Қыдыр ата:
Армасың, жамағат! Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!
Ұлыс бақты болсын, Төрт түлік ақты болсын! Аман сақтап төл басын, Еккен егін солмасын, Орта толып ырысқа, Бейбіт өмір орнасын.
Бостандықтың ордасын Періштелер қорғасын.
2-Мирас:
Арда өсіп, адал емген ақ уызың, Қалдырған ғасырларға нәрлі ізін. Көк бөрілі байрағын желбіретіп, Көк түріктер тойлаған Наурызым!
Бесіктегі бөпеңнің Бақайшығы тоңбасын. Ұлыс күні ұл мен қыз
Тайпалдырсын жорғасын. Көл жиналып тамшыдан Теңіз толсын қансыған.
Атамекен тазарып
Асыға түссін алшыдан. Бақыт ашып қақпасын, Мәңгі-бақи жаппасын. Пәле-жала қазақты Іздесе де таппасын!
Ата-аналар:
Ал, құрметті қонақтар!
Айналайын балалар!
Жеп - ішсін деп, тамсанып,
Жеті түрлі дәм салып,
Наурыз көже пісірдім.
Тойға қазан түсірдім!
Құйдым алтын табаққа,
Құлшыныңдар тамаққа
Көжеге жас - кәріңді,
Шақырамын бәріңді
1-Қарақат: Халқымыз ежелден тұрақтылық пен бейбітшілікті, ел арасындағы татулық пен бірлікті ерекше бағалаған. Келесі жылы да басымыз аман, жұртымыз тыныш, жайлы болсын, халайық! Қош сау болыңыздар.!
Достарыңызбен бөлісу: |