Негіздер– ерітінділерінде бір немесе бірнеше гидроксид иондарын түзіп, диссоциацияланатын күрделі заттар. Егер элемент бірнеше гидроксид түзетін болса, оның тотығу дәрежесі рим цифрымен көрсетіледі. Мысалы, Cu(OH)2 – мыс (ІІ) гидроксиді, CuOH – мыс (І) гидроксиді. Негіздердің көпшілігі суда ерімейді немесе аз ериді. Суда жақсы еритін Негіздерді сілтілер деп атайды. Оларға LiOH, NaOH, KOH, RbOH, CsOH, Sr(OH)2, Ca(OH)2, Ba(OH)2, NH4OH (NH3*H2O аммиак суы) жатады. Сілтілердің судағы ерітінділері теріні, матаны, т.б. күйдіреді. Осыған байланысты кейде оларды күйдіргіш калий, күйдіргіш натр, т.б. деп те атайды. Құрамында екі не үш гидроксид тобы бар Негіздер ерітіндіде сатыланып диссоциацияланады. Мысалы, Ca(OH)2*Ca(OH)++OH (бірінші саты), Ca(OH)+Ca2++OH– (екінші саты). Сонымен қатар бір мезгілде қышқылдық және негіздік типпен диссоциациялана алатын Негіздер (гидроксидтер) де болады. Негіздердің маңызды химиялық қасиеттері олардың қышқылдармен, қышқылдық және амфотерлік оксидтермен немесе гидроксидтермен тұз түзе әрекеттесуі. Сілтілік металдар гидроксидтері қыздыруға төзімді. Суда жақсы еритін Негіздерді негіздік оксидтерін сумен тікелей әрекеттестіру арқылы алады. Мысалы, CaO+HА2O*Ca(OH)2. Суда аз еритін немесе ерімейтін Негіздерді сәйкес элементтің тұзына ерімтал гидроксидтермен әсер ету арқылы жанама жолмен алады. Мысалы, FeCl3+ +3NaOHFe(OH)3+ 3NaCl. [
НЕГІЗДЕРДІҢ АЛЫНУЫ
1. Белсенді металдардың сумен әрекеттесуі нәтижесінде:
2Li+2HOH=2LiOH+H2↑
Sr+2HOH=Sr(OH)2+H2↑
2. Белсенді металдардың оксидтерінің сумен әрекеттесуі нәтижесінде:
К2O+Н2O=2КOН
3. Ерімейтін және екідайлы негіздерді олардың ерімтал тұздарына сілті ерітіндісімен әсер ету арқылы алуға болады:
ZnSO4+2NaOH=Zn(OH)2↓+Na2SO4
Pb(NO3)2+2KOH=Pb(OH)2↓+2KNO3
4. Өндірісте ерімтал негіздерді олардың тұздарының ерітінділерін электролиздеу арқылы алады. Олай болса, негіздерге мынадай анықтама беруге болады:
Негіздер дегеніміз молекула құрамында металл атомдарымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксотоп (ОН) бар күрделі қосылыстар.
Гидроксотоп бір валентті болғандықтан негіз құрамындағы металдың валенттілігі қанша болса гидроксотоптың саны да сонша болады.
НЕГІЗДЕРДІҢ АТАЛУЫ
Негіздердің аталуы: Металл аталып оның валенттілігі жақша ішінде көрсетіліп гидроксиді деген сөз косылады:
NaOH—натрий гидроксиді, Са(ОН)2—кальций гидроксиді халықаралық номенклатура бойынша гидроксотоптардың сандары аталып айтылады. Аl(ОН)3 —алюминий үшгидроксиді Ғе(ОН)2—темірдің дигидроксиді, Ғе(ОН)3—темірдің үшгидроксиді
Кейбір негіздер үшін бұрыннан пайдаланып келген атаулары да бар, олар ерекше қасиеттеріне, белгілеріне қарай қойылған.
NaOH—күйдіргіш натр; Са(ОН)2—сөндірілген әк
НЕГІЗДЕРДІҢ ЖІКТЕЛУІ
Қышқылдардың негізділігі түсінігіне негіздердің қышқылдылығы сәйкес келеді, ол гидроксотоптардың санымен анықталады, химиялық реакцияларда олар қышқыл қалдығына алмасады. Негіздердің калдықтарының валенттіліктері қышқыл қалдықтарына алмасқан гидроксил топтарының санымен анықталады.
Химиялық формулалардың молекуладағы атомдардың байланысу реті мен элементтердің валенттіліктерін көрсететін түрі — құрылымдық формула деп аталады. Мұндай формулалардағы әрбір сызықша бір валенттілікке сәйкес келеді.
ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Негіздердің судағы ерітінділері қолға сабындалып тұрады; матаны, теріні, қағазды күйдіреді, сондықтан куйдіргіш сілтілер (КОН, NaOH) деп аталады. Олармен жұмыс істегенде аса абай болу керек. Негіздерді еріткенде әдетте кәрлен ыдыстар колданылады, онын, себебі шыны ыдыстар сілтілермен әрекеттескенде тез бүлінеді.
Қышқылдар сияқты барлығына ортақ анықтағыштары (индикатор) бар, себебі олардың барлығына ортақ гидроксотоптары бар. Негіздерді анықтауға фенолфталеин деп аталатын анықтауыш қолданылады.
НЕГІЗДЕРДІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Барлық негіздерге ортақ қасиет - олардың қышқылдармен әрекеттесіп, тұз және су түзуі.
Негіздердің қышқылдармен әрекеттесуін мына тәжірибеден көруге болады. Стаканға шамалап калий гидроксидін құйып алып, оған 1-2 тамшы фенолфталеин ерітіндісін тамызсақ ол таңқурай түсіне боялады. Енді осы стаканға жайлап шыны таяқшамен араластыра отырып күкірт қышқылының ерітіндісін тамызсақ, ерітіндінің түсі біртіндеп жойылады. Себебі мына реакция жүреді:
2КОН + H2SO4 = K2SO,4 + Н2О
Суда ерімейтін негіздер де қышкылдармен әрекеттеседі.
Ғе(ОН)3+ЗНСl=ҒеСl3+ЗН2O
Осы реакцияның жүргенін бастапқы қызыл-коңыр түстің біртіндеп сарғыш тартқанынан және тұнбаның еруінен білуге болады. Бұдан мынадай тұжырымға келеміз:
негіз + қышқыл = тұз + су
Суда ерімейтін негіздердің термиялық ыдырауы олардың ерекше қасиеттері болып табылады Cu(ОH)2→СuО+H2О—Q