«Наука и образование в современных реалиях»


СПОРТПЕН ШЫНЫҒУДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРНЫ



Pdf көрінісі
бет120/146
Дата15.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#25529
түріСборник
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   146
СПОРТПЕН ШЫНЫҒУДЫҢ БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕГІ ОРНЫ 
 
Аға оқытушы  Токтаргазин С.  
студент Жұмағалиұлы М. 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 


308 
 
Аннотация 
Место занятий спортом в воспитании детей 
 
Дене  тәрбиесі  мен  спорттың  педагогикалық  ҧстанымдары  деп  дене 
тәрбиесі  мен  спорт  сабақтарының  қҧрылымын  қалыптастыру,  қимыл 
қабілетін дамыту, қимыл дағдыларын меңгеру заңдылықтарын бейнелейтін 
қысқа сипаттағы ғылыми әдістемелік ережелерді атаймыз. 
Қойылған  педагогикалық  ҧстанымдар  негізінде  әдістемелік  ережелер 
айқындалады,  жеке  жағдайлардағы  міндеттерді  орындаудың  нақты  әдістер 
мен қҧралдары таңдалады. 
Педагогикалық  ҧстанымдарды  зерттеу  оның  дамуындағы  негізгі  ҥш 
бағытты анықтады. Бірінші бағыт дене шынықтыру мен спорт сабақтарына 
қатысты  ҧстанымдарға  қарағанда  айырмашылығы  бар,  яғни  ӛз  мақсаты 
ретінде спортшылардың жарыстарға қатысуын дайындауды кӛздемейтін, тек 
спорт 
жаттықтыруларында 
ғана 
қатыстырылатын 
ҧстанымдарды 
тағайындауға қҧрылады. 
Спорт жаттықтыруының ҧстанымдарын ҧсынған алғашқы ғалымдардың 
бірі  В.В.  Гориневский  (1922)  болды.  Одан  басқа  спорт  жаттықтыруын 
А.Дюпперон  (1930),  А.А.  Тер-Ованесян  (1947),  Н.Г.  Озолин  (1948),  А.Ц. 
Пуни (1949), Л.П. Матвеев (1959, 1964) және басқалар ҧсынды. 
Гигиеналық,  білім  беру,  тәрбиелеу  міндеттерін  шешуге,  бағытталған 
тек дене тәрбиесі мен спорт сабақтарына немесе тек спорт жаттықтыруына 
қатысты  ҧстанымдарды  бӛліп  қарастыруға  ҧмтылу  қате  болып  есептеледі. 
Спорт  жаттықтыруының  ҧстанымдарын  зерттеушілердің  ҧсынған  тҥрлі 
кеңестерін  мҧқият  қарастыра  отырып,  олардың  педагогикалық  қатынастар 
қатарына  кіретіндерінің  барлығы  тек  қана  спорт  жаттықтыруларында  ғана 
емес,  сол  сияқты  дене  шынықтыру  мен  спорт  сабақтары  барысында  да 
басшылыққа алынуы тиіс екені белгілі болды.  
Спот  жаттықтыруының  ҧстанымы  ретіндегі  ҧсынылған  қарапайым 
ережелер тізімі олардың барлығы тек спорт жаттықтыруында ғана емес, сол 
сияқты  дене  шынықтыру  мен  спорт  сабақтарының  барлық  тҥрлерінде  де 
басшылыққа алынуы тиіс екенін кӛрсетеді. 
Аталған  дидактикалық  ҧстанымдар  білім  берудің,  дамыту  мен 
тәрбиелеудің  бірнеше  заңдылықтарын    сипаттап,  дене  шынықтыру  мен 
спорт  сабақтарының  міндеттерін  орындауда  басшылық  ережелері  ретінде 
жҥреді.  Алайда,  дидактикалық  ҧстанымдар  негізіне  жататын  заңдылықтар 
бірнеше жағдайларда басқаша тҥрге ие болады, яғни дене шынықтыру мен 
спорт  сабақтарында  басшылыққа  алынуы  қажет  дәл  әрі  анық  берілетін 
жалпылама теориялық ережелер бола алады. 
Демек,  дене  тәрбиесі  мен  спорт  сабақтарында,  атап  айтқанда  спорт 
жаттықтыруларында 
кӛбінесе: 
алдын-ала 
қалыптасқан 
спорт 
жаттықтырулары  ҧстанымдары  мен  бірнеше  жалпы  педагогикалық 
(дидактикалық)  ҧстанымдар  қолданылады.  Бірақ  барлық  ҧстанымдар 
анықталып қойған, ары қарайғы дене тәрбиесі мен спорттың педагогикалық 
негіздерінің  бҧндай  кӛкейтесті  мәселелерін  зерттеуді  мақсатсыздық  деп 


309 
 
есептеу  дҧрыс  емес.  Дене  тәрбиесі  туралы  ғылымды  дамыту  жаңа 
заңдылықтардың  ашылуына,  оның  ішінде  жаңа  ҧстанымдарды  жаңа  жолға 
қою қажеттігін анықтауға жол ашады. 
Дене  тәрбиесі  мен  спорт  туралы  ғылымның  қазіргі  деңгейдегі  дамуы 
дене  тәрбиесі  мен  спорттың  педагогикалық  ҧстанымдары  ретінде,  кей 
жағдайларда бҧрынғы қабылданған  педагогикалық ҧстанымдарды басқаша 
қалыптастыруын қабылдауға негіздеме береді. Бҧндай жаңадан қабылданып 
қалыптасқан  дене  тәрбиесі  мен  спорттың  педагогикалық  ҧстанымдарына 
мыналар  жатады:  1)  оқыту  мен  дамытудың  бірлігі;  2)  сабақ  қҧрылымы;  3) 
сабаққа  қатысушылардың  жағдайы  мен  ерекшелік  есебі;  4)  қозғалыстың 
анализі мен синтезі; 5) жаттығулар барысында саналылық және сезімталдық 
бақылау; 6) жҥктемені бірте-бірте арттыру және оның белсенділігі; 7) сәйкес 
жағдайлардың есебі мен реттелуі. 
Оқыту  мен  дамытудың  бірлігі  ҧстанымы  заттар  мен  қҧбылыстардың 
пішіні  мен  мазмҧнының  ӛзара  байланысы  мен  ӛзара  бағыныштылығына 
негізделген.  Адамның  қимыл-әрекетінде  бҧл  заңдылық  тірек-қимыл 
аппаратының  жағдайы  мен  дамуының,  ағзаның  вегетативтік  қызметі  мен 
қимыл  сапасының  қимыл  дағдыларымен  ӛзара  байланыста  кӛрінеді. 
Мысалы, қимыл сапасының деңгейі жоғары болған сайын, спорт жаттығуы 
тәсілдерін  жетілдіруге  арналған  мҥмкіндіктер  де  кӛп  туындайды  ж»не 
керісінше,  спорт  жаттығулары  тәсілдері  жетілдірілген  сайын  адамның 
қимыл сапасы да жақсара тҥседі. Дене тәрбиесі мен спорт сабақтарындағы 
оқыту  мен  дамытудың  бірлігі  ҧстанымы  оқу  пәнінің  талаптарына  сәйкес 
қимыл  сапаларын  дамыту  мен  дене  дайындығын  қамтамасыз  етуді  ӛзара 
байланыста  оқыту  керектігіне  міндеттейді.  Дене  тәрбиесі  мен  спорт 
сабақтарындағы  бҧл  ҧстаным  бірінші  кезеңге  сәйкес  жағдайларды 
жеңілдетіп,  сосын  бірте-бірте  кҥрделендіріп,  меңгерту  қажеттігін 
анықтайды. 
Дене  тәрбиесі  мен  спорттың  педагогикалық  ҧстанымдары  ретінде 
қабылданған  ережелердің  барлығы  бірлікте  және  ӛзара  тығыз  байланыста 
болды. Мҥмкін оқытушы мен оқушының орындайтын кез-келген қызметіне 
қатысты.  Сәйкес  дидактикалық  ойлау  бойынша  бҧл  ҧстанымдарды  тӛрт 
топқа  бӛлуге  болады:  оқыту,  дамытуды  басқару,  тәрбиелеу  және  сабақты 
қҧру.  Дене  тәрбиесі  ақыл-ой,  адамгершілік  эстетикалық  және  еңбек 
тәрбиесімен біріге отырып, адамның жан-жақты дамуына жағдай жасайды. 
Дене тәрбиесі міндеттері педагогикалық процесстерді ҧйымдастырудың 
негізгі  екі  тҥрі  –  дене  мәдениеті  сабақтары  мен  спорт  сабақтарының 
бірігуімен  шешіледі.  Спортшы  мен  спорт  командасының  тактикалық 
дайындығы  деңгейі  туралы  олардың  жарыс  жағдайы  мен  спорт  жекпе-
жегінде  туындаған  жағдайға  қарай  ӛз  мінез-қҧлқын,  қимылы  мен  әрекетін 
ӛзгерту қабілеті бойынша сараптауға болады.  
Бҧл тараудағы айтылғандарды қорыта келе мынадай тҧжырым жасауға 
болады.Сабақтардағы дене жаттығуларына оқытуды ондағы пайда болатын 
қимыл сапасының дамуын бір мезгілде, ал спорт машықтануын да таңдаған 
спорт тҥрінің тактикасын меңгерумен бірмезгілде жҥргізеді. 


310 
 
Дене  жаттығуларын  дене  тәрбиесі  мен  спорт  сабақтарында  оқыту 
тыныс алуды орындалатын қимылмен ҥйлестіру қажеттігін кӛрсетеді. Дене 
жаттығуларын  жетілдіре  орындау  орындалатын  қимыл  міндеттері  мен 
туындаған жағдайларға олардың қҧрылымын сәйкесдендіре қадағалап, оған 
саналы  және  сезімдік  бақылау  жолымен  тҥзету  ендіруге  ҥйренумен  жетуге 
болады. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   116   117   118   119   120   121   122   123   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет