Негізгі мектепте комбинаторика мен ықтималдық теориясының элементтерін оқытудың әдістемесі



бет21/33
Дата20.04.2022
өлшемі325,48 Kb.
#31653
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33
Жауабы: 1, 2, 3, 4, 5 цифрларынан 3125 бес таңбалы сан құрастыруға болады. 0, 2, 4, 6, 8 цифрларынан 2500 бес таңбалы сан құрастыруға болады.

Есеп 4. Болат жүзу жаттығуына баруға біраз уақыты болғандықтан, хайуанаттар бағына бармақшы болды. Үйден хайуанаттар бағына дейін Болат метромен, трамваймен немесе автобуспен бара алады, ал хайуанаттар бағынан бассейнге дейін автобуспен, троллейбуспен немесе метромен баруға болады. Болат үйінен бассейнге дейін, хайуанаттар бағы арқылы неше түрлі тәсілмен бара алады?

Шешуі: Үйден хайуанаттар бағына жетудің 3 тәсілі бар, хайуанаттар бағынан бассейнге жетудің 3 тәсілі бар. Ал үйден бассейнге жетудің тәсілдері: 3·3=9.

Жауабы: Болат үйінен бассейнге дейін, хайуанаттар бағы арқылы 9 түрлі тәсілмен бара алады.

Есеп 5. Бесінші сыныптың футбол командасында 7 оқушы бар. Команда мүшелері капитан мен қақпашыны неше түрлі әдіспен таңдай алады?

Шешуі: Команда капитаны ретінде жеті оқушының кез келгенін таңдауға болады. Ал қақпашы ретінде тек алты оқушының біреуін таңдауға болады. Олай болса: 7·6=42.

Жауабы: Команда мүшелері капитан мен қақпашыны 42 түрлі әдіспен таңдай алады.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет