ІІІ Ая Бапани, дизайнер: «Менің топтамамның тұжырымдамасы – көшпенді
халықтың рухы. Бұл кейіпте міндетті түрде еркіндік сезілу керек. Мен өз бағытымды
таптым және оны өзгертпеймін. Керісінше оны әрі қарай дамытып, алға талпынамын.
Бір топтамамды нәзік жібек матадан жасасам, келесі топтаманы рокерлік, готикалық
нақышта былғарыдан шығара аламын. Бастысы, әр көйлек далалық, қазақи нақышта
тігілетін болады. Көріп отырғаныңыздай, дамуға сан түрлі бағыттар бар. Сүйікті
ісіммен айналасып, еліміздің тарихын, өзіндік ерекшеліктерін көрсеткім келеді».
Достарыңызбен бөлісу: |