негізгі бөлім зейін мен қиял туралы жалпы түсінік


Зейін мен қиялдың негізгі түрлері



бет2/4
Дата26.01.2023
өлшемі34,72 Kb.
#63048
1   2   3   4
2.2 Зейін мен қиялдың негізгі түрлері

Зейін адамның еркіне қарай ырықты, ырықсыз және үйреншікті болып үш түрге бөлінеді.


Ырықсыз зейіннің психологиялық әдебиеттерде бірнеше синонимі бар.Кейбір зерттеулерде ол пассивті зейін, енді бір құралдарда эмоциялық зейін деп аталады. Бұл екі түрлі атау да мәні жағынан ырықсыз зейіннің ерекшелігін көрсетеді.Пассивті зейін нәрсеге бағытталған сананы шоғырландыру үшін ерік күшінің қажет емес екендігін білдіреді. Ал ырықсыз зейінді эмоциялық деп атау зейіннің объектісі және соған байланысты көңіл – күй мен эмоциялар, қызығулар, мақсат-мүдде арасындағы арақатынастың мәнісін білдіреді. Сонымен, ырықсыз зейін деп сананың белгілі объектіге бағытталып, соған шоғырлануын айтамыз. Сан қилы тітіркендірдіргіштер ішінен зейінді өзіне еріксіз аударады. Мысалы, сөреде қатар тұрған кітаптар арасынан мұқабасы қызыл кітап бірден көз тартады. Мұның себебі – қызыл түстің көзге әсер ету коэффициентінің күшті екендігінде. Осы орайда, мәнерсіз бірқалыпты айтылған сөз басқалардың назарын өзіне жөнді аудара алмайды. Ал мәнерлі, әсерлі сөздер адамның зейінін өзіне еріксіз тартып алады. Кез – келген тітіркендіргіштің адам зейінін өзіне аударуы оның әсерлілігігіне байланысты. Сондай – ақ, тітіркендіргіштердің жаңалығы да ырықсыз зейін тудырады. Мәселен, жаңа маркалы автомашина, не қабырға газетінің жаңа нөмірін көріп қалсақ, оған еріксіз назар саламыз. Зейіннің осындай қасиеттерін ескеріп, сабақта түрлі көрнекі құралдарды пайдалану жемісті нәтижелер бермек. Әсер етіп тұрған тітіркендіргіштің басталуы мен аяқталуы – ырықсыз зейінді тудырудың қайнар көзі.
Ырықсыз зейіннің көрінуіне төмендегі жағдайларсебеп болады:
а) күшті тітіркендіргіштер (көзді аштырмайтын жарық, қанық бояулы заттар, қатты дауыс, мұрын жаратын иіс т. б.); заттар мен құбылыстардың жаңалығы мен қозғалысы (мәселен, адамның үстіндегі киімінің өзгеруі, дыбыстың, жарықтың артуы не кемуі т. б.);
ә ) адамның сыртқы дүниедегі объектілерге қатынас жасауының дәрежесі (қызығу, қажетсіну, көңіл күйінің хош болуы) ырықсыз зейіннің тууына жақсы әсер етеді.
Адамның ырықты зейіні әрекетті саналы түрде белгілі ерік күшін жұмсау арқылы орындалуынан көрінеді. Ырықты зейінде белгілі бір мақсат қойып, объектіге ерекше зер салып отыру көзделеді, ол жұмыстың басынан аяғына дейін ерік – жігерді сарқа жұмсауды талап етеді.
Ырықты зейін ерікті немесе активті зейін деп те аталады. Мұндай атаулардың бәрі сананың белгілі объектіге шоғырлауындағы адамның шешуші рөлін көрсетеді. Сананың әрекеттің белгілі шарттарымен байланысты болып, бір объектіге бағытталуын ырықты зейін дейміз. Ырықты зейіннің психологиялық мазмұны адамның әрекетіндегі алға қойған мақсатымен, ерік күшімен байланысты. Машина жүргізуші шофер, есеп шығарушы бухгалтер, тәжірибе жүргізуші ғалым алдын – ала мақсатын белгілеп, оны орындап шығу үшін соған саналы әрекетін бағыттайды. Олай етпеген жағдайда мақсатты ісінен нәтиже шығара алмас еді.
Адамның күрделі мәселелерді шешуі, орфографиялық ережелерді қолданып жазба жұмыстарын дұрыс орындауы, жаңа терминдер мен шетел тілін меңгеруі – мұның бәрі де ырықты зейін арқылы іске асады.
Ырықты зейін мынандай ерекшеліктермен сипатталады:
Қандай болмасын бір әрекеттің талабына сай зейінді бағындыра алу үшін іс - әрекетке тікелей кірісу қажет.
Үйреншікті жұмыс жағдайын жасап алып, алаңдататын нәрселерден бойды аулақтатқан жөн.
Орындалатын істің мәнісін, маңызын түсіну үшін білімге шын ықыласпен берілген дұрыс.
Түрлі қолайсыз жағдайларда да жұмыс істеуге машықтану. Мәселен, көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштердің (ай-қайшу, тарсыл – күрсілдерде де) әсеріне берілмей жұмыс істей беру. Бұл зейінді шынықтырудың, оны мықты және шыдамды етіп тәрбиелеудің ең жақсы жолы болып табылады.
Зейінді болуды өзіңе үнемі ескертіп отыру керек. Бір сөзбен айтқанда, ырықты зейін деп іс - әрекетті жоспарлы түрде ұйымдастыруды айтады.
Зейіннің екі түрі де бір-бірінен ешқашан қалмай ілесіп отырады. Ырықты зейін ырықсызға, ырықсыз зейін ырықтыға қарай жиі алмасады. Шындығында, адамның үнемі ырықты зейін жағдайында болуы мүмкін емес. Оқушы алғашқыда қызыққан нәрсесіне тікелей зейінін аударады, ал содан кейін сабақтың мақсатына қарай тікелей қызық емес басқа материалдарға да зейін қояды. Алғашқы уақытта қызықсыз болып көрінген сабақ кейін балаға түсінікті бола бастайды. Бұл кезде оның ырықсыз зейіні сыртқа теуіп, ырықты зейіннің пайда бола бастағаны.
Ырықты зейінді дұрыс ұйымдастырудың маңызды шарты – адамның психикалық күйі. Шаршап – шалдығып отырған адамның зейіні тұрақсыз болады. Адамның сырқаты, жан қинайтын бөгде ойлар т.б. ырықты зейіннің сапасын нашарлатады. Ырықты зейінді күшейту үшін сөз арқылы қайталап айтып, алға қойған мақсатты тұрақтандыруға болады. Әрқилы жағдайларда жұмыс істей білу мен адамның әдеттері де ырықты зейіннің тұрақты болуына ықпал етеді.
Үйреншікті зейін – зейіннің ерекше түрі. Атынан көрініп тұрғанындай, ол ырықты зейіннен кейін жасалады. Үйреншікті зейін – адамға табиғи сіңісіп кеткен, арнайы күш жұмсамай – ақ орындалатын зейін. Сонымен, үйреншікті зейін дегеніміз – қажетті әрі құнды болып саналатын объектіге адам санасының шоғырлануы.Үйреншікті зейіннің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол қызығу негізінде қалыптасады. Бірақ бұл нәрсенің қасиетіне емес, адамның тіршілік мақсатына сәйкес мүдделі әрекетіне байланысты. Мұндағы маңызды нәрсе – істің нәтижесі.
Әрекет кезінде үйреншікті зейіннің пайда болуы - әркімнің өзіндік ерекшеліктері мен еңбектену әдеттерінің жемісі. Кейбір адамдар ауыр деген жұмыстың өзін аса қиналмай – ақ, ойнап – күліп жүріп тындыра береді. Мұндай жағдайларда ырықты зейін үйреншікті зейінге оңай ауысады. Ондайда адам шаршағанын да байқамай қалады.
Зейіннің жоғарыда қарастырылған үш түрі де бір – бірімен тығыз байланысты. Адамның іс - әрекетінде зейін түрлері алма – кезек өзгеріп, бір – біріне ауысып отырады. Ұстаздар оқу – тәрбие істерінде оқушы зейінін сабаққа бағдарлаумен ғана шектеліп қоймай, олардың өз зейінін басқара алатындай ерік саналарын қалыптастыруға баса көңіл бөледі.
Сыртқы және ішкі зейін түрлері.
Объектісінің орналасу жағдайына орай, зейін сыртқы және ішкі болып бөлінеді. Зейінді меңгеру мен оның кейбір ерекшеліктерін дұрыс түсіну үшін сыртқы және ішкі зейіндер адамның дене әрекетін меңгеріп, реттеуге бағытталған. Мұны перцептивті зейін деп те атайды.
Ішкі зейін – сананың ішкі іс - әрекетке, ішкі дүниеге бағытталуы. Зейіннің бұл түрі адамға ғана тән. Ол жануарларда болмайды. Өйткені, олар өз жан дүниесінің сырын шолып біле алмайды. Сыртқы және ішкі зейіндер бірін – бірі тежеп отырады. Себебі, сананы сыртқы әрі ішкі құбылыстарға бір мезгілде бағдарлау қиын. Ішкі зейіннің объектілері: сезімдер, елестер, ойлар.Бұлар адамның сыртқы қимылдары, ернінің жыбырлауы, жеке сөздерді айтып қалу, дене мүшелерінің түрлі қимыл – қозғалыстары арқылы байқалады.
Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - түс көру. Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И.П. Павлов болды.
Ұйқы кезінде ми клеткаларының бәрі тежелмейді, кейбір бөлімдері қозу жағдайында болып жүмыс істей береді. Мидың мұндай бөліктерін «күзетші пункт» деп атайды. Осы «күзетші пункттердең біздің бүрын қабылдаған, көрген, естіген, қолға үстап, дәмін татқан заттарымыздың бейнелері мида қайтадан «тіріледі». Түсте небір ақылға сыйымсыз образдардың жасалатыны белгілі. Өйткені бұл кезде мидағы сигнал жүйелерінің арасындағы байланыс әлсірейді, мүнда негізінен бірінші сигнал жүйесі ғана қызмет істейді.
 Творчестволық қиял деп өзіндік жаңа образдар жасау арқылы өрекетте, жаңа продуктылар беруде көрінетін қиялды айтады. Жазушының, суретшінің, галымның, композитордың т. б. қиялы творчестволық қиялга жатады. Творчестволық қиял — қайта жасау қиялына қарағанда, әрі күрделі, әрі қиын. Абай мен Қүнанбайдың образдарын жасау, оларды сипаттап жазған шығарманы оқып, елестетуден әлдеқайда ауыр. Творчестволық қиял ақын-жазушылардың, суретшілердің, артистердің т. б. осы секілді өнер қайраткерлерінің іс-әрекеттерінде үлкен орын алады. Өнер қайраткерлері өздерінің идеясын көркем образ арқылы береді. К. С. Станиславский: «Артистің көкірегінде өзі бейнелеп түрған адамның ой-толғаныстары туғанда ғана шынайы өнер туады, нағыз жанды сезім еш уақытта зорлағаннан, қолдан жасағаннан келмейді»,— дейді. Мәселен, Чехов спектакліндегі Раневскаяның рөлін орындаушы Ольга Книппер — Чехова шие бағын сатады деп хабарлағанда шын көңілімен көзіне жас алады екен. Мұндайда актер сахнада ойдан шығарылған нәрсеге шындықтың өзіндегідей көзқараспен қарайды. Бүл - творчестволық қиялы өте бай адамның қолынан келетін касиет.
Ақын-жазушылар қиялы арқылы өзінің келешек кейіпкерлерін «көреді», олардың мінез-құлықтарын «елес етеді», сөзін «естиді». Сонымен қатар, ақын-жазушылар өз геройларымен бірге өмір сүреді, олардың ойын, көңіл күйін «сезіп», қоян-қолтық араласып жүргендей болады. Мәселен, француз жазушысы О. Бальзак егер жеңі жыртық біреудің көшеде кетіп бара жатқанын көрсе, өзін сол адамға үқсататындығы соншалық,- өз жеңім де жыртық емес пе екен деп, еріксіз өз қарына қолын жүгіртіп, тесікті жаппақшы болады екен.
Бақылағыштық, жеке өмірінің эмоциялық байлығы, алдын-ала орасан зор жұмыстар істей білуге қабілеттілік (мәселен, Л. Толстойдың айтуынша, «Соғыс және бейбітшілік» романын жазу үшін жинаған материалдары «бүкіл бір кітапхана» болған) адамның творчестволық қиялының самғауына күшті әсер етеді. Өмірден түйгені шамалы, творчестволық қиялы жетілмеген адамнан жақсы ақын шығуы мүмкін емес. Абай мұны өте дүрыс көре білген.
Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы,
Қиыннан қиыстырар ер данасы.
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп,
Теп- тегіс жүмыр келсін айналасы.
Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы,
Сонда да солардың бар тандамасы.
Іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын 
Қазақтың келістірер қай баласы?
 Бұл өлеңіне Абай «қиыннан қиыстырар», «тілге жеңіл, жүрекке жылы тиіп», «іші алтын, сырты күміс сөз жақсысын» секілді сөз тіркестері арқылы өздігінен жаңа туындылар бере алатын нағыз майталман ақындардың психологиясын, олардың творчестволық қиялындағы ерекшеліктерді көрсетіп отыр.
Актив қиялдың ерекше бір түрі — арман. Арман дегеніміз өз қалауымызша жаңа образдар жасау. Мүның творчестволық қиялдан ерекшелігі мынада: арман өзіміздің тілеген келешекке бағытталған қиял процесі. Арман творчестволық әрекетпен тікелей байланысты емес, ол творчестволық қиялдың бірінші дайындық сатысы.
Арманды бағалауда оның әрекетке қандай қатынасы бар екендігі қатты ескерілуі қажет.
Орыстың белгілі демократ, публицисі Д. И. Писарев (1840-1868) шындық пен оптимизмге толы арман туралы көп толғанған адам, оның «арманның іске талпындыратын пайдасы» туралы пікірі жастар үшін ерекше маңызды. Өйткені адам әрекет етудің орнына бос қиялға сүңгісе, бүл келешектің қиялы болмай, бос лағу, құрғақ қиял болар еді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет