Негізгі бөлім: Морфема түрлері Қорытынды бөлім. Морфема



бет4/5
Дата09.05.2022
өлшемі43,01 Kb.
#33100
1   2   3   4   5
Байланысты:
1 апта

Түбір морфема сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін бірдей ортақ морфема ретінде қызмет ете алады. Мысалы, бас морфемасы бастық,басшы, баспа, баспалдақ, басшылық деген зат есімдердің де, басты, бассыз деген сын есімдедердің де, баста,бастат, басқар деген етістіктердің де түбірі болып саналады.

Ал негіздің түбірден айырмашылығы сол , ол сөздердің әр түрлі лексика-грамматикалық топтары үшін емес, олардың белгілі бір лексика грамматикалық тобының формаларына ортақ болып келеді. Мысалы бас морфемасы жоғарыда аталған зат есімдердің де, сын есімдердің де, етістіктердің де – бәріне бірдей ұйытқы, бірдей ортақ түбір болса, бастықтар, бастыққа, бастығың, бастығы деген зат есімдер тобына ортақ негіз – бастық, ал бастап,бастаған,бастағалы деген етістіктерге ортақ негіз- баста. Бұл айтылғандардан шығатын қорытынды мынау: түбір морфема – сөздердің қандай лексика-грамматикалық топқа (қай сөз табына) жататындығына қарамастан, олардың бәріне бірдей тән,күллісіне бірдей ортақ, олардың бәріне ұйытқы болатын элемент те, негіз – белгілі бір лексика- грамматикалық топқа (сөз табына) қатысты бір создің әр түрлі морфемаларының бәріне ортақ ұйытқы.

Түбір морфема сөздердің ары қарай бөлшектеуге келмейтін және негізгі лексикалық мағынаны білдіретін түп бөлшегі болса, негіз, әдетте, түбір мен жұрнақтың қосындысынан жасалады. М: күйші, малшы, достық, бағала, өрле т.б.Негіз бір ғана морфологиялық элемент - таза түбірден де құралуы мүмкін. М: от,өт, бел, без т.б.

Тіл-тілдің лексикасында, ғылымның алуан түрлі салаларында қолданылатын арнаулы сөздер бар , олар терминдер деп аталады. Дара мағыналы болу – терминдерге тән қасиет. М: аффрикат, аффикс, артикль, артикуляция, агглютинация деген терминдер қандай бір контексте қолданылсын, оладың әрқайсысы әрдайым өзіне тән негізгі бір ғана мағынасында қолданылады және сол бір ғана мағынасында қолданылады және сол бір ғана мағынасында ұғынылады.

Терминдерде эмоционалды бояу, экспрессивті қызмет дегендер де болмайды. Термин (лат. terminus - шек, шеті, шекарасы деген мағынада) -ғылыми ұғымға айқын анықтама беретін, оның мағыналық шегін дәл көрсететін сөздер.

Әдетте тілдегі қандай сөз болсын көп мағыналы болып келеді де, оның мағыналық шегі айқын болмай, жылжымалы 6олады. Ал ғылыми ой-пікірді дәл білдіру үшін сөздің мағынасы тұрақты,айқын болу қажет. Сондықтан сөздің мағыналық шегін дәл белгілеп, сөзді сол нақтылы бір мағынада ғана алып қолдану арқылы жасалады.

Әдебиеттануғылымында қолданылатын көркемөнер, көркем бейне (образ), идея, мазмұн мен түрі сюжет, лирика, эпос, драма, стиль, өлең құрылысы, әдеби процесс; көркемдік әдіс, жанр дегендер. міне, осындай терминдер қатарына жатады. Терминдер толық мәнінде сапалы болу үшін ол жалпыға түсінікті, мағынасы мейлінше нақтылы, айқын болуы шарт және ғылыми терминология құрамындағы басқа ұғымдармен тығыз байланысты, қолдануга ыңғайлы болмақ керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет