Дәріс 4: Зат алмасу туралы түсінік. Қоректік заттардың маңызы мен олардың нормалары. Энергиялық баланс.Негізгі энергия алмасу жайлы түсінік пен жұмыс түріне қарай жұмсалған энергия түрлері.
Жоспары:
Заттар мен энергия алмасу туралы жалпы түсінік
Негізгі алмасу
Энергияның " жұмысшы" алмасуы. Кәсіп түріне қарай организмнің энергия шығыны.
Тамақтану. Қоректік заттардың маңызы мен физиологиялық нормалары
Заттар мен энергия алмасуы туралы жалпы түсінік Заттар мен энергия алмасуы – заттар мен энергияның адам организмінде өзгеруі жүретін физикалық, химиялық және физиологиялық үрдістердің жиынтығы.
Зат алмасуының 4 кезеңі бар:
Қоректік заттардың ішек-қарындағы гидролизі – қоректік заттардың ферменттік ыдырауы.
Гидролиз өнімдерінің қанға және лимфаға сіңуі.
Қоректік заттар мен О2 жасушаларға тасымалдануы – заттар мен энергияның жасуша ішілік алмасуы.
Заттар алмасуының соңғы өнімдерінің сыртқа шығарылуы.
Заттар мен энергия алмасуында өзара байланысты екі үрдіс ажыратылады: анаболизм (ассимиляция) және катаболизм (диссимиляция).
Заттар алмасуы барысында энергия өзгеріп отырады: аспен түскен күрделі органикалық қосылыстардың потенциалдық энергиясы механикалық, электрлік, жылу энергияларына айналады.
Сау организмде энергия түзілуі мен энергия шығыны арасында тепе-теңдік сақталады (энергияның сақталу заңына бағынады)
Биологиялық тотығу үрдісінде босап шыққан энергияның жұмсалу жолдары: