Нақты сандар облысында нольдің мынадай қасиеті бар екенін білеміз, ноль мен кез



Pdf көрінісі
бет3/131
Дата24.03.2022
өлшемі1,67 Mb.
#28682
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131
Әдебиеттер
1.  О. Камардинов. Информатика, 2-бөлiм, -Шымкент, 2000. 
2.  О. Камардинов, Х.Жантелi. Delphi 5-6, -Шымкент, 2002. 
3.  О. Камардинов. Turbo C және Turbo C++ тiлдерiнде программалау, Ш., 2005. 87 бет. 
 
 
ӘӨЖ 5021504 
ТҰРМЫСТЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ ЕКІНШІ ШИКІЗАТ КӨЗІНЕ 
АЙНАЛДЫРЫП ӨНІМ АЛУ 
 
ХМ-117 тобының студенті Камалова Г.,  
ХМ-118 тобының студенті Анешбек Ф. 
Ғылыми жетекшісі: Доктор (PhD) Битурсын С.С. 
 
Тұрмыстық  қоқыс  адам  өмірінің  нәтижесінде  қалыптасқан  нысан  ретінде  қала,  қоғам, 
өркениет  сияқты  ұғымдармен  тығыз  байланысты.  Сондықтан  оны  пайдалану  адамның 
жанымен дамып келе жатқанын айтуға болады. 
Тұрмыстық  қалдықтар  азық-түлік  немесе  басқа  табиғи  материалдарды  тұтынудан 
пайда болады. Өткен ғасырда шаруалар егістіктерден егінді жинап, оларды үйіне, нарықтарға, 
жәрмеңкелерге жеткізді, олар алған жемісін жарнамалауды, өндеуден өткізуді, пластик, қағаз 
немесе  пластикалық  қаптамаларды  қолдануды  талап  етпеді.    Бүгінгі  таңда  барлық  жерде 
синтетикалық материалдар қолданылады. Әрине, қоқыс жинау бұрын да жүргізілді, тек  қана 
жақын  жерде,  көбінесе  ауланың  арнаулы  жеріне  жинап  отырған.  Бірақ  уақыт  бір  орында 
тұрмайды,  ортағасырлық  қалалардың  дамуы  қалдықтарды  жинаумен  байланысты  өте  ауыр 
зардаптарға соқтығысты [1].  
Тұрмыстық  қоқыстарға  қатысты  экологиялық  және  эстетикалық  мәселе,  нақтырақ 
айтатын  болсақ  Қазақстанның  барлық  қалаларында  терминология  тұрғысынан  қарағанда 
өндірістік қатты және тұрмыстық қалдықтар өзекті мәселенің бірі болып отыр.  
Тұрмыстық  қалдық  бұл  адамдардың  өмір  сүру  жағдайына  және  елдің  ішікі  ортасына 
теріс әсерін тигізетін негізгі фактор. 
Қалдықтар  шығаратын  негізгі  көздерге  өнеркәсіп,  ауыл  шаруашылығы,  үй-жай 
шаруашылығы  жатады.  Үй-жай  шаруашылығының  қалдықтарына  пайдалануда  болған  және 
тозған,  өзінің  тұтыну  қасиетін  жойған  бұйымдар  мен  материалдар  жатады.  Тұрмыстық 
қалдықтардың  тағы  бір  түрі  –  тамақ  қалдықтары.  Бұл  қалдықтар  тұрмыста  тасталынады. 
Тамақ қалдықтарының қауіптілігі олардың түрленуіне байланысты [2-3]. 
Қалдықтардың  көлемі  мен  құрамы  және  олардың  алып  жатқан  ауданы  жөнінде  дәл 
мәліметтің  болмауы  мәселенің  шешімін  қиындатады.  Сондықтан  да  болса  керек  Республика 
бойынша  тұрмыстық  қалдықтардың  жинақталуы  жөніндегі  статистикалық  мәліметтер  әр 
БАҚ-да, ғаламторда әр түрлі. 
Тұрмыстық  қалдықтардың  қоршаған  ортаға  зиянды  әсерін  азайту  немесе  болдырмау 
үшін  оларды  міндетті  түрде  жіктеуге,  топтастыруға  тура  келеді.  Тұрмыстық  қалдықтарды 
жіктеу  және  топтастыру  аса  күрделі  де  қиын  мәселе.  Қалдықтарды  ең  алдымен  агрегаттық 
күйлеріне  байланысты  топтастыруға  болады.  Бұл  кәдімгі  қатты,  сұйық  және  газ  тәрізді  деп 
жіктеу  болып  табылады.  Тұрмыстық  қалдықтар  пайдаға  асырылатын  және  пайдаға 


~ 120 ~ 
 
асырылмайтын болып бөлінеді. Пайдаға асырылатын және асырылмайтын қатты және сұйық 
қалдықтар, жанатын және жанбайтын топтарға бөлінеді [5-7]. 
Жанбайтын  пайдаға  асырылатын  қалдықтарға  үй-жайды  жөндеуден  өткізу  кезінде 
түзілетін  қоқыстар,  ыдыс-аяқтардың  сынықтары,  т.б.  жатқызуға  болады.  Ыдыс-аяқ  сынық-
тарын құрылыс материалдары ретінде, яғни қабырғаларға мозаика түрінде жапыстыруға, есік 
алдын, үй іргетасын әрлегенде пайдаланып жатады. Ал, мүлде пайдалануға жарамайтындары 
көмуге жіберіледі [8]. 
Жанатын  пайдаға  асырылатын  қалдықтарға  ағаш  қалдықтарын,  қағаз  қалдықтары  – 
макулатураны,  құрамында  резеңкесі  бар  қалдықтарды,  түрлі  майлар  мен  еріткіштерді 
жатқызуға  болады.  Бұл  қалдықтарды  зиянсыз  түрге  айналдыру  үшін  камералық  цехтарда 
жағады.  Бөлініп  шыққан  жылуды  өндірістік  айналымдарда  немесе  жанбайтын  қалдықтарды 
зиянсыздандыру үшін пайдаланады. Кейбір қалдықтарды көму алдында жағу арқылы көлемін 
кішірейтуге болады [8]. 
  Тұрмыстық қоқыстар мен қалдықтарды негізгі түрлері келесі түрде топтастырылады : 
• Макулатура; 
• Медициналық қалдықтар; 
• Істен шыққан құрал-жабдықтар; 
• Қолданыстан 
шығып 
қалған 
аккумуляторлар 
мен 
қоректену 
элементтері; 
• Ағаш қалдықтары; 
• Мұнай өнімдерінің қалдықтары; 
• Азық-түлік өндірістерінің қалдықтары; 
• Полимер қалдықтар, пластмассалар; 
• Өндірістік қалдықтар; 
• Радиоактивті қалдықтар; 
• Шыны сынықтары мен қалдықтары; 
• Құрылыс қалдықтары, 
• Тоқыма қалдықтары және тері; 
• Түсті металл сынықтары; 
• Қара металл сынықтары; 
• Дөңгелектер мен резеңке қалдықтар; 
• Электрондық сынықтар. 
Бүгінгі  күні  тұрмыстық  тұтыну  қалдықтарына  қолданыстан  шығып  қалған 
компьютерлер,  теледидарлар  және  ұялы  телефондар,  түрлі  салқындатқыштар  сияқты  т.б. 
электр  құралдары  жатады.  Осы  электр  құралдарының  компоненттері  қоршаған  ортаға 
салыстырмалы түрде көп зиян келтіреді. Қорғасын, мышьяк, сурьма, кадмий, кобальт, сынап, 
хром және пластиктердің адам денсаулығына және қоршаған ортаға зияны көп. 
Тұрмыстық  тұтыну  қалдықтарының  ішінде  гигиеналық  мақсаттарда  пайдаланылатын 
заттардың қалдықтары да қоршаған ортаға және адам денсаулығына зиянды әсер етеді. 
Гигиеналық қалдықтар: 
• Памперстер; 
• Төсемдер; 
• Тампондар; 
• Мақтасы бар таяқшалар; 
• Гигиеналық ылғал майлықтар 
Егер  қаланың  күндіз  –түні  бір  тынбайтын  желін  ескерсек,  аталған  қалдықтар  мен 
қоқыстар ұшып, ауылды ластап, қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Қоқыс адамзаттың әсерінен 
туындап отыр. Табиғатта өте тамаша бір қасиет бар. Оның өзі бөліп шығарған қалдықтардан 
біздің  көмегімсіз-ақ  өзін-өзі  тазартып  ала  алады.  Ал  адам  баласының  бөліп  шығарған  көң-
қоқсығынан ақыл-оймен өмірге келген  халықшаруашылығының улы, зиянды қалдықтарынан 
өздігінен тазалауға табиғатта шама жоқ. 
Аталған тақырыптаҚала тұрғындарымен саулнама жүргізілді: 
Әлеуметтік сараптама сұрақтары мынадай еді: 


~ 121 ~ 
 
1.   Неліктен  қалаларда  қалдықтардың  түзілуі  жүздеген  жылдар  бойы  мәселеге 
айналып отыр? 
2.  Заманауи  қалалар  қалдықтардан  қалай  құтылуда?  Бұл  шараға  қаланың  қандай 
құрылымдары, өңдірістер, және мамандар қатысады?  
3.  Бұл мәселені шешуге қала тұрғыны қандай іс-әрекет жасауда?  
4.  Сіздің  ойыңызша  келешекте  қатты  тұрмыстық  қалдықтарды  өңдейтін  зауыт 
салатынына сенесізбе? 
5.  Сіздің үйініздің жанында қоқыс жәшігі бар ма? 
6.  Сізді Шымкент қаласының экологиясы қызықтырама? 
7.  Қоқыс қалдықтарынан адам денсаулығына әсері бар ма? 
8.  Гарбология терминінің мағынасын түсінесізбе? 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   131




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет