Негіздерімен "Ветеринариялық медицина", "Ветеринариялық санитария" мамандықтары бойынша ауыл шаруашылық жоғары оқу орындарына арналған оқу құралы Алматы, 2013 3


Сабақтың жүргiзiлу орны, әдiстемесi



Pdf көрінісі
бет58/121
Дата08.02.2023
өлшемі3,12 Mb.
#66261
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   121
Байланысты:
7-8 ткырып дезинфекция

Сабақтың жүргiзiлу орны, әдiстемесi. Сабақтар тақырыптарына байла-
нысты кафедрада немесе шаруашылықта (ветеринариялық клиникада, ет 
комбинатында, мал базарларында, лабораторияларда) жүргiзiледi.
Студенттер сабаққа дайындалу кезiнде лекциялық материалдарды, 
оқулықтардың қажеттi бөлiмдерiн, ветеринариялық заңдылықтарды және 
басқа да дәрiс оқитын ұстаздар ұсынған әдебиеттердi оқып, теориялық тұрғы-
да дайындалып келулерi қажет.
Әр ауру төмендегiдей схемада оқытылады: аурудың анықтамасы, қысқа-
ша тарихи сипаттама және аурудың қазiргi кездегi таралу жағдайы, iндеттiк 
ерекшелiктерi, дерттенуi, клиникалық белгiлерi, патологиялық-анатомиялық 
өзгерiстерi, лабораториялық балау әдiстерi және ажыратып балау, алдын алу 
және iндет ошағынан арылу шаралары.
Түрлi iндеттiк жағдайды шешуге арналған тапсырмаларды орындайды 
немесе белiгiлi бiр шаруа қожалығында, ауылдық округте инфекциялық 
аурулардың алдын алу үшiн дауалау шаралар жоспарын құрастырады.
Аудиториялық сабақтарда пәннің бекітілген типтік оқу бағдарламасы 
бойынша қарастырылған барлық ауруларды өтуге оқу сағаттары жетiспейдi, 
сондықтан балау, ажыратып балауға арналған тапсырмалар бойынша сту-
денттер жазбаша түрде өзiндiк жұмыстар орындайды, сонымен қатар кейбір 
тақырыптарды өз бетінше оқып, дайындалып, рефераттар жазып (тақырып-
тары кітаптың соңында берілген) мұғалiмнiң қатысуымен талдаулар, сұрақ-
жауап түрiнде дөңгелек үстел, пiкiрталастар ұйымдастырылады.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


95 
1-тарау. БІРНЕШЕ ТҮЛІККЕ ОРТАҚ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ 
АУРУЛАРДЫ БАЛАУ, ДАУАЛАУ ЖӘНЕ ІНДЕТ
ОШАҒЫНАН АРЫЛУ ШАРАЛАРЫ
9-зертханалық сабақ. Топалаңды балау әдістері 
К е р е к т i қ ұ р а л д а р. Жануарлар терiсiнiң кесiндiсi, Уленгут 
пробиркасы, Пастер түтiгi, преципитация реакциясына арналған топалаң 
антигенi, топалаңға қарсы оң қан сарысуы, сау малдың қан сарысуы, қайшы, 
колбалар, пипеткалар (1 және 2 см
3
), фенолданған физиологиялық ерiтiндi.
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ кафедра дәрiсханасында 
жүргiзiледi. Студенттерден сұрау арқылы топалаңды балау әдiстерiне талдау 
жасалынып, ауруға тән клиникалық белгiлерге, патанотомиялық өзгерiстерге 
мән берiледi. Студенттер терiнi преципитация реакциясы (ПР) арқылы 
топалаңға зерттеу әдiстемесiн меңгередi. 
Топалаңның әдеттегi түрiн балау соншалықты қиындық тудырмайды. 
Бiрақ ТМД мемлекеттерінде вакцинаны кең ауқымда пайдалануға байла-
нысты, бұл ауру төрт түлiк мал арасында әдеттегiдей iндет түрінде ғана емес, 
спорадиялық жағдайда және клиникалық белгiлерi осы ауруға тән емес түрде 
кездесiп жүр. Сондықтан топалаңды анықтағанда балау әдiстерiнiң толық 
жүйесiн атап айтқанда: iндеттанулық, клиникалық және патанотомиялық, 
лабораториялық зерттеулердi қолдану шарт. 
I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Мал қыстауларында, фермаларда 
топалаңға iндеттанулық талдау жасағанда ауруға барлық жануалар жасына 
және жынысына қарамай бейім екені, қоздырушысы топырақта спора түрiн-
де сақталып, малға алиментарлы жолмен жұғатыны ескерiлiп, өткен 
жылдарда осы өңiрде топалаңның болған болмағаны, болған жағдайда ферма 
төңiрегiнде жер қазу жұмыстарының жүргiзiлгенi анықталды. Топалаңмен 
жануарлардың барлық түрi, аңдар ауыратыны және сау малдарға қан сорғыш 
жәндiктер арқылы жұғатыны ескерiлу керек. Сонымен қатар шаруашылық-
тағы барлық малдың топалаңға қарсы вакцинамен егiлгендiгi анықталады. 
Жыл маусымдары да назардан тыс қалмай, қыс айларында қолға қараған 
малдың азығының сапасы (оның қалай дайындалғаны), ал жайылым уақытта-
рында малдың өрiсi, суаттары тексерiледi. 
К л и н и к а л ы қ ж ә н е п а т а н о т о м и я л ы қ б а л а у. 
Топалаңның әдеттегi түрiнiң жiтi өршуiне байланысты, клиникалық белгiлерi 
айқын байқалмайды. Ауруға шалдыққан қой мен ешкiнiң дене қызуы тез 
көтерiлiп, аяқ астынан шығынға ұшырайды. Көп жағдайда жамандатқан 
жылқы жата қалып тыпырлап, аунауға әрекет жасап, күшене бередi. Соның 
салдарынан кейде оның тiк iшегi сыртқа айналып кетедi. Жылқыдан осындай 
белгiлер байқалып, дене қызуы қалыпты шамадан жоғары болса, оны 
тышқаншыққа балап, қан ағызып емдеуге болмайды. 


96 
Өлекседегi топалаңға тән белгiлер: iш кебу, ауыз, танау, артқы тесiктер-
ден аққан қанды көбiк байқалса, өлексенi жарып патология-анатомиялық 
зерттеу жүргiзуге тыйым салынады. Кей жағдайда өлекседен бұндай белгiлер 
байқалмауы мүмкiн. Көбiнесе аяқ астынан ауырған мал пышаққа iлiнедi. 
Топалаңда еркiсiз сойылған малдың қаны ұйымайды, үлпершек ағзалар 
ісініп, лимфа түйіндері қанталап, некрозданады (20-сурет). Әсiресе өзгерiске 
көк бауыр (талақ) ұшырайды (көлемi ұлғаяды, кескенде қара қоңыр түстес 
қою қан ағады, ұлпаның әдеттегi, яғни сау малдағыдай ақ және қызыл түстi 
реңi сақталмайды). 
Доңызда бұл ауру ангинозды формада байқалады. Бірақ ангина және 
фарингитке тән белгілерді клиникалық байқау әркез мүмкін емес, сондықтан 
ұшаны ветеринариялық-санитариялық сараптау кезінде баста ангинозды қа-
бынулар кездессе топалаңға күдіктену қажет. 
Л а б о р а т о р и я л ы қ з е р т т е у. Лабораторияға өлексенiң жатқан 
жағының құлақ кесiндiсiнен арнайы шын түтiкке қан тамшылары алынып, 
аузы балқытылып дәнекерленедi немесе құлақтың кесiндiсi жiберiледi. 
Мiндеттi түрде құлақ кесiндiсiнiң орны күйдiрiлуi қажет. Ерiксiз сойылған 
малдың iшкi үлпершек ағзаларының өзгерiске ұшыраған бөлiктерi, мiндеттi 
түрде көк бауыр немесе оның бiр бөлiгi, шошқаның жұтқыншақ, жақ асты 
сөл түйiндерi маңындағы қанталаған жерлерiмен қоса алынып, целофан 
қапқа немесе пергамент қағазына оралып, арнайы темiр қорапқа салынып, 
жолдама қағазбен бiрге шұғыл түрде лабораториялық зерттеуге жiберiледi. 
Жiберiлген материалдардан арнайы төсеніш әйнекке жағынды алынып, 
анилин бояуларымен боялып, микроскоп арқылы қаралады. Дара немесе
тiзбектелiп, қатар орналасқан Грам оң таяқшаларының көрiнуi топалаңға 
күдiк туғызады.
Топалаңның нақтылы балауы арнаулы қоректiк ортада бөлiнiп алынған 
ауру қоздырушысының таза өсiнiмен анықталады. Ол үшiн бактериоло-
гиялық тәсiлдiң толық жүйесi қолданылады. 
Топалаңның адамға бұл iндетпен ауырған жануарлардың терiсiнен және 
одан жасалынған бұйымдардан жұғатындығына байланысты, терi, өңдеу 
мекемелерiне түспес бұрын преципитация (Асколи) реакциясымен (ПР) 
топалаңға тексерiлуi шарт. Бұл реакцияны Асколи деген ғалым ұсынған. 
Т е р i н i п р е ц и п и т а ц и я р е а к ц и я с ы м е н т е к с е р у. Т е- 
р i н i т е к с е р у г е д а й ы н д а у. Қоймаларда жиналған терiнiң 
жарамсыз пұшпағынан алынып, автоклавта қыздырылған кесiндiсiнiң 2-3 
грамы 15-20 см
3
фенолданған физиологиялық ерiтiндiде 1 тәулiк мөлшерiнде 
бұқтырылып, оның сүзiндiсi зерттеледi. Егер де терiнi тез арада тексеру 
қажет болса, терi пұшпағынан алынып, дайындалған кесiндiге физиоло-
гиялық ерiтiндi құйып, қайнағанға дейiн қыздырып, сүзiндiнi қолдануға 
болады. Бiрiншiсiн суық (баяу), екiншiсiн – преципитация әдісінің ыстық 
(жедел) тәсiлi деп атайды.


97 
Р е а к ц и я н ы қ о ю р е т т i л i г i. Iшiнде топалаңға оң 0,3см
3
қан 
сарысуы бар Уленгут пробиркасына Пастер түтiгi арқылы 0,3 см
3
зерттеуге 
даярланған сүзiндiнi топалаңға оң сарысудың беткi қабатына немесе астына 
жiбередi.
Реакция дұрыс қойылған жағдайда топалаңға оң сарысу мен сүзiндiнiң 
аралығында шекара сызық қалуы қажет, яғни ерiтiндiлер бiр-бiрiмен 
араласпай қабаттасып орналасуы шарт.
Мiндеттi түрде реакцияның дұрыс қойылғандығын бiлу үшiн, оң және 
терiс бақылаулар қойылады. Оң бақылау биофабрикалық жағдайда даярлан-
ған топалаң антигенi мен оң сарысумен, ал терiс бақылау антиген және сау 
малдың қан сарысуымен қойылады. 
Реакцияның нәтижесi 10-15 минут аралығында есепке алынады. Егер де 
топалаңға оң қан сарысуы мен терi пұшпағынан дайындалған сүзiндiнiң 
аралығындағы шекара сызықта ақ жолақ сақина түзiлсе – реакция оң деп 
есептеледi, яғни терi топалаңмен ауырған жануардiкi, керiсiнше ақ жолақ 
сақина түзiлмесе – реакцияның терiс болғаны (сау жануардың терiсi). 
Реакцияның оң және терiс бақылауларында өздерiне сәйкес оң немесе терiс 
нәтижелер алынуы тиiс.
Преципитация реакциясымен терiнiң сүзiндiсi ғана емес, топалаңға 
толық бактериологиялық зерттеу жүргiзгенде өлекседен немесе ерiксiз 
сойылған малдан алынған патологиялық материалдың (ет, iшкi ағзалар 
кесiндiлерi) сүзiндiсi де тексерiледi. Екi жағдайда да зерттеу материал-
дарынан сүзiндiлердi даярлау, реакцияны қою және оның нәтижесiн есепке 
алу тәртiптерi бiрдей.
Шаруашылық немесе басқада ветеринариялық объектілерде (ұшаларды 
сараптау, кеден лабораторияларында т. б.) жағындыны микроскопиялау мүм-
кіндігі болып, Грам және капсуланы анықтайтын әдістердің бірімен бояғанда 
капсуласы бар, тізбектелген таяқшалар анықталса, толық бактериологиялық 
зерттеу нәтижесін тоспай, індеттің таралмауына қарсы шаралар орындалуы 
қажет.
15- тәжірибелік сабақ. Топалаңның iндет ошағында жүргiзiлетiн 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   121




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет