жүзеге асыруға мүмкіндік береді:
1.
Білім беру қызметінің сапасын
арттыруға жағдай жасайтын
объективті және анық бағалау жүйесін іске асыру;
2.
Халықаралық тәсілдер мен стандарттарға сәйкес сапалы және
бірыңғай бағалау механизмін қалыптастыру;
3.
Бағалау әрекетіндегі мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру;
4.
Өз бетінше білім алу дағдыларын дамыту үшін жағдай жасау және
білім алушылардың өз оқуына деген жауапкершілігін арттыру;
5.
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмысты жетілдіру;
6.
Білім алушылардың күтілетін
нәтижелерге, соның ішінде жоғары
деңгей дағдыларына (талдау,
жинақтау, бағалау) жетуін бағалауға
мүмкіндік беретін тапсырмалар үлгілерінің қорын құру;
7.
Объективті, үздіксіз және нақты:
-
білім алушыларға олардың оқуының сапасы туралы;
-
мұғалімдерге білім алушылардың ілгерілеуі туралы;
-
ата-аналарға оқу нәтижелерінің жетістік деңгейі туралы;
-
басқару органдарына ұсынылған білім
беру қызметінің сапасы
туралы ақпаратты беру;
8.
Электрондық журналды жинау үдерісін оңтайландыру және
ақпараттар ұсыну үшін қолдану;
9.
Әр
білім алушының, жеке мектептің,
барлық аудан, облыс және
мемлекет деңгейіндегі мектептердің бөлім және тақырыптар аясында оқу
бағдарламасын меңгеру мониторингін қолдану;
10.
Стандарттарды, оқу бағдарламаларын жетілдіру үшін
талдау
жүргізу және басқа да басқарушылық шешімдер қабылдау.
Пәндер мен сыныптарға байланысты бағалаудың ұсыныстары
қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырмалар жинағында, жиынтық
бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарда қосымша берілген.
Достарыңызбен бөлісу: