Мақсаты: Наурыз мейрамы туралы түсінік беру арқылы Қазақ халқының салт – дәстүрінкөрсетужәне онықұрметтейбілуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:нақыл, қанатты сөздер, киіз үй, дастархан, суреттер көрмесі.
Кешбарысы:
Қарақат: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар! Жер жүзіндегі халықтардың бәрінің де түрлі мейрамдары бар. Шығыс халықтарының сондай ерекше мейрамдарының бірі – Наурыз.
Мирас: Дәстүрімізге айналған Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз құтты болсын!
Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып Жаңа Жыл келеді. Ендеше, той құтты болсын! Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын! Ұлы мереке сіздерге тек жақсылық әкелсін!
1-Қарақат: Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).
«Наурыз көктем» әні хормен
2-Мирас: Концерттік бағдарламаны бастамас бұрын оқушылардың аузынан Наурыз мерекесінің қалай тойланатыны туралы сұрайық:
Ақниет:Жаңа жылда Қызыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
Іңкәр: Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қызыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды.
Рамазан: Бұл күні ауыл бойжеткендері өздері ұнатқан жігіттеріне соғымның етінен пісірілген «Ұйқыашар» деп аталатын дәм дайындаған. Ал жігіттер қыздарға айна, тарақ, иіссудан тұратын сыйлықтар сыйлаған. Оны «Селтеткізер», «Діреткізер» деп атаған.
Сымбат: Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал еккен. Жаңа шыққа күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
Рахман:Ұлыстың ұлы күні кем дегенде жеті түрлі дәмнен тұратын Наурыз көже дайындалады. Наурыз көжеге соғымнан қалған сүр ет, қойдың басы, қатық, сүт, бидай, тұз, су қосылады.
2 -Мирас:Ұлыс күндеріңіз құтты болсын. Ата – бабаларымыздың сөзін айтсақ «ақ түйенің қарны жарылған күн». Бұл күні бабаларымыз бен әжелеріміз үйді аралап, наурыз көжеден дәм татқан Үлкен кішіге ақ баталарын беріп ізгі тілек тілеген.