Ндірістік практика IІI


Білім алушылардың өндірістік практика III есептерінің құрылымы, дайындау тәртібі мен қорғау мерзімдері, практика нәтижесін қорытындылау барысы



бет8/13
Дата08.04.2023
өлшемі47,95 Kb.
#80682
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Өндірістік практика ІІI Турик тили Сонгысы 02.02.2023 (1)

4. Білім алушылардың өндірістік практика III есептерінің құрылымы, дайындау тәртібі мен қорғау мерзімдері, практика нәтижесін қорытындылау барысы

Білімгерлер келесі мәліметтер мен құжаттарды ұсынуға тиісті:





  1. Жолдама (1-қосымша, Оқу орнына қайтарылатын бөлігі)

  2. Өндірістік практика III жұмыс жоспар-кестесі (2-қосымша)

  3. Өндірістік практика III өтуі туралы күнделік-есеп (3-қосымша)

  4. Практикадан өту кезінде орындалған қызметтің сипатамасынан, алынған білімдер

дағдылардан, жиналған мәліметтермен жұмыс істеудегі қиындықтарды талдаудан, өзінің шығармашылық жетістіктері мен кемшіліктерін бағалаудан тұратын, жүргізілген жұмыс бойынша есеп.


Өндірістік практика III бойынша есеп келесі құрылымнан тұру керек:

  1. Негізгі бет (Қосымша А) зерттеу практика өту бойынша есептің бірінші беті болып табылады.

  2. Басты бөлім құрауға тиісті:

    1. Өндірістік практика III өтетін білім алушының алдында тұрған міндеттер;




    1. Өндірістік практика III өту реттілігі, практика базасы ұсынған мекеме бөлімшелерінің сипаттамасы;

    2. Жасалған жұмыстың қысқаша сипаттамасы және оның орындалу мерзімдері;

2.4 Жүргізілген ғылыми-практикалық зерттеулердің түрлері, жүзеге асыру амалдары мен тәсілдері, бағыттары көрсетілген сипаттамасы;
3. Қорытынды жасау керек:
3.1. Қойылған міндеттер толықтылығын бағалау;
3.2. Жүргізілген Өндірістік практика III деңгейін бағалау;
3.3. Өндірістік практика III өту кезінде туындаған мәселелерді шешу бойынша ұсыныстар;
4. Библиографиялық тізім.



  1. Өндірістік практика III өту бойынша дайындалған есеп көлемі 15-20 беттік мәтінді құрайды.

  2. Өндірістік практика III бойынша бағалау.

Барлық тіркелген мәліметтер жинақы тігілу керек. Қойылған сұрақтардың санына байланысты есептің басты бөлігі жоғарыдағыдай бөлімдерге бөлінеді. Әр бір бөлімді жаңа беттен бастау керек. Қажеттілік кезінде бөлімдер бөлімшелер мен тармақшаларға бөлінеді.


Кәсіпорында қолданыстағы есеп құжаттар бланкісі, тіркелім, ережелер, нұсқаулар, есептілік түрлері және қосалқы мәліметтерді мәтін бойынша сілтеменің пайда болу тәртібіне сәйкес қосымшаларға орналастыру қажет.
Есеп А4 үлгісіндегі ақ қағаз бетінде беттің бір жағында баспалық тәсілмен – қаріп айқын болу керек, жолдар арасындағы арақашықтық 1-1,5 интервалынан кем емес (Times New Roman – 14 пт.).
Қағазда мәтінді орналастыру кезінде шеттерді сақтау: сол 3 см, оң – 1,5 см кем емес, жоғарғы және төмен – 2 см тең.
Абзац тақырыбын мәтіннің бас әрпіне симметриялы басады. Бөлімшелер тақырыбын бірінші бас әріптен басқа абзацтың кіші әріптерінен бастап басады. Тақырыпта сөз тасымалы қолданылмайды. Тақырып соңында нүкте қоймайды. Егер тақырып екі сөйлемнен құралса, оларды нүктемен ажыратады.
Тақырып пен мәтін арасындағы арақашықтық 1-2 интервалында болу керек. Тақырыптың астын сызбайды. Егер есептегі сұрақтар толық ашылмаса, есеп жетекші тексеруінен кейін білім алушыға толықтыруға беріледі.
Өндірістік практика III бойынша қорытынды баға практика жетекшісі мен комиссия құрамының бағасына байланысты қойылады: жетекшісімен қойылған бағаның қорытынды бағасынан 40 % және есеп бойынша кафедра оқытушылары құрамы комиссиясының қорытынды бағасынан 60 %. Әр баға 100 ұпайлық кесте бойынша қойылады.
Өндірістік практика III өтуі бойынша қорытынды ұпай академиялық рейтингті анықтау және білімгердің курстан курсқа үлгерімінің орташа ұпайын есептеуі (GPA) бойынша ескеріледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет