2. Материалдарды жобалау және тәсілдерді қолдану арқылы білім беру тиімділігін арттыратын білім беру үрдісінің принциптерін айқындау және тиімді тәсілдерін жасау.
Оқушының шығармашылық қабілеті ойлау мен практикалық әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтар деп білеміз.
«Даму» ұғымы философиялық сөздікте «...мөлшерлеп өзгерістердің белгілі бір өлшем негізінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы»,-деп түсіндіріледі.
Неміс педагогы А.Дистерегтың «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» атты еңбегінде дамыта оқыту деп баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман» мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал «жақсы» мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді,- деген.
«Дамыта оқыту»деген термин психологиялық ғылымның қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған. Нәтижесінде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Занков басқарды.
Занковтың дамыта оқыту технологиясы – бастауыш сыныптар үшін аса қолайлы технология. Ал Д.Б.Эльконин, В.В. Давыдов жасаған жүйе сабақ төмендегідей 3 құрамдас бөліктен тұрады.
Оқу мақсатының қойылуы
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу үшін іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ процесін ұймдастырушы, бағыттаушы адам ролінде.
Дәстүрлі және дамыта оқытуды салыстыру кестесі.
Кесте 3
|
Дәстүрлі педагогика
|
Дамыта оқыту педагогикасы
|
Мақсаты
|
Білім, ептілік, дағдыны меңгерту
|
Баланың өзін-өзі субъект ретінде өзгертуі
|
Мақсаты
|
Білім,ептілік, дағдыны игерту
|
әрбір оқушыға оқып-тану үрдісін өзіндік өзгеретін субъектісі ретінде дамуға жағдай жасау, қасиет-қабілеттерін дамыту.
|
Дамытудың негізгі факторы
|
Дайын білімді түсіндіруші, бақылаушы, тәртіпті қадағалаушы, білім насихатшысы
|
Танымдық іс-әрекетті ұйымдастырушы, ұжымдық істердің ұйтқысы, кеңесші
|
Педагогтың негізгі талабы
|
Мен сияқты істе
|
Ойлап істе
|
Педагог қызыметі
|
Білім беру
|
Адамды «өсіруші»
|
Әрекеттік стилі
|
Авторитарлы
|
Демократиялы
|
Мұғалім мен оқушының өзара қарым-қатынастық стилі
|
Монологты /мұғалім жағынан/
|
Диалогты
|
Оқытудың басым әдісі
|
Мәліметтілік
|
Ізденісті-зерттеушілік
|
Сабақты ұйымдастыру түрі
|
Фронтальды, топтық
|
Жекебастық, топтық
|
Мазмұнның негізі
|
Адамдардың кейбір саладағы іс -әрекеттерін құрастырудың жалпылама ұстанымдарын сүйеніп, анықталған мәселелерді шешудің дайын әдістері
|
Дамыту үрдісіндегі оқушылардың игеретін іс-әрекеттерді қалыптастыру ұстанымдарын анықтайтын ғылыми түсініктер
|
Әдіс-тәсілдер
|
Көрсету-түсіндіру-жаттықтыру-бақылау-бағалау
|
Оқу мақсаттарынң қойылуы, ізденушілік-зертеушілік әрекеті, табылған шешімді дәлелдеу, шешімді тексеру
|
Әрекеттестік түрі
|
Басқарушы мен бағынушы
|
Іскерлік-серіктестік, ынтымақтастық
|
әрекеттестік қызыметтер
|
Мұғалім-жетекші, оқушы-орындаушы
|
Қызыметтер бөлімбейді, бірлескен ізденіс
|
Педагогтың материалды түсіндіруге кеткен уақытымен салыстырғандағы оқушының өзіндік жұмыстың уақыты
|
өте аз
|
Салыстырмалы көп
|
Оқушы позициясы
|
Қызығу аз, пассивті
|
Қызығу бар, активті, ынталы, шабытты
|
Оқуға деген мотив
|
Эпизодты түрде туындайды
|
әрқашан және мақсатты туындайды
|
Сабақтағы жанға жайлы сәттер
|
Кей-кезде пайда болады
|
әрдайым және мақсатты бағытталған
|
Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық(экстенсивтік, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады. Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқытуда бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принцептерге негізделген оқытуды дербес жұмыс істеуге, алға білімді пайдалана білуге үйретеді.
Қазіргі таңда әлемдік оқу үрдесінің өзегі - жаңа технологиялар. Әлемнің бірнеше елінде сынақтан өткізілген жаңаша оқыту төрт бағытта қамтиды. Олар:
Модульдік технология
Рейтингтік жүйе
Дамыта оқыту технологиясы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Достарыңызбен бөлісу: |