Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3



Pdf көрінісі
бет51/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

Керекті құралдар. Антикоагулянттар жиынтығы, оларды қолдануға 
арналған құрал-жабдықтар, кеміргіштер көрсетілген арнайы плакаттар, 
слайдтар, фильмдер. 
Орны және жүргізу әдістемесі. Сабақ кафедрада және түрлі шаруа-
шылық субъектілерінде жүргізіледі. 
Студенттер сабаққа келесі сұрақтар бойынша дайындалып келулері 
қажет: 
1. Дератизация, оның әдістері. 
2. Кемірушілердің індеттің тұрақты табиғи ошағын сақтаудағы маңызы. 
Қандай инфекциялар кеміргіштер арқылы беріледі? Олардың берілу 
механизмдері. 
3. Мал фермаларында тіршілік ететін кемірушілердің түрлері. 
Дератизация (de – жоямын, rattus – егеуқұйрық) – жұқпалы аурулардың
қоздырушыларын тасымалдайтын зиянды кемірушілерді жоюға бағытталған 
шаралар кешені.
Ауру қоздырушыларын тасымалдайтын кемірушілер. Статистика-
лық деректерге қарағанда 332 түрлі сүтқоректі жануарлардың, 132-сі 
кемірушілер қатарына жатады. Олардың ішіндегі індетті таратудағы 
маңыздысы синантропты кемірушілер (адам мен малдың тіршілік ететін 
мекендеріне жақын орналасқандары). Олар: тышқан тәрізділер (сұр, қара, 
жалпақ тісті егеуқұйрықтар, үй тышқаны), атжалман тәрізділер 
(құмтышқандар, сұртышқандар), тиін тектестер (суырлар, саршұнақтар, 
қосаяқтар) тұқымдастарына бөлінеді. Бұлардың ішінде мал фермаларында 
өмір сүретіндері: түрлі егеуқұйрықтар, үй тышқандары, хомяктар. Ғылыми 
деректерге қарағанда Алматы облысы мен Алматы қаласында ұсталынған 
3886 кеміргіштердің 3521-і (95,5%) сұр егеуқұйрықтар, 154-і үй тышқан-
дары, тек 6-уы ғана хомяктар мен дала тышқан (Т.М. Жамансарин, 2005). 
Сұр егеуқұйрықтың салмағы 600 гр, қара егеуқұйрықтікі 300 гр, үй 
тышқанынікі 21 гр болады. Олардың өмір ұзақтығы – 2-3 жыл, буаздық 
кезеңі – 19-21 күн. Бір айлық кезінде енесінен айырылып, 1,5-2,5 айлығында 
жыныстық мүшелері жетіледі. 1 жылда егеуқұйрық 2-3 рет, тышқан 4-5 рет 
балалап, әр жолы 10-15-ке дейін өсім береді. Бұлар талғаусыз қоректенеді 
және көптеген инфекциялық ауруларға (түйе обасы, туляремия, Ку-
лихорадка, лептоспироз, листериоз, құтырық, аусыл, бруеллез, Ауески ауруы, 
салмонеллез, т.б.) бейім. Аталған кемірушілер аталған аурулар қоздырушы-
ларының тасымалдаушылары ғана емес, олардың табиғаттағы қорламасының 
сақталуында маңызды роль атқарады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет