148
ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ДЕНЕ ДАМУЫНЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Магистр, аға оқытушы Кадырбаев Т.А
студент Жақсылық А.Н.
Шымкент университеті, Шымкент қаласы
Аннотация
Особенности физического развития старшеклассников
Жоғары сынып оқушылары қатарына 9-11 сыныптарда оқитын 16-18
жастағы оқушылар жатады. Жоғары сынып жасындағы оқушылардың
денесінің ӛсуі мен даму ҥрдісі біртіндеп ары қарай жалғаса береді. Оқушы
ағзасының мҥшелері мен жҥйелері бірқалыпты жағдайда дамиды.
Жыныстық жетілу осы кезеңде толық аяқталады. Осы жас кезеңінде
бойдың ӛсуі ақырындап, кеуденің кеңдігі, дене салмағы кӛбірек ӛсе
бастайды. Жасӛспірім ҧл балалар қыздарды бой және дене салмағы жағынан
қуып жетіп асып кетеді. Олардың бойлары қыздардан 10-12 см биік,
салмақтары 5-8 кг артық болады. Олардың жалпы дене кӛлемімен
салыстырғандағы бҧлшық ет кӛлемі қыздардікіне қарағанда 13 % кӛп, ал
тері астындағы май ткані 10% аз болады. Жасӛспірім ҧлдардың қыздарға
қарағанда
кеуделері қысқа, ал аяқ-қолдары ҧзын болып келеді.
Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сҥйектері ӛздерінің ӛсіп болу,
қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда, жауырын сҥйектері
жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік немесе иық
сҥйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25 жаста
жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сҥйегінің ӛсуі
жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды.
Білезік сҥйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сҥйектері 16-18 жаста
қатып, аяқталады. Жамбас белдеуінің сҥйектері: ортан жілік 18-20 жаста
ӛсуін тоқтатады, асықты жілік пен оның шыбығының сҥйектері қыздарда
16-18, жігіттерде 19-20 жасқа дейін ӛсіп, одан әрі қарай ӛсуін тоқтатады.
Табан сҥйектерінің: ӛкше, бақайшақ және аяқ саусақтарының ӛсуі
бойжеткендерде 16-18, жігіттерде 18-20 жасқа дейін байқалады. Табан
кҥмбезі 13-17 жасқа дейін қалыптасады. Сондықтан да бойжеткендерге 17-
18 жасқа дейін биік ӛкшелі аяқ киімді киюге болмайды. Себебі ондай аяқ
киімдер табан кҥмбезінің дҧрыс қалыптаспауына байланысты аяқты тез
шаршатады. Балалар мен жастардың аяқ киімдерінің ӛкшесі 1,5-2 см
болғанда табан кҥмбезі жақсы болып, табан еттері мен сіңірлері жақсы
дамиды. Осы кезеңде сҥйектері қатайған жастар ағзасы ҥлкен жҥктемелерді
тӛзімді қабылдайды.
Сҥйек аппаратының бекуі бҧлшық ет, сіңір дамуымен қатар жҥреді.
Бҧлшық еттер тез, біркелкі дамиды. Жастардың бҧлшық еттерінің кӛлемі,
кҥштері ӛседі. Осы кезең – жастардың бҧлшық еттерінің кҥші мен
тӛзімділігін дамытуға тиімді уақыт.
150
Мектеп бағдарламасындағы оқу материалдарын ҥйрену және меңгеру
дҧрыс ойластырылып, сабақтар бір-біріне байланысты, сабақтасты болып
жҥргізілуі қажет. Жоғарғы сынып оқушыларының негізгі сҥйектері
ӛздерінің ӛсіп болу, қатаю кезеңдеріне жете бастайды. Атап айтқанда,
жауырын сҥйектері жігіттерде 19-20 жаста, қыздарда 18 жаста, тоқпан жілік
немесе иық сҥйектері 20-25 жаста қатаяды. Кәрі жіліктің қатаюы 20-25
жаста жігіттерде, 17-20 жаста қыздарда аяқталады. Шынтақ сҥйегінің ӛсуі
жігіттерде 18-20 жаста аяқталады, бойжеткендерде сәл ерте қатаяды.
Білезік сҥйектерінің қатаюы 14-16 жаста, саусақ сҥйектері 16-18 жаста
қатып, аяқталады.
Достарыңызбен бөлісу: