«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Білім сапасын бағалау департаменті


Бағалаудың мағынасы  Қалыптастырушы



Pdf көрінісі
бет2/4
Дата22.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#202
1   2   3   4

Бағалаудың мағынасы  Қалыптастырушы 

бағалау 

Ішкі 

жиынтық 

бағалау  

Сыртқы 

жиынтық 

бағалау 

Сыртқы жиынтық 

бағалау есебімен оқу 

жылының қорытынды 

бағасы  

30% 


40% 

30% 


 

Оқу жылы бойындағы бағалаудың түрлері арасындағы үлес салмағына көшу 

кезеңдері туралы ақпарат  Қосымша 1 берілген.  

 

5. Бағалаудың оқу бағдарламасы және оқу жоспарымен байланысы 

 

Бағалаудың барлық үш түрі оқу бағдарламаларының мазмұнына 



негізделген. 

Оқу  бағдарламасы  пәндер  бойынша  оқытудың  әр  кезеңінде  (бастауыш, 

негізгі және жоғары мектеп) өзекті ақпарат береді. 

Әр  оқу  бағдарламасының  10  бөлімі  оқушының  алдыңғы  жылмен 

салыстырғандағы  керекті  білімі,  түсінуі  және  пәндер  бойынша  дағдылары 

туралы  оқу  мақсатына  жету  және  дамуын  қамтамасыз  ететін  ақпараттардан 

тұрады.  

Әр  оқу  бағдарламасы  бір  оқу  жылын  қамтуға,  сыныптар  және  пәндер 

бойынша  бағдарлама  мазмұнын  анықтауға,  барлық  оқу  мақсатының  және 

байланысты  тақырыптарды  блок  бойынша  біріктіруге  және  де  талаптарды 

қанағаттандыруға мүмкіндік беретін тәсілдерді көрсетеді.  

Оқу жоспарының ортамерзімді жоспарлау бөлімі оқу мақсатына жету үшін 

ұсынылған жұмыс түрлерінен тұрады.  

Критериалды  бағалаудың  кіріктірілген  моделі  және  Кіріктірілген  білім 



бағдарламаларының  әр  түрлі  салаларының  байланысы  Қосымша  2 

көрсетілген. 

 

6. Бағалау критерийлері 

 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  оқушылардың  оқу  жетістіктері 

қалыптастырушы  және  ішкі  жиынтық  бағалауында  қолданылатын  төрт 

критерийлер бойынша бағаланады.  

Критерийлер  пәндер  тобына  қатысты  ерекшелінеді  және  Назарбаев 

Зияткерлік мектептеріндегі Кіріктірілген білім бағдарламаларында анықталған 

кең  спектрлі  және  21  ғасыр  өзекті  дағдылары  сияқты  бағалауға  мүмкіндік 

береді.  

Оларға:  

 



Зерттеу (анализ және синтез) 

 



Проблеманы  шешу  

 



Сын тұрғысынан ойлау  

 



Өздігінен білім алу  

 



Ынтымақтастық  

 



Ақпаратты өңдеу 

 



Креативтілік және жобалау  

 



Практикалық және тәжірибелік дағдылар жатады. 

Бағалау  критерийлері  пәндер  бойынша  білімді  және  дағды  мазмұнын 

көрсетеді,  осылардың  негізінде    оқу  бағдарламасы  және  оқу  жоспарлары 

дайындалған.  

 

I топтың критерийлері 

 

Пәндердің атауы:  

 

Әдебиет,  Математика,  ИКТ,  Дүниетану,  Ғылым,  Өнер,  География,  Биология, 



Физика, Химия,  Қазақстан тарихы, Дүниежүзілік тарих, Құқық негізі, Қазіргі 

әлемдегі Қазақстан, Экономика, Информатика, Жаһандық перспективалар  

 

Критерийлер 

Сипаттамалары 

Білу және 

түсіну  

Сыныптар  және  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасының 

мақсатына 

сәйкес 


нақты 

деректерді, 

ақпарат 

пен 


сипаттауларды болжау немесе түсіндіру арқылы еске түсіру. 

 

Қолдану  



Ақпаратты  қолдану    және  бұрын  алған  білімді,  жаңа  немесе 

таныс  емес  жағдай  мен  контексте  пайдалану.  Білу,  түсіну 

және дағдыларды оқу жұмысында қолдану арқылы көрсету. 

Сыныптар  және  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасының 

мақсатына  сәйкес  білімді  пайдалануды  көрсетудің  тәсілдері 


ретінде  практикалық  жұмыстар,  эксперименттер,  жобалық 

жұмыстар,  проблемаларды  шешу,  жаңа  немесе  әр  түрлі 

өнімдерді жасау болып табылады.  

Сын 


тұрғысынан 

ойлау және 

зерттеу 

Дерекнамадан,  анализден,  синтезден  және  ақпаратты 

бағалаудан   шығатын пікірді қалыптастыру.  Сыныптар және 

пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасының  мақсатына  сәйкес 

ақпарат  немесе  нәтиже  жинау  қабілетін  жинауды  және  оны 

анализ бойынша дұрыс түсіндіруді көрсету. 

Деректерді    дұрыс  жинау  және  пайдалану  бойынша 

болжамдарды  зерттеу,  өзінің  жеке  шешімін  жасау  және 

бағалау.  

Сыныптар  және  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасының 

мақсатына  сәйкес  өзі  жасаған  шешімдерін  ойлау  қабілетін 

көрсету. 

Коммуникация 

және рефлексия   

 

Сыныптар  және  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасының 



мақсатына  сәйкес  ауызша  және  жазбаша  түрде  ойлар  мен 

пікірлерді, деректерді, ақпаратты беру. 

Басқалардың ұсынуы бойынша хабарламаны тыңдау қабілеті, 

және оған тиісті жауап қайтару. 

Басқалармен  өз  қөзқарасын  түсіндіру  туралы  талқылау 

жүргізу,  олардың    көзқарасын  түсіну,  одан  кейін  жалпы 

түсінікке келу. 

Пікірлерді,  ойларды  және  оқиғаларды  ойлау,  және  пікір 

жасау, ойлау нәтижесінде іс әрекеттер  жасау.  

 

 



IІ топтың критерийлері 

 

Пәндердің атауы:  

 

Ағылшын тілі, Орыс тілі, Қазақ тілі 



 

Критерийлер 

Сипаттамалары 

Тыңдалым 

Сыныптар    және  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасының 

мақсатына  сәйкес  әр  түрлі  тыңдалым  стратегиясының 

пайдалана  отырып,  әр  түрлі  тыңдалым  тұпнұсқасының  және 

түрінің мазмұнын түсіну 



Төменгі  сыныптарда  сөздерді  және  негізгі  фразаларды 

танып  оған  тиісті  іс  әрекеттерді  жасаудағы  алдын  ала 

дағдыларын дамытуға бағытталған.  

Оқылым  


Сыныптар    және  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасының 

мақсатына  сәйкес  оқылымның  әр  түрлі  стратегиясын 

пайдалана  отырып,  оқу  үшін  әр  түрлі    мәтіндер  түрінің 

мазмұнын түсіну.  



Төменгі  сыныптарда  сөздер  орнына  әріптердің  пішінін, 

үлгісін  салыстыруға  байланысты  алдын  ала  дағдыларын 

дамытуға бағытталған. 


Жазылым  

Сыныптар    және  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасының 

мақсатына  сәйкес  бөлшектеріне  және  оқиғаларына  көңіл 

бөліп әр түрлі жазбаша мәтіндерді  жасау.  



Төменгі  сыныптарда  моториканы  дамытудағы  алдын  ала 

дағдыларына бағытталған, мысалы, әріптің пішінін жасау. 

Айтылым  

Сыныптар  және пәндер бойынша оқу бағдарламасының 

мақсатына сәйкес  ресми, әңгімелеу және сөздің 

спецификалық стилін тиімді және сауатты қолдану.  



Төменгі сыныптарда алдын ала дағдылар сөз бен негізгі 

фразаларды айтуын дамытуға бағытталған.  



 

III Топтың критерийлері* 

 

Дене шынықтыру, Алғашқы әскери дайындық (АӘД) 

 

Критерийлер 

Сипаттамалары 

Білу және 

түсіну  

Сыныптар  және  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасының 

мақсатына  сәйкес  нақты  деректерді,  ақпарат  пен 

сипаттауларды  болжау  немесе  түсіндіру  арқылы  еске 

түсіру. 

Қолдану 


Ақпаратты қолдану және бұрын алған білімді, жаңа немесе 

таныс емес жағдай мен контексте пайдалану. Берілген оқу 

контекстінде оқығандарын пайдаланып  білімді, түсінуді 

және дағдыларды көрсету. 

Сыныптар және пәндер бойынша оқу бағдарламасының 

мақсатына сәйкес білімді пайдалануды көрсетудің 

тәсілдері ретінде практикалық жұмыстар, эксперименттер, 

жобалық жұмыстар, проблемаларды шешу, жаңа немесе әр 

түрлі өнімдерді жасау болып табылады.  

Техникалары 

мен тәсілдері 

Практикалық  жұмыс  тапсырмасын  орындауда  және 

бағалауда,  пән  бойынша  практикалық  біліктілікті  көрсету 

үшін керекті техникалары мен процедураларын көрсету 

Коммуникация 

және рефлексия   

Сыныптар  және  пәндер  бойынша  оқу  бағдарламасының 

мақсатына  сәйкес  нақты  деректі,  ақпаратты,  ойды  және 

пікірді ауызша және жазбаша түрде  көрсету. 

Басқалардың  ұсынуы  бойынша  хабарламаны  тыңдау 

қабілеті, және оған тиісті жауап қайтару. 

Басқалармен  өз  қөзқарасын  түсіндіру  туралы  талқылау 

жүргізу,  олардың  көзқарасын  түсіну,  одан  кейін  жалпы 

түсінікке келу. 

Пікірлерді,  ойларды  және  оқиғаларды  ойлау,  және  пікір 

жасау, ойлау нәтижесінде іс әрекеттер  жасау. 



 

*Берілген критерийлер тобы берілген пәндер бойынша жаңа бағдарлама 

енгізуде қолданылады.  

 

7. Оқу мақсаттарын салыстыру 

 

 

Оқу  бағдарламасы  және  оқу  жоспарлары  бойынша  оқытудың  мақсаты  



білім  алуға  және  дағдыларды  дамытуға  бағытталған.  Бағалау  критерийлері  

оқыту  бағдарламасының  мақсаттарымен  байланысты.  Оқыту    мақсаты 

негізінде    әр  сынып  және  пән  бойынша    бағалау    тапсырмалары  бағалау 

критерийлеріне сәйкес тұжырымдалған. 

Сондықтан,  Критериалды  бағалаудың  кіріктірілген  моделі  сабақ 

берумен және оқытумен тығыз байланысы бар.  

 

8. Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығы 

 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептері  Мұғалімдердің  кәсіби  қауымдастығы 



(МКҚ)  –  мұғалімдердің  арасында  оқыту  мақсатында  өзара  әрекеттесуді 

қамтамасыз ету үшін және форум арқылы тәжірибе алатын құрылымның түрі.  

МКҚ,  мектепте  жұмыс  істейтін  бірдей  функционалды  міндеттері  бар 

өзара әрекеттесетін басқа да мұғалімдермен жұмыс істейтін топтан тұрады.  

МКҚ  оқытуды  және  бағалаудың  жоғары  сапасын  қамтамасыз  ететін 

мектептер  арасында  педагогикалық  тәжірибені  жақсартуда  тәжірибе  алмасу 

және  тығыз  ынтымақтастық  үшін  мүмкіндік  береді.  МКҚ  оқу 

бағдарламаларын бағалауда және енгізуде мұғалімдерді тиімді қолдау үшін, әр 

пәндер  бойынша  критерийлердің  оқу  мақсатына  қатынасын  анықтауға 

қатысады.  МКҚ  жоғары  сападағы  қалыптастырушы  және  ішкі  жиынтық 

бағалауды құру жұмысының бөлінбейтін бөлігі.  

 

9. Қалыптастырушы бағалау 

 

Қалыптастырушы  бағалау  әр  тоқсан  барысында  өткізіліп,  келесі  үшін 

пайдаланылады: 

 



оқу    бағдарламасының  пәндері  бойынша  білім  мен  дағдыны  игеру 

деңгейі туралы деректерді алу. 

 

сабақ беру мен оқыту туралы ақпаратты және  қалыптастырушы бағалау 



негізінде  мұғалімдер,  оқушылар  және  ата-аналармен  тұрақты  кері 

байланысты көрсету.  

Әр  пәндер  бойынша  оқытудың  мақсаттары  тиісті  топтағы  бағалау 

критерийлерімен сәйкестендірілген. 

Әр  тоқсанда  түрлі  критерийлер  бойынша    оқытудың  бірнеше    белгілі 

мақсаттары    ескерілген,  бірақ    оқу  жылы  барысында    өзгерістерді  енгізуді 

қамтамасыз ету үшін олардың сандары бекітілмеген.  

  

Бірінші  тоқсанда  оқытудың  мақсаты  Білу  мен  Түсіну  дағдыларын  



меңгеруге акценттелінген, ал соңғысында  – алған білімдеріне тәуелді басқа да 

дағдыларға жетуге көңіл бөлінген. 

 

Оқыту мақсаттарының үлгісі Қосымша 3 берілген. 



 

Оқыту  мақсатының  жетістіктерін  бағалау  үлгісі  мен  мүмкіндігі  оқу 

жоспарына  негізделген  және  олар    Зияткерлік  мектептері  Мұғалімдерінің 

кәсіби қауымдастығының мұғалімдерімен анықталынады.  

Оқушылардың  оқыту    мақсатына  жетуі  туралы  шешім  мұғалімнің  кәсіби 

пікіріне негізделіп, келесі екі тұжырымдамамен көрсетіледі: 

 

Жетті (оқыту мақсатына жеткен жағдайда) 



 

Талпынады (егер де оқыту мақсатына жетпесе). 



Қалыптастырушы  бағалау  бойынша  мұғалімнің  шешімі  келесі  тәсілдерге 

негізделінген: 

 

пән бойынша білімі; 



 

сабақ беру және бағалау тәжірибесі; 



 

ақпаратты  оқу  бағдарламасында  және  оқу  жоспарында  пайдалануы 



(мысалы,  оқытудың  мақсаты  шекті  бағалар  бойынша  шешім  қабылдау 

үшін дұрыс бағдар береді); 

 

Мұғалімдердің  кәсіби  қауымдастығындағы  әріптестердің  шешімі, 



халықаралық мұғалімдердің пікірі.  

Оқушырлардың  оқу  жетістіктері  бойынша  шешім  шығаруда  бірдей  

стандартты қамтамасыз ету мақсатында модерация процесі  жүргізіледі, оның 

көмегімен  Мұғалімдердің  кәсіби  қауымдастығы  жиналған  деректермен  өзара 

бөлісіп, стандартталған бағаға жетеді.  

Назарбаев  Зияткерлік  мектептеріндегі  әр  пәндегі  және  сыныптағы 

стандартты  белгілеу  және  анықтау  үшін  қалыптастырушы    бағалау  өткізу 

процесіндегі модерацияға арналған оқушылар жұмыстарының үлгісі маңызды 

деректер базасын құрайды. Модерацияның электронды жүйесі жасалынады, ол 

мектепаралық коммуникацияны қамтамасыз етеді.  

Оқушылардың  жұмыстарының  базасы  әр  пән  және  сынып  бойынша 

дескрипторлар жасау үшін пайдаланылады.  

 

10. Нәтижелерді тіркеу 

 

Бағалаудың  нәтижелері  КБКМ  электронды  журналында  (бұдан  әрі  – 

электронды журнал) оқыту мақсаттары бойынша белгіленеді (Қосымша 4

Нәтижелерді  осылай  жинау  тәсілі  мұғалімдерге  тек  бағалаудың  жалпы 

нәтижелерін    ғана  емес,  сонымен  қоса  қалыптастырушы  бағалаудың 

тиімділігіне әкелетін оқыту мақсатына жету тенденцияларын қарастыруына да 

мүмкіндігін тигізеді.  

Электронды  журналда,  егер  де  мұғалім  оқушынының    оқыту  мақсатына 


өздігінше  жеткеніне  сенімді  болса  «Жетті»  деген  жазбаны  толтырады.  Бұл, 

мұғалімнің тапсырма орындау кезінде немесе үй жұмысын орындауда білімді 

және  дағдыны  бағалағанда  мүмкін  болады.  Мұғалімде    бағалау  туралы 

шешімді растау үшін тапсырма жинағы болуы қажет.  

Егер,  оқушы  оқыту  мақсатына  жету  үшін  «аталған  бағытта  жұмыс  жасап 

жатса» «Талпынады» деген тұжырымды қолдануға болады.  

Мұғалім оқушыға оқыту мақсатына жету үшін тоқсан барысында бірнеше 

мүмкіндік бере алады.  

Бағалауды осындай тұрғыдан қарау тек тоқсанды аяқтау үшін нәтиженінің 

болуы ғана емес, сонымен қатар мұғалімдерге ол көптеген ақпараттар беріп, өз 

жұмыстарында  оқушылардың  жетістіктерін  сараптауда  және  оқушылардың 

оқу  материалдарын  игерудегі  білім  процесін  ұйымдастыруына,  түзетуіне  

мүмкіндік береді.  

Қалыптастырушы  бағалау  бойынша  деректерді  тіркеу  қысқа,  орта  және 

ұзақ мерзімді кезеңде кері байланыстың болуын қамтамасыз етеді.  

Сабақ  барысында  қалыптастырушы  бағалаудың  нәтижелері  мұғалімге  қысқа 

мерзімде кері байланысты тиімді және тез пайдалауына мүмкіндік береді: 

 



егер  де  оқушының  жұмысы  табысты  болмаса,  оқыту  мақсатына  жетуді 

басқа тәсілмен ұйымдастыру; 

 

кейбір  оқушылардың  табысты  тәжірибесін,  жетістіктері  төмен  



оқушылар үшін қолдану; 

Орта  мерзімді  кезеңдегі  кері  байланыс  бірнеше  қалыптастырушы  бағалау 

нәтижелерін есепке алуға мүмкіндік береді, және де олар тақырыптар немесе 

тексерілетін дағдылармен байланысты болғанда өте маңызды. Осы ақпараттар 

сабақ  беруді  сараптау  және  оқытуды  жетілдіру  үшін  пайдаланылады.  Осы 

тұрғыдан  Мұғалімдердің кәсіби қауымдастығына үлкен роль берілген.  

Ұзақ мерзімді кезеңдегі кері байланыс тоқсан немесе жыл аяғында, жеке 

оқушының,  сыныптың  немесе  мектептің    нәтижесін  сараптауға  мұғалімдер, 

кафедра немесе  әдістемелік  бірлестік жетекшілері және  мектеп  әкімшіліктері 

үшін маңызды ақпарат береді. 

 

Алынған деректер нақты бөлімдерді, тақырыптарды, немесе оқушының 



бір  мектеп  көлемінде  немесе  желісінде  дағдыларға  жетуін,  Мұғалімдердің 

кәсіби  қауымдастығы  арқылы  сабақ  беру  тәжірибесін  тиімді  тарату  үшін 

қолданылады.   

 

11.  Ішкі жиынтық бағалау 

 

Ішкі  жиынтық  бағалау  (ІЖБ)  әр  тоқсан  аяғында,  тоқсан  мақсатының 



жетістіктерін  бағалауға  тестілеу  немесе  прогресс  тапсырмалары  үлгісінде 

өткізіледі.  5,10,11,  және  12-сыныптарда,  сыртқы  жиынтық  бағалау 

жүргізілетін  пәндерде  ішкі  жиынтық  бағалау  алғашқы  үш  тоқсанда 


жүргізіледі,  бұл  сыртқы  жиынтық  бағалауға  дайындалу  мен  оны  жүргізуге 

мүмкіндік береді.  

  

ІЖБ  қалыптастырушы  бағалаудағы  тапсырмалары  оқыту  мақсаттарына 



сәйкес  келеді,  бірақ  балама  контексте  және  басқа  да  оқыту  мақсатымен 

байланыста қолданылады.  

Форматы  және  әдісі  сыныпқа  немесе  пәндерге  байланысты 

түрлендіріледі, бірақ ІЖБ максималды балдары барлық төрт тоқсанда бірдей. 

ІЖБ  нәтижелері  әр  оқушы  үшін  қорытынды  аттесттаттаудың  бөлігін 

құрайды  және  тоқсан  барысында  оқушының  прогресі  туралы  мұғалімге  кері 

байланысты көрсетеді.  

 

12. Сыртқы  жиынтық бағалау 

 

Сыртқы  жиынтық  бағалау  5,10,11  және  12-сыныптардан  кейін  



оқушылардың  оқу  жетістіктерін  сыртқы  жиынтық  бағалау  моделіне  сәйкес 

емтихан түрінде өткізіледі.  

Емтихан  нәтижелері  бағалаудың  басқа  (қалыптастырушы  және  ішкі 

жиынтық)  түрлерінен  бөлек  бағаланады  және  халықаралық  танылу  үшін 

дербес қолданылады.  

Сыртқы  жиынтық  бағалаудың  нәтижелері  Қорытынды  аттестаттаудың 

балдарына ауыстырылады. 

 

13. Баға қою механизмі 

 

Үш  түрлі:  қалыптастырушы,  ішкі  жиынтық  және  сыртқы  жиынтық 



бағалаудың нәтижелерін есеп беру үшін бірдей бағалау  форматына  ауыстыру 

үшін балдық (A*, A, B, C, D,E мен U және 5 балдық шкала бойынша) бағалар 

жүйесі қолданылады.  

 

13.1 Тоқсандық баға қою 

Тоқсандық  бағалар  тоқсандық  қалыптастырушы  және  Ішкі  жиынтық 

бағалаулардан тұрады.  

Екі бағалаудың аралық үлес қатынасы келесі:  

Қалыптастырушы бағалау       

 

 30% 


Ішкі жиынтық бағалау 

                        70% 

 

Тоқсан бойынша максималды балл саны – 60 балл 



 

Қалыптастырушы бағалау үшін максималды балл саны –18 балл (30%) 



 

Ішкі жиынтық бағалау үшін максималды балл саны  – 42 балл (70%) 



 

Қалыптастырушы бағалау бойынша балдарды есептеу: 

 


Балдар   =   Жеткен оқыту мақсаттарының саны 

 18 



Бағаланатын оқыту мақсаттарының саны  

 

Ішкі жиынтық бағалау бойынша балдарды есептеу:   

 

Балдар  =   Ішкі жиынтық бағалау бойынша балл





42 

Ішкі жиынтық бағалау бойынша максималды балл  



 

Тоқсандық бағаны есептеу:  

Бағалаудың екі түрінің балдары қосылады және бүтін санға дейін 

айналдырылады.  Алуға болатын максималды балдың саны – 60

Одан әрі жалпы балдар саны A*- U бағасына және келесі төмендегі кесте 

бойынша 5 балдық шкала арқылы бағаға айналдырылады: 

 

Балдардың  



жалпы саны 

Тоқсандық  

баға  

Тоқсандық  

баға 

54-60 


 A* 

48-53 



42-47 


36-41 



30-35 


24-29 



0-23 


U  

(аттестатталған жоқ) 

 

Тоқсандық бағалардың есептеуі Қосымша 5 көрсетілген.  



 

5, 10, 11 және 12-сыныптарда сыртқы жиынтық бағалау жүргізілетін 

пәндер бойынша 4 тоқсан бойындағы тоқсандық бағаларды қойылуының 

есебі 

 

Сыртқы жиынтық бағалау жүргізілетін  пәндер бойынша тоқсандық бағалар 1-



ден 3-тоқсанға дейінгі қалыптастырушы мен ішкі жиынтық бағалаудан 

құралады.  

4-тоқсанда тоқсандық баға тек 4-тоқсандағы қалыптастырушы бағалау 

нәтижесі негізінде, берілген формула бойынша  қойылады: 

   

Балдар   =   Жеткен оқыту мақсаттарының саны 



 60 

Бағаланатын оқыту мақсаттарының саны  

 

Қалыптастырушы бағалау балы бүтін санға дейін айналдырылады. Алуға 



болатын максималды балл саны – 60. 

Бұдан әрі жалпы балдар саны төмендегі кесте арқылы бағаға айналдырылады: 

 

Жалпы балдар саны  



Тоқсандық  

баға  

Тоқсандық  

баға 

54-60 


 A* 

48-53 



42-47 


36-41 



30-35 


24-29 



0-23 


U  

(аттестатталған 

жоқ) 



 



Сыртқы жинақтық бағалау жүргізілетін пәндер бойынша тоқсандық бағаны 

есептеу үлгісі Қосымша 5 көрсетілген. 

 

13.2 Сыртқы жиынтық бағалауы жоқ пәндер бойынша жылдық бағаның 

қойылуы 

 

Сыртқы жиынтық бағалау жүргізілмейтін пәндер бойынша жылдық баға 



қорытынды  болып  есептелінеді  және  бір  жылдағы  екі  түрлі  бағалаудың 

нәтижелерінен шығарылады.  

Екі бағалаудың аралық үлес қатынасы келесі:  

Қалыптастырушы бағалау       

 

 30% 


Ішкі жиынтық бағалау 

                        70% 

 

Жыл бойындағы максималды балл саны – 60 балл 



 

Қалыптастырушы бағалау үшін максималды балл саны  – 18 балл (30%) 



 

Ішкі жиынтық бағалау үшін максималды балл саны  – 42 балла (70%) 



 

Жыл бойындағы қалыптастырушы бағалау бойынша балдарды есептеу: 

 

Балдар   =   Жыл бойы жеткен оқыту мақсаттарының саны 



 18 

Жыл бойындағы бағаланатын оқыту мақсаттарының саны  

 

Жыл бойындағы ішкі жиынтық бағалау бойынша балдарды есептеу:   

 

Балдар  =   4 ішкі жиынтық бағалау бойынша жалпы балл






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет