Белок алмасуын реттейтін орталығы –гипоталамустың сұр затында. Гипоталамустың әсері вегетативтік жүйке жүйесі мен ішкі сөлініс бездер арқылы реттеледі. Симпатикалық жүйке жүйесі диссиммиляция, ал парасимпатикалық ж.ж. ассиммиляция үрдістерін күшейтеді. Белок синтезін соматотропин, тироксин гормондарда күшейтеді.
Көмірсу алмасуы.
Көмірсу алмасуы.
Көмірсу- энергия көзі, денеге ди-полисахаридтер түрінде түседі, қанға моносахаридтер глюкоза түрінде сіңеді. Қанға сіңген глюкоза қақпа венасы арқылы бауырға жетеді, онда гликогенге айналып қор ретінде сақталады. Қандағы қант деңгейі төмендей бастаса, гликолиз арқылы глюкоза бауырдан босап шығады да, қанға өтеді.