Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі



бет24/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

Әңгімелесу тәсілі бойынша сабақта мұғалім мен оқушылардың сұрақ-жауабы арқылы оқу материалы ауызша баяндалып, түсіндіріледі. Мұны, әсіресе, эврикалық әңгімелесуді, көп жағдайда төменгі сыныптарда пайдаланған қолайлы.
Диалог түрінде жүргізілетін әңгімелесу тәсілі арқылы:
1) физикалық заңдар (Паскаль, Ньютон зандары) тусіндіріледі;
2) физикалық құбылыстардың ( диффузия, электромагниітік индукция) мәні ашылып, көрсетіледі;

  1. физикалық ұғымдар (үдеу, қуат ішкі энергия) қалыптастырылады;

  2. оқу матриалдары қайталанып, бекітіледі (қозғалыс мөлшерінің, энергияның сақталу заңдары);

  3. оқушылардың алған білімдері, ебдейліктері, дағдылары тексеріледі (Архимед күші, динамометрмен өлшеу).

Әңгімелесу арқылы өткізілген сабақтарда көбінесе оқушылар тыңдайды, оқу жадыхатын меңгеру процесіне өздері де қатынасады, демонстрацияланған құбылыстарды көріп бақылайды, мұның нәтижесінде олардың сабақтағы белсенділігі жоғары болады және сабақтың үстінде бөтен нәрсемен айналысуға мүмкіндіктері болмайды. Бірақ, бұл тәсіл оқушылардың практикалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытуға қажетті жағдай туғызбайды.
Әңгімелеу - оқу материалын сабақта, диалогсыз, тек мұғалімнің өзінің үздіксіз сөзбен ауызша баяндау тәсілі. Мұндай тәсілді өте-мөте мынадай жағдайда пайдаланған ұтымды болады:
1) физикалық заңдар мен жаңалықтың (өнер тапқыштықтың) ашылу тарихымен, физик-ғалымдардың өмірбаянымен оқушыларды таныстыру қажет болғанда (бүкіл әлемдік тартылыс заңы, радионы ойлап табу);

  1. ғылым мен техниканың жетістіктерімен, даму перспективаларымен мектеп оқушыларын таныстырғанда (фотоэффект, атом электр стансасы);

Физикалық заңдар мен кұбылыстардың ғылымда, техникада, өмірде қолданылуын түсіндіргенде (спектр анализі, Архимед күші, капиллярлық); табиғатта және техникалық қондырғыларда байқалатын физикалық құбылыстарды баяндағанда (конвекция, ШАЛА өткізгіштер).
Бұл тәсіл бойынша сабақта, ауызша баяндауды оқушылар ұзақ уақыт бойы тыңдаудан жалығады, олардың белсенділігі төмен болады, жалпы еңбектік және политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамыту мәселелері қалыс қалады. Сол себепті әңгімелеу және де ауызша түсіндіру кездеріңде оқу материалдары әр түрлі логикалық формада, қызық, көрнекілік жолмен, олардың практикалық маңызы көбірек ашылып керсетілетіндей дәрежеде баяндалуы қажет.
Жоғары сыныптарда оқу жадыхатын түсіндіру кейде лекциялық тәсілмен өткізіледі ("Электромагниттік толқындар", физика және техникалық прогресс"). Лекцияыың ғылыми мазмұны терең, логикалық жүйелілігі басым, түсіндіру ұзақтығы көп, баяндауы шапшаңырақ болады. Бұл тәсіл, оқушылардың дайындығы жоғары болған сыныптарда жақсы нәтиже береді. Мектеп физикасынан лекцияны кез келген тақырыпта және сыныптарда оқудың мүмкіндігі жоқ, лекцияда оқушылардың белсенділігін көтеру қиын, тек бірыңғай тыңдау оларды жалықтырады. Оған мұғалім күшті дайындалуы керек, оны ірі ғалым-мамандардың оқығаны жөн, оны проблемалық формада құра білу тиімді, оның көрнекілік жағы да тартымды болуы тиіс. Бұл үшін кинолекция, телевизиялық лекциялар түрінде өткізу де маңызды, әрі қызықгы болады.
Оқушылардың логикалық-танымдық және шығармашылық ойлауы мен қабілеттерін дамытуда сабақтарды проблемалық оқыту тәсілімен өткізудің маңызы зор. Мұның негізгі мәні - оқу материалын түсіндіру үстінде проблемалық жағдай (ситуациялар) туғыза білу. Негізінен, физикадан проблемалық оқытудың формасын мынадай 4 деңгейде өткізудің мүмкіндігі бар:

  1. проблемалық баяндау - мүғалімнің проблеманы тұжырымдап, оны өзінің шешуі, ғылымда оның қалай шешілгенін көрсету (атомның және ядроның құрылысы);

  2. проблемалық жағдаят туғызып, оны оқушыларды қатыстырып, бірге шешу (сұйықтардағы беттік керілу);

  3. проблеманы мұғалімнің өзі тұжырымдап, шешуін оқушылардың өздеріне ұсыну (сұйық жөне газ тәрізді денелердің диффузясы);

  4. проблеманы тұжырымдауды және оны шешуді оқушылардың өздеріне беру (денелердің суда жүзуі және батуы). Бұл тәсілді көбінесе факультативтік сабақтарда, үйірме жұмыстарында пайдаланған да орынды.

Проблемалық оқыту тұрғысынан М.И.Махмутов оқыту әдістерінің жүйесі 10 түрге бөлінеді:
1)ақпараттық; 2)орындаушылық; 3)түсіндірушілік; 4) репрадуктивтілік; 5)нұсқаулық-практикалық; 6)нәтижелік-практикалық; 7)түсіндірмелі-оқытушылық; 8)ойланушылық; 9)жартылай ізденушілік; 10) ізденушілік.
Дидактикалық мақсат тұрғысынан М.А.Даниловтың классикасы бойынша оқыту әдістерінің 4 түрін көрсетеді: білім алу әдісі; оқушылардың ебедейлігі мен дағдыларын қалыптастыру әдісі; оқушылардың алған білімдерін практикада және шығармашылық істе пайдалану әдісі; оқушылардың білімдерін, ебдейлігін,дағдыларын тексеру әдісі.
Физика сабақтары бағдарламалап оқыту жолымен де жетілдіріліп кіледі. Программалап оқыту принципінде, оқу материалы жеке элементтерге (порцияларға) бөлініп, сыныптағы оқушылардың қабілетіне қарай әрқайсысының өзіне тән сипатта және жылдамдықта жасайтын оқу әрекетінің реті көрсетіліп, дер кезінде олардың материалды қалай меңгергендігі туралы ақпарат алып тұрарлықтай арнаулы бағдарламамен (алгоритм) оқытылуы көзделеді. Программаланған оқулықтар мен тапсырмалар сызықтық, және тармақтық, принцип негізінде дайындалады. Мұндай тәсілді пайдаланудың нәтижесінде оқу жадыхатын бір оқушы шапшаң, ал басқа біреуі баяу меңгереді, оқушылардың өз бетінше оқуына қолайлы жағдай туғызылады, олардың білімдері машинамен объективті тексеріледі және мұғалімге деген жеке басының наразылығы-күдігі болмайды, сабақта электроникалық техника қолданылады.
Бағдарламалап оқыту мен оқушылардың білімін тексеру арнаулы бағдарлама, тапсырма, программаланған оқулық, "оқытатын" және "тексеретін" машиналар арқылы жүзеге асырылады. Өкінішке орай, бұл тәсілдің оқушыларды сөйлетіп, өз ойын түсіндіре білуге, мұғаліммен қарым-қатынасын дамытып, одан төрбие алуға үйретудегі рөлі төмен.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет