тақырыптарға бағытталған өлеңдерінде көп. Кейде ол көмек пен тіректі Құдайдан
күтеді. Ақын халқына адал қызмет еткісі келеді, бұл жолдағы кедергі күш бай, болыстар
мен жемқор ұлықтарды әшкерелеп отырады.
Ақын өз заманының көкейкесті мəселелеріне белсене араласып, насихат өлеңдер жазып, əлеуметтік жағдайды сөз етіп, өзінше түсіндірмек болған. Сондықтан да
Нұржанның өмір сүрген ортадан түйген білік-танымын жүйелей кету оның
шығармашылық болмысын ашуға үлкен септігін тигізері сөзсіз. Ақынның өмір
жолының шамшырағы – өнер-білім. Ол оны өз өмірінің мәні деп түсінген. Сол себептен
де өмір бойы ізденіс үстінде болған, ақын өз өлеңінде өнер-білімнің пайдалы екендігін
үнемі айтып отырады. Оны толғандыратын екінші бір мәселе замана жайы. Ол дүние
азған заманда әділдік, ізгілік жолы қиын болатынын анқы айтады. Сонымен бірге
ескідегі «еркін», «тыныш» заманды қайтып оралмайтын арман етіп аңсап, өзі арқа
сүйейтін тіректі ізгілік пен адамдық қасиетіне үндейтін дүниеден табады. Осыдан келіп
Нұржан шығармаларында өткенге қайтақайта жыр арнау, соны егіле жоқтау басымырақ.
Нұржан – шығармаларының əлеуметтік сипаты, көркемдік стилі жағынан алғанда сыншыл реалист ақын. Ол таза шығармашылыққа көшкен кездегі алғашқы
өлеңдерінде өз заманына мұңдана кңөз тастап, отаршылдық зардабын айқын аңғарған.
Сондықтан да заман тозады, қоныс тарылады, ел билеген атқамінерлердің ниеті
бұзылады деген сияқты уайым-қайғыға беріледі. Қазақтың шұрайлы жерінен айырылып,
күнкөрісі қиындап кеткенін жырлайды.
Ақынның жаны осындай тығырыққа тірелген жағдайдан шығар жол таппай қиналып,
кімнен демеу күтерін білмей дал болады.
Күштің əлсізді тырп еткізбей ұстап отырғанын, қоғамның құрсаулы екенін меңзейді. Заманның теңсіздігі, жаппай етек алған әділетсізік, әр адам өз орнын таппай
біреудің өнері мен еңбегі еш болып, біреудің асып-тасып, байлыққа мастанып жүргенін
баяндай келе «Заманай» деп егіледі.