Сақтар. Қоғамдық
құрылысы
Мазмұны
Кіріспе
Негізгі бөлім
• Сақ тайпалары
• Сақтардың саяси тарихы
• Сақтардың шаруашылығы мен
қоғамы
• Сақтардың өнері мен
мифологиясы
Б.з.д бірінші мыңжылдықта Орта Азия, Таяу және Орта Шығыс жерлерінде Ассирия мен Мидия
мемлекеті құрылады. 6ғ. Мидия мемлекетінің орнын Ахеменидтер мемлекеті басады. Б.з.д. 530
және 522 жылдар арасында Ахаменид мемлекетінің құрамына Парфия мен Хорезм, Бактрия
мен Сақа енедді, ал Орта Азия мен Қазақстан территориясын мекендеген халықтарды
Ахаменидтер не жаулап алады,не бағындырады. Көне деректерге жүгінсек, бактриялықтар,
соғдылар мен хорезмдіктердің теріскей жағын “желдей жүйрік атты көшпелі турлар”
мекендеген. Парсы деректерінде турлар – сақтар деп аталады, бұл “еңіреген ерлер” деген сөз,
ал грек авторларының туындыларында, олар скифтер деген атпен кірген, бұл көшпелілердің
екінші аты, бейнесі ретінде айтылып кеткен.
Сақтар
Гректер мен парсылар скифтер мен сақтар атын айтқанда, бәрінен бұрын туыс тайпалардың
сансыз көп одақтарын айтады. Олардың ішіндегі ең көбі массагеттер болған. Геродот олар
туралыбылай деп жазады: “Бұл халық Аракс (тегі Сырдария) өзенінің арғы бетінде,
исседондарға қарсы тұрады... Киетін киімдеріне, тұрмыс салтына қарасақ , скифтерге ұқсайды”.
Көне сына жазуларда сақтардың үш тобы туралы сөз айтылады: парадарайя (теңіздің арғы
бетіндегі сақтар), хаомаварга (хаома сусынын жасайтын сақтар), тиграхауд-сақтар (шошақ
бөрікті сақтар). Парадарайя сақтары Арал өңірңнде, Сырдария мен Қаратеңіздің теріскей
жағында өмір сүріп, тіршілік құрған, тиграхауд-сақтары Сырдарияның орта ағысы мен Тянь-
Шаньды мекендеген.
М.Қ. Қадырбаев исседондарды Орталық Қазақстан кеңістігіне орналастырады. М.Қ.
Қадырбаев, аорсылар – Оңтүстік Орал өңірін мекендеген савроматтар тайпаларының бірі деп
есептейді. Олардың теріскейінде қоныс-өрісін “әртүрлі ағаштар өсетін қалың орман қаптаған”
будиндер, ал олардан да әрі теріскей жақта аңшылықпен айналысатын фиссагеттер мен
киркилер жайлап қыстаған. “Асқаралы таулар етегін” мекендеген аргиппейлер Орал өңірінің
оңтүстік шығысында тіршілік кешкен тәрізді: “Грифтердің (бүркітбасты қанатты арыстан –
ежелгі аңыздағы аң) алтын қазынасын қорғайтын” аримасп атты сақ тайпалары Алтайда
тұрғанға ұқсайды, себебі сол жержен алтын кендерінің орны табылған.
Сақ тайпалары
Грек-рим тарихшысы Квинт Курций Руф қана сақтарда тәңір иелерге – соқа мен қамыт, жауынгерлерге
– сүңгі мен оқ, абызға садақ сияқты сиқырлы сыйлықтар берген деген аңызды айтқан. Осыған сүйене
отырып, сақ қоғамында халықтың үш тобы болғанын айта аламыз: жауынгерлер (жауынгердің ежелгі
ирандық аты “арбада тұрған”, “ратайштар”); абыздар жігі – олардың танымал белгісі құрбан табақ пен
айрықша бас киім болған; “сегізаяқтылар” жігі яғни соқаға жегетін екі өгізі бар жік. Сақ тайпаларының
көсемдері әскери жауынгерледің өкілдері болған.Гректер оларды басилевс – патша деп атаған.
Жауынгерлер мен патшалардың белгісі жебелі садақ болған екен. Жебелі садақты баласына әрі
мұрагеріне беріп отырған. Сонымен бірге патша көктемгі жер жырту басталарда біріншіборозданы
тартқан, дәстүр бойынша ол қойшының ұстазы болып саналған, бұл- оның халықпен тығыз
байланысын көрсетеді. Ол халықта барша жіктердің бейнесі болып танылған.
Сақ қоғамы
Сақ өнерінің зерттеушілері, бірінші жағынан, оның Иранның Ахеменид және Бактрияның көркем
өнерімен, екінші жағынан Қытайдың Чжоу мен Хань дәуірлері өнерімен тығыз байланыстырады.
Бабажан мекені мен Сурх-Дум ғибадатханасында соңғы жылдары жүргізілген қазбалар Луристан
қоласының жаңа нұсқалары: жер бауырлап жатқан қабылан, қойдың басы тәріздес егеутас, бүркіттердің
стльдендірілген бастары, бұғы, аттар мен түйелер бейнесін тауып берді. Тувадағы Аржан обасын қазған
кезде – диаметрі 120м, биіктігі 3м орасан зор құбылыс – оба үйіндісінің ағаш конструкциясын
тапты.Радиус бойынша орнатылған бөлмелер ішіне ер-тұрмандармен бірге 160 ат қойылыпты. Барлық
аттар құла және жирен түсті, яғни патшалар мен абыздар түстеріне сәйкес келеді екен. Оба б.з.д. 8ғ.
Тұрғызылған, сақ өнерінің ең ескі үлгісі болып табылады. Соған қарап “аң стилі”Азия даласында туған
деп болжам. Басқа халықтар сияқты сақтар да табиғаттың тылсым күштері – күнге, оның күркіреуіне,
найзағайға табынған. Жыртқыш қырандар бейнесі де күн құдайдың символы болған. Сақтар
мифологиясында сәйгүлік ат күнмен, отпен байланысты болған. Сақтардың әлемнің құрылымы жөнінде
өзіндік түсінігі болған. Әлемдегі тәртіп үйлесімі – гармония, олардағы бар нәрсенің
ұйымдастырушылары Митра, Индира, Варуна секілді құдайлар. Сақтардың “аң стилі” сақ тайпалары
дүниетанымының заңды көрінісі, олардың мифологиялық бейнелеу өнеріне келіп сіңуі, көшпелілер
идеологиясын көрсететін айрықша белгілер жүйесі ретінде құрылып қалыптасты.
Өнері мен мифологиясы
Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса
маңызды бастау деректері — қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының
көмбелері. Археологиялық зерттеулері Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан
сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндіқ берді. Сақ тайпасынан
мұраға қалып отырған жәдігерлер қазіргі Тәуелсіз Қазақстанның басты байлығы
болып табылады. Себебі, бұл жәдігерлер біздің ата-бабаларымыздың бізге қалдырған
өсиеті деп айтсақ қателеспейміз.
Қорытынды
Достарыңызбен бөлісу: |