Нцнэ (самоценка)



бет2/2
Дата29.04.2023
өлшемі63,08 Kb.
#88308
1   2
Байланысты:
НЦНЭ самооценка

26 апта аяғы ауыр әйел амниотикалық сұйықтықтың төгілу шағымына байланысты істеу қажет: 

  1. терапиялық бөлімшеге жіберу

  2. гинекологиялық бөлімшеге жіберу

  3. перзентханаға жіберу

  4. уақытша үйде бақылау

  5. хирургиялық бөлімшеге жіберу

48. Акушер партограммада "10 минут ішіндегі толғақ санында' 5 торды бояды. Босану қандай жиілігімен және толғақ түрімен өтуде?



  1. аз күшпен 5 толғақ

  2. орта күшпен 5 толғақ

  3. жақсы күшпен 5 толғақ

  4. жақсы күшпен 2 толғақ

  5. ретсіз толғақ

49. 6 сағат толғақ басталғаннан кейін 39 жастағы қайта босанатын әйел адам перзентханаға түсті. Жағдайы қанағаттанарлық. Үрық бойымен орналасқан, басымен шығуда, жүрек соққысы анық, ырғақты. РУ: құрсақ мойыны тегіс, жатыр безінің ашылуы 10 см. ¥рық қабы тұтас. Басымен шығуда. Босанудың қандай кезені?



  1. дайындалу кезені

  2. латентті фаза, босанудың I кезені

  3. белсенді фаза, босанудың I кезені

  4. босанудың II кезені

  5. босанудың III кезені

50. 39-40 аптада босанудың 1 кезенінде болашақ ана перзентханаға түсті. 5 сағаттан кейін сау қыз баланы дүниеге алып келді. Сәби туылғаннан кейін акушер құрсақта екінші бала болуын анықтау үшін ішке пальпация жасады. Қүрсақта екінші бала болмауына көзі анық жеткенде акушер қан кетудін алдын алу шараларына кірісті. Акушер қандай дәрі-дәрмек қолданды?



  1. 2,0 папаверин, б/е

  2. 1,0 метилэргометрин, б/е

  3. 1,0 дицинон, б/е

  4. 2,0 окситоцин, б/е

  5. 2,0 анальгин т/і

51. Жеңіл дәрежелі анемия диагностикаланған баланың тамақтану рационы бойынша анасына беретін ұсынысты көрсетіңіз:



  1. ет, балық, субөнімдер, қарақұмық және сұлы жармасын қолдану

  2. сүт, қышқыл-сүт өнімдері

  3. жемістер, көкөніс салатын, винегрет, көкөніс консервілерін қолдану

  4. көкөніс сорпасын, емдәмдік шұжықтар, ботқалар, макарон қолдану, тұзды шектеу

  5. ет, балық, субөнімдер, саңырауқұлақтар, бұршақ дақылдарын шектеу

52. Қозғалу активтілігінің "палаталық" режимін түсіндіріңіз



  1. палатаның ішінде шектеулі уақыт ішінде жүруге рұқсат етілген

  2. тек қана төсекте қозғалуға ұсынылған

  3. тек қана палатаның ішінде жүру және өзін-өзі күтуге рұқсат етілген

  4. өзін-өзі күтудегі шектеулі қимылдар жасауға болады

  5. тек қана медбикенің қарамағында жүруге болады

53. Науқас К- на. 40 жас ауруханаға есін жоғалтумен және тонико- клоникалық тырысулармен әкелді. Ең тиімді зерттеу әдісін таңдаңыз:



  1. электромиография

  2. реоэнцефалография

  3. ультрадыбыстық допплерография

  4. электроэнцефалография

  5. эхо-энцефалография

54. Медбике босанудан кейінгі патронажды нешінші тәулікте жүргізеді?



  1. алғашқы 3 күн

  2. 7 күн

  3. 14 күн

  4. 21 күн

  5. алғашқы айдың кез келген күн

55.  Дененің барлық жеріне таралған ісік қалай аталады:



  1. Асцит

  2. Анасарка

  3. Гидроперикардит

  4. Гидроторакс

  5. Пиопневмоторакс.

56. Дисфункционалды жатырдан қан кетудің негізгі себебін көрсетіңіз:



  1. эндометрий полипі

  2. аналық без дисфункциясы

  3. жатыр миомасы

  4. цервицит

  5. эндометриоз

57. Қабылдау бөліміне жүктілік мерзімі 11 апталық жүкті әйел келді, ішінің төменгі бөлігінің толғақ тәрізді ауырсынуына, жыныс жолдарынан аздап қанды бөліністің болуына шағымданады. Айнамен қарауда: мойындық саңылау және жатыр мойнының сыртқы аңқасы жабық. Қай жағдай жайлы ойлауға болады?



  1. басталған түсік

  2. жолдағы түсік

  3. жатырдан тысжүктілік

  4. толықеместүсік

  5. басталмаған түсік

58. Жүкті әйелдің іш айналымы сантиметрлік лентамен өлшенеді:



  1. горизонтальды қалыпта, кіндік деңгейінде

  2. вертикальды қалыпта, кіндік деңгейінде

  3. горизонтальды қалыпта, мықын сүйектерінің қырлары деңгейінде

  4. вертикальды қалыпта, мықын сүйектерінің айдары деңгейінде

  5. горизонтальды қалыпта, жатыр түбінің ең жоғары нүктесі деңгейінде

59. Қынаптың ІІ-ші тазалық дәрежесіне тән:



  1. қынаптық бацилла бар, эпителиалды клетка бар, қышқыл орта

  2. қынаптық бацилла аз, эпителиалды клетка бар, әлсіз қышқыл орта

  3. қынаптық бацилла өте аз, аздаған лейкоцит, бактериялар бар, әлсіз сілтілі орта

  4. қынаптық бацилла жоқ, лейкоциттер көп, сілтілі орта

  5. қынаптық бацилла жоқлейкоциттер және бациллалар өте көп

60. Өнеркәсіптік кәсіпорынның медициналық пунктіне бетінің асимметриясына, көздің жасаурауы, қабақтың жабылмауы, қасын жоғары көтере алмауына қатысты шағымдармен әйел қаралды. Нервтің қайсысының зақымдалуы:



  1. көру нерв

  2. бет нерв

  3. үштік нерв

  4. иіс сезу нерв

  5. көз қозғалтқыш нерв

61. .Инсульт кезіндегі бастың ауруы , жүрек айнуы , құсу , естен тану симптомына жатады :



  1. ошақты

  2. жалпы милық

  3. шешім қабылдайтын

  4. реттелетін

  5. реттелмейтін

62. Субдуральды гематоманың жиі кездесетін себебі :



  1. инфекциялық ауру

  2. бас сүйегінің зақымдануы

  3. тамырдың тромбозы

  4. артериалды гипертензия

  5. артериалды гипотензия

63. Балалардағы ойық жаралы аурудың патогенезінде маңызды



  1. қышқыл-пептидті агерессияның жоғарлауы

  2. Helicobacter мен індеттену

  3. гастрино-гистамин түзуші клеткалардың төмендеуі

  4. шырышты қабықтың муцин түзу интенсивтілігінің жоғарлауы

  5. асқазанның антралды бөлігінде бикарбонаттар секрециясының жоғарлауы

64. Бала 6 жаста, медициналық көмекке жүгінді. Жіті аурды, ангинадан кейін дене қызуы 39 дейін көтерілді, ісінулер пайда болды. Баланын жалпы жағдайы ауыр, терісі бозарған, жалпы ісінулер. Қан анализі: лейкоцитоз,ЭТЖ -44 мм сағатына. Зәр анализі: ақуыз -3,8%, эритроциттер -10-15, лейкоциттер -6-8. Қандай ауру туралы айтылған?



  1. Жедел гломерулонефрит

  2. Жедел пиелонефриті

  3. Несеп-тас ауруы

  4. Созылмалы гломерулонефрит

  5. Созылмалы пиелонефрит

65. Нәрестеде ортақ 4 қауіпті белгілерінің бірі болса, оны тездетіп ауруханаға жіберу керек.Соны белгілеңіз



  1. Нәресте нашар емеді

  2. Қатты жөтеледі

  3. Осы ауыру кезінде тырысу болса

  4. Мазасыздану

  5. Қатты жылайды

66. Әкесі 1 жасар баласын жоғары лақтырып тұрып, байқаусызда еденге 


құлатып алды. Бала басымен соғылып, қысқа уақытқа  есінен тану,
 тынысының тоқтауы,  тері жабындары бозаруы, бір ретті құсу болды. Соңынан бала ұйықтап қалды.  Қарағанда оң жақ төбе көлемі 3x2 см аймағында ішке қарай, тереңдігі 0,7 см-ге кіріп тұр. Сол жақ
білектің деформациясы, пальпацияда қатты ауырсынады.  Неврологиялық 
статусында патологиялық белгілер жоқ. Нақты диагноз қою  үшін 
мейіргерлік тексеру жоспарыңыз: 

  1. бас сүйегінің және білек сүйектерінің рентгенографиясы, бастың КТ 

  2. бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, люмбалды пункция 

  3. бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, бас миынУДЗ 

  4. бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, артериалды қысымды  өлшеу 

  5. бас және білек сүйектерінің рентгенографиясы, көз түбін тексеру 


67. Гемотрансфузиядан 30 минуттан кейін науқаста қалтырау, дене температурасының 37,6°С дейін жоғарылауы, бас ауру, селқостық, өздігінен басылатын бұлшықеттеріндегі ауырсыну пайда болды. Науқаста дамыған жағдайды көрсетіңіз:

  1. жеңіл дәрежелі гемотрансфузиялық реакция

  2. орташа дәрежелі гемотрансфузиялық реакция

  3. ауыр дәрежелі гемотрансфузиялық реакция

  4. аллергиялық реакция

  5. циркуляторлы жүктүсу

68. Қанның резус-фактор анықтауда медбике анти-Д-супер цоликлонын қолданды, планшетте 0,1 мл цоликлон және 0,01 мл қанды араластырды. Нәтижесін қанша уақыттан кейін бағалау қажет?



  1. араластырғаннан кейін

  2. 1 минуттан кейін

  3. 3 минуттан кейін

  4. 5 минуттан кейін

  5. 10 минуттан кейін

69. Сізге 1 жасар баланың анасы баласыныңтәбетінің нашарлығына, әлжуаздығына шағымданакелді. Қарап тексергенде: тері жамылғысы мен кілегейлі қабаттары айтарлықтай бозарған. Жүрек үшыаймағында систолалық шуестіледі. Қанныңжалпыанализінде: гемоглобин - 72 г/л; эритроциттер- 3,1х1012/л; түсті көрсеткіші 0,7. Сіздің баланың диагнозы туралыең дәлірек тұжырымыңыз:



  1. В-12 тапшылық анемиясы

  2. Ақуыз тапшылық анемиясы

  3. Гемолитикалық анемия

  4. Теміртапшылық анемиясы

  5. Гипопластикалық анемия

70. Фебрильді тырысуларды басу үшін бірінші кезектегі таңдаулы препарат



  1. 10% кальций глюконат ерітіндісі

  2. 25% магний сульфаты ерітіндісі

  3. 0,5% седуксен ертіндісі( диазепам,реланиум)

  4. 5% глюкоза ертіндісі

  5. 10% глюкоза ертіндісі

71. А вирусты гепатиттінің сарғаюсыз түріне биохимиялық көрсеткіштердің қандай өзгерістері тән:



  1. Гипербилирубинемия

  2. Трансаминазалар деңгейінің жоғарлауы

  3. Сілтілі фосфатазаның жоғарлауы

  4. Холестерин деңгейінің жоғарлауы

  5. Трансаминазалар деңгейініңтөмендеуі

72.Электродәнекерлеу кезінде көздің ультракүлгін сәулемен күюі жағдайында мейіргерлік алғашқы көмек көрсету алгоритмін көрсетіңіз



  1. көздің сумен жуу

  2. қабақтар астына тетрациклин майын салу көзге таңғыш қою

  3. көзге 0,3% ципрофлоксацин (ципролет) ерітіндісін тамызу

  4. көздің ауырсыну сезімін басу үшін 0,5% тетракин немесе 1-2% прокаин ерітіндісін тамызу

  5. көздің ауырсыну сезімін басу үшін 0,5% левомицитин немесе тетрациклин ертіндісін тамызу


73. Медициналық пункте оң иық буынын қатты жарақаттаған науқас келді. Қарау кезінде медбике оң иықтың конфигурациясының өзгеруін және деформациясын, қолдарының ұзындықтарының айырмашылығын, осы буынның қимылының шектелгенін анықтады. Сіздің болжамды диагнозыңыз:

  1. Буынның шығуы

  2. Сынық

  3. Соғылу

  4. Созылу

  5. Бұлшықеттердің жыртылуы

74. Науқас төбелес кезінде ауыр затпен басынан соққы алды, есінен танды және құлады. Қарау кезінде мұрын мен құлақтан ликвор ағуда. Сіздің болжамды диагнозыңыз:



  1. бассүйек негізінің сынуы

  2. бас миыныңсоғылуы

  3. бас миының шайқалуы

  4. бас миыныңжаншылуы

  5. субдуральды гематома

75. Қою шие түстес қанның үздіксіз ағуы қандай қан кетуге тән.



  1. Капиллярлы

  2. Аралас

  3. Венозды

  4. Артериальды

  5. Тамырлық



76. Науќаста тік ішектің ампулярлы аймағында ісік аныќталған. Саусаќпен тексергенде ісікке жетпейді. Ќандай диагностикалыќ әдіс ќолданылады:



  1. Лапароскопия

  2. Колоноскопия

  3. Ирригоскопия

  4. Іш ќуысы УДЗ

  5. Ректороманоскопия

77. Жедел холециститтің негізгі клиникасы



  1. Оң жақ қабырға астындағы тұрақты ауырсыну ,жүрек айну ,құсу
    іш аймағындағы ауырсыну ,іш өту

  2. Іштің кебуі ,іш қату ,температураның жоғарлауы

  3. Бел аймағында ,жауырынға иррадиация беретін ауырсыну, іштің кебуі

  4. Белді айналдыратын ауырсыну ,көп ретті құсу

78. Науқаста құлақ құлығы. Дәрігер 3 % сутегі асқын тотығының 5 тамшысын есту жолына тамызуды тағайындады. Медбике қолын өңдеді, науқасты отырғызды, басын бір жаққа еңкейтті, науқастың киімін жаялықпен шектеді, құлақ қалқанын жоғары және артқа ығыстырды.пипеткамен тағайындалған препараттың 5 тамшысын тамызды, препарат таралу үшін құлақ төмпешігіне басты, есту жолын мақта тампонмен жапты, бірнеше минут осы қалыпта отыруын сұрады. Медбикенің жіберген қатесін көрсетіңіз:



  1. енгізер алдында ерітіндіні 37-38°С дейін жылыту керек

  2. есту өтісін мақтамен жабудың қажеті жоқ

  3. есту жолын мақталы-бинттік байламмен жабу

  4. ерітіндіні 40-45°С дейін жылыту керек

  5. емшарастандартбойынша жүргізілген

79. 20 жастағы науқаста мұрын жарақатынан кейін мұрнынан қан кетті. Сіздің әрекетіңіз:



  1. науқасты отырғызу, басын алдыға және төмен еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауыларына 3% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою

  2. науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігіне салқын қою және мұрын саңылауыларына 5% сутегі асқын тотығына малынған тампон қою

  3. науқасты отырғызу, басын төменге және алдыға еңкейту, кеңсірігіне салқын қою және мұрнына новокаин ерітіндісіне малынған тампон қою

  4. науқасты отырғызу, басын шалқайту, кеңсірігіне салқын қою

  5. науқасты отырғызу, басын төмен және алдыға шалқайту, кеңсірігіне салқын қою

80. 32 жастағы героиндік наркоманиямен зардап шегетін науқас X., соңғы 3 күнде еріксіз наркотик қабылдауды тоқтатқан. Нарколог қарауы кезінде бүкіл денесіндегі күшті ауру сезіміне, жүрегі мен асқазанындағы жағымсыз сезімге, жүрек айну және іш өтуіне шағымданады. Қозғалыс мазасыздығы жағдайында, сұрақтарға тітіркеніп жауап береді, үнемі наркотик немесе қандай да бір дәрі беруді сұрайды. Осы жағдайда емдеуді бастау керек



  1. психофармакотерапиядан

  2. инелік рефлексотерапиядан

  3. психотерапиядан

  4. электро-тырысулы терапиядан

  5. психоактивті заттарға мүлдем тиым салудан

81. Қақпақшалы пневмоторакс кезінде жасау керек:



  1. Микротрахеостома

  2. Кеңірдек интубациюсын

  3. Қабырғаны орнына келтіру

  4. Жасанды өкпе вентиляциясын

  5. Плевральды қуыс пункциясын

82. Стационарға оң табанның түйрелген жарақатымен науқас түсті. Анамнезінен: 5 күн бұрын тот басқан шегеге басып кетті, жараны йодпен өңдеп, таңғыш салды. Бірақ жағдайы нашарлап, жара аймағында ауырсыну, гиперемия, ісіну пайда болды. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта, тахикардия, дене температурысы 40°С, ентікпе, аузын қиналып ашады, жұту қиындаған, бет бұлшықеттерінің тырысулары анықталады. Сіздің болжам диагнозыңыз:



  1. Тілмелік қабыну

  2. Абсцесс

  3. Сепсис

  4. Сіреспе

  5. Бет нервісінің невриті

83. Жұлын зақымдалуының тұрақты көрінісі:



  1. Жүрек-қантамыр жүйесінің бұзылысы

  2. Жамбас ағзаларының функцияларының бұзылысы

  3. Буындағы пружиндік фиксация

  4. Бет нервные сплетения парезы

  5. Тыныс алу бұзылысы



84. Күйік бөлімшесіне келесі медициналық диагнозбен науқас түсті: кеуде орының алдыңғы мен екі аяқтың термиялық күйігі. Күйік алаңын анықтаңыз:



  1. 0,54

  2. 0,18

  3. 0,27

  4. 0,09

  5. 0,72

85. Науқас айналаға қарап тұрып, терезеден біреу оны шақырып тұрғанын айтады және оған жауап қайтарады. Дәл осы жағдай басқалардың да бірдей еститініне сенімді. Бұзылуды анықтаңыз:



  1. Рефлекторлы галлюцинация

  2. Шынайы галлюцинация

  3. Психосенсорлық бұзылулар

  4. Парейдолиялық иллюзия

  5. Псевдогаллюцинация

86. Дифтериялық круп негізінде қандай патогенетикалық механизм жатыр?



  1. көмей шырышты қабатыныңжедел қабынуы

  2. көмей фиброзды қабатының жедел қабынуы

  3. көмей шырышты қабатыныңсозылмалы қабынуы

  4. маңдай қойнауының жедел қабынуы

  5. торлы қойнаудың жедел қабынуы

87. Жоғары көңіл-күймен, айқын мимика және ыммен, жылдам сөйлеумен, жоғары әрекетпен сипатталатын қозу:



  1. аутестикалық

  2. катотоникалық

  3. гебефрениялық

  4. маниакальды

  5. астениялы

88. Бронходренажды гимнастиканы өткізуге ең қолайлы рациональды уақыт:



  1. Мукалитикалық препараттарды қабылдаған соң

  2. Дозаланған жүрістен кейін

  3. Күндізгі ұйқы алдында

  4. Түнгі ұйқыдан кейін

  5. Тамақ қабылдаған соң

89. Аз интенсивті жаттығуларға жатады:



  1. иықтың пронациясы мен супинациясы

  2. ортаңғы темпте отырып тұру

  3. минутына жылдамдығы 90 адым жұру

  4. минутына жылдамдығы 100 адым жұру

  5. 200 метрге жүгіру

90. Бірінші студент курсі 3 апта бұрын денесінде, тізе мен шынтағының терісіне қызарған қышыма түйіндердің пайда болу шағымдарымен дәрігерге қаралды. Қарап тексергенде: терісінде шектелген, беті ақшылт қабыршықпен қапталған қызғылт түсті дақтар. Бөртпелер аяқ-қолдардың бүгілетін беттерінде совокупиялы түрде орналасқан. Денесінде ретсіз орналасқан қызғылт түлеген папулалар.



  1. Экзема

  2. Кәдімгі псориаз

  3. атопиялық дерматит

  4. рубромикоз

  5. сифилис

91. Физикалық жүктемеге жауаптың (реакцияның) рациональды типіне жатқызуға болады:



  1. нормотоникалық

  2. гипотоникалық

  3. гипертоникалық

  4. сатылы

  5. дистониялық

92. Көру өткірлігін анықтауда науқас пен Головин-Сивцев кестесі аралығындағы қашықтық тең:


варианты ответов










93. Ер адам супермаркеттің парфюм бөліміне барған соң, мұрынның қышуы, түшкіру, мұрынның бітелуі, мұрынмен тыныс алудың қиындауына шағымданды. Аруды анықтаңыз. Дұрыс жауап вариантын таңдаңыз:



  1. бактериалы ринит

  2. вирусы ринит

  3. саңырауқұлақты ринит

  4. аллергиялық ринит

  5. токсикалық ринит

94. Ларинготрахеитке тән үш белгілер:



  1. Жөтел, мұрын бітелуі, дене қызуының көтерілуі

  2. Үрген жөтел, ентігу, дауыстың үнсіз болуы

  3. Тамақ ауырсынулары, жөтел, дауыстың үнсіз болуы

  4. Дисфагин, дисфония, мұрын бітелуі

  5. Мұрын бітелуі, жөтел

95. Эпилепсиялық талмаға тән:



  1. Мәнерлеп қимылдардың массысы бар жаяу қозғалыстар

  2. Жағдайды реттеу

  3. Ауыр жаракаттар, тілдің тістелуі

  4. Тұтылу кезеңі үшін толық амнезия болмауы

  5. Оқушылар реакцияларын сақтау

96. Сауда орталығына келушілер кенеттен бір орында қатып қалған адамға назар аударды.Беттің көрінісі жоқ, көз қарасы бір нүктеге қадалған, сөзге мән бермейді. Аталған симптомдар тән



  1. кататоникалық ступорға

  2. кататоникалық қозуға

  3. гипохондриялық синдромға

  4. астениялық синдромға

  5. аментивті синдромға

97. 7 жастағы балаға сирақ-табан буынының шығуына байланысты салынған гипсті алғаннан кейін массаж тағайындалды. Массаждың қандай тәсілдерін қолданасыз



  1. сипау, сылау, ұрғылау тәсілі

  2. Сипау , сылау

  3. сылау, сипау, үздіксіз діріл

  4. сипау, үздіксіз діріл

  5. сипау, ұрғылау тәсілі

98. Ойылудың алдын алу үшін уқалау қай аймаққа жүргізіледі?



  1. Сүйектердің үзінділеріне

  2. 5 см сүйек үзінділеріне

  3. Тек жақсы көрсетілген б.е. қабаты

  4. Тек жоғарғы және төменгі бөліктер

  5. Белмен мойынның аймағы

99. Науқас А. 55-жаста. Науқас құрғақ қигалмалы жөтелге, ентігуге, тұншығу ұстамасына, жалпы әлсіздікке шағымданады. Жалпы қарауда цианоз байқалады, тері қабаты бозғылттанған. Аускультацияда өкпеде ысқырықты сырыл анықталады. ЖҚА-да лейкоцитоз, эозинофилия анықталады. Қақырық анализинде- Куршман спиральдары, Шарко-Лейден кристалдары анықталды. Физиотерапияқ емнің түрі:



  1. Ингалялық терапия

  2. Ультрадыбыс терапия

  3. Гальванизация

  4. Флюктуоризация

  5. Дарсонвализация

100. Физиотерапияға жалпы кері көрсеткіштер:



  1. Бронхылы демікпе

  2. Тілме ауруы

  3. Қатерлі ісіктер

  4. Гингивит

  5. Түтікшелі сүйектердің сынулары


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет