Ндірістік практика II



бет4/6
Дата08.07.2023
өлшемі50,05 Kb.
#104090
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Практика есеп 4 курс (копия)

14.03.2023-27.03.2023ж Сот ұжымының халықпен халықпен жұмыс істеу әдістерімен танысу: құжаттарды қабылдау және беру кестесі жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізу жұмыстары
Мен практика уақытында өз кезегімде универде алған білімімді шыңдадым. Универ барғасында өткен теориялық білімді практикада пайдаланып жетекшілерімнің үздік практиканттарының бірі бола білдім. Практика уақытында жергілікті соттарда және басқада соттарда жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру және өткізудің қала болатынын ұға білдім. Мен практика уақытымды Түркістан облыстық сотында өткіздім. Жалпы біздегі облыстық сотта жеке қабылдауларды облыстық және оған теңестірілген соттар кеңселерінің басшылары жүргізді. Жеке қабылдау кезінде түскен өтініштер сот төрелігін жүзеге асыру процесіне араласуға жол бермей, қабылдауды жүргізіп отырған тұлғаның құзыреті шегінде шешілді. Жалпы біздегі мекемеде жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау ұйымдастыратын және өткізуге жауапты тұлғалар соттарда іс қағаздарын жүргізу туралы ведомстволық нормативтік актілердің талаптарын қатаң сақтай отырып жүзеге асырды. Бұлда бір еліміздегі заң жобасының жақсы нәтиже беретінінің белгісі. Облыстық сотта жеке қабылдауларды уәкілетті лауазымды тұлғалар тиісті соттың төрағасы бекітетін кестеге сәйкес жүргізді. Соттар жеке қабылдауларды ұйымдастыру және өткізу Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Төрағасының 2013 жылғы 26 желтоқсан №278 өкімімен бекітілген өзіндік ережелері бар және барлығы сол ереже аясыеда жұмыс атқарылады екен. Ол ере Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Конституциялық заңына сәйкес әзірленген екен. Жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру Жоғарғы Сотта, жергілікті және басқа соттарда жеке тұлғаларды, заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды уәкілетті лауазымды тұлғалар тиісті соттың төрағасы бекітетін кестеге сәйкес жүргізеді. Соттарда азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету олардың құзыретіне сәйкес Департаменттің (сот аппараттары) құрылымдық және аумақтық бөлімшелеріне жүктеледі. Қабылдауды жүргізетін тұлға туралы деректер, қабылдаудың күні мен уақыты көрсетілген, мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдау кестесі соттардың қарауға ыңғайлы жерінде орналастырылады, сондай-ақ тиісті соттың Интернет-ресурсында жарияланады. Жеке қабылдау күні мереке немесе демалыс күніне түсетін жағдайда жеке қабылдаудың өткізілетін күні одан кейінгі келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Тиісті ақпарат осы Қағиданың 2.3-тармағында бекітілген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың назарына жеткізіледі. Жеке қабылдауды жүргізуге уәілетті лауазымды тұлға жекелеген тұлғаларды олардың тұрғылықты жерін, денсаулық жағдайын, жасын және басқа да мән-жайларды ескере отырып, бекітілген кестеден тыс, арыз берген күні қабылдау туралы шешім қабылдауға құқылы. Жеке қабылдау сот ғимаратында жүргізіледі. Жеке тұлғалардың, заңды тұлғалар өкілдерінің мүдделерін ескере отырып, олардың келісімімен, жеке қабылдау бейнеконференбайланыс арқылы өткізілуі мүмкін. Азаматтарды жеке қабылдауды ұйымдастыру азаматтардың сот ғимараттарында болу қағидаларын, өткізу және объект ішіндегі режим туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарын сақтай отырып жүзеге асырылады. Жеке қабылдау басталғанға дейін белгіленген тәртіппен келген азаматтардың жеке бастарын анықтау Азаматтарды қабылдау арыз беруге байланысты кезектілік сақталып жүргізіледі. Ұлы Отан соғысына қатысушылар және оларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, жүкті әйелдер және мемлекеттік наградалары бар адамдар кезектен тыс қабылданады. Жеке қабылдау мемлекеттік немесе орыс тілдерінде жүргізіледі. Қажет болған жағдайларда жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің ана тілін немесе өзі білетін тілді қолдануға құқықтарын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданады. Жеке қабылдауды жүргізетін лауазымда тұлға жеке тұлғаның немесе заңды тұлға өкілінің өтінішін мәні бойынша шешу үшін түбегейлі шаралар қабылдайды. Егер лауазымды тұлға өтінішті жеке қабылдау уақытында шеше алмаса, ол жазбаша түрде жазылады және онымен жазбаша өтініш ретінде жұмыс жүргізіледі. Жеке қабылдауда берілген өтініштерге жазбаша жауаптар, әдетте, қабылдауды жүргізген лауазымды тұлғаның қол қоюымен беріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет