«Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ
Басқарма шешімінің 2014 жылдың
28 тамызында бекітілген (№ 40 хаттама)
(өзгерістер мен толықтырулар 27.08.2015 ж. №4;
10.11.2016 ж. №53; 17.08.2017 №42;
22.08.2018 ж. №48)
СЫРТҚЫ ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ МОДЕЛІ
1
Мектеп жүйесіндегі ең маңызды құжаттардың бірі Бағалау саясаты
болып табылады. Оның маңыздылығының себебі оқушылардың қалай
бағаланатынын, марапатталатынын және басқалардың нәтижелерімен
салыстырылатынын айқындайтындығында. Ол маңызды, себебі мұғалімдер
үшін оқыту мен оқуды бағалау үшін қолданылатын қағидаттар мен
үрдістерді сипаттайды. Сонымен қатар, ата аналар мен бұқара халық өкілдері
үшін оқу нәтижелері айқындалатын негіздерін анықтайды және жұртшылық,
басшылық және басқа білім беру мекемелері үшін басып шығарылады.
Бұл құжат Назарбаев Зияткерлік мектептерінің бағалау саясатының ең
басты бөлігі болып табылады. Бұл құжат Зияткерлік мектептерінің жиынтық
бағалауда қолданатын тәсілін сипаттайды. Құжатта, Интеллектуалды
мектептер өзін оқыту мен оқуды нығайтатын, оқушыларды және әділ, сенімді
түрде бағаланатын үздік білім иегері болуға ынталандыратын, жоғары
сапалы бағалаумен байланыстыратындығы айқындалған.
Зияткерлік мектептердің қолданатын тәсілін құратын қағидаттар мен
үрдістер, ең үздік халықаралық тәжірибеге негізделген, мектептің оқу
бағдарламасымен байланыста, және Кембриджтің халықаралық емтихандық
кеңесі қолданатын тәртіпке сәйкестендіріледі. Олар оқушылардың прогрессін
валидті және практикалық тәсілмен өлшеу және ол бойынша есеп беру үшін
құрастырылған және ата-аналар мен жұртшылыққа нәтижелерінің анық және
сенімділігіне көз жеткізулеріне мүмкіндік береді. Олар, сонымен қатар,
мұғалімдерге стандартарды орнату және өз жұмыстарын бағалау барысында
қолдана алатын сыртқы үлгі ретінде құрастырылған. Модельге енген
стандарттар ұлтық және халықаралық университеттерге түсушілерге
арналған талаптармен байланысты, бұл Зияткерлік мектептерінің түлектері
кең мүмкіншіліктерге ие болуларын қамтамасыз ету үшін жасалған.
Модель жиынтық бағалауға, оқытудың төрт басты кезеңдеріне
негізделген: 5, 10, 11 және 12 сыныптар. 5 және 11 сыныптарда бағалау
тілдер мен кейбір таңдаулы пәндерге негізделеді. 10 және 12 сыныптарда,
негізгі ауысу кезеңдерінде, сыртқы жиынтық бағалау толық түрде оқу
бағдарламасының негізгі бөлігін жабатын болады.
Модель, Зияткерлік мектептердегі үш тілділік ортаның шынайы
көрінісін береді және барлық үш тіл бойынша прогрессті бағалайды.
Модельде тілдік құзыретке ие болудың жалпы Еуропалық жиектемесі және
IELTS деңгейін анықтау үшін тесттер қолданылады, бұл халықаралық
стандарттар мен Зияткерлік мектептері тәжірибесінің сәйкестігін қамтамасыз
етеді.
Мектеп ортасында барлық оқыту формалары мен әдістері жоғары
дәрежеде маңызға ие болуын қамтамасыз ету үшін, модельге практикалық
жұмыстар, ауызша және жазбаша құзыретті бағалау кіреді. Аталмыш жұмыс
және құзырет түрлері жаратылыстану пәндері мен тілдік пәндер үшін өте
маңызды болып табылады.
Аталған құзыреттер, сонымен қатар, шапшаң өзара-қатынастар әлеміне
тиімді қатысу үшін эксперименттеу, критикалық ойлау, тапсырмаларды
2
орындау және топтағы жұмыс табысқа жету үшін маңызды болып табылады.
Модель материалдар дайындау үшін тәртіп пен жолдарды, және әр
түрлі топтар мен жеке адамның рөлін де анықтайды. Сонымен қатар, ол балл
қою процесін, бағалаудың әр түрлі түрлері мен модерацияны, және
валидация мен шолу процесін де анықтайды. НЗМ ішіндегі осындай
бөлшектерді көрсету, қоғамның және басқа да білім мекемелерінің НЗМ
бағалаудың әділдігіне және валидтігіне түсінушілікті жоғарлатады. Бұл
оқушылар мен мұғалімдерге олардан не күтілетіні туралы және олардың
жұмысы қалай бағаланатыны туралы ақпарат береді. Бұндай қызығушылық
және анықтылық халықаралық бағалау тәжірибесіне, және де Назарбаев
Зияткерлік мектептерінің миссиясындағы құндылықтарға сәйкес келеді.