Шешуі:Үйден хайуанаттар бағына жетудің 3 тәсілі бар, хайуанаттар бағынан бассейнге жетудің 3 тәсілі бар. Ал үйден бассейнге жетудің тәсілдері: 3·3=9.
Жауабы: Болат үйінен бассейнге дейін, хайуанаттар бағы арқылы 9 түрлі тәсілмен бара алады.
Есеп 5.Бесінші сыныптың футбол командасында 7 оқушы бар. Команда мүшелері капитан мен қақпашыны неше түрлі әдіспен таңдай алады?
Шешуі: Команда капитаны ретінде жеті оқушының кез келгенін таңдауға болады. Ал қақпашы ретінде тек алты оқушының біреуін таңдауға болады. Олай болса: 7·6=42.
Жауабы: Команда мүшелері капитан мен қақпашыны 42 түрлі әдіспен таңдай алады.