«Наука и образование в современных реалиях»


САЛАУАТТЫ ӚМIР СҤРУДIҢ МАҚСАТЫ МЕН НЕГIЗГI



Pdf көрінісі
бет91/146
Дата15.02.2022
өлшемі2,78 Mb.
#25529
түріСборник
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   146
Байланысты:
6-.-

САЛАУАТТЫ ӚМIР СҤРУДIҢ МАҚСАТЫ МЕН НЕГIЗГI 
ПРИНЦИПТЕРI 
 
доцент Мырзакулов Қ. 
студент Мадәлі А.С. 
Шымкент университеті, Шымкент қаласы 
 
Аннотация 
В  данной  научной  статье  описывается  цель  и  основные  принципы 
здорового образа жизни 
 
Әрбiр мемлекеттiң ӛсiп-ӛркендеуi мен даму кӛрсеткiштерiнiң бiрi дене 
мәдениетінің  жҥйесi,  спорт.  Мемлекеттi  немесе  белгiлi  бiр  ҧлтты  кҥллi 
әлемге танытатын да спортшылар мен олардың жетiстiктерi, кӛрсеткiштерi. 
Әлемдiк қауымдастықта елеусiз мемлекет жазушылары, ғалымдарымен ғана 
емес, сонымен катар осы спорттың арқасында да бҥкiл әлемге танылады. 
Дене  тәрбиесінің  толық  мәнінде  жҥзеге  асырылуы  адамның  денесін 
ӛмір бойы жетілдіріп отыруына негіз жасайды. Дене жаттығуларымен ҥнемі 
айналысу  жастардың  бос  жҥрмеу  проблемасын  шешудің,  қоғамға  жат 
қылықтардың кӛрінісін болдырмаудың да тиімді жолы. 


