Жоғары
деңгей
•
пәндік терминдер мен түсініктерді терең білетінін және түсінетінін
көрсетеді
•
күрделі тапсырмаларды орындайды және жағдайдың кең ауқымында
білімін тиімді қолданады
•
түрлі дереккөздерден алынған ақпараттарды жинақтайды және толық
негіздемемен қорытынды жасайды, алынған нәтижелерге логикалық
реттілігі бар, нақты дәйектер келтіреді
•
күрделі тапсырмалардың шаблонын анықтайды, баламалы және
стандартты емес шешу жолдарын ұсынады әрі қолданады
•
тапсырмалардың кең ауқымды шешімі үшін оқу бағдарламасының
басқа салаларынан білімді, білікті, дағдыларды кіріктіреді, түрлі
стратегияларды қолданады, алынған нәтижелердің маңызы мен
негізділігін бағалайды
Оқу бағдарламасындағы бөлім/ортақ тақырыптар бойынша орындалған
жиынтық жұмыстардың нәтижелері оқушылар үшін және оларды әрі қарай
ынталандыру үшін түсінікті болуы қажет. Кері байланыс оқушылардың
жеткен оқу жетістігі деңгейлері туралы ақпараттар мазмұнынан тұруы тиіс.
Аталған ақпарат рубрика түрінде ұсынылуы мүмкін (
Пәндер аясындағы
жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстарды қараңыз).
Достарыңызбен бөлісу: