2 – тапсырма а) Бір әннің екі дауыста орындалуы қалай аталады ?
ә) Әр ладтың бірінші, төртінші, бесінші дыбыстары қалай аталады ?
3 – тапсырма а) Қазақтың ұлттық музыкалық аспаптарын атау.
ә) Гамма дегеніміз не ?
4 – тапсырма а) Біржан сал кім, оның қандай әндерін білесің ?
ә) Сал, сері деп кімдерді атаған ?
5 – тапсырма а) Абай кім, оның қандай әндері бар ?
а) Біржан кіммен айтысқан ?
Ү. Оқушылардың ән орындау техникасын тексеру.
а) Дауысқа жаттығу жасау.
ә) «Қараторғай» әнін орындау.
ҮІ. Тірек сигналымен жұмыс жасау (слайд)
Ақан
әнші ақын
орындаушы саятшы
сері аңшы
сазгер
ҮІІ. Үй тапсырмасын беру. (қайталау)
ҮІІІ.Оқушы білімін бағалау, рефлексия.
ОТАН - АНА АЯСЫНДА Сабақтың білім беру мақсаты: Тақырыптарды меңгерту және үйрету. Оқушының патриоттық сезімін ән арқылы ұштай түсу. Оқушының ырғақты сезіну, есту, орындау және тыңдай білу музыкалық қабілетін дамыту. Өз отанының адал перзенті болуға, туған жер топырағын қастерлей білуге баулу.
Сабақтың тәрбие беру мақсаты: Өз отанын шексіз сүюге, құрметтеуге, қастерлеуге, оқушылардың өз еліне деген сүйіспеншілігін оята отырып, бойларына патриоттық сезім ұялату.
Сабақтың түрі: Біріктірілген сабақ.
Тарих, әебиет, музыка.
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап.
Пәнаралық байланыс: Табиғаттану, Бейнелеу өнері, әдебиет, музыка, тарих, геогафия.
Сабақтың көрнектілігі: Ән жазылған плакат, Қазақстан картасы, сазгер суреті, баян, тест жұмысы.
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастырыу кезеңі: Сыныпта балалар ең бірінші Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындайды.
Сөзін жазғандар:
Н.Ә.Назарбаев , Н. Нажмадинов.
Әнін жазған: Ш.Қалдаяқов. Бейне таспадан Қазақстан елінің жері мен т а б и ғ а т ы, т у ы п - ө с к е н жеріміз көрсетіледі. Мнекей, балалар, біздің Отанымыз – кең – байтақ жер. Отан – адамның туып - өскен жері, атамекен, ел – жұрты, сондай – ақ байлықтары, тілі, м ә д е н и е т і, т ұ р м ы с - с а л т, ә д е т - ғ ұ р ы п ерекшеліктері бар белгілі бір халықтың тарихи тұрағына айналған аймақ. Дүниежұзінде біздің елімізден басқада алуан түрлі мемле-кеттер мен жерлер көп, бірақ адамның туған анасы да біреу, оның Отаны да біреу ғана. Сондықтан адам, ең алдымен өз елінің перзенті, өзінің, туған жерінің үддесіне жан – жүрегімен берілген азамат болуы керек. Отан табиғаты ерекше ыстық. Оның тауы мен тасынан да, өзен - көлінен де, тіпті құмы мен шөлінен де әсем әндер естуге болады