«наурыз ұлыстың Ұлы күНІ» тақырыбына дөҢгелек үстел



Pdf көрінісі
Дата10.03.2023
өлшемі1 Mb.
#73139
түріВикторина
Байланысты:
NAURYZ-LYSTY-LY-K-NI-TA-YRYBYNA-D-GELEK-STEL



 «НАУРЫЗ ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ» ТАҚЫРЫБЫНА ДӨҢГЕЛЕК 
ҮСТЕЛ 
2022 жылдың 17 наурызда көктемгі "Наурыз" мерекесі қарсаңында Лог-20-2 
және Лог-20-2с топтарының кураторы А. Сұңғатоллақызы «Наурыз ұлыстың ұлы 
күні» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді. 
Дөңгелек үстелге қатысушылар арасында Лог-20-2, Лог-20-2с, ТТ-19-2, ТТ-
20-2 топтарының студенттері, кураторлар Пак И.А., Кутьенко С.Ю., кафедра 
оқытушылары Жумабеков А.Т., Шалаев В.В., Жаркенов Н.Б., Хамзина Қ.М., 
факультет аға кураторы Мауленова А.М., тәрбие ісі жөніндегі деканның 
орынбасары Оспанғалиева М.Т. болды. 
Дөңгелек үстелдің жүргізушілері Волоконцев Андрей мен Бейсекеева Асем 
болды, іс-шара екі тілде өтті. 
Дөңгелек үстел өткізудің мақсаты: 
- оқушыларды қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрімен таныстыру; 
- дәстүрлерге деген сүйіспеншілік пен құрметке тәрбиелеу; 
- студенттердің тарихты оқуға деген танымдық қызығушылығын арттыру; 
- студенттердің коммуникативтік біліктері мен дағдыларын дамытуға ықпал 
ету (өз көзқарасын білдіру, жұппен, командада жұмыс істеу, оның басқа 
мүшелерінің пікірін тыңдау және т. б.); 
- патриоттық сезімге тәрбиелеу. 
Дөңгелек үстелдің салтанатты ашылуы домбырада орындалатын күймен 
басталды. 
Көктемгі Наурыз мерекесіне орай студенттер "Наурыз мерекесінің пайда 
болу тарихы", "Наурыз салттары мен дәстүрлері", "Ұлттық Наурыз тағамдары", 
"Асық ату" және " Күш сыңасу " тақырыптары бойынша презентациялар, 
баяндамалар және ойындар ұйымдастырды. 
Викторина өткізілді, онда қазақ халқының дәстүрлері және көктемгі 
"Наурыз" мерекесі туралы сұрақтар қойылды. 
Іс-шара соңында дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары "Қара жорға" 
музыкасымен бірге көңілді биледі 
Наурыз-шығыс халықтарының ежелгі дәстүрлерінің бірі. 
Наурыз табиғаттың қайта жаңғыруын бейнелей отырып, қазіргі әлем 
мәдениетіне саяси, нәсілдік және діни айырмашылықтарға қарамастан, адамзат 
қоғамының бірлігін баса көрсете отырып, экологиялық сана элементтерін 
енгізеді. 






Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет