Сыныптағы қалыптастырушы бағалаудың мәдениеті мен тәжірибесін
дағдыландыру бағалау жүйесін реформалау үрдісіндегі әрекеттердің күрделі
бағыттарының бірі болып табылады. Мұғалім санасының философиясында
туындаған асимметриямен байланысты, санада қабылданатын объект
бұрынғы қалыптасқан пікірі мен артықшылықтарына сәйкес емес жағдайда
туындайды. Сана философиясына сәйкес асимметрияның болуының жақсы
жақтары да бар: нысананы қабылдауда объективтілікті арттырады, ол
асимметрияны тудырады және оның дамуына әкеледі. Демек,
қалыптастырушы бағалауға сыни және күмәнмен қараған мұғалімдер
қалыптастырушы бағалаудың негізінде алынған нәтижелерді бұдан әрі
объективті түрде бағалауы мүмкін. Өз кезегінде бұл педагогикалық қоғамда
ынталандыратын және қолдайтын кәсіби орта қызмет жасайды деген
шартпен мұғалімге өз тәжірибесінде шынайы өзгерістер мен жақсы
нәтижелерді алуға мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: