56
бруцеллезге оң нәтиже бергені, сонымен қатар шаруашылықтағы 25 қой-
ешкінің 3-уі бруцеллезге шыққаны белгілі болды.
Глубокий ауданында штамм 82 SR- вакцинасымен 2001 жылы маусым-
шілде, соңы тамыз айында, барлығы – 18954 мал егілген, оның 3601-і 5-8
айлық тайыншалар, 3462-і ұрыққа баратын жастағы тайыншалар мен
құнажындар, 11891-і бұрын бруцеллезге қарсы егілмеген сауын сиырлар.
Вакцина 16 ауылдық аймақта қолданылып, оның 15-інде малдың іш тастау
жағдайы анықталмаған, егілгендері қалыпты жағдайда бұзаулаған. Тек
«Глубочанка» шаруа қожалығында буаздықтың соңғы кезіндегі 6 суалған
сиырдың 2001 жылы желтоқсан және 2002 жылдың қаңтар айларында іш
тастағаны айтылады. Бактериологиялық зерттеуге тек қана 1 түсік жіберіліп,
бруцеллезге теріс нәтиже алынған. Індеттанулық зерттеу кезінде, шаруашы-
лықта суалған буаз мал, сауын сиыр табындарымен бірге ұсталатыны және
малдың серуендеуге шығатын қақпасы тар екені анықталды. Сондықтан бұл
шаруашылықта іш тастаудың байқалуы буаз малдың механикалық
зақымдалуынан болуы да жоққа шығарылмайды.
Аякөз ауданында штамм 82 SR- вакцинасымен 2001 жылы мамыр,
маусым айларында 7362 ұрықтандыру жасындағы тайыншалар, 8292 сауын
сиырлар алғаш рет егілген. Егілген мал арасынан жыл соңына дейін іш тастау
жағдайы анықталмаған. Иммунделген мал қалыпты жағдайда бұзауланған.
Тек қана 2002 жылы қаңтар айында үш ауылда бір-бірден, барлығы – 3 мал
соңғы буаздық айларында іш тастаған. Бактериологиялық зерттеуде түсік-
терден бруцеллез қоздырушысы анықталмаған.
Семей қаласына қарасты 14 ауылдық аймақта 2001 жылы мамыр-
маусым айларында штамм 82 SR- вакцинасымен 1531 ұрықтандыру жасын-
дағы тайыншалар және 4119 сауын сиыр егілген. Вакцина, алғаш рет
вакциналық иммунды фон жоқ сауын сиырда қолданылған. Препарат
қолданылған кезде табындарда 1-3 айлық буаздық кезеңдегі малдың болға-
нына қарамастан, жыл соңына дейін егілгендерінің арасынан іш тастау
жағдайы анықталмаған, иммунделген мал қалыпты жағдайда бұзаулаған.
Достарыңызбен бөлісу: