға дейін, қалдырыла тұрады;  
5. Гурьев жəне Темір уездерінің көшпенділеріне отырықшы қазақтар территориясының үстінен 
көшіп-қонуға рұқсат етілді; Сонымен қатар шаруашылықтарға еш зиян келтірмеу жағын ойластыру 
керек; 
6. Қазақтар мен татарларға Ойыл жəрмеңкесі маңында құрылыс салу құқығы беріледі.  

№6. 2013  
 
 
187 
Дінге  байланысты  съезд  болыстық  діни  басқарманы  Орынбор  мүфтиатына    бағындыруды 
жақтады [17]. 
Съездің  үшінші  күні (21.04.1917 ж.)  Х.Досмұхамедов  жəне  Жаһанша  Досмұхамедовтердің 
облыстың  қазақ  аудандарын  басқаруды  қайта  құру  жөніндегі  бағдарламасы  мен  «Орал  облысы 
далалық бөлігін басқарудың Уақытша ережелері» талқыланды.  
Біріншіден, аталмыш ереженің 100-бабында іс  жүзінде  ауылды, уезді жəне облысты басқаруға 
тиісті өкімет пен атқару органдары жүйесін құрудың жəне оны іске қосудың нақтылы нұсқаулары 
анықталған болатын. Жаңа өкімет өзінің мəні жөнінен азаматтық болуға тиіс еді, ескі мемлекеттік 
аппарат  түгел  қиратылуға  жатты.  Жергілікті  өкімет  пен  басқару  органдарының  барлық 
салаларының  құрылымы  мен  міндеттерін  осыншама  жан-жақты  анықтау  осы  мəселелерді 
теориялық  тұрғыдан  да,  практикалық  жағынан  да  шешуге  қабілетті,  зиялы  күштердің  Орал 
облысында  жеткілікті  екендігін  көрсетті.  Екіншіден,  осы  уақытша  ережелерді  даярлау  қазақ 
автономиясына деген құлшыныстың бір көрінісі еді. Бұл пікірді «Ереженің» тоғыз баптан тұратын 
«милицияны  құру»  деп  аталған  төртінші  бөлімі  дəлелдей  түседі.  Бұл  бөлімде  ауыл,  село,  болыс 
милициясының  негізгі  міндеттері  анықталып,  уездік  милиция  бастығының  қызмет  атқару  тəртібі 
белгіленген, сонымен бірге милиция органдарының басқа өкімет құрылымдары арасындағы қарым-
қатынас жолдары анықталған.  Басқа сөзбен айтқанда, 1917 жылғы көктемде «Орал облыстық қазақ 
съезі  шешімдері  арқылы»  Жаһанша  Досмұхамедов  басқарған  облыстық  қазақ  комитетінің  басқа 
мүшелері 1918-1919 жылдары  мемлекеттік-саяси  құрылым  ретінде  өмір  сүрген  «Ойыл 
уəлаятының» қызмет жүйесінің негізін қалады.  
Мəжілістің  əңгіме  болып  отырған  үшінші  күні  делегаттар  Бүкілресейлік  мұсылмандар  съезі 
туралы мəселені қарап, оған қатысу үшін Мəскеуге үш саяси қайраткер – Жаһанша Досмұхамедов, 
Халел  Досмұхамедов,  Ғұбайдолла  Əлібековті  жəне  мұғалім  Сұбханов  пен  алты  молданы  жіберу 
жөнінде  шешім  қабылдады. [18] Облысқа  кеңінен  танымал  үш  бірдей  саяси  тұлғалардың 
Бүкілресейлік  мұсылмандар  съезіне  делегат  болып  сайлануы  олардың  жалпыресейлік  саяси 
қызметке  араласуға    шынымен    қол  созғандығын  көрсеткен.  Осы  Мəскеу  сапарында  Жаһанша 
Досмұхамедов  айтарлықтай  табысқа  жетті.  Ол,  біріншіден,  Бүкілресейлік  мұсылмандар  съезінде 
оның  атқару  комитетіне  мүше  болып  сайланса,  Бүкілресейлік  демократиялық  мəжілісте  Ресей 
Республикасының Уақытша кеңесінің  (предпарламент) құрамына енгізілді [19]. 
Съездің  соңғы  төртінші  күні  облыстағы  оқу-ағарту,  мəдениет  жəне  шаруашылық-қаражат 
мəселелерін  қарады.  Съезд  делегаттары  Орал  облысындағы  қазақтар  арасында  бастауыш,  орта, 
жоғарғы білім беру жүйесі қанағаттанғысыз деп тауып, төмендегі шешімдерді қабылдады:  
– мұғалімдер съезін шақыру қажет;  
–  Орал  қаласында  Уақытша  орта  оқу  орнын  ашу  қажет,  ерлер  гимназиясының  бағдарламасы 
негізінде қазақ балаларына арнайы оқу орнын ұйымдастырып, оны казактар қаражатына салынған 
бұрынғы кəсіптік мектептің үйіне орналастыру жөн деп табылды;  
– қазақ тілінде газет, брошюралар шығару қажет деп  табылды; 
–  қазақтарға  тиесілі  қозғалмайтын  мүліктер  есепке  алынсын,  оны  тиімді  пайдалану  облыстық 
қазақ комитетіне тапсырылсын; 
–  облыстық  қазақ  комитетіне  жергілікті  жерлерде  басқару  жүйесінде  тұрған  мəселелерді 
шешуде басқа қоғамдық ұйымдармен, кəсіпорындармен бірлесе отырып шешу құқығы берілсін; 
–  қазақ  халқын  біріктіру  мақсатында  Ресейлік  съезд  шақыру  жəне  Мəскеудегі  жалпыресейлік 
съезде басқа облыстардан келген мұсылман делегаттарымен келіссөз жүргізу қажет;  
–  Съезд  қабылдаған  қаулыларды  жүзеге  асыру  жəне  бақылау  облыстық  қазақ  комитетіне 
жүктеледі.  
Сонымен  қатар  облыстық  съезд  Уақытша  үкіметті  қолдау  ісіне 1917 жылғы  «Бостандық 
заемына» («Заем свободы») кеңінен жазылуды ұйымдастыру қажет деп тапты.  
Съезде  қаралған  мəселелерден  тыс  қатынас  жолдарына,  азық-түлікке,  баспахана 
ұйымдастыруға, т.б. шешімдер қабылдады.  
Съезд қабылдаған шешім-қарарлар хаттамасына оның төрағасы Жаһанша Досмұхамедов, оның 
серіктестері  (орынбасарлары)  Ғ.Əлібеков  пен  А.Қалменов,  хатшылары  Т.Жетпісов  пен 
Х.Ахмеджановтар қол қойған [20]. 
Орал  облыстық  қазақ  съезі 1917 жылғы  көктем  айларында  өткен  басқа  облыстық  жəне  уездік 
қазақ съездері сияқты қоғамдық-саяси өмірдегі елеулі оқиға болды.  
Орал съезі облыстағы оқу-ағарту, мəдениет жəне шаруашылық-қаражат мəселелерін бір-бірімен 
тығыз  байланыста  қарады.  Егер  Торғай  съезінің  шешімдерінде  жалпыға  бірдей  бастауыш  білім 
алуға  қол  жеткізу  міндеттері  қойылса,  Орал  съезінің  қарарында  облыс  орталығында  орта  мектеп 
ашу жəне кəсіби мамандардың қатынасуымен халық ағарту ісін реформалау мəселелерін талқылау 
үшін мұғалімдер  Құрылтайын шақыру қажеттігі көрсетілді.  

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
188  
Орал  съезінің  делегаттары  торғайлықтардың  жалпы  қазақ  съезін  шақыру  туралы  идеясын 
қолдады жəне өздерінің Бүкілресейлік мұсылмандар съезіне сайланған өкілдеріне басқа облыстан 
келген делегаттармен осы мəселе бойынша келіссөз жүргізуге, ортақ пікірге келуді тапсырды.  
Орал  облыстық  съезінің  құжаттарын  талдау  оның  қазақ  қауымының  сол  кездегі  көкейтесті 
кейбір мəселелері жөнінен Торғай съезінің шешімдеріне деңгейлес болғандығын көрсетеді.  
Бірақ Орал облыстық қазақ съезінің өзіне тəн сипаты болды.  
Олар:  Біріншіден, делегаттар саны басқа облыстық съездерден көп болды. Екіншіден,  Орал 
облыстық қазақ съезінде қаралған мəселелер саны 23 болуы көкейтесті мəселелерді дұрыс шешуге 
деген  ұмтылысты  көрсетеді.  Үшіншіден,  аграрлық  мəселеде  батыл  шешімдер  қабылдады. 
Қазақтарды өз атақоныс жерлеріне қайтадан қоныстандыруға əрекет етті. Төртіншіден, Орал съезі 
облыстағы оқу-ағарту, мəдениет жəне шаруашылық-қаражат мəселелерін қарады, жалпы білім беру 
негізінде орта мектептерді ұйымдастыру туралы айтылады.  
Орал облысында өткен съезд жөнінде жəне оны басқарушылар туралы С.Сейфуллин «Тар жол 
тайғақ кешу» кітабында былай деп жазады: «Съезд ашылды. Басқарма сайланды. Басқарма цирктің 
ортасына столды құрып қойып отыр, съезд адамдары цирк ішінде жағалай толып отыр жəне цирк 
ішінде  айнала  иін  тіресіп,  съезді  көруге,  тыңдауға  келген  көп  халық  тұр.  Іштерінде  бірен-саран 
оқыған əйелдер де бар. Қарап тұрсақ, съезге Орал губерниясының қазақтарының ылғи оқығандары, 
байлары-«қаймағы»  жиналған.  Ылғи  «қасқа  мен  жайсаң».  Съезді  меңгеріп  отырған,  барлық 
Қазақстандағы белгілі зор оқығандар: Жаһанша  Досмұхамедов, Халел  Досмұхамедов, Ғұбайдолла 
Əлібеков тағы да көп зор оқулар» [21]. 
Патша  үкіметі  тақтан  құлаған  соң,  Батыс  өңірінің  оқыған  зиялы  қауымы  жəне  ел  сыйлайтын 
жайсаңдары  халқының  тағдыры,  елінің  болашақта  қандай  бағытта  даму  жолына  түсетіні,  елдегі 
билікті қалған уақытта қалай пайдалану керектігі толғандырғанын осы теңеулерден көруге болады.  
С.Сейфуллиннің  «Тар жол тайғақ  кешу» романында: «Жұрттың бəрі тізіліп орындықта отыр... 
Бірақ өзгеден бөлек бір-ақ кісі жерде. Жерде болғанда, ол кісі қара жерде емес, астында төселген 
кілем бар. Екі  иініне  екі  кісі  мінгендей, ұзын  бойлы, толық. Үстінде шұға шекпен. Белінде күміс 
кемер белбеу. Басында кəмшат бөрік. Шүйдесі тоқпақтай, «шекесі торсықтай». Төңірегіне көзінің 
астымен  қарап  қояды.  Съезді  басқарып  отырған  басқармасына  қарап  қояды.  Съезді  басқарып 
отырған 6-7 білгіштер  де иесіне қараған аңшының итіндей əлгі «жердегі  жалғызға» қарап  қояды. 
Бұл кім?  
Бұл – Сырым батырдың ұрпағы Салық, белгілі жуан Салық болыс. Патшаның болысы... » [22].  
С.Сейфуллин суреттеп отырған Салық туралы аздаған түсініктеме беріп өтейік. 
 Салықтың  əкесі  Омар  бай  еді,  Омар  мен  Нұрмағамбет 1860 жылдарда    Байбақты  руынан 
шыққан  атақты байлар болатын, олар орыстарға  Өлеңті өзені бойында  қала салдыртпаймыз деп 
бірталай қақтығысқандар еді. 
 Елге сыйлы, айтқан сөзі өтетін  Салық болыстың съезге қатысуын С.Сейфуллин суреттеуіндегі 
сықақтауға  қарамастан,  халқының  тағдыры  оны  бейжай  қалдырмай,  елінің  болашағы  
толғандырған деп түсіну керек. 
Орал  қаласында  өткен  съезд  туралы  бұрынғы  студент,  кейіннен  «Красный  Урал»  газетінің 
редакторы  қызыл  большевик    Ж.Жантілеуов  былай  дейді: «Съезд  цирк  үйінде  өтті,  кісі  көп 
жиналды. Съезге келген əйелдерді 5 минуттан кейін шығарып жіберді. Менің есімде қалғаны, – деп 
жазады  Жантілеуов,  болашақта  қазақ  халқын  басқару  формасы  қандай  болмақ  осы  жөнінде  
интеллигенттер  сөйледі.  Бұрынғы  генерал-губернатор  орнына  земство  құрылды.  Осы  съезде 
интеллигенция, молда, ишандар, феодалдық аристократтар толық бірлікте екенін дəлелдеді» [23]. 
Жаһанша  мен  Халел  Досмұхамедовтер  Орал  облысындағы  ұлттық-демократияшыл 
зиялылардың  көшбастаушылары  болғаны  белгілі.  Осы  екеуі  аталмыш  қазақ  съезін  ойдағыдай 
өткізуге,  онда  қабылданған  қарарлардың  көпшілігінің  ұлттық  мүддеге  сай  келуіне  үлкен  күш-
қайрат  жұмсады.  Алайда  таптық  идеологияны  ту  етіп  ұстаған  кейбір  коммунист  қазақтар  кезінде 
оларға шындықққа сай келе бермейтін баға берді. Мəселен, «Досмұхамедов Халел – дəрігер, орыс 
тақылеттес чиновник, карьерист, мінезі тұйық, қулығы кез келген адамды шатыстырады. Оның өз 
күшіне  сенгені  соншалықты,  ең  ауыр  авантюраға  да  барады.  Көзқарасы  жағынан  монархист, 
Михеевтің  біріншісі  ме,  екіншісі  ме,  əйтеуір  Дутов,  Толстов,  Мартиновтардың  оң  жағында.  Ал 
Жаһанша Досмұхамедов – заңгер, шешендік қабілеті өте мықты, көзқарасы жағынан түсініксіздеу, 
ақкөңіл,  ерік-жігері  əлсіздеу,  орыс  тақылеттес,  интеллигент,  саяси  жағынан  толысқан  саналы  
адам», – деп  Ə.Əйтиевтің  қос  азаматқа  бір  жақты  мінездеме  беруі,  сөз  жоқ,  олардың  идеялық 
көзқарастарының алшақтығында жатыр [24]. 
Міне, осындай екі азаматтың тікелей басшылығымен даярланған уақытша ережелер, негізінен, 
қазақ автономиясын құруға деген талпынысты көрсетеді. Бұны «Ереженің» тоғыз баптан тұратын 
«Милицияны құру» деп аталған төртінші бөлімі дəлелдей түседі. 

№6. 2013  
 
 
189 
Осының  алдында  съездің 1-інші  күнгі  мəжілісі  жөнінде  Жантілеуовтің  естелігінде: «Съезд 
халық  жағдайына,  оның  тұрмысына,  елдегі  жүріп  жатқан  соғысқа  көңіл  бөлген  жоқ.  Сондықтан 
бұл  съезд  жалпы  халықтың  үмітін  ақтайтындай  дəрежеде  емес,  ұлттық    интеллигенция  халықтан 
əлі алшақ тұрғанын көруге болады» [25] – деуі жаңсақ негізсіз пікір екенін көреміз.  
Жаһаншаның осы съезде сөйлеген сөзінің басты мазмұны мынаған саяды. «Біздің мақсатымыз – 
ел билеуді халықтың өз қолына беру, қазақ халқы автономияға ие болып, алдағы уақытта тағдырын 
өз қолына алады.  
Біздер тапқа, жікке бөлінбейміз, біртұтас халық ретінде болашақ үшін күресеміз.  
Жайық өңірін мекендеген басқа ұлттармен достық одақ жасап, араздасуға жол бермеуіміз керек, 
өйткені ғасырлар бойы осы тағдырмен тығыз байланысты.  
Қазіргі желбіреген бостандықтың жасыл туы бəрімізді бірлікке, туысқандыққа шақырады. Қазақ 
шаңырағы  бəріне  де  пана  бола  бермек.  Сондықтан, – деп  жалғастырды  төраға, – саяси 
авантюристерден жолды бөгейік, қантөгіске жол бермейік. Жұрттың берекесі кетуге түптеп себеп 
болған нəрсе – қазақта бірліктің жоқтығы. Соған байланысты қазақты дұшпаны жекелеп бір-біріне 
қарсы  қойып,  қан  қақсатқан.  Бізге    береке-бірлік  əперетін  тек  əділдік.  Қалың  халықты 
тонаушыларды,  момынды  жылатушыларды  серіктікке  алмаймыз.  Қазақты,  басқа  халықтарды 
аяусыз  қанаған  патша  орнынан  түсті.  Қазақты  елдің  тұрмысын,  тілін,  мінез-құлқын,  əдет-ғұрпын 
білетіндер  ғана  басқарады.  Осыған  байланысты  қалай  болғанда  да,  біз  Ресейден  автономия  алуға 
тиістіміз», – дегенде цирктегілер түгел орындарынан тұрып, қызу қол соғып, қуаттады [26].  
Жаһаншаның осы сөйлеген сөздерінен біз бүгінгі тəуелсіз егеменді елдігімізді аңсағанын, оған 
жетудің  жолдарын  бір  ғасырдай  бұрын  сезініп,  бағытын  белгілегенін  жəне  Төле  би  айтқандай, 
ауызбірлікке,  тұтастыққа  елді  шақырғанын  көреміз.  Халықты  ұлтаралық  бірлікке  шақырды.  Осы 
жағынан  алғанда,  ол  ұлтшылдықты  арқау  еткен  жоқ,  керісінше,  ұлтын  сүйген  ұлтжанды  азамат 
екенін танытты.  
Осындай тарихи оқиғаның арасында Жаһанша Досмұхамедов те көрініп, өзін қайраткер ретінде 
айқындай түсті. Елінің басқару жүйесі жөнінде, халқының болашақтағы тағдыры жөнінде, өскелең 
жас ұрпақтың тəлім-тəрбиесі мен білім алу деңгейі жөнінде, елді, халқын қорғау үшін «Милиция 
құру»  жөнінде  өз  пікірін  халқы  алдында  айтып,  халықты  бірлікке  шақыруы  бүгінгі  тəуелсіз 
Қазақстан мемлекетінің саясатымен үндесіп жатқанын көреміз.  
Сондықтан  да  Орал  қазақтарының  патша  тақтан  түскеннен  кейінгі  өткен  тұңғыш  съезінің 
ерекшелігі – ел  басқарудың  жаңа  тың  бағыттарын  айқындап  беруінде,  халқын  талан-таражға 
салмауға, бұрынғы қолда бар мүлікті, жерді жаңа үкіметтік билік орнағанша, қолдан шығармауға 
тырысқандығында деп бағалау керек.    
Бірінші  жалпықазақ  съезі  өзінің  басты  назарын  Қазақстанның  саяси  жағдайы  мен  өлкенің 
əлеуметтік-экономикалық  даму  мəселелеріне  аударды  жəне  осы  мəселелерді  Бірінші  жалпықазақ 
съезі  Уақытша  үкіметінің  ішкі  жəне  сыртқы  саясатымен  тығыз  байланыста  қарастырды.  Алайда 
съезд делегаттары іс жүзінде Ресейдегі (оның ішінде Қазақстанда да) екінші үкімет рөлін атқарып 
отырған  жəне  күн  өткен  сайын  еңбекшілер  арасында  өз  беделін  күшейте  бастаған  жұмысшы, 
солдат  жəне  шаруа  депутаттары  Кеңестері  жөніндегі  мəселені  күн  тəртібіне  енгізбеді.  Бірінші 
жалпықазақ  съезінің  Кеңестерді  осылайша  елемеуі,  олардың  келешекте  елдегі  буржуазиялық 
өкімет билігіне қарсы тұратын балама өкімет болатынын ескермеуі, дəлірек айтсақ, түсіне алмауы, 
съезде  құрылғандығы  туралы  жарияланған  Алаш  партиясының,  оның  көсемдерінің  саяси 
тəжірибесінің  аздығы,  оның  шын  мəніндегі  дəстүрлі  саяси  партия  деңгейіне  жетпегендігі, – деп 
жазады К.Нүрпейіс [27]. 
Алаш  партиясының 1917 жылдың  шілде  айында  оның  нағыз  саяси  партияға  тəн  Жарғысы  да, 
бағдарламасы да болмаған. Ол жөнінде айтылып та, жазылып та жүр.  
Ұлттық-мемлекеттік құрылыс мəселелері туралы Кеңес өкіметі мен Алаш көсемдері арасындағы 
пікір  қайшылықтары  туралы  да  ғалым  К.Нүрпейістің  аталған  еңбегінен  қажетті  мəліметтер 
келтірейік:  
 «Большевиктер  партиясы  мен  Кеңес  өкіметі  ұлттық-мемлекеттік  құрылыс  мəселесін  шешудің 
негізіне  таптық  жіктелу  принциптерін  алса,  Алаш  көсемдері  бұған  керісінше  ұлттық  бірлік 
саясатын таңдап алды. Сондықтан да олар қазақ халқын ұлттық тұтастық пен бірлікке шақырумен 
болды. Əлихан Бөкейханов Қазақ автономиясы құрыла сала, «Қазақ» газеті арқылы зиялы қауымға 
былай  деп  жар  салды: «Россия  мемлекеті  енді  жақын  арада  үйірге  қосылмайды.  Бірліктен 
айырылсақ, мына орысша қаңғып кетеміз. 
 Көш  бастаған  ақсақал  аға,  зиялы  іні,  жергілікті  жұрт  қызметін  таза  атқар!  Жалпы  жұртқа 
мұрындық  бол!».  Ал  Екінші  жалпықазақ  съезінің  қазақтың  автономиялы  ұлттық-территориялық 
мемлекетін құру туралы шешіміне саяси баға бере келіп, Ə.Бөкейханов кейінірек (1919 жылғы 11 
ақпанда) былай деп мəлімдеді: «Съездің бұл шешімі қазақтар мекендеген территорияда анархияны 
болдырмау,  өлкеде  большевизмнің  дамуына  жол  бермеу  мүдделерінен  туындады...  Сол  кезде 

Известия Национальной Академии наук Республики Казахстан  
 
 
   
190  
Ресейде орын алған жағдайда қазақтардың жарияланған автономиясын жүзеге асыру мүмкін емес 
еді. Кезекте бостандықтың жауы большевизммен күрес тұрды» [28]. Алаш көсемдері өздері құрған 
ұлттық-мемлекеттік  мазмұндағы  «Алаш  автономиясын»  шамалары  келгенше,  сақтап  қалуға 
тырысып, өздерінің қолдарынан келген барлық амал-тəсілдерді пайдаланды. Осының нəтижесінде 
бостандықтың  ата  жауы  большевизмге  қарсы  халықтық  милиция  құруға  жəне  кеңестер  өкіметіне 
наразы  басқа  да  саяси  күштермен  одақтасу  туралы  шешімге  келді.  Осы  бағытты  ұстанған  Алаш 
көсемдерінің іс-əрекеттері туралы тағы да ғалым К.Нүрпейістің еңбегіне сүйенейік: «Сондықтан да 
Екінші жалпықазақ съезі милиция жасақтарын құру мəселесін жан-жақты талқылап, оның «Алаш 
автономиясына»  кіретін  əрбір  облыс  пен  əрбір  уездегі  санын  анықтап,  оларды  соғыс  өнеріне 
үйрету мен қажетті қару-жарақпен жəне киім-кешекпен қамтамасыз ету жолдарын айқындады», – 
деп өз ойын білдіреді.  
1917 жылдың желтоқсанында Екінші жалпықазақ съезінен, Орынбордан қайтып оралған бойда 
Жаһанша, Халел Досмұхамедовтер қазақтың батыс аймағын басқаратын үкімет құруға кірісті. Осы 
мақсатта облыстық  Құрылтай өткізу белгіленді, оның орны болып Қаратөбе алынды, өйткені қыс 
жағдайында  жол  қиындығы  ескеріліп,  Ойыл,  Маңғыстау,  Үйшік,  Ақтөбеден  келетіндер  үшін 
Қызыл үйден гөрі ыңғайлырақ деп ойластырылған болатын.  
Бұл    уақыт 1918 жылдың  ақпан  айының  соңы  болатын.  Қыс  қарлы  болғанымен,  борансыз 
күндердің бірі еді. Ел тыныш, мал-жан аман уақыт еді. Бірақ ел басқарушылар арасында барынша 
аласапыран,  ат  шаптырып,  бірімен-бірі  хабар-қатынас  жасап,  тыным  таппауда.  Əсіресе  оқыған, 
білімі  бар  мұғалімдер  мен  хат  түзеушілердің  жүрісі  көбейген.  Халықтың  арасында  үлкен  əңгіме 
жүрді. «Қазақ  өзін-өзі  басқаратын  болыпты,  жерімізге,  суымызға  өзіміз  қожа  болатын  көрінеміз» 
деген, «Қазақтан əскер құрайды, əйелдер ерлермен теңеледі, ендігі жерде халық бай, кедей болып 
бөлінбей, теңеледі екен» деген сөз біреуден біреуге тарап жатты.  
 Құрылтайға  елге  танымал,  беделді,  билігі  жүріп  тұрған  атқамінерлер  мен  дін  иелері,  ауыл-
жұртқа сыйлы ақсақалдар жиналған.  Құрылтай Қаратөбедегі мешіт үйінде өтті. Бұл жиынды елге 
танымал  заңгер  Жаһанша  ашты.  Осы  жөнінде  өз  еңбегінде  Ж.Ақбай: «Біздердің  мақсатымыз – 
үкімет құру жəне оның тірегі əскер жасақтау. Үкімет пен əскерге қаржы қажет» [29]. Міне,  осы үш 
мəселені  күн  тəртібіне  осы  жиында  енгізді.  Осы  мəселелердің  салық  мөлшері  жөнінде  айтты. 
Халық екі жікке бөлінді. Салық «байға-байша, кедейге-кедейше» салынсын дегендер бұл жиыннан 
бөлініп  кетті.  Қаратөбе  жиынында  үкімет  құрылмай,  кейінге  қалдырылған  еді.  Алашорда 
ұйымынан  бөлінгендер  «Ақ  жол»  партиясын  құрды.  Н.Ипмағамбетов,  А.Кенжин,  С.Қаратілеуов, 
Ғ.Есенғұлов,  Е.Қасаболатов,  М.Х.  Мырзағалиев,  Ə.Əлібековтер  Оралға  барып,  большевиктер 
жағына  шықты.  Сөйтіп,  қазақ  автономиясы  үшін  күрес  қазақтардың  өзара  келіспеушілігінен  ең 
басты  кедергіге  осы  съезде  тап  болды.  Бұл  «Ойыл  уəлаяты»  Уақытша  үкіметін  құрудың 
алғышарттары еді.  
Осыдан кейін Орал өңірі қазақтарының ІҮ облыстық 1918 жылы 18 мамырда Орал қаласының 
оңтүстік-шығысында орналасқан Жымпиты (қазіргі Сырым ауданының орталығы)  елді мекенінде 
өткізілді. Бұл жердің Орал қаласынан арақашықтығы – 140 км. 1886 жылы Өлеңті өзені жағасында 
іргетасы қаланған болатын. Батыс өңір бұл кезде Ресей империясының қол астындағы елді мекен 
еді. Бұл жерлерді Ресей мемлекеті иемденіп, отарлау саясатын үдетіп, жүзеге асыруда болатын.  
Тап осы кезден крестьяндық қоныстандыру бастау алады.   
ХХ  ғ.  басында  Жымпитыда 1544 тұрғын  болса,  оның 402-і  орыс, 271-і  қазақ, 868-і  татар  еді. 
1894  ж.  Жымпитыда  алғашқы  мектеп  есігі  ашылды.  Халқының  басым  көпшілігі  татарлар  мен 
орыстар  болуы  Жымпитының  тоғыз  жолдың  торабына  орналасқан  сауда  орталығы  болғандығын 
сипаттайды.  Сонымен  қатар  бұдан  əскери-əкімшілік  билігінде  орыстардың  басым  болғандығы  да 
айқын.  
Дала  жұрты  қаз  қатар  Жымпитыны  шəр-қала  тұтынып,  оның  қызыл  кірпішті  үйлерінің  көз 
тартуы себепті «Қызыл үй» деп ат қойды.  
Алашорда  басшылары  болашақ  қазақ  билігінің  астанасын  Оралдан 18 км  қашықтықтағы 
Барбастау  елді  мекеніне  орналастыруды  көздесе,  кейіннен  казак-орыстардың  басты  қамалы  Теке 
(Орал) қаласынан аулағырақ Жымпитыға табан тіреу жөнінде шешім алды. Съездің ашылу сəтіне 
300 делегат келіп үлгерсе, ол жұмыс істеген үш күннің ішінде тағы 150-дей адам қосылды. Съездің 
күн тəртібіне 20 мəселе енгізілді, оның соңғы төртеуі съездің барысында анықталды.  
Съезді  кіріспе  сөзбен  ашқан  Халел  Досмұхамедов  өзінің  Мəскеуде  РКФСР  Халық 
Комиссарлары  Кеңесімен,  Орал  облысымен  шекаралас  кеңестердің  жетекшілерімен  келіссөздер 
жүргізгенін,  Орал  казачествосы  басшылығымен  жақындасу  əрекеттерін  жасағанын  айтты.  Осы 
келіссөздерге съезд саяси баға беретіндігін ескере отырып, Х.Досмұхамедов өзін съезд төралқасы 
құрамына сайламауды оның делегаттарынан сұрады. Съезд төралқасына Жаһанша  Досмұхамедов 
(төраға),  Дəулетше  Күсепқалиев,  Жанқожа  Мергенов  (төрағаның  орынбасарлары),  Қалдыбай 
Асанов жəне Кəрім Жəленұлы (хатшылар) сайланды. Съезд делегаттарының құрамына жəне оның 

№6. 2013  
 
 
191 
жұмыс барысына баға бере келіп, «Яицкая воля» газетінің (əскери өкіметтің органы) тілшісі былай 
деп  жазды: «Бұл  жерде  пролетарий  да,  буржуй  да,  дворян  мен  шаруа  да,  кадет  те,  эсер  де, 
большевиктер  мен  меньшевиктер  де  жоқ,  тек  қана  рулық  қауымдастық  өмір  салтын  сақтаған 
жалпы халықтық бір семья бар. Олардың кейде менмендікке жəне жеке басының екінші кезектегі 
мүддесіне сай айтысқа түсетіндіктері ауыз бірлікке нұқсан келтіріп жатады» [30].  
Съездің күн тəртібіне енген 20 мəселенің негізгілері мыналар:  
1.  Ресей  мен  Орал  облысындағы  ағымдағы  жағдайға  көзқарас. 2. Земство  делегациясының 
Мəскеуге  баруы  жөніндегі  есебі. 3. Орал  облыстық  земство  басқармасының  казачествомен 
одақтасу  саясаты  туралы  баяндамасы. 4. Жалпы  саяси  бағытты  анықтау. 5. Кіммен  жəне  қандай 
негізде  одақ  құру  керек? 6. Орал  облысының  қазақ  бөлімінде  мықты  өкімет  құру. 7. Земство 
мекемелерінің билігін кеңейту. 16. Оралдық земство басқармасын қырға көшіру... 
