Тексеру әдісі: қаржылық –шаруашылық қызмет бойынша құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру.
Тексеру әдісі: қаржылық –шаруашылық қызмет бойынша құжаттар бойынша барлық бөлімшелердің қызметін тексеру.
Тексеріс (ревизия) қаржылық бақылаудың кең тараған әдісіне жатады. Кәсіпорынның шаруашылық қызметіне белгілі нақты және құжаттық бақылау әдістері мен тәсілдері арқылы бақылау жүргізу.
Субъектінің шаруашылық қызметін қамтуына байланысты тексерістің келесідей түрлерін атап көрсетуге болады:
Толық
Іріктемелі
Тақырыптық
Нақтылы
Зерттеу – кәсіпорынның қызметінің негізгі, жеке тұстарын қамтиды. Осыған сәйкес орындалған жұмыстарды, материалдық шығындарды, отынды, энергияны есептеу жүргізіледі. Қадағалау қаржылық қызметтің белгілі бір түрі үшін: сақтандырушылық, инвестициялық, банктік және т.б. қызметтер үшін лицензия алған бақылау органдар арқылы жүзеге асырылады. Ол бекітілген нормативтердің жүзеге асырылуын қадағалайды.
Мониторинг бұл объектінің шаруашылық, қаржылық қызметіне баға беру; қызметтің түрлі нәтижелерін анықтау және осының негізінде экономикалық жағдайды жақсартудың жолдары мен факторларын анықтау.
Қаржылық бақылауды жүзеге асыратын органдар
Жалпы мемлекеттік қаржылық бақылауды мемлекеттік билік пен басқарудың мына органдары жүргізеді:
Президенттің аппараты,
Қазақстан Республикасының Парламенті,
Үкіметі, жергілікті өкілдікті органдар (депутаттардың жиналыстары),
жергілікті әкімшілік органдары.
Бақылаудың бұл түрін Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізеді.
Жалпымемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдарға:
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі,
Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі,
Ұлттық банкі жатады.
Қаржы министрлігі, оның Қаржылық бақылау комитеті және аумақтық қаржы органдары әлеуметтік-экономикалық сфераның қаржы саласын тексереді. Олар жоспар, қаржыландырудың дара жоспары және қаржылық тәртіптің сақталуын, кірістерді есептеудің дұрыстығын, толымдылығын және дер кезділігін, мемлекет қаражаттарының жұмсалу заңдылығы мен мақсатқа сәйкестігін, бухгалтерлік есеп-қисаптың және есептеменің дұрыстығын бақылап отырады. Қаржылық бақылау комитетінің маңызды функциясы бірлескен және шетелдік кәсіпорындарды, экспорттық-импорттық операцияларды валюталық бақылау болып табылады.
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін:
Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының жүйесін:
Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті;
мәслихаттардың тексеру комиссиялары;
Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілетті берген ішкі бақылау жөніндегі орган;
орталық мемлекеттік органдардың ішкі бақылау службалары;
облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың ішкі бақылау қызметтері құрайды.