Нақты бетті жанасу бетімен алмастыруға болады



Дата14.02.2023
өлшемі15,8 Kb.
#67972

Беттің пішінінен ауытқуы деп беттің нацты пішінінің номинал пішінінен ауытцуын айтамыз. Пішіннің ауытқуына толқындық беттер жатады да, кедір-бүдырлылық жатпайды.
Пішіннің және орналасудың ауытқуын ең үлкен ауытқуымен бағалайды. Бүл жағдайда пішін мен орналасудың дәлдік шегі ең үлкен ауытқудан үлкен немесе тең болуы керек. А < Т
Пішіннің дәлдік өрісі нақты кескіннің немесе нақты беттің барлық нүктелері кеңістіктегі немесе жазықтықтағы аймақтың ішінде жататын көрсетеді
​Пішіннен ауытқұдың келесі түрлері болады: Жазықтықтан ауытқұ, Дөңгелектіктен ауытқу, цилиндрліктен ауытқу ( ол дөңгелектіктен және бойлық қима кескіннен ауытқудан тұрады) жатады.
​Орналасудан ауытқу деп базалыц және царастырылатын беттердің, (түзулердіц, кескіндердің) пішіндерініц ауытцулары есептелінбеген кездегі нацты орналасцан беттің, (өстің немесе кескіннің) номиналды орналасуынан ауытцуын айтады.
Нақты бетті жанасу бетімен алмастыруға болады.
База деп тетікбөлшек әлементінің (өс, нүкте, бет) берілген орналасудың дәлдік шегіне қатынасын айтамыз.
Орналасудан ауытқұдың келесі түрлері болады: Параллельдіктен ауытқу, Перпендикулярдықтан ауытқу, Ортақ өспен салыстырғандағы өстестіктен ауытқу, Базалық жазықтықпен салыстырғандағы симметриядан ауытқу, Позициялық ауытқу, Өстердің ауытқу, Көлбеуліктен ауытқу.
​11. Беттің кедір-будырлыгы деп базалыц үзындыцтазы салыстырмалы адымды тегіссіздіктер жиынтығын айтамыз
​Базалық үзындық деп беттің кедір-бүдырлылығының көрсеткішінің сандық мәні анықталатын, базалық сызықтың үзындығын айтамыз.
​Кедір-бүдырлылықтың көрсеткішін анықтайтын базалық сызық ретінде ортаңғы сызық қолданылады
​Кедір-бүдырлылықты ені базалық үзындықтан аспайтын, барлық жері бірдей өңделген беттің кез келген жерінен бағалауға болады
​12. Беттің толқындылығы деп адымы базалық ұзындықтан асатын, кезеңмен қайталанатын тегіссіздіктер жиынтығын айтамыз.
​Толқындылылық - кедір-бүдырлылықпен беттің пішінінен ауытқудың ортасында болады. Толқындылық ең көп биіктік Wmax, адым SW және өлшеу
зындығынан LW > 5' SW түрады. Есептеу базасы ретінде ортаңғы сызы аламыз.
Егер SW / WZ < 40 болса, онда кедір-бүдырлылық
Егер 1000 > (SW/WZ) > 40 болса, ондатолқындылық
Егер SW/WZ > 1000 болса, онда пішіннен ауытқуға жатады
Өлшеу бірлігіне қарай метрлік және дюймдік болып бөлінеді.
Метрлік бүрандада - бүранданың негізгі параметрлері және адымы метрдің мыңдық бөлігі, миллиметрмен беріледі.
Дюймдік бүрандада - бүранданың барлық параметрі дюйммен, ал адымы дюймнің бөлігімен беріледі (дюйм = 25,4 мм).
Метрлік цилиндрлік бүрандалар негізінен диамтері 1...64 мм болатын ірі адымды және диамтері 1...600 мм болатын кіші адымды бүрандалар болып бөлінеді және бекіту бүрандалары ретінде қолданылады.
26.
Сурет-18 Саңылаумен қондырмадағы ойма өзек пен бүраманың метрлік бүрандасының шақтамаларының орналасуы
​​Бүрандалы тетікбөлшектерді саңылаумен қондыру үшін МЕСТ 16093-81 мемлекеттік стандарты бойынша сыртқы бүрандаға 5 негізгі ауытқу (d, e, f, g, h), ішкі бүрандаға 4 негізгі ауытқу (E, F, G, H) қарастырылған. Бүл ауытқулар барлық диаметрлерге бірдей. E және F негізгі ауытқулары -арнаулы қондырғыларда қолданылады
МЕСТ 16093-81 стандарты бойынша бүрандаларға мынадай дәлдік дәрежелері қолданылады:
Ойма өзектің диаметрі үшін: сыртқы диаметр - 4, 6, 8
ортаңғы диаметр - 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10*
Бүрама диаметрі үшін:​ішкі диаметр - 4, 5, 6, 7, 8
ортаңғы диаметр - 4, 5, 6, 7, 8, 9*
Бүрандалардың негізгі көрсеткіштері:
d; D - бүранданың сыртқы диаметрі; d-сыртқы бүранданың (ойма өзектің) сыртқы диаметрі, D-ішкі бүранданың (бүраманың) сыртқы диаметрі; d1; D1 - бүранданың ішкі диаметрі; d2; D2 - бүранданың ортаңгы диаметрі;
Р - бүранданың адымы; а - бүранда кескінінің бүрышы;
Н1 - бүранда кескінінің жүмыс биіктігі;
Н = 1,866Р - бастапқы үшбүрыштың биіктігі (кескіннің теоретикалық биіктігі).
Мемлекеттік стандарт бойынша диаметрі 1 мм-ден 600 мм-ге дейінгі және адымы Р= 0,2 - 6 мм-ге дейінгі метрлік бекіту бүрандаларына шақтама пен негізгі ауыттқулар үсынылады (сурет 18). Бүранданың кескінінің бүйір бетінің (я ортаңғы диаметрінің) түйіндесу сипатына қарай саңылаумен, өтпелі және керіліспен қондырулар қолданылады.
27. Маховик, шкив, тісті дөңгелек және т.б. тетікбөлшектерді білікпен біріктіру үшін кілтек (шпонка) деп аталатын тетікбөлшек қолданылады.
Кілтекті және оймакілтекті цосылыстар айналдырушы күштерді, бүрау айналдырзыларын беру үшін және бірі екіншісінде отырзан екі тетікбөлшекті айналдыру немесе өстің бойымен тетікбөлшекті ызыстыру үшін цолданылады.
Айналдыру күш үлкен болса, кілтектің істен шығуы мүмкін. Осындай жағдайда оймакілтекті (шлицті немесе тісті біріктіруді) қолданады. Оймакілтекті біріктіруде күпшектің ішкі бетінде дәл сондай пішіндес етіп жасалған білік бетіндегі ойықтарға кіріп түратын тістері болады. Біліктің бетінде де дәл сондай сол пішіндес жасалған, күпшектің ішкі бетіндегі ойықтарына кіріп түратын тістері болады. Біріктіру үшін жасалған күпшек пен біліктің тістерін шлицтер деп атайды.
Оймакілтекті немесе тісті біріктірудің кілтекті біріктіруден артьщшылыгы: ол кілтекті біріктіруден берік, сондықтан оны қуатты машиналарда қолдануға болады. Білікке қондырылған тісті дөңгелек немесе басқа тетікбөлшек өс бойымен еркін қозғала алады
Тісті біріктіруде күпшек пен білік шлицтерінің конструкцияларына байланысты үш түрге бөледі:
-

Сурет 20 - Тікбүйірлі оймакілтекті қосылыстардың центрленуі


біліктің ішкі диаметрі күпшектің ішкі диаметрінен сәл кішілеу, ал олардың сыртқы диаметрлері тең. Бүл жағдайда шлицтердің ішкі диаметрлерінің арасында саңылаулар болады. Күпшек пен білікті осылайша біріктіруді сыртцы диаметрлері бойътша центрлеу (D) дейді.
- біліктің сыртқы диаметрі күпшектің сыртқы диаметрінен сәл кішілеу, ал олардың ішкі диаметрлері өзара тең; сондықтан саңылаулар сыртқы диаметрлерінің арасында болады. Тісті біріктірудің осындай түрін оларды ішкі диаметрлері бойътша центрлеу (d) дейді.
- саңылаулар сыртқы және ішкі диаметрлердің аралықтарында да болады, өйткені күпшек тістерінің сыртқы диаметрі білік тістерінің сыртқы диаметрінен, ал күпшек тістерінің ішкі диаметрі білік тістерінің ішкі диаметрінен кіші болады.Бүл жағдайда күпшек пен білік бүйір беттері бойынша центрленген (b) дейді.
Оймакілтекті қосылыстарының қондырғылары біліктің тістері мен күпшектің ойығының центрленген цилиндрлі беті мен бүйір беттері бойынша тесік жүйесінде беріледі, яени d және b; D және b; тек цана b бойынша.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет