196
Адам мен жануарларға зиянсыз. Негізгі берілу
жолдары жанасу арқылы
(балапан құрттарды қоректендіргенде, өлексені ұядан шығарған кезде, т.б.).
Ауырған араларды емдеуге арнайы препараттар жоқ, індет ошағында каран-
тин қойылып, ауру жойылғаннан 1 жыл өткеннен кейін алынады.
Вирустық салдану – ересек аралардың белсенді болуымен,
кейіннен
сыртқы әсерлерге бейтараптанып, қозғалыс әрекеттерінің баяулауымен,
түктерінің түсіп, тақырланып, өлімге шалдығумен
ерекшеленетін вирустық
ауру. Аурудың лабораториялық балауында Романовский-Гимза әдісімен
Моррисон денешіктерін анықтау маңызды роль атқарады. Ғылыми
деректерде ауруды ИФР, ДПР әдістерімен балауға болатыны айтылған.
Гафниоз (қылау) – бал
арасының құрсағының қампиып, іші өтуімен,
құрсақтарының салдануымен сипатталатын жұқпалы ауруы. Қоздырушысы –
Hafnia alvei – полиморфты, спора түзбейтін, қозғалмалы, анелин бояула-
рымен жақсы боялатын Грамм теріс, таяқша тәріздес бактерия.
Індеттік ерекшеліктері:
ауру негізінен көктемде, әсіресе жаңбырлы
жылдары байқалады. Аурудың шығуына араға берілетін қоректің сапасыз
болып, орналасқан жерінің ылғалды болуы әсер етеді. Өлім көрсеткіші
ылғалдылыққа байланысты 50-60%-ға жетеді.
Емдеу мақсатымен 1 л 50%-ды қант шырынына левомицетинді (0,2 г)
немесе стрептомицинді (200 мың ӘБ) немесе биомицинді (100 мың ӘБ)
қосып береді.
Бал арасы ауруларында індеттанулық зерттеу: омартаны қараудан,
аурудан сау емес ара ұяларын анықтаудан тұрады.
Сау емес ара ұяларынан
лабораториялық зерттеулерге сынамалар алынады. Патологиялық материал
ретінде балауыздардан 20х25 см көлемде патологиялық өзгеріске шалдыққан
балаң құрттар немесе қуыршақтар алынады. Ересек аралардың ауырғандары
анықталған жағдайда, ауруға тән белгілері бар, әлсіреген тірі аралар жиналып
алынады. Балауыз арнайы төсеніші
бар ағаш жәшікке салынады, ал тірі
аралар сіріңке қораптарына немесе арнайы қағаз пакеттерге салынып
жіберіледі.
26- тәжірибелік сабақ.
Ара ауруларын дауалау, індет
Достарыңызбен бөлісу: