Үндестік заңы туралы ұғым Дыбыстардың өзгеруі мен үндесуі



Pdf көрінісі
бет1/13
Дата07.01.2022
өлшемі275,99 Kb.
#18742
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
ппппп



 

 



 

Жоспар

1)  Үндестік  заңы  туралы  ұғым 

2)  Дыбыстардың  өзгеруі  мен  үндесуі 

3)  Дыбыстардың  алмасуы 

4)  Ықпалдардың  түрлері 

5)  Бунақ  және  екпін 

6)  Сингормонизм 

7)  Тіл  үндестігі 

8)  Ерін  үндестігі 

9)  Аккомодация. 

10) Дауыстылар  мен  дауыссыздардың  үндесуі 

11) Дауыссыздар  мен  дауыстылардың  үндесуі 

12) Ассимиляция  және  оның  түрлері 

13)  Диссимиляция. 

14) Пайдаланған  әдебиеттер  тізімі



 

Үндестік  заңы  туралы  ұғым 



 

Адамның  тілі  --  дыбыстық  тіл.  Біз  өз  ойымызды  осы  дыбыстардың  тіркесі,  тізбегі 

арқылы  білдіреміз.Дыбыстардың  өзара  тіркесуінде  әр  тілдің  өзіне  ғана  тән  белгілі 

бір  қалыптасқан  заңдылық,  жүйе  болатыны  айтылады.  Мәселен,  қазіргі  қазақ 

тілінде  түбір  мен  қосымшаның  немесе,  сөз  бен  сөздің  арасында  қатаң  қ,  к,  п 

дыбыстарының  дауыстылармен  қатар  тұру  мүмкіндіктері  жоқ  деуге  болады.  Ал 

морфемалардың  құрамында  бұлар  қатар  тұра  да,  айтыла  да  береді.Қазақ  тілінде 

көбіне  алдыңғы  дыбыс  өзінен  кейінгі  дыбысқа  ықпал  етіп,  игереді.  Мысалы,  бір 

ғана  көптік  жалғауы  тоғыз  вариантта  ұшырайды.Оны  орфографиялық  норма  деп 

есептеп,  қалған  үшеуі  айтуда  ғана  кездеседі.  Олар:  -лөр,  -дөр,  -төр.  Бір  жалғаудың 

бұлайша  көп  вариантты  болып  келуі  сөздің  соңғы  буынына  және  дыбысына 

байланысты  болады  да, тіліміздің  тарихи  дамуының  нәтижесі  түрінде  табылады. 

Қазіргі  қазақ  тілінде  түбір  мен  қосымшаның  аралығында  қатар  келген  буындар 

мен  дыбыстардың  өзароа  үйлесімі,  яғни  тілімізге  тән,  өзімізге  мектептен  таныс, 

негізгі  үндестік  заңдар  мынадай болып келеді: 

1.  Түбірдің  соңғы  буыны  жуан  болса,  оған  жалғанатын  қосымшалар  да 

жуан  буынды  болады: қала-лық-тар-ға, ал-ды-рың-дар, жылқы-лар-ымыз. 



2.  Түбірдің  соңғы  буыны  жіңішке  болса,  оған  жалғанатын  қосымшалар  да 

жіңішке  буынды  болып  келеді:  пионер-лер-дің,  мұғалім-дер-ге,  кел-тір-ің- 



дер. 

3.  Түбірдің  соңғы  дыбысы  дауысты  не  үнді  болса,  оған  жалғанатын 

қосымшаларұяң  не  үндіден  басталады:  бала-ға,  бала-лар,  бала-мен,  жел-ге, 



жел-мен, жел-дің. 

4.  Түбірдің  соңғы  дыбысы  ұяң  болса,и  қосымша  ұяңнан      басталады:  уәж- 

дер, уәж-ден, қаз-дар, қаз-ға т.б. 

5.  Түбірдің  соңғы  дыбысы  қатаң  болса, қосымша  тек  қатаңнан  басталады: 



мақсат-қа, мақсат-пен, мақсат-тан, университет-те, университет-пен. 

Морфемалардың  біріңғай  жуан  не  жіңішке  буынды  болып  және  олардың 

аралығында  қатар  келген  дыбыстардың  біріне-бірі  акустика-артикуляциялық  жақтан 

бейімделіп,  үйлесіп  тұрудың  дыбыстардың  үндесуі  немесе  үндестік  заңы  деп 





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет