Үнді философиясы



бет1/2
Дата04.12.2023
өлшемі32,98 Kb.
#134245
  1   2
Байланысты:
Унди Китай


Үнді философиясы
Жалпы адамзат тарихында қола дәуірінен өту өндіргіш күштердің ширақ дамуына ғана әкеліп соққан жоқ, сонымен қатар рулық, алғашқы қауымдық қоғамның ыдырап, құлдық қоғамның пайда болуына, ой еңбегінің дене еңбегінен бөлінуіне, адамның белсенді іс-әрекеті арқасында өзінің табиғат құдыреттері алдындағы әлсіздігі, бағыныштылығы сияқты құбылыстарды жоюда алғашқы қадам жасауына, сол табиғат құбылыстары туралы білімнің қалыптасуына осы негізде абстракциялық ойлау қабілетінің өсуіне мүмкіндіктер туды. Сөйтіп ғасырлар бойына қалыптасқан әдет-ғұрып, дәстүр, дүниетанымдық көзқарас күйзеліске ұшырап, олардың орнына қоғамда қалыптасқан жаңа жағдайларды түсіндіретін тың көзқарас кең өріс ала бастады. Бұл көзқарас қияли заңдылықтарға сүйенген мифологиялық дүниетаным мен жаңадан дүниеге келіп жатқан білім және ойлау қабілетінің арасындағы қайшылықтарды шешуге тырысты. Бірақ, мұндай көзқарас әлі де болса философия емес еді. Себебі, ежелгі шығыста өндірістік тәсілдің баяу қалытасуы, философиялық ой-пікірдің сол кездегі жетістіктермен нашар байланыста болуы, шығыс философиясының діни-мифологиялық көзқарастан, күнделікті әдептілік санадан толық арылуына мүмкіндік бермеді.
Дегенмен де, табиғат құбылыстары мен оларың арасындағы өзгерістерді сыйқырлы, танылмайтын беймәлім күштердің құдыретінен деп ұғып, адамға ұқсас құдай бейнесін жасау – абстракциялы ойлау процесінің жетілгендігін көрсетіп, дүниетанымдық көзқараста философияның жеке бағыт қалытасуына қажетті алғашқы шарт болды. Осының нәтижесінде, кезінде жоғары деңгейдегі мәдениеттің арқасында әлемге әйгілі болған шығыс елдердің философиялық ілімдері қалытасты.
Біздің жыл санауымыздан үш мың жыл бұрын ежелгі үнді жерінде қауымдық қоғам ыдырап, оның орнына құлдық қоғам қалыптаса бастады. Осыған орай ежелгі үнді қоғамы 4 варнаға (каста) бөлінді. Олар: брахмандар (абыздар), кшатрийлер (әскербасылар), вайшьилер (ауқатты шаруалар) және шудралар (құлдар). Әр варна тұйықталған әлеуметтік топ болды да, әрқайсысы қоғамда өзіне тиесілі орын алды және өздеріне ғана тән әстүрлі мамандықтары болды. Мысалы, брахмандардың үлесіне – ой еңбегі, кшатрийларға - әкери қызмет, вайшьилерге – ауылшаруашылық, қолөнер кәсібі, сауагерлік тисе, шудраларға - қара жұмыс қана тиді. Ежелгі үнді қоғамының осы даму кезеңіне сай мифологиялық, философиялы көзқарастары да қалыптасты. Олар негізінен үнді мәдениетінің ескерткіші ведаларда (веда б.д.д. 1500 ж.) Жинақталған. Ведалар төрт бөлімнен тұрады: 1. Самхит - құдайларға арналған гимндер жинаға; 2. Брахман – самхитті түсіндіретін әртүрлі мифологиялық әңгімелер, ритуалдар т.б.; 3. Араньякта (орман кітабы) брахманға тән ритуалдың орнына құдайларды іштей сыйлап-құрметтеу, олар туралы ойланып-толғану сияқты көзқарас; 4. Ведалардың ең соңғы сатысы “упанишадта” дәстүрлі варналарды бір-біріне қарсы қоюдан гөрі, олардың арасындағы айырмашылықты ең жоғары білім арқылы жоққа шығаруға болады деген идея уағыздалады.
Упанишадты басты тезисі брахман туралы. Ғарыштың негізінде мәңгі мәнділік – брахман жатыр. Ал одан барлық заттар дамып өскен. Олай болса, брахман – бар әлемнің генетикалық, түпнегіздік бастамасы және олардың соңы. Брахман екі түрлі болады. Біріншісі - қозғалмайды, нақты өмір сүреді, бірақ жойылып кетуі мүмкін, ал екіншісі – жойылмайды, өлмейді, қозғалыста болады және ақиқат. Бірінші брахман көптүрлі болса, екіншісі – жалқы. Кейбір жағдайларды брахманмен қатар, синоним ретінде, атман ұғымы да қарастырылады. Атманның табиғаты – бір жағынан дене сияқты болса, екінші жағынан рух сияқты. Рухты атман – тіршіліктің негізгі, ал екеуі қосылып, барлық денелердің ішкі бастамасы, негізгі және соңы болады. Атман тек бастама ғана емес, ол – саналы тіршілік иесі, әлемді жаратушы. Брахман және атманмен қатар тұрған ұғымдардың бірі – пуруша және “мен”. Пуруша (еркек) – ол әлем, адам түріндегі әлем. Сондықтан атман бастапқыда пуруша түрінде болып, “мен әлемді жаратамын”, - деп: аспан суын, сәуленің бөлшектерін, өлімді, суды жаратты. Осыдан біз атманның саналы екенін түсінеміз. Упанишадта “менді” брахманмен, атманмен деп түсінгенде ғана, адам өзін құдаймен, бүкіл әлеммен теңмін деп, түсінеді. Ал “мен” – бір бөлек, брахман, атман – бір бөлек деп түсінетін болсақ ол – білімділікке жатпайды. Ал егер атманды танып-білсек, барлығын да білгеніміз. Жалпы, білімділік упанишадта өте жоғары бағаланады. Мысалы, тікелей құрбандық шалу туралы білім өте құндырақ. Өмірдің ең басты мақсаты – тірі кезінде атман брахманмен қосылып-бірігу. Өмір қиыншылығынан, құмарлығынан, үмітінен, қызғаншақтықтан тыныштық тауып, алдап-арбаусыз ой кешіп, атманды түсініп-білген адам нағыз брахман болып құдайға, әлемдік құрылымға айналады. Упанишадта жанның көшіп-қону идеясы ең басты идеялардың бірі. Қайта-қайта айналып келетін жанның сансар тырнағынан құтылу үшін аскеттік өмір сүріп, ең жоғары білім алуы басты шарт болып саналады.
Ведалар негізінде қалыптасқан философиялық ілімдер сол ведалардың беделін мойындау-мойындамауына байланысты әртүрлі бағыттарға бөлінеді: жайнизм, буддизм, даршандар, чарвактар-локаяттар, санкхья т.б. Жайнизм (“жина” – жеңімпаз). Жайнизмнің негізгі философиялық көзқарастары “сиддханта” деп аталатын кітаптар жинағында берілген (б.д.д. Ііі ғ.). Жайнизм сансарға (жанның бір денеден екінші денеге көшіп жүруі), кармаға (әділ жаза заңдылығы) және мокшаға (жанды қасіреттен азат ету) сенеді. Жайнизмнің басты мақсаты - қасірет деп түсінген өмірден азат болу. Жайнизмнің ілімінше, карма заңын құдайларға құрбандық шалып өзіңе қаратуға болмайды. Жанның бұрынғы өмірде жасаған келеңсіз істерінің салдарын осы өмірді жеңуге болады. Ол үшін сансардан құтылу қажет.
Жайналықтар әлемді тіршілігі бар және тіршілігі жоқ деп екіге бөледі. Тіршілігі жоқ (аджива) әлем атомдардан (ану) тұратын материядан (пудгала) құралады. Олар бір-бірімен қосыла, бөліне алады. Оларға, сонымен қатар, кеңістік (акаша), уақыт (кала), орта және қозғалыс жатады. Тіршіліктің жаны бар. Керек десеңіз, жердің де жаны бар. Жанның өзі әртүрлі болады. Егер ауа, су, жер, от, өсімдіктер тек қана сезіне алса, құстарға, жануарларға, адамдарға сезім мүшелері арқылы түйсіну тән. Жалпы алғанда, тіршілік мәңгі, бірақ ол материалдық денелер түрін қабылдаған көптеген жандарға бөлініп кетеді де, бір денеден екінші денеге ауысып отырады. Жайнизм мокша тіршілік пен тіршілігі жоқтардың арасын толығымен алшақтатса, карма оларды біріктіреді, сөйтіп, мәңгі әлемдік процесс жүріп жатады. Карманың өзі көп түрлі болады. Оның бірі денеміздің табиғатын, бізді дүниеге әкелген жанұямызды айқындаса, екіншісі өмірдің ұзақтығын, үшіншісі – тіршілік пен тіршілігі жоқтарды біріктіруді негізі болып есептелетін құштарлыққа, ләзаттануға қатынасты айқындайды. Ал сансардан азат болу үшін “үш қазынаны” сақтау керек. Олар: дұрыс қылық, шынайы білім, дұрыс сенім.
Дұрыс сенім – тиртханкалар деп аталатын 24 әулиенің іс-әрекетіне сену болса, дұрыс қылық - тазалықты, шындықты, сабырлықты, өзіне қаталдықты, салмақтылықты т.б. Сақтау. Ал шынайы білім – жанның сезім мүшелері мен ақыл-ойға сүйенбей алған білімі. Мұндай танып-білу процесінде жан қарастырып отырған заттармен тікелей байланысады. Ал түйсіктер, ақыл-ой болса мұндай байланысқа кедергі жасайды. Танымның үшінші түрі өз тарапынан үш сатыдан тұрады. Бірінші сатысында – жан алшақтығы және ұзақ заттарды түйсінеді, екінші сатысында - өз бойындағы адамдарға деген қызғанышты, жек көрушілікті жеңген жан адамдардың қазіргі және өткен кездегі ойларын тікелей білуге мүмкіндік алады, ал үшінші сатысында – азат болған жанға көрегендік қасиет, абсолюттік білім дариды.
Жайналардың пікірінше, әлем бірінің үстіне бірі орналасқан көп қабаттан тұрады. Төменгі екі қабатында - әзәзіл (перілер), ортаншы қабатта – жер, келесі қабатта - құдайлар, ал ең жоғарғы қабатта - құдайларға ұқсас джиндар орналасқан. Шындап келгенде, жайналардың пікірінше, құдай жоқ, оның бар екендігі туралы келтіріп жүрген дәлелдердің бәрі негізсіз, қате, сондықтан да құдайға емес, 24 тиртханкараға (әулиелер) және джиндарға сену керек.
Жайнизм кейінірек келе дигамбар және шветамбар деген екі сектаға бөлініп кетті. Жайнизмге үндістанда қазірдің өзінде де көптеген адамдар сенеді.
Буддизм. Бұл философиялық ағымның шығу тарихы принц сиддхарта гаутаманың (б.д.д. 563-83 жж.) Есімімен тығыз байланысты. Буддизм ілімі бойынша, өмір - қасірет. Адам қандай әлеуметтік сатыда тұрса да аурудан, кәріліктен, өлімнен құтыла алмайды. Оған құдайға шалған құрбандық та көмектесе алмайды. Қасіреттен құтылудың бірден-бір жолы – сансардан (жанның бір денеден бір денеге ауысып отыруы) толық азат болу. Ол үшін адам төрт түрлі ақиқатты білуі қажет: 1. өмір - қасірет. өмірге келу, кәрілік, ауру, өлім, жақсы көрген нәрсеңнен айрылу, қажетіңе жете алмау т.б. – осылардың бәрі - қасірет; 2. Қасіреттің пайда болуы туралы ақиқат; 3. Қасіреттің пайда болу себебі - өмірден ләззат алуға деген құштарлық екенін түсініп аталған құштарлықтардан құтылу арқылы оны жеңуге болатындығына сену; 4. Құштарлықтан құтылу жолдарын білу. Құштарлықтан құтылу оңай емес, ол үшін сегіз әдептілік қағиданы бұлжытпай орындау арқылы жанды таза ұстауға тырысу қажет. Олар: 1. Дұрыс жол – төрт ақиқатты дұрыс түсіну; 2. Дұрыс шешім – төрт ақиқатқа өз өмірін айтпау біреуді босқа жамандау, балағат сөз айтпау; 4. Дұрыс іс әрекет – ешқандай тіршілік иесіне жамандық жасамау, ұрлық-қарлықтан қашық болу; 5. Дұрыс күш жасамау - құмарлықпен, жаман оймен күресу; 7. Дұрыс ой бағыты – бұл дүниенің жалған, алдамшы, уақытша екенін түсіну; 8. Дұрыс жинақтала білу - өз денеңді сезінуден, ойлаудан,
түйсінуден арылу. Дұрыс жинақтала білудің өзі төрт сатыдан тұрады: 1. Ойды 4 ақиқатқа түсініп, пайымдауға бағыштау; 2. Осы төрт ақиқатқа сену. Ол біздің жанымыздың тыныштықта және қуанышта болуына мүмкіндік береді; 3. Қуаныш-қайғыдан, өз денеңді сезінуден арылу; 4. Толық сабырлық және талғаусыздық жағдайға жету. Соңғы сатыны будда “нирвана” деп атайды.
Нирвана - қайта тірілуден құтқару. Нирвана мокшаның өзгерген түрі. Тек нирвананың мокшадан айырмашылығы, мокша жанды қасіреттен о дүниеде азат етсе, нирвана – бұл дүниеде азат етеді. Нирвана жағдайына жеткен адамды архат (қадірлі, құрметті, сыйлы адам) деп атайды. Нирвана, архат жағдайына жеткен адамды брахман деуге де болады. Олай болса, нирвана – ең жоғары ләззат. Кейін келе, нирвана ұғымы адамның бойынан бүкіл әлемдік көрініске ауысады. Әлемдегі нирвана мәңгі, оны ешкім дүниеге әкелмейді және пайда болуының себебі жоқ. Әлемдік нирвананы сезім мүшелері арқылы қабылдау мүмкін емес, оны тек ғана дұрыс жолмен жүрген, ақыл-ойы таза, күнделікті қызықтан алшақ адам танып-біле алады.
Біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырда индияның ресми идеологиясы болды. Кейінірек келе, ол дінге айналып, екі ағымға бөлініп кетті. Хинаяна – “кіші шеңбер” деп аталатын ағым алғашқы буддизмге жақынырақ болса, махаяна – “үлкен шеңбер” деп аталатын ағым – архаттан гөрі “бодхисатваны” пір тұтады. “бодхисатва” – архатқа жетпеген бірақ толық білімге жетуге талпынып жүрген адам. Ол білгір адамнан гөрі дін уағыздаушы адамға көбірек ұқсайды. Өзінің ерлігімен, батырлығымен ол тек өзін ғана құтқармайды, өз күшімен нирванаға жете алмайтындардың бәрін құтқарады. Сөйтіп, нирвана өзінің бұрынғы мағынасынан айрылып, “жұмақ” ұғымға пара-пар ұғымға айналды.
Буддизмге сенушілер Үндістанның өзінен гөрі одан тыс мемлекеттерде көп кездеседі (қытай, жапония, бирма, цейлон т.б.). Ал үндістанның өзінде буддизмнің орнын брахманизм басады да, буддизмдегі будда вишну құдайдың бір көрінісі болып қалады.
Локаята (чарвака). (лока – “аймақ, ел, кеңістік, әлем, жер, өмір”. Ал көпшілік түрде – “адамдар, халық, адамзат” деген мағыналар береді). Локаяттар веда ілімдерін жоққа шығарады. Осы тұрғыдан веда дінін, оның беделін, ғұламаларын, ілімдерін сынға алады. Веданың дінбасылары, локаятиктердің пікірінше, халықты алдап, соның арқасында байып жүр.
Локаяттардың пікірінше, дене өлгеннен барлық денелер заттар махабхут деп аталатын 4 түпнегізден тұрады. Олар: ауа (ваю), от (агни), су (ап) және жер (кшита). Махабхуттар белсенді және әрекетшіл келеді. Махабхуттар өзіне тән күштің, белсенділіктің арақасында өзара байланысқа түсіп, бірігіп, ыңғайлы келгенде, бұрын жеке алғанда өздерінде жоқ қасиет – сана пайда болады. Ал денелер өлгенде, олар қайтадан өзерін өмірге әкелген махабхуттарға бөлшектенеді, ал бөлшектенген махабхуттармен бірге сана да жойылады.
Локаяттар өмірдің мәні бақытта, ал бақыттың өзі – ләззат деп түсінген. Олардың түсінігінше, ләззат пен қасірет байлынысты, бірақ, қасірет буддизмдегі сияқты өмірдің мәні емес, оны толығымен жою мүмкін емес, оны азайту, жеңілдету өз қолымызда. Табиғатты әлеуметтік құбылыстарды танып-білуде ақыл-ойдан, сырт күш туралы ілімдерден, беделдіктен пайда жоқ, білімді тек сезім мүшелері арқылы ала алмаймыз. Кейінірек келе, локаяттар сушикши (нәзік) және дхурта (тұрпайы, дөрекі) деп алатын екі салаға бөлінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет