ошағынан шаралары
Қ а ж е т т i ж а б д ы қ т а р. Пастерелдер жұқтырылған көгершiндер
немесе қояндар, әр түрлi ыдыстар, төсенiш шынылар, қайшы, скальпель,
анилин бояулары, микроскоптар, спирт шамы, пипеткалар, биопрепараттар,
көрнектi құралдар, мал дәрiгерлiк заңдар кiтаптары.
О р н ы ж ә н е ж ү р г i з у т ә р т i б i. Сабақ кафедра дәрiсханасында
өтедi. Оқытушы биологиялық сынамаға алынған жануарларды жарып, оған
патологиялық-анатомиялық зерттеу жүргiзедi. Студенттер паталогиялық
материалды алу, оны зерттеу әдістемелерін үйренiп, iндетке қарсы жүргiзле-
тiн күрес шараларына арналған жаттығуларды орындайды.
Б а л а у ә д i с т е р i. Пастереллез көп жағдайда басқа аурулармен
қабаттасып жүредi. Сондықтан, оны балауға iндеттанулық, клиникалық,
патанатомиялық, бактериологиялық әдiстердi жүйелi түрде қолдану қажет.
I н д е т т а н у л ы қ б а л а у. Шаруашылыққа iндеттанулық талдау
жүргiзгенде, пастереллез ауруын микроб тасмалдаушы инфекция ретiнде
қарап, оның жануарлар арасында бой көрсетуiне организмнiң әртүрлi
факторлардың (малды дұрыс азықтандырмау, ұзақ жолдарға демалыссыз
айдау, ауа райы қолайсыз күндерi жануарларды тірі вакциналармен егу, т.б.)
әсерiнен әлсiреуi себеп болатыны ескерiледi. Сонымен қатар, бұл аурудың
жас төлдерге кәрi мал арқылы таралатыны назарға алынып, олардың
жайылымдағы, суаттардағы, қора-жайдағы қатынастары және де шаруашы-
лыққа сырттан малдың қабылданғаны анықталынады.
140
Пастереллездiң жiтi түрiнiң к л и н и к а л ы қ б е л г i л е р i, оның
әрқилы формасына (iсiнген, кеуде, iшек) сәйкес байқалады.
Ауруға тән п а т а н а т о м и я л ы қ өзгерiстер iшкi ағзаларда айқын
көрiнедi. Пастереллездiң формаларына байланысты өкпеде, iшекте, бүйректе,
жүрек эпикардында нүктелер түрiндегі жаппай қанталаулар (20-сурет), терi
асты клетчаткасының жылауықтануы анықталады.
Жануарлар мен құста пастереллезге тән болжамдар байқалатын болса,
аурудың түбегейлi балауын қоюға бактериологиялық зерттеу шешушi роль
атқарады.
Б а к т е р и о л о г и я л ы қ з е р т е у. Паталогиялық материал ретiнде
зерттеуге төлдердiң өлекселерi бүтiн күйiнде, ал iрi жануарлар өлекселерiнiң
жарақаттанған iшкi ағзаларының (өкпелерiнiң, қара көк бауырларының,
бүйректерiнiң, жүрегiнiң) кесiндiлерi, қуыс сүйек, жылауықтанған терi асты
клетчаткасы алынады. Паталогиялық материал жануарлар өлгеннен кейiн 5
сағат iшiнде алынып, зерттелуi шарт.
П а с т е р е л л е з д i ң т ү б е г е й л i б а л а у ы Романовский -
Гимза немесе Муромцев (немесе Леффлер көгiмен) әдiстерiмен жағынды-
лардан екi ұшы айқын боялып көрiнетiн сопақша формалы бактериялардың
анықталып, еттi-пептон агары мен сорпасынан биохимиялық қасиеттерi
бойынша пастереллезге тән өсiндердiң бөлiнiп алынуымен және олардың
вируленттігiнің анықталуымен (биологиялық сынама қойылып) расталы-
нады.
Б и о л о г и я л ы қ с ы н а м а көгершiнге, ақ тышанға немесе қояндарға
қойылады. Ақырғысы алдын ала пастереллезге тексерiлуi қажет. Ол үшiн
сынамаға қолданылатын қояндардың танау қуысына бриллиант жасылының
0,5%-ды ерiтiндiсi екi тамшыдан үш күн (күнiне бiр рет) тамызылады.
Денелерiнде пастерелдердi жасырып алып жүрген қояндардың танау қуыс-
тарынан iрiң ағады.
Сынамаға алынған жануарларға немесе көгершiнге патологиялық
материалдың кесiндiлерiнен немесе қоректiк орталарда өсiрiлiп, бөлiнiп
алынған өсiндiлерден дайындалған езiндiлер жұқтырылады. Материал көгер-
шiн етiне, ақ тышқан мен қоянның терi астына енгiзiледi. Дозасы бiрiншiсiне
0,3 мл кейiнгiлерiне 0,2 және 0,5 мл.
Д а у а л а у ж ә н е а р ы л у ш а р а л а р ы. Осы мақсаттармен
жүргiзiлетiн шараларының жалпы кестесi 27-суретте көрсетiлгендей.
Дауалау мақстында сырттан шаруашылыққа пастереллез қоздырушысын
тасымалдашылардың енбеуі, фермаларда ветеринариялық-санитариялық
шаралардың қатаң орындалуы, малды жаппай пішу, басқа да стресс
тудыратын факторлар (тасымалдау т.б.) алдында жануарлардың иммунделуі
назарға алынуы қажет.
141
1. Жануарларды дұрыс бағу, күту, 1.Iндет ошағына шектеу қою.
азықтандыру. 2.Ауруларын сауларынан оқшаулау.
2.Оларды жасына, жынысына 3.Ауруға шалдыққандарын арнайы
сәйкес жеке ұстау. гипериммунды қан сарысуымен,
3. Организмнiң әлсiреуiне душар антибиотиктермен, басқа да симпто-
ететiн түрлi стресс факторларды матикалық дәрiлермен емдеу.
тудырмау. 4.Емдеуге жарамсыздарын сою,
4.Аурудың шығуына қауiп төнсе, етiн қайнатып қолдану.
жануарларды арнайы вакциналар- 5.Сауларын және қатер төнген
мен иммундеу. аймақтағы бейiм жануарларды
вакциналау.
6.Iндет ошағында тежеу дезин-
фекциясын жүргiзу.
27-сурет. Пастереллезге қарсы қолданылатын шаралар жүйесi.
Дауалау шаралары
Сауықтыру шаралары
142
16-зертханалық сабақ. Шешектi балау, дауалау және
Достарыңызбен бөлісу: |