Өскелең жастарды тәрбиелеу жүйесінде сабақтан тыс жұмыстардың әртүрлі формаларының маңызы ерекше.
Физика пәні бойынша орындалатын сыныптан тыс жұмыстардың бәрі екі топқа бөлінеді.
I. Физика оқу бағдарламасының ауқымына кіретін сыныптан тыс жұмыстар. Оған физика сабақтарына қатысты жүргізілетін қосымша жұмыстар жатады: 1) бағдарламада көрсетілген экскурсияларды өткізу; 2) физикадан нашар үлгіретін оқушылармен істелетін жұмыстар (қосымша сабақ, әр балаға жеке түсіндіру, емтиханға немесе зертханаялық практикумға дайындау); 3)физиканы қызыға оқитын жеткіншектермен қиын және қызықты есептер шығару, физкабинетте зертханалық жұмыстар қою, демонстрациялық эксперимнтті даярлау, қолдан физикалық приборлар мен көрнекі модель – құралдар жасау, олимпиада өткізу, жаңа приборлармен танысу; 4) оқушылардың үй тапсырмаларынғ орындауға көмектесу (консультация, сын жұмыстарын орындауға жәрдемдесу, реферат-баяндамалар жаздырту, табиғат құрбылыстарын бақылау, үйде тәжірибелер жасау және әртүрлі өлшеулер жүргізу).
Мұндай жұмыстар физикалық оқу материалының қалыпты және нәтижелі өтілуіне, оқушылардың білімдері мен дағдыларының жүйелі түрде сапалы қалыптасуына, сынып оқушыларының жалпы үлгерімін жақсартуға жәрдемдеседі.
II. Физика оқу бағдарламасының шеңберінен тыс жататын жұмыстар. Олардың физика сабақтарына тікелей қатысы бола бермейді. Бұл оқушылардың еркі мен тілегі бойынша ұйымдастырылуы керек.мұның жұмысы мынадай жұмыстардың түрлерінен тұрады: 1) оқушылардың арнаулы физикалық және политехникалық білімдерін тереңдету; 2) қолданбалы физика салаларын (электротехника, радиотехника, кинотехника, дыбыс техникасы т.т.) оқу; 3) физика-техникалық приборлаоды, қондырғылардың модельдерін жасау; 4) конструкциялық және өнертапқыштық жұмыстармен айналысу. Бұларды ұйымдастарудың да формалары сан алуан: қосымша әдебиеттерді оқыту, реферат жаздырту, физикалық кеш өткізу, тақырыптық көрмелер ұйымдастыру, қабырға газеттері мен бюллетеньдер шығару, физикадан конкурстар және конференциялар өткізу, үйірме жұмыстарын жүргізу...
Оқушылардың қатысуларымен сыныптан тыс жасалатын жұыстар олардың жеке, топ болып және жаппай бәрі араласып істелетін жұмыстар болып 3-ке бөлінеді. Олар мезгіл-мезгіл (көрме, конкурс, конференция, физкабинетті жабдықтау, реферат...) және периодты түрде (үйірме, газет шығау) жүргізіледі.