237 
 
П.Ф.Лесгафты  жатқызуға  болады.  Шығармашылық  қызметі  екі 
ғасырдың,  XIX  ғасырдың  аяғы  мен  XX  ғасырдың  тоғысына  сәйкес  белгілі 
педагог, дәрігер, психолог П.Ф.Лесгаф балалар мен жас ӛспірімдердің дене 
тәрбиесінің  теориялық  негіздерін  жасады.  П.Ф.Лесгафтың  отандық  ғылым 
алдындағы  айрықша  қызметі  арасында  оның  дене  мәдениетінен  білім 
берудің ӛзіндік теориясы мен оны жҥзеге асыруда кадрлар даярлық жҥйесі 
айрықша орын алады. Ғалымның кӛптеген еңбектерінің тарихи маңызы бар 
және  дене  мәдениеті  мен  педагогикалық  мамандарды  даярлауда  қазіргі 
теория  мен  практикада  да  кеңінен  қолдануға  әбден  болады.  Әсіресе  оның 
тәрбие  мен  дамыту  тҥрлерінің  ӛзара  байланысын  мойындауға  қҧрылған 
концепциясы  кӛңіл  аударады.  Бҧл  концепция  қазіргі  педагогикада  жаңа 
методикалық  негізде  кӛптеген  жаңа  еңбеектермен  нығайтылып,тәрбиеге 
комплексті тҧрғыдан келіп,оны зерттеудің принципі ретінде жинақталған. 
 Ф.Лесгафт  "Руководства  по  физическому  образованию  детей 
школьного  возроста"  деген  еңбегінде  былай  деп  жазады:  "Тәрбие  адамның 
ӛнегелі қасиеттері мен оның ерік-жігер кӛріністерін қалыптастыруды басты 
назарда  ҧстайтын  болса,осы  тҧрғыдан  алғанда  білім  беру  жҥйелі  ойлау 
этикалық  және  организмі  мықты  болуы  тиіс.Ол  жастарды  ӛнегелік  және 
эстетикалық  жағынан  жетілдіруге  алып  келетін  білім  беру  мен  дене 
тәрбиесіне  басты  мақсат  деп  ҧғынды.  Ғалымның  пікірі  бойынша  ӛнегелік 
қасиеттерін  қалыптастыруда  дене  мәдениеті  және  ақыл-ой  тәрбиесінің 
ҥрдісімен аяқтау қажет. Ол дене мәдениетінің негізгі міндеттері балалардың 
бойында  ой  еңбегін  толыққанды  дамытумен  қатар  дене  тәрбиесі 
жҧмыстарына саналы тҥрде қосып отыру" деп есептеді. 
Біздің  пікірімізше,  Н.Ф.Лесгафт  салауатты  ӛмір  салты  дене 
мәдениетінің  компоненті  болып  табылады  деп  есептейді,  дене  тәрбиесі 
арқылы  тҧрғындардың  денсаулығын  нығайтуды  қолдай  отырып,  бҧларды 
адам денсаулығының негізі деп қарайды. 
 Сонымен,  ол  жалпы  педагогикадан  дене  мәдениетін  ӛзіндік  қҧралы, 
формалары мен әдістері бар дербес пән ретінде бӛліп шығаруға жол ашты. 
Дене  мәдениеті  дамуының  Қазақстанның  Ресейге  қосылу  кезеңіндегі 
ӛзіндік  тарихиы  бар.  Бҧл  кезеңде  Қазақстан  мен  Ресей  арасындағы 
экономикалық  және  саяси  байланыстардың  нәтижесінде  дене  мәдениеті 
ӛрлеу  бағытында  дами  бастады,  спорт  жарыстары  мен  спорт  мерекелері 
жаңа формада тың мазмҧнымен бойлай тҥсті. Олардың кейбірі ӛте қызықты 
жҥргізілді.  Мысалы,  спорт  мерекелерін  қорытындылаған  бағдарламалар 
бойынша  қызылды-жасылды  кештер  мен  фейерверхтер  Қазақстанның 
жергілікті тҧрғындары ҥшін жаңалық болып табылды. Осы жерде ҧлы орыс 
сыншысы Н.А.Добролюбов атап ӛткендей, қазақ халқының дене мәдениетін 
дамытуда ӛзіндік тәжірибесі болғанын атап ӛту керек. 
Ол  Қазақстанда  кең  тараған  дене  мәдениетінің  орыс  мамандары 
арасында зертеу және қолдану аясына айналмағанын сынай келе былай деп 
жазды:  "Грецияда  мысалға  алынбайтын  ҧлттық  герман  гимнастикасының 
табынушылары, біздерге, қырғыз даласына немесе Башқҧртстанға келмейді. 
Мҧнда  гимнастика  ӛркендеуге:  ӛзіндік  олимпиада  ойындарының  тҥрі 


238 
 
ретінде  жҥргізу  мен  аударыспақ  ойнау  ҥнемі  қайталанып  жатады;  ерекше 
есте  қаларлық  ерліктерге  дала  Пиндарлары  қошемет  кӛрсетеді,  олардың 
қҧрметіне  далалықтар  барбитондар  мен  флейта,  сыбызғы  мен  қурай 
тартады".  
Жоғарыда  айтқанымыздан  мынадай  қорытынды  шығаруға  болады: 
Қазақстандағы  әлеуметтік–саяси  жағдай,  әдет-ғҧрып,  тҧрмыс  дене 
мәдениетін ҥнемі жетілдіріп отыруды талап етті. 
Қазақтар дене мәдениетінің кӛмегімен еңбекке баулуды сәби дҥниеге 
келісімен қолға алды. Мысалы, жаңа туған сәбиге қоршаған орта мен суды 
пайдалану  қолданылды.  Осымен  бір  мезгілде  ӛзіндік  жаттығулар  жасалды. 
Х.Кустанаев "Перовск және Қазалы уездері қырғыздарының этнографиялық 
очерктері"  деген  еңбегінде  қазақ  балаларының  алғашқы  ӛмір  жолдары 
жӛніндегі  айта  келе  "сәби  дҥниеге  келісімен  анасы  оны  шомылдырады. 
Тҥрлі  қозғалыстар  арқылы  жаттығулар  жасайды:  аяқ-қолын  созады,  басын 
оңға, солға бҧрады, т.б.". 
Дене мәдениеті мен дене тәрбиесі қазақ халқының қоғамдық ӛмірінде 
ҥлкен маңызға ие болды. Ол дене тәрбиелеу қабілетін дамытуға ғана емес, 
қоғамдағы  еңбек  және  әскери  қызметтеріне  байланысты  ӛзге  де  сапалық 
тәрбиеге  бағытталды.  Бҧл  жерде  еңбек  сипатының  дене  тәрбиесінің 
дамытудың ӛз кезінде еңбек тәрбиесіне ықпал етіп отырғанын айтқан жӛн. 
Халықты  дене  мәдениеті  мен  халықтық  спорттың  дене  тәрбиесінің 
маңызды  қҧралы  болғанын  айта  кету  керек,  олардың  негізіне  қазақ 
ағартушылары  Ш.Уәлихановтың,  Ы.Алтынсариннің,  Абайдың  идеялары 
алынды. 
Қазақ  халқының  ҧлы  ақыны,  ағартушысы  Абай  Қҧнанбаевтың  (1845-
1904)  дене  мәдениетін  дамытуда  ҥлкен  рӛл  атқарған  халықтық  спорт  пен 
халықтық  ойындар  жӛнінде  айтқан  идеялары  бҥгінде  аса  маңызды.  Абай 
"Қара  сӛздерінде"  (жиырма  алтыншы  сӛз)  былай  деп  жазады:  "Біздің 
қазақтың  қосқан  аты  келсе,  кҥреске  тҥсірген  балуаны  жықса,  салған  қҧсы 
алса,  қосқан  иті  ӛзден  озып  барып  ҧстаса,  есі  шығып  бір  қуанады. 
Білмеймін,  содан  артық  қуанышы  бар  ма  екен?  Әй,  жоқта  шығар!  Осы 
қуаныш  бәрі  де  қазақ  қандастарындастың  ортасында,  бір  хайуанның 
ӛнерінің  артылғанына,  я  бір  бӛтен  адамның  жыққанына  мақтанарлық  не 
орны  бар  ?".  Абайдың  бҧл  сӛздерінен  біз  қоғамның  жасандырып, 
жаңғыртатын, тәрбиелейтін жаңа атаулыға щақыру жатыр.                               
Қазақстанда  дене  мәдениетін  дамытуда  Халел  Досмҧханбетовтың 
(1883-1939)  зерттеулері  маңызды  рӛл  атқарады.  Ғалымның  «Оқушы 
қазақтардың  дене  тәрбиесі»    деген  еңбегі  денсаулығы  мықты,  рухани  таза 
саналы  жас  ҧрпақ  тәрбиесіне  арналады.  Осылайша,  Қазақстанда  дене 
мәдениеті жӛнінде бірінші теориялық еңбек дҥниеге келген. 
М.  Дулатовтың  (  1885-1935)  мҧраларын  талдау  оның  еңбегінің  ӛткен 
ғасырдың  басында  Қазақстанда  педагогикалық  теориялық  қалыптасуы  мен 
дамуына  бағытталғандығын  айқындауға  мҥмкіндік  береді.  Нақтылап 
айтқанда,  оның  «Мектеп  –  медреселер  мәселесі»  ,  «Шәкірттер  жайынан»  
атты  мақалаларында  жастарға  ақыл-ой  ,  дене  тәрбиесі,  эстетикалық,  еңбек 


239 
 
тәрбиесін беру міндеттері алға тартылып, балалар мен жасӛспірімдердің жас 
ерекшеліктері,  белсенділігі  есепке  алына  отырып,  оқыту  әдістері 
қарастырылады.  
Ж.Аймауытовтың  «Тәрбие»  деген  еңбегінде  тәрбиенің  дәлірек 
айтқанда 
дене 
тәрбиесінің 
мақсаттарын 
айқындау 
мәселелері 
қарастырылады:  «Кӛптеген  ойшылар  әр  уақытта  тәрбие  жӛнінде  тҥрлі 
пікірлер  айтты.  Біреулері  тәрбиенің  мақсаты  ҧлтына  берілген  дені  сау 
адамдарды  дайындау  ҥшін  денені  дамыту  деп  есептесе,  біреулері  тәрбие 
мақсатын  адамды  бақытты  ету  деп  біледі,  ҥшінші    біреулері  адамзатқа 
қызмет ететін санаға мән береді.  
Тәрбие  мақсаты  жӛніндегі  әртҥрлі  кӛзқарастарды  талдауға  тырысып 
кӛрейік.  Кӛптеген  ойшылдардың  пікірлері  бойынша:  тәрбиенің  мақсаты 
ӛзгелерге  жаны  ашитын,  қоршаған  ортаға  залал  тигізбейтін,  бір-бірімен 
ынтымақты  болатын,  бір  ҥйдің  балалары  сияқты  еркін  адамдарды 
қалыптастыру»  
Бҧдан  әрі  Ж.Аймауытов  еңбегінде  тәрбие  мәселелерін  қарастыра 
отырып,  оның  бағыттарын  белгілейді  :  «Тәрбие  екі  тҥрге  бӛлінеді:  дене 
тәрбиесі  және  рухани».  Адам  мен  жануар  тәрбиесінің  айырмашылығы 
жӛнінде  былай  деп  жазды  :  «Адамның  жануардан  ӛзгешелігі  мораль  мен 
тәрбие  ....  жануарлар  ,  негізінен  ,  ӛздерінің  денесін  дамытуға  мҥдделі.  Ал 
адам  ӛз  денесімен  қатар  рух,  ақыл-ой,  сана,  ерік-жігер,  мінез-қҧлық 
тәрбиесін жҥргізуі тиіс. Егер адамның жаны мен дҥниесі сәйкес келмесе, ол 
мҥгедекке тең »  
Сонымен, аталмыш кезеңде Қазақстанның ғалым- педагогтары тәрбие 
теориясында  негізінде  жеке  адамның  жан-жақты  жарасымды  дамуы 
жататын дене мәдениеті мен рухани мәдениеті мәселелерін қарастырған.  
Қазақстан  мектептерінде  дене  мәдениетін  дамыту  жӛніндегі  қҧнды 
мәліметтер  Иш-  Мҧхамед  Букиннің  (1883),  А.А.Диваевтың  (1905), 
Г.М.Хралгенконың  (  1964),  Н.Сабитовтың  (1950),  А.И.Сембаевтың  (1961), 
С.Мусиннің  (1964)  ,  Р.Д.Ержановтың  (1956),  М.Б.Брусиловскийдің  (1959), 
А.А.Финогенованың 

1960) 

Л.Ворончуктың, 
Ю.Жировтың, 
В.Карунинаның  (1966)  ,  М.Т.Таникесвтің  (1999)  және  тағы  басқалардың 
еңбектерінен алынды.  
 Революцияға  дейін  Қазақстан  мектептерінің  негізгі  типтері  діни 
қызметшілер  даярлайтын  діни-схоластикалық  мектептер  мен  медресселер 
болды.  Мҧндай  мектептер  оқу  ағарту  жҧмыстарына  кері  әсерін  тигізіп, 
халықты қараңғылықта ҧстады, балалар шариғат заңдарымен тәрбиеленді.  
Қазақтардың  тҧрмысын  зерттеген  белгілі  ғалым  Х.Кустанаев  былай 
деп  жазды:  Қырғыз  мектептерінде  ешқандай  да  ән  ҧран  болмады.  Оның 
ҥстінде  молда  оқушыларды  ҥйлеріне  жібергенде  олардың  еркін  ойнап, 
дамуына  тиым  салды,  олар  ҥнемі  еріксіз  қорқынышта  болды.  Мҧның  бәрі 
оқушылардың дене тәрбиесіне кері ықпал етіп отырды, ..... сонымен қырғыз 
мектептері балаларды дене тәрбиесінен тыс қалдырды.  
Революцияға  дейінгі  мектептер  дене  мәдениеті  бойынша  не  бере 
алмады  дегенге  тоқталатын  болсақ,  онда  кей  жағдайларда  халық  арасынан 


240 
 
кең таралған дене тәрбиесін берудің қарапайым формалары мен  қҧралдары 
пайдаланылды.  Біз  зерттеуімізде  атап  ӛткеніміздей,  қатал  кӛшпенді 
қазақтардың  балалары  қатал  кӛшпенді  ӛмірге  ҥйренді,  дене  тәрбиесі  мен 
ӛмірлік қажетті дағдыларды алды.  
Қазақ жастары мен балаларының арасында таймен жаттығулар жасау 
мен әртҥрлі ойындармен қатар қазақша кҥрес, жанбы ату, жаяу жарыс, таяқ 
жҥгірту сияқты тҥрлі дене тәрбиелеу жаттығулары мен жарыстары ӛткізіліп 
отырды. Сонымен, қазақ балалары дене тәрбиесін мҧсылман мектептерінде 
емес,  халықтың  кҥнделікті  тҧрмысында  алып  отырды.  Идеология 
ауысқаннан  кейін  ел  дәрігерлері  мен  педагогтары  жергілікті  халықтың 
балаларын  дене  мәдениеті  қҧралдарымен  сауықтыру  ҥшін  қолда  бар 
мҥмкіндіктерді  пайдалануға  тырысты.  20-40  жылдары  дене  мәдениетін 
дамыту жолында әлеуметтік- педагогикалық сипаттағы міндеттерді шешуге 
лайықты  ҥлес  қосқандары  ғалымдардың  жарқын  шоғырынан  бӛліп  айту 
қиын. Дейтҧрғанмен, оқушылардың мәдениетін дамытуға ҥлкен ҥлес қосқан 
Н.А.Семашко  мен  Н.И.Подвойский  секілді  ғалымдардың  есімдерін  атамай 
кетуге болмайды.  
Денешынықтыру  мәдениеттің  теориясы  одан  әрі  дамытуға  белгілі 
ғалым  Л.П.Матвеев  ӛлшеусіз  ҥлес  қосты  ,  бҧл  орында  оның  «Становление 
обобщающей  концепций физической културы  в  процессе формирование ее 
научних основ в СССР» деген еңбегі аса бағалы саналды.  
Ғалым-педагог  дене  тәрбиесінің  тиімді  қҧралдары  мен  әдістерін 
таңдау  бағытында әлімдік тәжірбиені пайдалана отырып, оларды пайдалану  
заңдылықтары  жӛніндегі  мәліметтерді  жҥйеледі,  дене  мәдениеті    туралы 
ғылыми-әдістемелік  оқу  қҧралдарын  жасады.  Бҧл  кеңес  кезеңінде  орта 
мектептер  мен  спорт  мектептерінде  оқушылардың  дене  мәдениеті  мен 
спортқа  қызығушылық  қҧндылықтарын  қалыптастырудың  концептуалды 
моделін  жасауға  фундаментальды  негіз  қалдырды.  Осы  кезеңде  қазақ 
халқының  ой  және  дене  еңбегін  жан–жақты  дамытуға  кең  жол  ашылды. 
Дене  мәдениеті  мен  спорт  тҥрлерінен  білім  беру  жҥйесінде  лайықты  орын 
алып, ғылыми жҥйеге айналуға ӛз ҥлесін қосты.  
М.Т.Таникеев  ӛзінің  «Қазақстандағы  дене  шынықтыру  мәдениетінің 
тарихы»  деген  еңбегінде  осы  ғылыми-әдістемелік  ойды,  тҧжырымды 
қҧптайды.  Педагог-ғалым  Қазақстанда  дене  тәрбиесін  дамытуға  мемлекет 
тарапынан кең кӛңіл қойылғанын  атап ӛтеді. 
Оқушы  жастарды  дене  мәдениеті  және  спорттың  тҥрлеріне  тарту 
мәселесі  жеке  тҧлғаның  дене  және  рухани  дамуының  маңызды  қозғаушы 
кҥші болып табылады.  
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет