«Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес білім беру ұйымы



жүктеу 468.28 Kb.
Pdf просмотр
Дата03.03.2017
өлшемі468.28 Kb.

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» 

Дербес білім беру ұйымы 

Педагогикалық өлшеулер орталығы 

 

 



 

 

 

 

Оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау 

 

Мұғалімдерге арналған әдістемелік ұсыныстар 

 

 

 

Пән «Экономика» 

Сынып 11 

2014-2015 оқу жылы 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

Астана  

 


 

 



 

Мазмұны 


Кіріспе -----------------------------------------------------------------------------------------------------2 

1. КБКМ аясындағы бағалау түрлері ----------------------------------------------------------------2 

2. Қалыптастырушы бағалаудың принциптері ----------------------------------------------------3 

2.1 Тәжірибе жүзіндегі қалыптастырушы бағалау ------------------------------------------------3 

2.2 «Талпынады» шешімі бойынша мұғалімнің жасайтын әрекеттері------------------------4 

2.3 Оқушылардың қолданған әр түрлі іс-әрекеттерін бағалау----------------------------------4 

 

2.3.1 Топтық жұмысты бағалау---------------------------------------------------------------4 



 

2.3.2 Жобалар мен көлемді  әрекет түрлерін  бағалау------------------------------------4 

2.4 Ұқсас тақырыптар бойынша білімін тексеруге бағытталған оқу мақсаты--------------5 

2.5 Жетістік критерийлері ------------------------------------------------------------------------------5 

2.6 Оқушылардың бағалау нәтижелерін жинақтау ------------------------------------------------5 

2.7 Оқушылардың жетістік нәтижелерін дәлелдейтін жұмыстары -----------------------------6 

3. Бағалауға арналған ұсыныстар------ ----------------------------------------------------------------6 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


 

 



 

 

Кіріспе 

Критериалды  бағалаудың  кіріктірілген  моделі  (әрі  қарай  -  КБКМ)  Білім  берудің 

кіріктірілген  бағдарламасына  енетін  пәндер  бойынша  оқушының  жетістіктерін 

бағалаудың  бірнеше  түрлерін  қамтиды.  Оқыту,  оқу  және  бағалаудың  бірегейлігі 

принципіне негізделе отырып, оқушылардың жетістіктері мен дамуын ұдайы және дұрыс 

қадағалануын  қарастырады.  Берілген  құжат  бағалау  түрлерінің  жалпы  сипаттамасынан,  

«11-сыныптың»  «Экономика»  пәні  бойынша  қалыптастырушы  бағалауға  арналған  Оқу 

мақсаты мен жетістік критерийлері туралы ұсыныстардан тұрады. 



 

1. КБКМ аясындағы бағалау түрлері 

Мұғалімдер  мен  оқушылар  оқу  бағдарламасы  аясында  берілген  барлық  Оқу  мақсатын 

қамтуға  міндетті.  Оқу  мақсатына  қол  жеткізу  үшін  бағалаудың  бір-бірін  толықтыратын 

және міндетті  болып саналатын үш түрі  қолданылады: қалыптастырушы, ішкі  жиынтық, 

сыртқы жиынтық бағалау.   

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Қалыптастырушы  бағалау  тоқсан  ішінде  кездесетін  іріктелген  Оқу  мақсатына 

негізделіп  жасалады.  Бұл  мақсаттардың  таңдап  алыну  себебі  олар  оқушының  негізгі 

қабілеттерімен  қатар,  пәндік  білімін  жан-жақты  көрсетуге  мүмкіндік  береді.  Мұғалім 

оқушының  қандай  да  бір    оқу  мақсатына  қол  жеткізгендігін  немесе  талпынып 

жатқандығын бағалай алады  

Қалыптастырушы  бағалау  үнемі  жүргізіледі.  Мұғалім  оқушылардың  қабілеттері  немесе 

дағдыларының шыңдалғандығын бақылауға бірнеше сабағын ғана арнай алады (көп ретте 

бір сабақтың өзі жеткілікті). Сондықтан «жетті» деген шешім оқушы оқу мақсатын толық 

дәрежеде  игере  алды  дегенді  білдірмейді.  Өйткені  бұл  жағдайда  «жетті»  деген  шешім 

оқушы  берілген  уақыт  шегінде  нақты  сынып,  тоқсан,  пән  бойынша  игерілген  білімінен 

жақсы нәтиже көрсетті дегенді меңзейді. Оқу мақсатына «жетті» деген шешімді қабылдау 

үшін жетістік критерийлері қолданылады.  



Ішкі  жиынтық  бағалау  (әрі  қарай  -  ІЖБ)  тоқсан  сайын  жүргізіледі.  ІЖБ  бойынша 

тапсырмалар  тоқсан  ішінде  оқытылған  барлық  Оқу  мақсаты  аясында  құрастырылады. 

Тапсырмалар оқушының пән бойынша сол тоқсанда игерген білімі мен дағдыларын жан-

жақты тексеруге мүмкіндік береді.  

Бағалау үшін балл қою критерийлері пайдаланылады. 

Сыртқы жиынтық бағалау (әрі қарай - ЖБ)  сыртқы бағалау моделіне сәйкес 5, 10, 11 

және  12-сыныптардан  кейін  жекелеген  пәндер  бойынша  өткізіледі.  ЖБ  тапсырмалары 

көрсетілген  сыныптар  мен  пәндер  бойынша  барлық  Оқу  мақсатын  қамтиды.  ЖБ 

тапсырмалары оқушының  ұзақ мерзім аясында игерген білімі мен дағдыларын тексеруге 

арналған (бір немесе бірнеше жыл). 

Бағалау үшін балл қою критерийлері пайдаланылады.  



 

 

 

Критериалды бағалаудың кіріктірілген моделі 

(КБКМ



 



Қалыптастырушы 

бағалау (ҚБ)

 

Ішкі жиынтық 



бағалау (ІЖБ) 

Сыртқы жиынтық 

бағалау (ЖБ) 


 

 



 

2. Қалыптастырушы бағалаудың принциптері 

Оқыту  мен  оқу  процесінде  мұғалімдер  мен  оқушылар  пән  бойынша  бағдарламада 

көрсетілген  барлық  Оқу  мақсатын  қамтуы  тиіс.  Оқу  жоспарында  сыныптар  бойынша  әр 

пәнде  кездесетін  Оқу  мақсатына  ұсынылған  оқыту  әрекеттері  берілген.  Берілген  оқыту 

әрекеттері  мұғалімдерге  оқушыларды  ішкі  және  сыртқы  жиынтық  бағалауға  даярлауда 

септігін тигізеді.  

Берілген  Оқу  мақсатының  бірнешеуі  қалыптастырушы  бағалауды  жүргізу  үшін  іріктеліп 

алынған.  Бұл  мақсаттар  мұғалімдер  мен  оқушыларға  келесі  дағдылар  бойынша  даму 

деңгейін анықтауға мүмкіндік береді: 

Білу 


Түсіну 

Білімін қолдану 

Сыни ойлау 

Анализ 


Синтез 

Бағалау 


Рефлексия 

Зерттеушілік дағды 

Шығармашылық  

Тыңдалым 

Оқылым 

Жазылым 


Айтылым  

Математикалық сауаттылық 

Техникалық әдіс 

Берілген дағдылар Бағалау нұсқаулығында (3-бөлім) көрсетілген оқушының пәндік білімі 

мен қабілеттерін дамытуда пайдаланылатын оқыту әрекеттері аясында қалыптасады.  

 

2.1 Тәжірибе жүзіндегі қалыптастырушы бағалау 

Оқыту  мен  оқу  процесі  аясында  мұғалім  оқушылардың  жетістіктері  мен  пәнді  түсіну 

деңгейін  қалыптастырушы  бағалауда  үздіксіз  бақылап  отырады.  Нақтырақ  айтқанда, 

қалыптастырушы бағалау қалыпты оқытудың құрамдас бөлігі ретінде жүзеге асуы керек. 

Сондықтан  қалыптастырушы  бағалау  аясында  мұғалімдер  оқушылардың  мақсатқа  қол 

жеткізгендігін  немесе  қол  жеткізуге  талпынып  жатқандығын  бақылауға  алуы  тиіс.  

Мұғалімдерге көмек ретінде төмендегі құжаттар дайындалды: 

Қалыптастырушы Бағалауға арналған ұсыныстар; 

Жетістік критерийлері. 

Қалыптастырушы бағалау бойынша әрекеттерді бастамас бұрын Оқу мақсаты мен жетістік 

критерийлерін  оқушылармен  бірге  талқылап  алған  дұрыс.  Бұл  оқушылардың  алдын-ала 

өздері  қол  жеткізуге  тиісті  дағдылар  деңгейін,  сол  деңгейге  қол  жеткізу  үшін  қажетті 

талаптарды  дұрыс  түсінуіне  мүмкіндік  береді  (мыс.  қажетті  мысалдар  саны, 

пайдаланылатын  техникалық  терминдер,  жазылым  жұмысының  көлемі,  презентация 

жұмысының  ұзақтығы  және  т.б.).  Бұл  ақпарат  оқушылар  өздерінің  оқу  мақсатына 

«жеткенін» немесе «талпынатынын» анықтауға көмек береді.  

Кейбір әрекеттер бірнеше Оқу мақсатын бағалауда қолданыла береді. Оқушыларға барлық 

Оқу мақсаты мен Жетістік критерийлері әрекет басталмас бұрын айтылады.  

Оқыту мен бағалауды сапалы ұйымдастыру мақсатында оқушыларға пайдалануға болатын 

қосымша құралдар мен ақпарат көзі туралы алдын ала айтылуы тиіс (мыс. сөздіктер). Сол 

секілді оқушылардың жеке немесе топ болып жұмыс жасайтындығы туралы да айтылады. 

Егер  оқушылар  жеке  жұмыс  жасайтын  болса,  қажеттілігіне  орай  тыныштық    сақтау 

керектігі туралы ескерту қажет.  

Кей  жағдайларда  оқушыларды  бір-бірінің  жұмыстарын  көруге  болмайтындай  етіп 

орналастыру талап етіледі. Бұл үшін оқшылар әдепкі орындарынан жылжытылуы мүмкін. 


 

 



 

Егер ақпарат тақтада беріліп, оқушылардың кейбірі тақтаға арқасын беріп отырса, оларға 

ақпараттың  қағазға  басылған  үлгісі  таратылуы  тиіс.  Егер  оқушылар  тыныш  қалыпта 

жұмыс  жасауға  тиіс  болса,  мұғалім  тапсырмасын  ерте  аяқтаған  оқушыларды  қосымша 

тапсырмалармен қамтамасыз етуі тиіс.  

 

2.2  «Талпынады» шешімі бойынша мұғалімнің жасайтын әрекеттері 

Оқу  мақсатына  қол  жеткізуге  талпынатын  оқушылар  жетістікке  жетуі  үшін  мұғалімнің 

кері байланыста көрсеткен нұсқауларын  үнемі ескеріп отырғаны жөн. Сол секілді оларға 

оқу мақсатына қол жеткізу үшін екінші мәрте мүмкіндік берілуі керек.   

Екінші  реттік  байқау  бір  сабақ  шегінде  немесе  бір  тоқсан  аясындағы  кез  келген  сабақта 

орын  алуы  мүмкін.  Оқушының  бағалануы  бірдей  немесе  ұқсас  тапсырма  және  бірдей 

жетістік критерийін пайдалану арқылы жүзеге асырылуы керек. Мұғалім оқу жоспарынан 

мұндай  оқушыларды  бағалауға  қолайлы  оқыту  әрекетін  анықтауы  тиіс  (мәселен  келесі 

талқылау  сабағы  немесе  ғылыми  тәжірибе).  Егер  тоқсан  шегінде  ұқсас  әрекет  түрі 

қарастырылмаған болса, мұғалім оқушыға екінші мүмкіндіктің берілу мерзімін өзі шеше 

алады.  

 

 



2.3 Оқушылардың қолданған әр түрлі іс-әрекеттерін бағалау 

 2.3.1 Топтық жұмысты бағалау 

Бірқатар  дағдыларды  дамытып,  бағалауда  топтық  жұмыс  бірден-бір  қолайлы  тәсіл.  Өзге 

формалардағыдай  бұл  жағдайда  да  оқушылар  жетістік  критерийімен  алдын-ала 

таныстырылуы  тиіс.  Топтық  жұмыс  кезінде  мұғалім  сынып  ішінде  жүріп,  барлық 

топтарды  тыңдап  үлгеруі  тиіс.  Топтардағы  кейбір  оқушылар  Жетістік  критерийлері 

талаптарына тез қол жеткізуі мүмкін. Мұғалім сол оқушылардың есімдерін өзінің арнайы 

дәптеріне  жазып алады.  

Әрі  қарай  мұғалім  оқу  мақсатына  қол  жеткізуге  талпынып  отырған  оқушыларға  назар 

аударуы  тиіс.  Оқушы  ұяң  немесе  ұялшақ  болған  жағдайда  мұғалім  қосымша  сұрақтар  

қойғаны  дұрыс  (Сен  осы  мәселе  туралы  не  ойлайсың?  Өз  тобыңның  осы  мәселені 



қаншалықты  дәрежеде  талдағандығы  туралы  айтып  бере  аласың  ба?).  Кейде  оқушы 

талдау тақырыбы туралы теріс түсінік немесе теріс жауап беруі мүмкін. Мұндай жағдайда 

оқушының өз жауабымен нені айтқысы келгендігін сұраған жөн. 

Топтық жұмыс жасау кезінде мұғалім барлық оқушыларды бақылап шығуы керек. Барлық 

топтарды  бір  рет  аралап,  бағалап  шыққаннан  кейін  мұғалім  оқу  мақсатына  жетуге 

талпынатын оқушылары бар топқа қайта оралады және олардың оқу мақсатына қайтадан 

қол жеткізуіне мүмкіндік береді.  

Барлық  оқушылардың  бір  мезетте  топтық  талқылау  жұмысына  өз  идеяларын  кіріктіруі 

әрдайым  мүмкін  бола  бермейді  (мыс.  талқыланатын  мәселелердің  саны  шектеулі  болуы 

мүмкін). Оқушылар оқу мақсатына келесі әрекеттерді орындау арқылы қол жеткізе алады.  

Мысалы: 

жаңа идеяларды ұсыну;  

екі немесе одан да көп идеяларды салыстыру; 

идеяны бағалау; 

қорытынды шығару; 

сұрақтарға жауап беру. 

Мұғалімдер  топтық  жұмыстарды  бағалау  кезінде  бірігіп  жұмыс  істеп,  кейіннен  өз 

шешімдерін салыстырса болады. 



 

2.3.2  Жобалар мен көлемді  әрекет түрлерін  бағалау 

Жобалар  әдетте  оқушыларға  өз  қабілеттерін  бірнеше  сабақтар  барысында  дамытуға 

мүмкіндік  береді.  Бұл  әрекеттер  оқушылардың  бойында  алуан  түрлі  дағдылардың 

қалыптасуына  түрткі  болады.  Қалыптастырушы  бағалаудың  өзге  түрлеріндегідей  бұл 



 

 



 

жағдайда да оқушылар жетістік критерийімен алдын-ала таныстырылуы тиіс. Оқушыларға 

жетістік критерийлері туралы әр сабақтың басында ескерту айтып отырған да тиімді.  

Кей  жағдайларда  оқушылар  жобаның  соңына  қарай  белгілі  бір  Оқу  мақсаты    бойынша 

жетістік деңгейін көрсетуге тиіс болады. Мұндай жағдайда оқушының аяқтаған жұмысы 

оның оқу мақсатына жеткендігінің куәсі бола алады.  

Өзге  Оқу  мақсаты  оқушылардың  өздеріне  берілген  кері  байланыстарға  сәйкес 

жетістіктерін не жұмыс нәтижесін көрсетуді қажет етеді. Мұндай Оқу мақсатын бір сабақ 

барысында бағалап үлгеру мүмкін емес. Алғашқы сабақта мұғалім әр оқушының бастапқы 

дәрежесін анықтап алуы қажет. Ол әр оқушы жоспарға сәйкес жұмысын атқаруға дайын 

екендігіне  және  өз  мақсатын  жете  түсінгендігіне  көз  жеткізуі  тиіс.  Кейінгі  сабақтарда 

мұғалім осы жетістіктерді оқушының әрекеттерінен бақылап отырады. Әр оқу мақсатына 

негізделген Жетістік критерийлері мұғалімнің бақылауын қажет ететін тұстар туралы жан-

жақты ақпарат береді.  

Бұл  көлемді    әрекет  түрлерінің  оқу  барысында  маңызы  өте  жоғары.  Сол  әрекеттерді 

орындау барысында мұғалім әр оқушыға жекелеген қолдау көрсетіп, кері байланыс беріп 

отыруы міндетті.  

 

2.4 Ұқсас тақырыптар бойынша білімін тексеруге бағытталған Оқу мақсаты 

Кей  Оқу  мақсаты  бір-бірімен  ұқсас  тақырыптарға  ортақ  болғандықтан,  оларды  бірге 

оқытып,  бірге  бағалау  мүмкіндігі  бар.  Мұндай  жағдайлар  бағалауға  арналған  ұсыныста  

келесі сөйлеммен айрықшаланып берілген “Берілген Оқу мақсаты бірге бағалануы мүмкін 



…”  Аталған  Оқу  мақсатына  арналған  бағалау  ұсынысы  мұндай  жағдайларда  жүзеге 

асырылатын әрекеттер туралы түсіндірме береді.   

Әйтсе  де  кейде  оқушылардан  белгілі  бір  көзқарасты  түсіндіру  үшін  мысалдар  келтіруі 

талап етілуі  мүмкін және мұндай мысалдар бірнеше  Оқу  мақсатын орындауға бағыттала 

алады.  

Мәселен,  оқушылармен  A,  B,  C  және  D  жағдаятты  тапсырмалар  (кейс-стади)  өткізеді. 

Оқушы  олардың  арасынан    үшеуін  (A,  B  және  D)  нұсқаларын  белгілі  бір  оқу  мақсатын 

орындау үшін таңдап алды делік. Кейіннен осы оқушы өзге үш мысалды да (B, C және D) 

таңдай алады. Нәтижесінде бір оқушы екі түрлі оқу мақсатына қол жеткізу үшін  B және D 

мысалдарын екі рет қолданды.  

Бұл жағдайда мұғалім  әр оқу  мақсатын жеке  бағалауы шарт. Егер A, B және C алғашқы 

оқу мақсатына сәйкес келетін мысалдар болса,  онда оқушы осы мақсаттарға қол жеткізе 

алады.    Сәйкесінше,  егер  B,  C  және  D  екінші  оқу  мақсатына  сәйкес  келетін  мысалдар 

болса,  оқушы  оған  да  қол  жеткізген  болып  есептелуі  тиіс.  Оқушылардың  әр  жаңа  оқу 

мақсатына  жаңа  мысалдар  пайдалануы  қалыптастырушы  бағалауда  міндетті  болып 

саналмайды.  Оқушының  оқу  барысында  жаңа  мысалдарды  пайдалану  жиілігі  туралы 

шешім мұғалімнің пәндік сауаттылығы мен кәсіби деңгейіне сәйкес орындалады.  

 

2.5 Жетістік критерийі 

Жетістік критерийлері мұғалімге оқыту мақсатына жеткен және қол жеткізуге талпынып  

жатқан  оқушыларды  нақты  анықтауға  мүмкіндік  береді.  Бұл  Жетістік  критерийлері 

дағдылармен  байланыста  болып,  оқушыларға  оқу  мақсатына  қалай  жетуге  болатынын 

көрсетеді,  ал  мұғалімдерге  кәсіби  пайымдауына  сүйене  отырып,  оқушылардың  оқу 

мақсатына жеткендігі туралы шешім қабылдау үшін септігін тигізеді. 

 

 

2.6 Оқушылардың бағалау нәтижелерін жинақтау  

Қалыптастырушы  бағалаудың  нәтижелері,  оқушының  жетістігі  мұғалімнің  өзі 

дайындайтын еркін формадағы бағалау парағына енгізіледі және портфолиода сақталады.  

Сол  секілді  мұғалім  оқушылардың  есімдері  жазылған  арнайы  дәптерге    нәтижелерді 

жазып,  жинақтап  жүрсе  де  болады.  Бұл  әрбір  оқушының  нәтижесін  тіркеуге  және  өсуін 

бақылауға мүмкіндік береді. 



 

 



 

Ол дәптердегі кез келген ақпарат оқушының бағалау парағына енгізіліп отыруы керек. 



 

2.7 Оқушылардың жетістік нәтижелерін дәлелдейтін жұмыстарын сақтау 

Оқушының  қалыптастырушы  бағалау  барысындағы  жұмысы  жалпы  дамудың 

көрсеткіштерін  бақылап  отыру  үшін  мұғалімге  маңызды  болуы  мүмкін.  Ең  қарапайым 

әрекет  әр  оқушының  тек  қана  қалыптастырушы  бағалауда  пайдаланылатын    дәптері 

болғаны  жөн.  Сол  секілді  оқушылар  әр  тапсырманы  жекелеген  парақтарда  орындап, 

кейіннен ол парақтар әр оқушының портфолиосында сақталуы да мүмкін. 

Оқушылар  өз  құжаттарын  электронды  папкаларда  сақтаған  жағдайда  (мыс. 

презентациялар,  кестелер, құжаттар) бұл құжаттардың көшірмелері мұғалімде болады.  

Өзге түрдегі тапсырмалар (суреттер, бейнероликтер мен аудиожүктелімдер) талап етілген 

жағдайда  жинақталып,  сақталады.  Кей  әрекеттер  (мыс.  топтық  талдау  жұмыстары) 

сақтауға сәйкес келмейтін әрекет түріне жатады.  

 

3. Бағалауға арналған ұсыныстар 

 

Бағалауға  арналған  ұсынысмұғалімдерге  сыныптағы  бағалауды  жүзеге  асыруда  септігін 



тигізетін  ақпараттардан  тұрады.  Бағалау  нұсқаулығы  қандай  да  бір  оқыту  әрекетін 

қалыптастырушы  бағалау  аясында  дұрыс  пайдалану  жөнінде  және  мұғалім  өзінің  кәсіби 

пайымдауына  сүйене  отырып,  оқушылардың  оқу  мақсатына  жеткені  туралы  шешім 

шығаруы жөнінде түсініктеме береді.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

Бағалауға арналған ұсыныстар 

Экономика, 11 - сынып, 1 – тоқсан 

 

ОБ сілтеме 



Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.1A: Негізгі 

экономикалық 

идеялар 


Зерттеу  затын  және 

экономика  әдістерін 

сипаттау 

Әр  оқушыдан  әлеуметтік  ғылымдардың  жаратылыстану  ғылымдарынан  үш  өзгешелігі  бар 

екендігінің  үш  себебін  атап  көрсетуін  сұраңыз.  Оқушылар  өздігінен  жазбаша  түрде  сұрақтарға 

жауап беруі тиіс. 

 

Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну

 

 

экономика әдістерін біледі



 

жаратылыстану ғылымының үш өзгешелігін атайды 

 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.1A: Негізгі 

экономикалық 

идеялар 


Адам өмірінде 

экономика мәнін 

түсіну 

Оқушылар  5  нарық  субьектісінің  экономикалық  рөлін  анықтап  береді.  Тапсырма  сабақтың 



басында да соңында да өткізілуі мүмкін. 

Дағдылар 

Жетістік критерийлері  

 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 



 

 



 

Білу және түсіну 

нарыққа қатысушыларды біледі 

нарыққа қатысушылардың тізімін құрайды 

 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.1A Негізгі 

экономикалық 

идеялар


 

Өндіріс факторы 

табиғатын сипаттау

 

 



Осы  оқу  мақсатымен  жұптық,  топтық  жұмыстар  жүргізілуі  мүмкін.  Ол  үшін  оқушыларды  топ- 

топқа бөліп арнайы даярлаған карточкаларды таратып, тірек-сызба нұсқасын құратыңыз.

 

Дағдылар 

 

Жетістік критерийлері



 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

 

өндіріс факторларының  анықтамасын біледі 



өндіріс факторларының негізгі түрлерін біледі 

 

ОБ сілтеме 



Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.1A Негізгі 

экономикалық 

идеялар 


Қажеттіктердің 

шексіз табиғатын 

дәлелдеу 

 

Бұл  тапсырма  бір  бет    қағазда  орындалуы  мүмкін.  Одан  кейін  ол  мұғалімге  өткізіліп,  сыныпта 



талқыланады.   

Дағдылар 

 

Жетістік критерийлері  

 

 



 

 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

альтернативті шығынның   анықтамасын біледі 

Қолдану 



 

альтернативті шығындардың мемлекет арқылы шешілетініне  мысал келтіре алады  

альтернативті  шығындардың фирма арқылы шешілетініне  мысал келтіре алады 

альтернативті  шығындардың тұтынушы арқылы шешілетініне мысал келтіре алады 

альтернативті  шығындарға байланысты сынаптағы басқа оқушылардың ойларымен алмасады 

 

ОБ сілтеме 



Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.1B 


Экономикалық 

жүйе мен 

экономикалық 

өлшем түрлері 

Экономикалық 

жүйелер (дәстүрлі, 

нарықтық, аралас 

және бақыланатын) 

арасындағы 

айырмашылықтарды 

көрсету 

Әрбір  оқушы  үш  экономикалық  жүйе  бейнеленген  график  сызып,  олардың  бір  бірінен 

айырмашылығы  қарастырылады.  Бұл  тапсырманы  өздік  жұмыс  ретінде  беріп,  кейін  қажетті 

кестені  мұғаліп тақтаға сызып салыстырып түсіндіреді. 



Дағдылар 

Жетістік критерийлері  

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

экономиканың  негізгі мәселелерін біледі   

 

қорларды  бөлу  экономиканың үш сұрағының қайсысына  қатысты екендігін түсіндіреді 



 

 

10 



 

Анализ 


 

экономикалық жүйеге сипаттама береді. (нарықтық, аралас, әкімшіл-әміршіл ) 

экономикалық жүйелер мен олардың айырмашылықтары көрсетілген график салады 

 

ОБ сілтеме 



Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.1B 


Экономикалық 

жүйе мен 

экономикалық 

өлшем түрлері 

Абсолют және 

салыстырмалы 

құнды ажырату 

 

Оқушылар  өзара  пікір  алмасқаннан  кейін  әрбір  оқушыға  уақыт  беріп,  абсолютті  және 



салыстырмалы  шамалардың  өзара  ұқсастығы  мен  айырмашылықтарын  талдатқызыңыз.  Мұғалім 

әрбір  оқушыдан  бір  -  бір    мысалдан  айтуды  сұраңыз.  Әрбір  оқушы  мысалдарды  жеке  параққа 

жазып мұғалімнің бағалауына береді.  

Дағдылар 

Жетістік критерийлері  

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

абсалютті шаманың  не екенін біледі 

 

салыстырмалы шаманың  не екенін біледі 



абсалюттік шама мен салыстырмалы  шаманың айырмашылығын көрсетеді 

Қолдану 


микроэкономикадағы  және  макроэкономикадағы  абсолюттік  және  салыстырмалы  шамалардың 

айырмашылығын дәл түсініп, мысалдар келтіреді 

 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 


 

 

11 



 

11.1B 


Экономикалық 

жүйе мен 

экономикалық 

өлшем түрлері 

Оң және 

нормативтік 

нақтылауларды 

ажырату 


Мұғалім  нормативтік  және  позитивтік  тұжырымдамалрдың  тізімін  береді.  Оған  қарап  әрбір 

оқушы тұжырымдардың  мінездемесін  анықтап, түсіндіреді. 



Дағдылар 

Жетістік критерийлері  

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

 

нормативтік тұжырымдаманың анықтамасын біледі 



позитивтік тұжырымдаманың анықтамасын біледі 

 

2-тоқсан 

 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.2А Нарық 

қызметі. 

Сұраныс және 

ұсыныс 

Рыноктарда өзара 



әрекет ету 

мысалдарын 

келтіру 

 

Мұғалім 



барлық 

нарықтардың 

негізгі 

элементтерден: 

сатып 

алушыдан, 



сатушыдан,өнімдерден/қызметтерден, бағалардан тұратынына тап көрсетуі қажет.  Әрбір оқушы 

өз дәптерінде нарықтың үш типін анықтап, әрбір оқиғадағы төрт элементтің әрбіреуін сипаттауы 

қажет.  Мысалы,  өз  еңбегін  сататын  жұмысшыдан,  еңбекті  сатып  алатын  жұмыс  берушілерден, 

өнім  беруден  /  қызмет  көрсетуден  басталады.  Ол  дегеніміз  –  жұмыспен  өтелген  сағат  және 

бағадан  –  бұл  жалақының  сағатпен  өлшенген  мөлшерлемесінен  тұрады.  Оқушылар  өз  бетімен 

жұмыс істеулері қажет.  



Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

нарықтың үш типін дұрыс біледі 

Бағалау 


нарықтың үш типін құраушы бөлшектерін дұрыс бағалай алады 

 

ОБ сілтеме 



Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.2А Нарық 

Сұраныс пен 

Жеке  сұранысты  анықтауды  негіздей  отырып,  оқушылардан  жеке  ұсынысты  жеке  өзінің 



 

 

12 



 

қызметі. 

Сұраныс және 

ұсыныс 


ұсыныс заңдарын 

түсіндіру 

анықтауын  құрастыруын  сұраңыз.  Оқушылар  бұл  тапсырманы  жеке  қағаз  бетінде  немесе  өз 

дәптерлерінде орындаулары қажет.  



Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

ұсынылған  санға,  бірлік  үшін  белгіленген  бағаға  және  қарастырылатын  жұмыс  кезеңіне 

сілтемеден тұратын ұсынысты анықтауды ұсынады 



 

 

 



ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.2А Нарық 

қызметі. 

Сұраныс және 

ұсыныс 

Нарық сұранысы 



мен ұсыныстары 

сомасын есептеу 

 

Әрбір оқушыға сұраныс пен ұсыныс кестелері бар бір парақ қағаз таратып беріңіз. Әрбір оқушы 



сұраныс пен ұсынысты миллиметрлікпен салып, тең салмақты баға мен санды анықтауы қажет.  

 

 



Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

нарықтық бағаны құру тетігін біледі және түсінеді 

Қолдану 


 

нарықтық тепе-теңдікті графикте көрсетеді 

тең салмақты баға мен санды есептей алады 

 

 



ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.2 В 


Сұраныс пен 

ұсыныс 


икемділігі 

Баға бойынша 

ұсыныс икемділігін 

есептеу 


 

Мұғалім оқушы ұсынысының бағалық қолайлылығын есептеу қабілетін тексеру үшін қолайлылық 

бойынша  пікіртерім  құрастырады  (немесе 

www.economicsonline.co.uk 

онлайн  режимінде 

пікіртерімді пайдаланады).  



Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

ұсыныстың қолайлылығын есептеуге арналған әдістерді біледі  


 

 

13 



 

 

ұсыныстың бағалық қолайлылығы коэффициентінің сандық көрінісінің мәнін түсіндіре алады 



 

 

ОБ сілтеме 



Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.2А  


Нарық 

қызметі. 

Сұраныс және 

ұсыныс 


Нарықтық 

мүмкіндіктерді 

шектеу 

сипаттамалары 



Оқушылар  неліктен  нарықтық  қызметтер  әрқашан  тәжірибе  жүзінде  жұмыс  істемейтіндігінің 

ықтимал  үш  себебін  анықтап  әрбіреуіне  мысал  келтіреді.  Тапсырманы  өздік  жұмысы  ретінде 

дәптерге жазып орындау қажет. Мысалдарды оқушылардың өздеріне таныс нарық бойынша алуға 

болады (мысалы, жиынтық дискілер немесе жаттығуға арналған аяқкиім). 



Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

 

Білу және түсіну 



Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

осы субсидияның тұтынушыға, фирмаға және үкіметке қалай әсер ететінін түсіндіре алады 

Қолдану 

қисық ұсыныс үгілісі (қолайлылығы) өзгерген жағдайда талдау жүргізе алады 

салықтың мұнай өнеркәсібіне әсерін қарастыра отырып, сұрақтарға дұрыс жауап береді 

3-тоқсан 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.3А 


Кәсіпорын  мен 

фирмалардың 

өндірістік 

қызметі 


Кәсіпорынның 

құқықтық 

нысандарын 

ажырату 


 

Оқушылар өздерінің ойынша айтарлықтай ерекшелігі бар жергілікті коммерциялық қызметтің үш 

түрін анықтап, үш ықтимал өзгешеліктерін айтулары қажет 

Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

жергілікті  коммерциялық  қызметтің  әрбір  үш  түріндегі  кем  дегенде  үш  ерекшелікті  анықтай 

алады 


 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.3А 


Кәсіпорын мен 

фирмалардың 

Фирманың балама 

мақсаттарын 

сипаттау 

Сыныппен талқылау өткізіп, тапсырманы топпен орындаған соң оқушыларға пікірлер үшін басқа 

қағаз  көшірмесін  таратып  беруге  болады.  Енді  оқушылардан  дәл  осындай  тапсырманы 

орындауларын  сұрау  қажет,  бірақ  бұл  жолы  фирманы  таңдау  құқығын  өздеріне  қалдырамыз. 



 

 

14 



 

өндірістік 

қызметі 

 

Содан  кейін  оқушылар  аталған  тапсырмаға  белгіленген  кейбір  мақсаттардың  топ  белгілеген 



мақсаттардан ерекшеленетінін түсіндірулері қажет.  

Дағдылар 

 

 



Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді   

Білу және түсіну 

кем дегенде фирманың 5 мақсатын атап бере алады 

Анализ 


фирманың 5 мақсатының әрқайсысына негіздеме бере алады 

 

 



ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.3В Бәсекеге 

қабылетті 

нарықтар 

Бәсекелестік 

түрлерін сипаттау 

 

Жоғарыда  көрсетілген  тапсырманың  соңғы  бөлігі  үшін  оқушыларға  ортасында  бәсекелестік 



типтерді және төрт типтің әрқайсысына арналған жауаптарымен ассоциативтік карта құрылымын 

таратып беру қажет. Ал мұғалім оны бағалауы тиіс.  



Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

 

 



Білу және түсіну 

 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді   

Бәсекеге түсетін ортаның төрт типінің әрқайсысы үшін үш ерекшелікті дұрыс анықтады 

 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.3А 


Кәсіпорынмен

фирмалардыңө

ндірістікқызме

ті 


Шығын, табыс 

және пайданы 

есептеу 

Оқушыларға кірістер мен табыстардың әртүрлі типтеріне қатысты кестесі бар деректер жазылған 

қағазды  тарату  қажет.  Оқушылар  жалпы,  орташа  және  шекті  кірістерді,  жалпы,  орташа  және 

шекті шығыстарды есептей отырып, кестедегі бос орындарды толтырады.  



Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

 

 



Білу және түсіну 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді   

кірісті есептеуге арналған теңдеуді біледі 

Қолдану 

жалпы /орташа/ шекті шығыстарды есептей алады  

жалпы/ орташа/ шекті шығыстардың графигін құрастыра алады 


 

 

15 



 

жалпы/ орташа/ шекті кірістердің графигін құрастыра алады 

 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.3А 


Кәсіпорынмен

фирмалардыңө

ндірістікқызме

ті 


Менеджмент және 

маркетинг ролін 

түсіну  

Мұғалім  оқушылардан  менеджменттің  рөлі  туралы  жинақтайтын  ескертпені  және  маркетинг 

туралы  бір  ескертпені  жазуларын  сұрауы  мүмкін.  Екі  жағдайда  да  мұғалім  әрбір  рөлдің  фирма 

мақсаттарына  қол  жеткізуге  қалай  әсер  ететінін  белгілеуі  қажет  екендігін  көрсетуі  тиіс. 

Оқушылардың тапсырманы табысты орындау критерийлерін  білетіндігіне көз жеткізіңіз.  

Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

 

 



 

Қолдану 


Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді   

менеджердің  фирма  мақсаттарына  қол  жеткізуге  қалай  әсер  ететіні  туралы  үш  мысал  келтіре 

алады 

маркетологтің  фирма  мақсаттарына  қол  жеткізуге  қалай  әсер  ететіні  туралы  үш  мысал  келтіре 



алады  

 

 



ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.3В Бәсекеге 

қабылетті 

нарықтар 

Нарықтық 

экономикада 

монополия әсерін 

талдау 


 

Нарықтық  монополия  ортасында  жұмыс  істейтін  фирманы  білдіретін  белгіленбеген  графикті 

таратып  беріңіз.  Оқушылардан  графиктегі  барлық  сәйкес  келетін  қисықтар  мен  осьтерді 

белгілеуін  және  фирма  өнімі  пайдасының  арту  деңгейін  анықтауларын  сұраңыз.  Графиктерді 

белгілей отырып, оқушылар нарықтық экономикада монополияның кем дегенде үш негізгі әсерін 

анықтаулары  қажет.  Бұл  жоғары  бағадан,  төмен  өнімнен,  Х  тиімсіздіктен,  өнімділік 

тиімсіздігінен,  ресурстарды  бөлумен  тұтынушылардың  мүдделеріне  жауап  бермейтін  туғызушы 

тиімсіздіктен тұруы мүмкін. 



Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

 

Қолдану 



Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді   

графикте барлық қисықтар мен осьтерді дұрыс белгіледі 



 

 

16 



 

фирма өнімі пайдасының арту деңгейін анықтайды 

 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.3В Бәсекеге 

қабылетті 

нарықтар 

Тиімділікті 

арттыру үшін 

бәсекелестік мәнін 

түсіну 


 

Мұғалім  тапсырманы  бағалау  нысаны  ретінде  пайдалану,  оқушылардан  оны  бағалау  үшін 

тапсырулары    қажет,  не  қажет  еместігін  шешеді.  Немесе  егер  оқушылар  бағалау  алдында  өз 

білімін  бекітуі  қажет  болса,  мұғалім  оқушылардан  тапсырманы  орындаған  соң  басқа  есеп 

жазуларын  сұрауы  мүмкін.  Оқушылардан  тиімділік  пен  бәсекелестік  арасындағы  байланысты 

түсіндіре  отырып,  оқушылардан  А  4  парақтың  бір  жағына  есеп  жазуларын  сұраңыз.  Тапсырма 

өтетін  кезде  есептерді  бағалап,  сыныппен  әрі  қарай  талқылау  үшін  оқушыларға  қайтарып  беру 

қажет. Оқушылардың тапсырманы табысты орындау критерийлерін білетіндігіне көз жеткізіңіз.  



Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Білу және түсіну 



Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді   

өндірістік тиімділік мәнін біледі 

Қолдану 

алокативтік тиімділік мәнін есептей алады 

 

4-тоқсан 

 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.4А 


Өндіріс 

факторы 


нарығы 

Өндіру 


факторының мәнін 

сипаттау 

 

Сабақ  барысында  сұрақ  -  жауап  тәсілін  пайдаланыңыз.  Өндірістік  өндіру  факторының    толық 



түсіндіру  маңызды.  Ол  әрі  қарай  макроэкономика  бойынша  блокта  қажет  болады.  Егер  уақыт 

болса,  тақырып  жеңіл  болған  оқушыларға  күрделілік  деңгейін  ұлғайту  және  шекті  факторлық 

табыс теориясын есепке алып, еңбек рыногын бөлуді ұсыну керек. 

Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

өндірістік факторының толық түсінеді 

Қолдану 


өндіру факторының мәнін сипаттауды біледі 

 

ОБ сілтеме 



Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.4 В Нарық 

Жеке және 

Оқушыларға тауарлардың әртүрлі бес типінің тізімін таратып беріңіз. Ол ақауы бар және ақауы 



 

 

17 



 

мүмкіндігінің 

шектеулігі 

және 


мемлекеттің 

араласуы 

қоғамдық әл-

ауқатты және оның 

сипаттамаларын 

ажырату 


 

жоқ  тауарлар  болуы  мүмкін.  Оқушылар  тізімдегі  қай  тауардың  ақауы  бар  тауар  болып 

табылатындығын  шешулері  қажет.  Әрбір  таңдауды  тауардың  әр  типі  мен  байланысты 

сипаттамаларға қатысты түсіндірмемен пысықтау қажет.  



Дағдылар 

 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

 

нарық тиімділігі мен нарық қауқарсыздығының графигін біледі 



нарық шарттарының жетістіктері мен кемшіліктерінің өзгеруін түсіндіре алады 

өндіріс факторлары нарығының жұмыс істеуін біледі 

 

 

ОБ сілтеме 



Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.4 В Нарық 

мүмкіндігінің 

шектеулігі 

және 

мемлекеттің 



араласуы 

Сыртқы оң және 

теріс факторлардың 

туындауын 

түсіндіру 

(экстерналий) 

 

 

Әрбір  оқушы  сыртқы  факторлардың  төрт  типінің  бірін  таңдап,  осы  күйді  көрсету  үшін 



белгіленген  графикті  салатын  болады.  Әрбір  оқушыға  графикке  қатысты  бір  сұрақ  қою  қажет. 

Мұғалім  мұны  сынып  ішінде  жүріп,  сынып  тізімі  бойынша  ескертпе  жасай  отырып  орындауы 

қажет. Бағалау жасалысымен мұғалім жауаптарымен бөлісе отырып, сыныппен талқылау жүргізуі 

мүмкін. 


Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Анализ 


ішкі оң және теріс әсердің пайда болуын талдайды 

Білу және түсіну 

жеке және қоғамдық игіліктің ерекшеліктерін түсініп, оларға сипаттама бере алады 

нарық қауқарсыздығының графигін біледі 

 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.4 ВНарық 

мүмкіндігінің 

шектеулігі 

және 

Рынок әлсіздігінің 



басқа себептерін 

түсіну 


Оқушылардан  нарық  қауқарсыздығының  негізгі  себептерін  қамтитын  ассоциативтік  картаны 

құрастыруларын сұраңыз.  



 

 

18 



 

мемлекеттің 

араласуы 

Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 

нарық қауқарсыздығының ықтимал сыртқы себептерін анықтай алады 

нарық қауқарсыздығының негізгі себептері көрсетілетін картаны біледі 



 

 

 

ОБ сілтеме 

Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.4 ВНарық 

мүмкіндігінің 

шектеулігі 

және 

мемлекеттің 



араласуы 

Мемлекеттің рынок 

қауқарсыздығын 

қалай түзететініне 

талдау 

 

Оқушылар  топтық  жұмысқа  қатысып  жатқан  кезде  мұғалім  сынып  ішінде  жүріп,  олардың 



талқылауларын  естуі  қажет.  Мұғалім  оқушының  нарықтың  қауқарсыздығын  түзету  жағдайында 

үкіметтің  көмектесе  алатыны  туралы  ойлағанын  және  ол  туралы  айтып  бере  алатындығын 

көрсететін  ой-пікірді  оқушы  білдірген  жағдайда  оны  белгілеп  отыруы  қажет.  Мұны  сынып 

тізімінде  оқушылардың  атын  белгілеу  арқылы  орындауға  болады.  Мұғалім  оқушыларға  сұрақ 

қоюы мүмкін.   

Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Анализ 


 

үкіметтің нарық қауқарсыздығын қалай түзейтінін талдайды 

Білу және түсіну 

 

үкімет саясаты қалай жұмыс істейтінін біледі 



 

 

ОБ сілтеме 



Оқу мақсаты 

Бағалауға арналған ұсыныс 

11.4 В Нарық 

мүмкіндігінің 

шектеулігі 

және 

Мемлекет 



кірісуінің 

тиімділігін бағалау. 

Әрбір  оқушыға  өздерінің  топтық  презентациясында  қолданған  жағдайға  негізделген  сұрақтарды 

таратып  беру  қажет.  Соңғы  сұрақта  оқушылар  жобаға  қатысты  талқылау  жасаулары  қажет.  Бұл 

тапсырманы презентация өткізген соң дәптерге орындау қажет. Оқушылар жазбаша тапсырманы 

орындау кезінде өз бетінше жұмыс істеулері қажет.  



 

 

19 



 

мемлекеттің 

араласуы 

Дағдылар 

Жетістік критерийлері 

Егер төмендегі жетістік критерийлерін орындаса, оқушы оқу мақсатына жетеді 

Білу және түсіну 



 

нарық қауқарсыздығының себептеріне анықтама береді 

үкіметтің араласуының тиімділігін түсіндіреді 

Қолдану 

нарық қауқарсыздығының түрлерін сипаттайды 

 

 



 

 

 



Каталог: uploads
uploads -> Сайын мұратбеков
uploads -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
uploads -> Этнолингвистические свойства фразеологизмов с компонентом
uploads -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
uploads -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
uploads -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
uploads -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
uploads -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы


Поделитесь с Вашими друзьями:


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет