Негізгі бөлім Қытай халқы туралы қасқаша мәлімет


Орта мектептегі оқу процесі



бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі283,15 Kb.
#127901
1   2   3   4
Байланысты:
Қытайдағы оқыту

2.Орта мектептегі оқу процесі
Қытай білім басқармасы
Қытай білім басқармасының мақсаты - жұмысқа икемді, ЖОО түсе алатын азамат дайындау. Академиялық бағыт - нәтижесінде ЖОО-ға түсуге мүмкіндік беретін, орта стандартты мектеп. Ал кәсіби техникалық бағыт іштей бірнеше түрге бөлінеді: арнайы техникалық, техникалық, кәсіби немесе ауыл шаруашылығы мектептері. Оқушылар арнайы техникалық мектепте 4 жылға дейін білім алады. Бағдарлама ауыл шаруашылығы, медицина, экономика, құқықтану салаларына қатысты мамандарды дайындауға бағытталған. Техникалық мектептер құрыш құю, киім тоқу және отын өндірісіне қажет мамандарды дайындайды. Ал кәсіби, ауыл шаруашылығы мектептерінде 3 жыл оқытады. Осы оқу орнын тәмамдаған соң оқушылар жұмысқа тұру құқығына ие болады. Қазіргі уақытта Қытайда міндетті ақысыз тоғыз жылдық білім жүйесі жүзеге асырылуда. Бастауыш метепке түсер алдында бала-бақшаларда мектепке дейінгі білім берілсе, ал міндетті тоғыз жылдық білім жүйесінен кейін жоғары сатылы орта білім және орта-кәсіби білім беріледі, сонымен қатар жоғары білімі туралы атестаттар ұсынатын институттарды да қамтитын жоғары білім жүйесі бар. Жоғары оқу орындарынан кейін аспирантура және докторантура жүргізіледі. Бүгінде осы ұлы елдің үкіметі азаматтары білім алуы үшін барлығын жасап жатыр. Бұл өткен ғасырдың ортасында халықтың 80 пайызы сауатсыз болғанына қарамастан. Мемлекеттік бағдарламалардың арқасында еліміздің түкпір-түкпірінде мектептер, техникумдар, жоғары оқу орындары белсенді түрде ашылып жатыр. Дегенмен, әлі күнге дейін ежелгі дәстүр бойынша өмір сүретін ауылдық жерлерде мәселе әлі де бар. Қытайдағы білім берудің басты ерекшелігі – барлық деңгейдегі білімді тегін алуға болады. Жүйенің өзі ресейлік жүйеге өте ұқсас. Яғни, үш жастан бастап балалар балабақшаға, алты жастан мектепке барады, ал мектеп бітіргеннен кейін институтқа немесе кәсіптік училищеге барады. Балалар балабақшаға 3-6 жас аралығында барады. Аталған мекеме мектеп бағдарламасын жылдам игеруге дайындайды.
Бастауыш мектеп
Балаларды бастауыш мектепке 6 жастан бастап қабылдайды. Осы жерде 6 жыл білім алады. Қоғам мен табиғат туралы пәндер көбірек оқытылады. Салауатты өмір салтын қалыптастырып, әрбір оқушының бойындағы патриоттық сезімді оятуға көп көңіл бөлінеді. Ана тілі, математика, адамгершілік пен этика, музыка, шет тілі сынды пәндерге баса назар аударылады. 3 сыныптан бастап ағылшын тілі жиілей бастайды. 4 сынып оқушылары жылына 2 апта фермаларға, шеберханаларға барып жұмыс істейді. Барған жерлерінің тыныс-тіршілігімен танысады. Мұнымен қатар, әрбір оқушыға аптасына бір күн қоғам өміріне қатысты мерекелік кештерге, мәдени шараларға қатысу міндеттеледі.

1-сурет. Бастауыш мектеп оқушылары.
Орта мектеп
Ол екі сатыдан тұрады. Алғашқысы – толымсыз орта білім, кейінгісі – толық орта білім. Оқушылар бұл мектепке 12-13 жастан бастап қабылдана бастайды. ҚХР заңына сәйкес әрбір республика азаматы 9 жылдық білім алуы керек.
Толық орта білім мектебі оқушыларды 15-16 жастан бастап қабылдайды. Оқушы өзі таңдаған оқу курсына байланысты 2 немесе 4 жыл оқиды. Әдетте жалпы курс академиялық және кәсіби техникалық бағыттар деп екі үлкен салаға бөлінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет