Репродуктивтік әдіс оқушылардың алған білімдерін қайталап, оны үлгіге сәйкес таныс жағдаяттарда қолдану үшін қажетті біліктіліктер мен дағдыларды қалыптастыруда қолданылады.
Репродуктивтік әдісінің басты бағытталған білімді қолдану және пайдалануды білу және дағдыны қалыптастыру.
Оның белгілері:
- оқушыларға білім «дайын» күйінде ұсынылады.
- мұғалім білімді хабарлап қоймай, сонымен бірге оны көрсетеді.
- оқушылар білімді саналы меңгереді, оларды түсінеді және еске сақтайды. Меңгергеннің өлшемі – білімді дұрыс қайта айту қажетті берік меңгергендік білімді көптеп қайталау жолымен қамтамасыз етіледі.
Мұғалім берілген білімді және білікті жүзеге асыру жолдарын оқушылар естерінде сақтау үшін тапсырмалар жүйесінің көмегімен олардың іс-әрекетін ұйымдастырады. Мүғалім ауызша сөз бен баспасөзді, оқытудың көрнекілік әдістерін қолдаса, ал оқушылар тарсырмаларды орындауда мұғалімнің көрсеткен сол әдістері мен құралдарды қолданады. Репродуктивтік әдіс оқушылар берілген білімді ауызша қайталап айтқанда, репродуктивтік әңгімелесуде, физикалық есептерді шығаруда көрінеді. Репродуктивтік әдіс зертханалық және практикалық жұмыстарды орындау барысында да жүзеге асырылады. Репродуктивтік әдістің тиімділігін артыру мақсатында мұғалімдер мен әдіскерлер өзін-өзі тексеру мен кері байланысты жүзеге асыру үшін арнай жаттығулар жүйесін, бағдарламалық материалдарды (дидактикалық материалдарды) құрастырады. Бір типті тапсырмалар мен жаттығуларды үнемі пайдалану оқушылардың қызығушылығын төмендетеді. Сондықтан репродуктивтік әдісті қолданудың шегін біліп, оқушылардың жеке бастарының мүмкіндіктерін ескеру қажет.
Негізгі мектепте оқыту үрдісінде репродуктивтік әдіс түсіндірмелі – иллюстративтік әдіспен бірге қолданылады. Бір сабақтың барысында түсіндірмелі – иллюстративтік әдісті қолданып жаңа материалды түсіндіріп, репродуктивтік әдісті қолданып оны бекітіп, әрі қарай жаңа ақпаратты беруді жалғастыруға болады. Оқытуда осындай жолмен оқыту әдістерін алмастырып отыру сабақта оқушылардың белсенділігін артырып, олардың қарастырылып отырған материалға қызығушылығын туғызады.
Оқытудың екі әдісі де оқушылардың білімдерін, біліктіліктерін, дағдыларын дамытып, оларда салыстыру, анализ, синтез, қорытындылау және т.б. сияқты негізгі ой-қызметтерін қалыптасырады. Бірақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуына көп әсері болмайды.