ЖАСӚСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ БОКСШЫЛАРДЫҢ
ТЕХНИКАСЫ МЕН ТАКТИКАСЫН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Аға оқытушы Байжанов Е
студент Асқар Б.Н.
Шымкент университеті, Шымкент қаласы
Аннотация
Бұл ғылыми мақалада жас жігіттер арасындағы боксшылардың
техникасы мен тактикасын жетілдіру жолдары сипатталған.
Отызыншы жылдардың бас кезінде республикамызда алғашқы бокс
ҥйірмелері ҧйымдастырылды. Алматыдағы "Темп" спорт қоғамында бокс
ӛнерін ҥйренуге қҧштар бір топ жас бас қосты. Бокс әліппесін ҥйренгеннен
кейін ҥйірме мҥшелері арасында бірнеше байқау жарыстарын ӛткізді.
Спорттын осы жаңа тҥрін алғаш ҥйренген әуесқойлар әсіресе балаларға бокс
жайлы мағлумат беруді алдарына мақсат еткен еді. Кеп кешікпей-ақ
былғары қолғап киюге қҧштарлар саны да кӛбейді. "Темп" спорт қоғамының
жанынан республикадағы бірінші балалар мен жасӛспірімдер спорт мектебі
ашылды.
Қазақстан боксының негізін қалаушы Шоқыр Бӛлтекҧлы республикада
спорттың осы тҥрінің дамып, есімізде алдыңғылардың қатарына қосылуына
кӛп еңбек сіңірді. 1933 жылы Ш. Белтекҧлының басшылығымен Алматыда
"Динамо", "Спартак" және "Медик" спорт қоғамдарында бокс ҥйірмелері
жҧмыс істей бастады.
Қазақстанда бокспен айналысушылар кӛбейді. 1938 жылы Алматының
ӛзінде ғана тӛрт команда болды. Ал бір жылдан кейін астанада тҧңғыш рет
ресми жарыс ӛткізілді. Елуге жуық боксшы рингке шығып, кҥштілерді
анықтады.
1940 жылы Апматыдағы балалар мен жасӛспірімдер спорт мектебінде
қосымша топтар қҧрылып, оған 14-16 жастағы мектеп оқушылары
қабылданды. Сол жылы астанада оқу-жаттығу жиыны ӛткізілді. Оған
63
республиканың барлық облыстарының ӛкілдері қатысты. Бірнеше кҥн бойы
тәжірибелі мамандардан білім алған олар осы жиыннан қайтып оралысымен
ӛз облыстарында бокс ҥйірмелерін қҧрды. Сӛйтіп, Ҧлы Отан соғысы
басталғанға дейін-ақ Қазақстанның кӛптеген облыстарында бокс ҥйірмелері
жҧмыс істей бастады. Ал ел басына қауіп тӛнген қаһарлы жылдарда
майданға аттанған боксшыларымыз асқан ерліктің, табандылықтың, Отанға,
ӛз халқына сҥйіспеншіліктің ҥлгісін кӛрсетті.
Ҧлы Отан соғысы аяқталысымен Алматыда, Қарағанды мен
Шымкентте, Семей мен Жамбылда, Петропавл мен Актӛбеде, Балқаш пен
Талдықорғанда бокс ҥйірмелері қайтадан ҧйымдастырылды. Спорт шебері
Г.Кирштейн 1946 жылы Қарағандыда бес ҥйірме қҧрды. Балқашта 17 жасар
М. Хайрутдинов бір топ жастың басын қосып, алғашқы жаттығуларға кірісіп
кетті.
1946 жылы Алматыда жастар спорт мектебі ашылды. "Динамо" ерікті
спорт қоғамында жаттықтырушы Д. Муллаевтың басшылығымен жас
шеберлер бой кӛрсете бастады. Дәулеткерей Муллаев кейін белгілі
боксшыларды, республика чемпиондарын, Бҥкілодақтық жарыстардың
жеңіпаздары мен жҥлдегерлерін тәрбиелеп шығарды. Оның шәкірттері Г.
Рожковтың, И. Ивановтың, А. Кадетовтың есімдері тек республика кӛлеміне
ғана емес, бҥкіл елімізге әйгілі болды. Ол кезде жас боксшылардың
шеберлігін артуына, қала, облыс, республика біріншіліктері ғана емес, Орта
Азия республикалары мен Қазақстан спартакиадалары да елеулі ҥлес қосты.
1946 жылы Қазақстан боксшылары Бҥкілодақтық жарысқа қатысты.
Қазақстандықтар кҥштілер қатарында саналып жҥрген Белоруссия, Арме-
ния, Эстония қҧрамаларын артқа тастап, командалық алтыншы орынға ие
болды. Бҧл ірі жарысқа тҧңғыш қатысып отырған жас боксшылар ҥшін
ҥлкен табыс еді. Жекелей біріншікте Махмут Омаров қола жҥлдегер атанып,
Аскар Ҥсенов тӛртінші орынға шықты.
1950
жылы
Орта
Азия
республикалары
мен
Қазақстан
спартакиадасында республикамыздың боксшылары бірінші орынға шығып,
басжҥлдені жеңіп алды. Жекелей біріншілікте де боксшыларымыз топ
басында кӛрінді.
Қазақстан боксының есуіне қалааралық, республикалар қҧрама
командаларының жолдастық кездесулері, басқа да жарыстар елеулі әсер
етті. 1950 жылы Апматы боксшылары ЦСКА қҧрама командасының
мҥшелерімен жолдастық кездесу ӛткізді. Армияшылардың қатарында
рингтің атышулы шеберлері А. Грейнер, Л. Сегалович, В. Степанов және
басқалары бар еді. Алматының жас боксшылары Е. Хасанов, Махмуд
Омаров және Г. Рожков атақты қарсыластарынан басым тҥсті. 1953 жылы
алматылық Г. Рожков еліміздің студенттер қҧрама командасында
қабылданды
да,
Бухарестте
еткен
Бҥкілдҥниежҥзілік
студенттік
универсиадада жҥлдегерлер тобына қосылды.
1956 жылы ӛткен КСРО халықтарының бірінші спартакиадасы
спорттың нлғашқы ҥлкен байқауы болды дей аламыз. Қазақстанның
боксшыларының шеберлігі жақсы әсер қалдырды. Спартакиада жекпе-
64
жектерінде жерлестеріміз Мақсҧт Омаров, И. Иванов, Г. Рожков, М.
Хайрутдинов, А. Кадетов шеберлік кӛрсетті.
Ҥш жылдан кейін КСРО халықтарының екінші спартакиадасында
Казакстан қҧрама командасы тӛртінші орынға кӛтерілді. Жартылай ауыр
салмақта алматылық А. Кадетов Қазақстан боксшыларының арасынан
бірінші болып КСРО чемпионының алтын медалін, Мақсҧт Омаров кҥміс
медальді, Владимир Каримов қола медальды жеңіп алды.
1963 жылы КСРО халықтарының ҥшінші спартакиадасында Ю.
Селиверстов пен А. Кадетов қола медаль алды. Сол жылы Ә. Нҧрмаханов
Джакартада еткен ГАНЕФО ойындарында чемпион атанды. Ол кейін КСРО
халықтарының мерекелік тертінші спартакиадасында жеңіс тҧрғынының
ҥшінші сатысына кӛтерілді.
Жаттықтырушылар мен боксшылар осы спартакиадалардан алған
тәжірбиелерін ортаға салып, кемшіліктердің орнын толтыруға тырысты.
Аянбай тер тӛгіп, бҧрынғы қол жеткен табысты қайталауға кҥш салды. 1968
жылы Б. Кошевин, М. Жақсыбаев, Ю. Селиверстов КСРО біріншілігінде
қола жҥлдегер атанды. Ал келесі жылы еліміздің біріншілігінде А.
Әбдірахманов КСРО чемпионы атағына, ал Ж. Кекімов екінші, О.Гуров
ҥшінші орынға ие болды.
1971 жылы КСРО халықтарының бесінші спартакиадасында Қазақстан
қҧрама командасы бесінші орынға кӛтерілді. О. Гуров алтын медальды
жеңіп алды. Тӛрт жылдан кейін алтыншы спартакиадада осы табыс тағы да
қайталанып, командалық есепте Қазақстан қҧрамасы бесінші орынды
иемденді.
1979
жыл Қазақстанның былғары қолғап шеберлері ҥшін ең табысты
жыл болды дей аламыз. Кӛктемде ӛткен Европа біріншілігінде жамбылдық
Серік Қонақбаев пен алматылық Виктор Демьяненко қҧрлық чемпионы
атағын жеңіп алды. Осыған дейін қазақстандық бірде-бір боксшы мҥндай
атаққа ие болған жоқ еді. Ал бҥдан бір жыл бҧрын ғана дҥниежҥзінің екінші
чемпионатында алматылық Валерий Рачков жеңіске жеткен болатын.
Бірнеше айдан соң жетінші спартакиада ӛтті. Қазақстан қҧрама коман-
дасы осы дҥбірлі сында жҥделі екінші орынды жеңіп алды. Камил Сафин,
Виктор Демьяненко спартакиадада чемпионы атанды. Бір топ қазақстандық
боксшылар жҥлдегерлер тобына қосылды.
Осы жылдың соңғы айында Америка Қҧрама Штаттарында бокстан
тҥңғыш рет әлем кубогы ҥшін жарыс етті. Осы жарыста еліміздің намысын
қорғады. С. Қонақбаев пен В. Демьяненко қарсыластарынан басым тҥсіп,
кубок иесі атанды.
1980
жылы Москвада жазғы XXII олимпиялық ойындар ӛткізілді.
Еліміздің қҧрама командасының сапасында сынға тҥскен С. Қонақбаев пен
В. Демьяненко кҥміс медальға ие болды.
Олимпиададан кейінгі жыл да ірі жарыстарға толы еді. Европа
чемпионатына қатысқан С. Қонақбаев екінші рет жеңіс тҧрғынының ең биік
сатысына кӛтерілді. Ол тағы да әлем кубогы ҥшін жарысқа қатысты. Бҧл
жолы Канаданың бокс жанкҥйерлері С. Қонақбаевтың шеберлігіне қол
65
соқты. Ол екінші рет әлем кубогын жеңіп алды. Мҧндай жетістікті әлемде
ешбір боксшы қайталанған жоқ.
Қазақстан боксшылары шетелдік әріптестерімен де талай рет кездесті.
Әлем чемпионы В. Рачков, әлем кубогының екі дҥркін жеңімпазы С.
Қонақбаев, Европа чемпионы В. Демьяненко, С. Нурқазов, еліміздің
чемпиондары мен жҥлдегерлері А. Кадетов, В. Каримов, Ә. Нурмаханов, Г.
Рожков, И. Гильдин, ағайынды Омаровтар, Ю. Селиверстов, Ж. Кӛкімов, В.
Баранов, Б. Кошевин, М. Жақсыбаев, О. Гуров, А. Әбдірахманов, Б. Сапеев,
К. Сафин, Б. Нҥрмағамбетов, В. Зарочинцев, В. Плакуший, Ж. Тҥсіпов, А.
Мирошниченко, К. Әбдірахманов, Р. Каспер. Р. Кабиров, В. Присяжнюк, М.
Юрченко, А. Қилымов және басқалары Венгрия, Англия, Болгария. Польша,
Чехословакия, ГДР, АҚШ, ФРГ, Югославия, Гвинея, Румыния, Нигерия,
Египет, Канада, Италия, Латын Америкасы боксшыларымен жолдастық
кӛздесулер ӛткізді.
Қазақстан боксшылары Бҥкілодақтық және халықаралық жарыстарда
айтарлықтай табысқа жетті. Оларды тәрбиелеп, жеңіс тҧғырына кӛтерген
ҧстаздар - КСРО-ның еңбек сіңірген жаттықтырушылары А.Болдырев пен
Л.Аникин, Ю.Цхай, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген жаттықтырушылары
Ш.Бӛлтекҧлы, К.Әшляев, К.Омаров, М.Хайрутдинов, Е.Хасанов және
басқалары.
Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін республиканың спорты, оның ішінде
бокс ерекше қарқынмен дамыды. 1992 жылы Барселонода ӛткен
олимпиялық ойындарға ҥш боксшымыз ТМД (Тәуелсіз мемлекеттер
достастығы) елдерінің қҧрама командасының сапында қатысуға тиісті
болатын. Бірақ әртҥрлі себептермен олар рингке шыға алмады.
Барселонодан кейін республикадағы бокстың тізгінін еңбегі сіңген
спорт шебері, белгілі педагог-ғалым Әбдісалан Нҧрмаханов қолға алды. Ол
бастaп апарған Азия чемпионатында қазақстандық алты боксшы алтын
медальдарға ие болды. Сӛйтіп, қазақстандық былғары қолғап шеберлері
клемдік аренаға атойлап енді.
Ел арасында ӛте беделді азамат Әбдісалан Нурмаханов талантты
жастардан қҧрама команданы жасақтап тҥрлі жаттығу жиындарын ӛткізді,
алыс-жақын шет мемлекеттерге шығып мҥмкін болған жарыстарға қатысты,
тәжірибе жинақтады, жас боксшыларға әке орнына әке, шеше орнына шеше
бола білді. Соның нәтижесі Америка Қҧрама Штаттарының Атланта
қаласында ӛткен кезекті жазғы Олимпиялық ойындарда кӛрінді. Мҧнда
Болат Жумаділов кҥміс, алтын медальді (кубалықтардың беделі алып кетті),
Ермахан Ибраимов пен Болат Ниязымбетов қола медальдарға ие болды. Ал
Василий Жиров алтыннан алқа тағумен бірге Олимпиялық ойындардың ең
ҥздік боксшысына берілетін Вал Баркердің жҥлдесіне ие болды. В.Баркер.
АИБА-ның 1920-1930 жылдар арасындағы президенті, әуесқой бокстық
әлемде тарап, ӛркендеуіне кереметтей ҥлес қосқан қайраткер. Бҧл жҥлдеге
ие болу ӛзінің ӛмірін, бойындағы бар талантын спорттың осы бір тамаша
тҥріне арнаған әрбір пенденің ең асыл арманы.
66
Мемлекеттік жаттықтырушы бола жҥріп Әбекең алыстағы Кубаның
атақты жаттықтырушысы Сагарамен арадағы достық қарым-қатынас,
Олимпиялық ойындардың ҥш мәрте чемпионы Теофильио Стивенсонмен
жететаныстықтың
арқасында
Куба-Қазақстан,
Қазақстан-Куба
боксшыларымен жолдастық кездесулер, біріккен жаттығулар ӛткізді. Соның
нәтижесі Сидней қаласында 2000 жылы ӛткен Олимпиялық ойындарда
кӛрінді. Осы жолы ӛмірден қыршын кеткен Бекзат Саттарханов алтын,
Мҥқтархан Ділдабеков пен Болат Жҧмаділовтар кҥміс медальға ие болды.
Қазақстан боксшылары ресми емес есепте Куба мен Ресей командаларынан
кейінгі командалық ҥшінші орынға ие болды.
Аркадий Топаевтың әлем кубогіне, Геннадий Головкин мен Галиф
Джапаровтың әлем чемпионы атануына да Ә.Нҧрмахановтың қосқан ҥлесі
мол. Ол қолы жеткен табысқа тоқмейілсіп қалған жоқ, Астанаға барып,
талай талай кабинеттердің есігін қағып жҥріп республикада боксқа
мамандандырылған балалар мен жасӛспірімдердің тӛрт мектебінің
ашылуына мҧрындық болды.
Афина ойындарында Бақтияр Артаевтың чемпион атанып В.Баркер
кубогіне ие болуы мен 2005 жылы Қытайда ӛткен әлем чемпионатында
Ердос Жаңабергенов пен Серік Сапеевтың жеңіске жетуінде де Ә.Нурма-
ханов салған жеңімпаздық із жатыр.
Достарыңызбен бөлісу: |