Съезд күн тəртібінің мазмұнынан көрініп тұрғанындай, онда жалпымемлекеттік, аймақтық жəне 
ұлттық саясаттың көкейкесті мəселелері қамтылған. Сонымен қатар съезд талқылайтын мəселелер 
қатарында ымыраға келу, ұлттық бірлікті сақтауға байланысты мəселелер болғандығы айқындалып 
тұр (мəселен, «Кіммен жəне қандай негізде одақ құру керек?»).  
Жалпы  саясат  мəселелері  жөніндегі  өз  стратегиясы  мен  тактикасын  белгілей  келіп,  Орал 
облыстық  қазақ  съезі  өзінің  негізгі  міндеттерінде  бүкілресейлік    Құрылтай  жиналысы  мен 
келешектегі Ресей Федерациясындағы қазақ автономиясы үшін күрес идеясын алға тартты.  
Жаһанша мен Халел Досмұхамедовтер съезд шешімімен «Ойыл уəлаятының» Уақытша үкіметін 
құрды.  Оның  құрамына  Ілбішін,  Орал,  Атырау,  Ақтөбе,  Ырғыз  уездерінің  қазақтар  мекендеген 
аудандары  мен  Маңғыстау,  Ойыл  жəне  Бөкей  уездері  кірді.  Осы  өңірде 1917 жылы  жойылған 
Уақытша  үкіметтің  билігі  жүретін  болды.  Басқа  сөзбен  айтқанда,  бұл  əрекет  екінші  жалпықазақ 
съезінің  ұлттық-территориялық  автономия  құру  жөніндегі  шешімінің  Батыс  Қазақстанның 
айтарлықтай территориясында жүзеге асуының көрінісі еді.  
«Ойыл  уəлаяты»  Уақытша  үкіметі – ХХ  ғасырдың  басында  Жайық  өңірінде  орнаған 
мемлекеттік-автономиялық құрылым. Ол 1918 жылдың мамыр айының соңында Жымпитыда өткен 
ІҮ Орал облыстық қазақ съезінің қарарымен құрылды.  
«Ойыл уəлаяты» Уақытша үкіметінің атауы жөнінде Н.Мартыненко «Алашорда» атты құжаттар 
жинағында: «Құрылған  үкімет  Жайық  өзенінің  арғы  бетінде  орналасқан,  онда  тұратын  халықтар 
түгел дерлік қазақтар, ол территориялық бөлік Ойыл облысына жатады. Сондықтан осы облыстың 
атымен үкімет «Ойыл уəлаяты» аталды», – деп жазады [31]. 
Ғ.Əнес  пен  М.Тəж-Мұрат: ««Ойыл  уəлаяты»  Уақытша  үкіметі  орталық  Алашордадан  бөлініп 
кеткен  жоқ  жəне  бүкіл  қазақстандық  билікке  ие  болуды  да  көздемеген.  Мемлекет  құрылымы 
жағынан  ол – федерация  объектісі,  құқықтық-саяси  дербестігі  жағынан  автономиялық 
республикалар  құрылымындағы  кантон,  штат,  өңір  (земж)  деңгейінде  тұрды», – деп  жазады [32].  
Сүйінов  С. «Бөкей  ордасы»  атты  кітабында  «Ойыл  уəлаяты»  үкіметінің  құрамын  былайша 
тізбелеген. [33] Үкімет  құрамына 7 адам  сайланды.  Олар:  Жаһанша  Досмұхамедов,  Халел 
Досмұхамедов,  Дəулетше  Күсепқалиев,  Салық  Омарұлы,  Қалдыбай  Асанов,  Ғабдол-Ғалым 
Қуанайұлы, Сабыр Сарғожин. 
Жымпитыда 1918 жылы мамырда өткен қазақ съезінің шешіміне сəйкес, Жаһанша бастаған  «Ойыл 
уəлаятының» Уақытша үкіметі Жымпиты қалашығына келіп орналасты, орны: Мектеп үйі [34]. 
Бүгінде  Жымпиты  елінде  мектеп  үйі  кұлаған,  дегенмен 2008жылы  Батыс  Алашорданың 90 
жылдығына  «Алаш» - саябағы  ашылып, 10 алаш  қайраткерлерінің  мүсіндері  қойылып,  ескерткіш 
орнатылды.  
   2012  жылы  Жаһанша  Досмұхамедовтың 125 жылдығына  «Алаш»  мұражайы  ашылды. 2013 
жылы 13 шілдеде Батыс Алашорданың 95 жылдығына«Алаш қозғалысы: кеше, бүгін жəне ертең» 
атты Республикалық ғылыми тəжірибелік конференция өтті. Алаш тарихы болашақ ұрпаққа мұра 
болып қалуы тиіс.
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет