- Лизинг берушінің үшінші тарап ретінде қосылуы; - заң талаптарына және/немесе Шарттың талаптарына сәйкес Лизинг берушіден Лизинг нысаналарын алып қою туралы жазбаша талап түскен жағдайда, бірінші жазбаша талап бойынша Лизинг алушыға/Лизинг берушіге Лизинг нысаналарын қайтару жөніндегі тасымалдаушының міндеттемесі; - жергiлiктi атқарушы орган тарапынан ұсынылатын тасымалдаушылардың залалдарын өтеу бойынша берілген субсидияларды енгізу үшін тасымалдаушының жеке банк шотын ашу міндеттемесі және заңнамада қарастырылған кез келген тәсілдермен, соның ішінде Лизинг алушының пайдасына тікелей дебеттеу арқылы ақшалай қаражатты алып қою мүмкіндігімен Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін Лизинг алушының жеке банк шотына аударуға арналған бірінші кезекте жүргізілетін шығыс операциялары. - Лизинг алушының міндеттемелері: а) Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі қызмет көрсету банкінде Лизинг берушінің Бірлескен қызмет туралы шарт бойынша соңғы есепті тоқсандағы Шарт бойынша төлемдердің орташа айлық сомасынан кем емес мөлшердегі (Лизинг алушының қалауы бойынша көбірек рұқсат етіледі) тасымалдаушы тарапынан ай сайынғы негізде ақшалай қаражатты енгізуге қойылатын талаптарын қанағаттандыратын жеке банктік шотын ашу. Бұл ретте Лизинг алушы осы тармақшаның шарттарын тасымалдаушының міндеттемелері түрінде анық көрсетуге міндетті; б) Бірлескен қызмет туралы шартта көрсетілген Лизинг алушының шотында Шарт бойынша Лизинг төлемдерін жүзеге асыру үшін қажетті тасымалдаушыдан алынған қаражат жеткіліксіз болған жағдайда, Лизинг алушы жетіспейтін соманы Лизинг берушіге өз есебінен төлейді. Шарт жасалған күннен бастап __________ күнтізбелік күн ішінде __________ (кепіл нысанасын көрсету) ауыртпалықтың (кепілдің) уәкілетті органда тіркелуін қамтамасыз етуге және кепіл нысанасына құқық белгілейтін, сәйкестендіру, техникалық және өзге де құжаттарды, сондай-ақ кепіл құқығын тіркеу туралы мәліметтерді қамтитын қамтамасыз етуге арналған құжаттарды Лизинг берушіге сақтауға беруге;
Шарт жасалған күннен бастап __ (________) жұмыс күні ішінде Индустриялық-инновациялық жобаны мониторингтеу туралы келісім жасасуға (қаржыландыру көзіне және мемлекеттік бағдарламалардың талаптарына байланысты);
жыл сайынғы негізде 30 сәуірге және 30 қазанға дейінгі мерзімде Лизинг берушінің Интернет-ресурсында орналастырылған шарттар мен нысанға сәйкес тиісті жылғы 1 сәуірдегі және 1 қазандағы жағдай бойынша мәліметтерді қамтитын жылжымалы құрамның, темір жол, әуе және су көлігінің техникалық жай-күйінің мониторингі бойынша есеп беруге.
_____/жыл сайын/тоқсан сайын дейінгі мерзімде әлеуметтік-экономикалық тиімділік көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі міндеттемелерді орындау (бекітілген ҚЭН шеңберіндегі көрсеткіштерді көрсету, мысалы, жұмыс орындарының саны, өндіріс көлемі, экспорт көлемі, салық аударымдарының сомасы);
Лизинг нысанасы Лизинг алушыға уақытша иеленуге және пайдалануға берілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Лизинг берушіге аванстық төлемді қамтамасыз етуді және (немесе) оны орындау үшін шарт жасалған қаржы лизингі қызметтерін мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді қайтаруға (егер мемлекеттік сатып алу шеңберінде іске асырылған мәмілелердің талаптары бойынша талап етілетін жағдайда);
Лизинг берушінің уәкілетті органының шешімімен белгіленген барлық кейінге қалдыру шарттарын, атап айтқанда: __________;