Құндылықтар философиясы



бет2/2
Дата18.11.2023
өлшемі27,24 Kb.
#124314
1   2
Байланысты:
f6080e963cb4dc0

Құндылықтардың түрлері

Құндылықтардың көптүрлілігі оларды негізгі түрлерге топтастыруға әкелді. Оның әр түрі адам өмірін құрайтын негізгі бөліктерден тұрады.





Базалық, шынайы құндылықтар

Тұлғалық

Интеллект; білімділік; тәрбие; тәртіптілік; өзін-өзі бақылау; өзін-өзі тәрбиелеу; денсаулық

Отбасы, қарым-қатынас

Серіктестерімен өзара түсіністік; өзара сенім; балалардың тәрбиесі; үйдегі жайлылық, атмосфера; туысқандарымен қарым-қатынас



Достар

Қарым-қатынас, өзара көмек көрсету

Материалдық құндылықтар

Еңбек мансабы (карьера)

Жетістік; кәсібилілік, кәсіби саладағы өсу мүмкіндігі, құрмет; табыс

Қоғамдағы жағдайы

Әлеуметтік статус, басқаларға ықпал ету; қоғамдағы танмалдылығы

Рухани құндылықтар

Рухани дамуы

Білім, өз бетімен білімін көтеру, өзін-өзі тану

Қосымша құндылықтар

Көңіл көтеру

Көңілді уақыт өткізу, жаңа әсер алу, құмар ойындары




  1. Қазіргі қоғамдағы құндылықтар жүйесі туралы

Қазақстандық әлеуметтанушы Е.Есенғараев қазіргі еліміздегі құндылықтар
жүйесіне зерттеу жүргізді. Зерттеу барысында қоғамдағы проблемалар анықталды. Қазақстандықтардың құндылықтар иерархиясы мынадай болды:

  1. БИЛІК

(демократиялық жүйе толық дамымаған, иерархиялық қоғамда жиі кездеседі;
қызметте, отбасында, өз ортасында үстемдік қылуға, билік етуге тырысады;
билік арқылы өзін көрсетуге әрекеттенеді; бұл жастарға кері әсер етуде)
2. БАЙЛЫҚ
(тұтынушылық психология, материалдық құндылықтардың үстемдігі, тез
баюға ұмтылу, оңай олжаға кенелу, қылмысқа бару, несиеге тәуелділік,
дарақылық, интелектуалдық тақуалық-материалдық ынсапсыздық)
3. ТУЫСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
(ертеден келе жатқан дәстүр, қазір тоқырауға ұшырап жатыр, отбасылық
ажырасу, отбасылық құндылықтардың дағдарысы, үлкендердің беделінің төендеуі, жаман жағы: рушылдық, ағайыншылдық мемлекеттік деңгейде орын алуда)
4. ДОСТЫҚ ҚАТЫНАСТАР
(позититвті жалғыздық мәдениеттінің дамымағандығы, «сен маған, мен саған» принципіне, сауықшылдық, тойшылдыққа негізделген достық, шынайы достық аз)
5. ДЕНСАУЛЫҚ
(денсаулыққа көңіл бөлу, әсіресе тән саулығына, психологиялық саулығына
көңіл бөлмейді, болмашы нәрсе үшін уайымға берілу, позитивті ойлаудың
болмауы т.б.)

Әлеуметтанушы Е.Есенғараевтың айтуынша, Қазақстан дамыған елдердің қатарына


тұру үшін ең алдымен құндылықтарын өзгертуі керек. Алдыңғы орынға байлық пен билікті емес, білім мен кәсібилілікті қоюмыз керек дейді. Осындай құндылықтар қоғамда алдыңғы орынға қойылмаса, елде оң өзгерістер болмайды.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет