«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізгі және жалпы орта мектеп мұғалімдеріне арналған критериалды бағалау бойынша



бет11/33
Дата16.10.2023
өлшемі227,38 Kb.
#115792
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33
Байланысты:
«назарбаев зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы негізг-emirsaba.org

Өзін-өзі бағалауды өткізу 

мақсаты

Сұрақтар
Өз оқуына болжам жасау
Сіздің оқуыңыздың күшті/әлсіз жақтары қандай?
Өз жетістігіңізді/ нәтижеңізді/ ілгерілеуіңізді сіз 
қалай бағалайсыз?
Өз оқуына жауапты болу
Сабақта оқу/күтілетін нәтижеге жету үшін сіз не
істедіңіз?
Қалай ойлайсыз, сіздің бағаңыз әділ ме?

Білімі мен дағдысындағы 


кемшіліктерді анықтау
Берілген тапсырмалардың барлығын орындадыңыз 
ба? Егер жоқ болса, неге орындамадыңыз?
Тапсырманы орындау кезінде ең қиын болған тұсы 

қайсы?
Келешектегі оқуы үшін 


нақты мақсатты анықтау


Жұмысты жетілдіру үшін сіз не істер едіңіз? 
Күтілетін нәтижеге жету үшін сіздің не істеуіңіз
қажет?

Өз оқуындағы өзгерістерді 


қадағалау
Бұрын білмегендеріңіздің ішінен қазір нелерді 
білесіз?

Бұдан басқа, өзін-өзі бағалау кезінде мұғалім білім алушыларға


дәлелдер 
келтіру,
өзін-өзі 
бағалау
нәтижелерін 
талқылау,
дескрипторларды қолдану, үздік жұмыс үлгілерін көрсету және т.б. 
арқылы да көмек беруіне болады.

Өзара бағалау 
Өзара бағалау тиімді қалыптастырушы бағалау өткізуге қатысты 
көптеген мүмкіндіктерді ұсынады. Ол білім алушылардың бір-біріне
көмектесуіне, өз жұмысын жетілдіруіне бағытталған. Бұдан басқа өзара 
бағалау тек кері байланыс алатын білім алушыларға ғана емес,
сонымен қатар кері байланыс беруші білім алушыға да пайдалы.
Д.Уильям (2015) кері байланыс беруші және сыныптасының
жұмысын зерделеуші білім алушылар өз нәтижелерін келешекте 
айтарылықтай жақсартатынын атап көрсетеді. Бұл арқылы олар бағалау
критерийлерін терең түсініп, қолдана бастайды, сондай-ақ, «жақсы» 
жұмыстың қандай болатыны туралы ұғымы пайда болады. Сондықтан
ұйымдарда критерийлер мен бағалау тапсырмаларын құрастыруда, білім 
алушылардың жұмыстарының үлгісін таныстыруда өзара бағалауға
көбірек назар аударады.
Өзара бағалау салыстыру, аргумент келтіру, коммуникация,
дәлелдер іздеу, сыни ойлау сияқты белгілі дағдыларды меңгеруге 
мүмкіндік береді. Білім алушылардың жауапкершілігін, ынтасын,
16



қызығушылығын арттыруда өзара бағалаудың мүмкіндігі ерекше. Білім


алушылар кеңесші және сарапшы рөлінде сөйлеуге мүмкіндік ала 
отырып, өз түсініктерін сыныптастарының түсінігімен салыстыра алады.
Мұның барлығы өзара бағалау қалыптастырушы бағалаудың маңызды 
компоненті екенін көрсетеді.
Білім алушылардың өзара бағалау үдерісінде мұғалімнің рөлін атап 
өту қажет. Мұғалім білім алушылардың өзара бағалау мақсатын
түсінетініне, сыныптағы мәдениетті сақтап, дамытатынына, өзара 
бағалауда нақты болжалды ұсынатынына көз жеткізуі керек.
Мұғалімнің өзара бағалау үдерісінде жетекшілік жасауы, нұсқау 
беруі ғана емес, мүмкін болатын салдарларды қадағалауы да маңызды.
Мұнда өзара бағалау білім алушылардың нәтижелерін жетілдіруге 
мүмкіндік бере ме, олардың арасындағы өзара бағалауды арттыра ма
және т.б. сұрақтар қойылуы қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет