Науқас Т, 5 жаста. Анасы аймақтық дәрігерге баласының мазасызданып жүргеніне,жылағыш өкпелегіш болып кеткенін айтты. Біраз уақыттан бері дене қызуының көтеріліп жүргенін, тамаққа тәбеті болмай азып кеткеніне шағымданды
Науқас Т, 5 жаста. Анасы аймақтық дәрігерге баласының мазасызданып жүргеніне,жылағыш өкпелегіш болып кеткенін айтты. Біраз уақыттан бері дене қызуының көтеріліп жүргенін, тамаққа тәбеті болмай азып кеткеніне шағымданды.
Анамнезінде ешқандай ауру тіркелмеген. Бала жетіліп туылған. Сұрастырғанда әкесінің біріншілік туберкулезбен ауырып толық емделгені белгілі болды. Отбасында басқа қауіпті аурулар анықталмаған.
Объективті:бала физикалық дамудан артта қалған, ЖСЖ 102рет минутына, тынысы 19рет, тершғң болып тұр. Жүрек аускультациясында систолалық шу анықталды. Перификалық лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыр мен көкбауыр шамалы ұлғайған.
Рентгенде: Өкпенің сол жақ бөлігінде қараю 20мм, контуры тегіс емес. Өкпе түбірі кеңейген.
1.Синдромдарды анықтаңыз.
2.Диагноз.
3.Диагностикалық әдістер.
4.Емі.
1. Уытталу синдромы, гиперпластикалық синдром.
2. Сол жақ өкпедегі біріншілік туберкулездік кешен. Пневмониялық кезең.
3. ЖҚА, ЖЗА, Манту сынамасы,қақырықты зерттеу. Манту сынамасы:нормергиялық.Қақырық анализінде:ТМБ анықталады.
4. Рифампицинге тұрақтылық болмаса 1қатарлы ем(изониазид,рифампицин,пиразинамид,этамбутол).