ІІ ТАРАУ. МЕКТЕПТЕ ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
2.1
|
Физиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері
|
32
|
2.2
|
Оқушылардың дүние танымын қалыптастыр
|
39
|
2.3
|
Оқушыларды физикалық ойлау мен шығармашылық кабілеттерін дамыту
|
43
|
ІІІ ТАРАУ. НЕГІЗГІ МЕКТЕПТІҢ ФИЗИКА КУРСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ҚҰРЫЛЫМЫ
|
3.1
|
Мектептің физика курсындаңы әлемнің физикалық бейнесі
|
55
|
3.2
|
Физика курының мазмұны мен құрылымын анықтаудың принцептері
|
62
|
ІV ТАРАУ. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ ЖӘНЕ ОҚЫТУ ҚҰРАЛДАРЫ
|
4.1
|
Оқыту әдістерінің классификациясы
|
68
|
4.2
|
Физиканы оқытудың жаңа педагогикалық технологиялары
|
71
|
4.3
|
Оқыту әдістері мен ғылыми танымның әдістерінің байланысы
|
90
|
4.4
|
Физика оқыту құралдары
|
98
|
4.5
|
Мектептегі физика кабинеті және оның жабдықталынуы
|
101
|
V ТАРАУ. ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІНІҢ ДИДАКТИКАЛЫҚ ЖҮЙЕСІ
|
5.1
|
Түсіндірмелі – иллюстративтік әдіс
|
105
|
5.2
|
Репродуктивтік әдіс
|
106
|
5.3
|
Проблемалық әдіс
|
107
|
5.4
|
Эвристикалық әдіс
|
108
|
5.5
|
Зерттеушілік әдіс
|
110
|
VІ ТАРАУ. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ
|
6.1
|
Физиканы оқыту үрдісін ұйымдастыру формалары
|
112
|
6.2
|
Қазіргі заманғы физика сабағы
|
113
|
6.3
|
Физика сабағының құрылымы
|
117
|
6.4
|
Физика сабағына қойылатын талаптар
|
127
|
6.5
|
Факультатив сабақтарының мақсаты, маңызы
|
128
|
VІІ ТАРАУ. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕГІ ФИЗИКАЛЫҚ ЭКСПЕРИМЕНТ
|
7.1
|
Физиканы оқыту үрдісіндегі физикалық эксперименттің маңызы мен мақсаты, оның түрлері
|
136
|
7.2
|
Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар
|
137
|
7.3
|
Зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі
|
138
|
7.4
|
Физикалық практикумның мақсаты және оны ұйымдастырып өткізудің әдістемес і
|
142
|
7.5
|
Сыныптан тыс эксперименттің маңызы
|
143
|
VІІІ ТАРАУ. ФИЗИКАЛЫҚ ЕСЕПТЕРДІ ШЫҒАРУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ТӘСІЛДЕРІ
|
8.1
|
Физикалық есептердің маңызы және классификациясы
|
146
|
8.2
|
Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі
|
152
|
ІХ ТАРАУ. ФИЗИКАДАН ӨТКІЗІЛЕТІН СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТАРДЫҢ МАҢЫЗЫ, КЛАССИФИКАЦИЯСЫ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕСІ.
|
9.1
|
Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың маңызы мен мақсаты
|
157
|
9.2
|
Физикалық сыныптан тыс жұмыстардың классификациясы
|
158
|
9.3
|
Физикалық сыныптан тыс жұмыстарды өткізудің әдістемесі
|
165
|
Х ТАРАУ. МҰҒАЛІМНІҢ ЖҰМЫСЫН ЖОСПАРЛАУЫ
|
10.1
|
Жылдық, күнтізбелік- тақырыпты жоспарлар
|
171
|
10.2
|
Мұғалімнің сабаққа әзірлігі
|
173
|
ХІ ТАРАУ.ФИЗИКА САБАҚТАРЫН ТАЛДАУ
|
11.1
|
Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері
|
177
|
11.2
|
Физика пәнінің мұғалімінің сабақты өзіндік тұрғыдан талдауы
|
180
|
11.3
|
Инновациялық сабақты талдау
|
181
|
ХІІ ТАРАУ . ОҚЫТУ НӘТИЖЕСІН БАҒАЛАУ МЕН ТЕКСЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ
|
12.1
|
Оқушылардың білімдерін, әскерліктері мен дағдыларын тексерудің мақсаты мен маңызы
|
183
|
12.2
|
Оқушылардың оқу жетістіктерін тексерудің әдістері мен түрлері
|
186
|
|
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ ПӘНІНЕН ТЕСТІЛЕР
|
190
|
|
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
|
200
|
АЛҒЫ СӨЗ
Колледж деңгейінде «Физика» пәнінің мұғалімдерін дайындауда «Физика пәнінің оқыту әдістемесі және мектептегі тәжірибелер техникасы» пәні бойынша қазақ тіліндегі оқу құралдары жоқтың қасы деуге болады. Сондықтан жоғарғы оқу орындарының физика факультеттері студенттеріне арналған «Физиканы оқытудың әдістемесі» оқулықтарын басшылыққа ала отырып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес колледжде дайындалатын 0111073 «Физика» мамандығының типтік оқу жоспары мен бағдарламасына лайқаттап студенттерге арналған әдістемелік құрал жазуды қажет деп санадық.
Білімді ұрпақ-рухани дүниесі бай, білімі мен біліктілігі жоғары, ақпараттық қоғамда ғылым мен техниканың жетістіктерін игерген, компьютерлік сауаты бар, талап талғамы жоғары, адамгершілігі биік парасатты тұлға болуы тиіс. Осы мақсатта біздің болашақ мұғалімдерімізде теориялық білімдерімен қатар әдістемелік шеберлігі де жоғары, жаңа педагогикалық технологиялармен қаруланған заманның сұранысына лайықты құзыретті маман болуы керек. Осы орайда дайындалған бұл оқу құралы профессор М.Құдайқұловтың «Физиканы оқытудың әдістемесі» оқу құралын басшылыққа ала отырып дайындалды. 2002 жылғы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, құзыреттілік ұғымдар, жаңа педагогикалық технологиялармен толықтырылды.
Аталмаш оқулықта біз өз тәжірибемізге сүйеніп, болашақ физика мұғалімдеріне оқу-әдістемелік әдебиет, мектеп пен колледж мұғалімдеріне әдістемелік құрал ретінде ұсынамыз. Мұндай әдістемелік оқулықтың пайдаланушының барлық сұранысын қанағаттандырмайтыны, үнемі толықтырып отыруды қажетсінетіні белгілі. Алайда, физика мұғалімдерінің бүгінгі мұқтаждығына бұл оқулық өз үлесін қосады деп ойлаймыз. Оқулықта физиканы оқытудың әдістері мен мақсаттары берілген. Оқулықтың физика мұғалімдері мен орта арнаулы оқу орнының оқытушылар үшін пайдасы мол.
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
І ТАРАУ. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМІНІҢ БІРІ. ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ, ОНЫҢ МАҚСАТТАРЫ МЕН ЗЕРТТЕЙТІН МӘСЕЛЕЛЕРІ.
"Мектепте физиканы оқыту әдістемесінің" ғылыми-теориялық негіздері, оның негізгі мақсаттары мен міндеттері
Физиканы мектепте оқыту әдістемесі - педагогика ғылымдары жүйесінің бір тармағы болып саналады. Себебі, педагогика ғылымдары сияқты оның да зерттейтін ең негізгі мәселесі орта мектептегі ғылым негіздерінің бірі физиканы оқытудың іс-тәжірибесі мен теориясын қарастыру.
Міндеті :
1) Мектеп физика пәнінің оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнын анықтау;
2) Оқушыларға физикалық білімдер мен дағдылардың жүйесін ұғындырудың тиімді тәсілдерін, оқыту әдістемесін көрсету.
Демек, физиканы оқыту әдістемесі студентерге кәсіптік-әдістемелік дайындық беруді мақсат етеді.
Мектепте физиканы сапалы оқытудың ең бірінші және басты шарты - физика ғылымын мұғалімнің берік меңгеруі, оның зерттеу әдістері мен даму тарихын терең түсінуі. Тек ғана физикалық білімдерді ұқыпты ұғыну арқылы мектепте жақсы физик - мұғалім болу мүмкін емес. Сол себепті, болашақ физика пәні мұғалімі үшін физиканы оқыту әдістемесінің практикалық және теориялық мәселелерін терең оқып игеру қажет. Ендеше, әрбір студенттің, физика - ғылым және физика - оқу пәні арасындағы өзара ұқсастықтар (зерттеу нысаны мен әдістері, әдіснамасы) мен өзгешеліктерді (физикалық білімдердің көлемі мен мазмұнының тереңдігі) ажырата білуі тиіс.
Физиканы оқыту әдістемесі негізінен мектеп үшін мынадай қажетті нақты мәселелерді шешудің жолдарын қарастырады:
1.Мектеп физика пәнінің әрбір басқыштарында оқытылатын оқу материалдарының (жадыхаттарының) көлемін және мазмұнын анықтау.
2.Оқу материалын баяндаудың жүйелілігін анықтау. Оқытылатын материалдың бірізділігі.( оңайдан қиынға)
3.Оқушылардың оқу материалын оңай меңгеруінің тиімді әдістері мен тәсілдері және мұғалімнің әр түрлі әдістемелік түсіндіру амалдарын көрсету.
4.Бағдарламалық материалдарды оқушылардың берік игеруін қамтамасыз ететіндей физиканы оқытудың қажетті материалдық-техникалық, базасын (физика кабинеті, эксперименттік және көрнекі құралдар, т.т.) анықтау.
5.Физиканы тереңдетіп оқытуға мүмкіндік туғызатындай сыныптан тыс және сыныптан тыс жұмыстарды (физикалық кеш, үйірме, экскурсия, олимпиада, т.т.) ұйымдастыру мен өткізудің әдістемесін жасау.
6.Мектепте физиканы оқыту процесінде өткізілетін (ғылыми - материалистік, патриоттық, эстетикалық, этнопедагогикалық, т.с.с.) тәлім-тәрбие жұмыстарға бағыт-бағдар беру.
7.Оқушылардың экспериментік білімдері мен іскерліктерін және дағдыларын қалыптастыру.
Мұның бәрін жинақтап, физиканы оқыту әдістемесінің ең басты міндеттерін қысқаша мынадай сұлба түрінде өрнектеуге болады.
Сұлба.1
мұндағы ФОӘ-физиканы оқыту әдістемесі. Яғни:
1)Оқытудың мақсаты-оқушылардың айналадағы табиғи құбылыстар мен процестерді диалектикалық-материалистік тұрғыдан дұрыс түсінуі үшін, олардың өмір мен техникада қолданылуын білуі үшін, политехникалық ікерліктері мен дағдыларын қалыптастыру үшін физикалық шамалар мен өлшемдерді меңгеруі үшін мектепте физиканы оқыту қажет ;
2)Оқытудың мазмұны- физиканы оқыту процесінде оқушыларды табиғат құбылыстарын бақылай білуге, оларды талдауға, олардың заңдылықтарын түсініп, практикада қолдана білуге іскерліктеріне үйретеміз, сөйтіп жас жеткіншіктерді материалистік ойлауға дағдыландырамыз ;
3)Оқытудың әдісі-физиканы оқыту процесі нәтижелі болу үшін, оқушылардың логикалық санасы мен диалектикалық ойлауын дамыту мақсатында, әр түрлі әдіс-тәсілдерді кеңінен қолданамыз, оқу материалдарын негізінен эксперименттік және көрнекілік түрде түсінеміз.
Физиканы оқытудың үрдісі нәтижелі болу үшін, оқушының логикалық санасы және диалектикалық ойлау мақсаттарында түрлі әдістерді қолданып негізінен эксперементтік және көрнекілік түрде түсіндіру керек.
Оқытудың мақсаттары, мазмұны, әдістері және формалалары әдістемелік жүйені құрайды. Бұл жүйеде басты рольді педогогикалық іс-әрекеттің стратегиясын анықтайты оқытудың мақсаттары алады. Оқытудың әдістері, тәсілдері және формалары бір-бірімен байланыста болып, оқытудың техникасын құрайды. Физиканы оқытудың әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланысты. Бұл байланысты біз физика курысының мазмұнынан, оны оқытудың әдістерінен көреміз. Бұл байланыс мына сұлбадан көрінеді:
Сұлба 2
Сонымен, оқытудың мақсаттары, әдістері, құралдары және формалары педагогикалық қызмет стратегиясын анықтай отырып, онда оқыту мақсаттары жетекші роль ойнайтын әдістемелік жүйені қалыптастырады.
Оқытудың әдістері, құралдары және формалары және олардың өзара байланыстылығы оқыту технологиясын құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |