Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


ІV ТАРАУ. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ



бет15/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

ІV ТАРАУ. ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІ


4.1 Оқыту әдістерінің классификациясы

Оқу-тәрбиелік процесс – мұғалімнің оқыту қызметінің және оқушының оқу қызметінің екі жақты үйлестірілген процесі. Сондықтан оқыту тәсілі – деп оқушының танымдық және практикалық қызметін ұйымдастыратын, олардың білім мазмұнын игеруі мен оқыту мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін мұғалімнің мақсатты іс-әрекеттер жүйесін айтамыз.


Дидактика мен жеке әдістемелер тарихы көрсеткендей, оқыту әдістемелері оқыту мақсаттары мен білім мазмұнына тәуелді болып келеді.
Әдіс – оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері.
Әдіс арқылы мақсатқа жету үшін істелетін жұмыстар ретке келтіріледі. Оқыту әдістері – бұл мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие жұмысының міндеттерін шешуге бағытталған өзара бірлескен іс-әрекет тәсілі.
Оқыту әдісі – бұл қоғамның білім беру мекемесіне деген әлеуметтік тапсырысына тәуелді әлеуметтік категория. Себебі ол қоғамның білім беру ұйымдарының алдына қойған әлеуметтік сұранысына байланысты. Оқыту әдістерінің жүйесі білім мазмұнына да байланысты. Білім мазмұнының кезкелген өзгерісі оқыту әдісін таңдауға әсер етеді. Бәрімізге белгілі, өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту мақсаттары үстем еткен қоғам дүниетанымының әлеуметтік мақсаттрына сәйкес өзгеріп, толықтырылып отырды. Оқушыларда білімдер, шеберліктер мен дағдыларды қалыптастырумен қатар, мектеп алдында өсіп келе жатқан ұрпақты дамыту мен тәрбиелеумен байланысты міндеттер кешені тұр.
Педагогикада әдіс ұғымынан басқа әдістемелік тәсіл деген де ұғым бар. Әдістемелік тәсіл – бұл әдіс бөлшегі, әдіске қатысты жеке түсінік. Әдіс пен әдістемелік тәсіл ұғымдарын бөлу салыстырмалы түрде қолданылады. Іс-әрекеттің сол немесе басқа бір түрі бір жағдайларда оқыту әдістері болып есептелсе, екінші бір жағдайда – тәсіл ретінде қарастырылады. Егер мұғалім сабақтың дидактикалық мақсаты болып табылатын аспап жұмысының ұстанымын түсіндірсе, онда ол көрсету әдісін қолдануда, ал мұғалімнің көрсетуді сүйемелдейтін әңгімесі - әдістемелік тәсіл болып табылады.
Оқыту әдістерін топтастыру.
Дидактика мен жеке әдістерде оқытудың әдістерінің әртүрлі жіктелінуі бар. Қазіргі уақытта дидактикада біршама қабылданған топтастырулардың бірі - И.Я.Лернермен ұсынған танымдық іс-әрекет сипаты бойынша әдістерді топтастыру болып табылады. Мұнда оқытудың бес әдісі бөлініп көрсетіледі:
1) Түсіндермелік-иллюстративтік;
2) Репродуктивтік;
3) Проблемалық оқыту әдісі;
4) Эвристикалық;
5) Зерттеушілік.
Көп жылдар бойы дидактика мен жеке әдістемелерде білім көздері бойынша оқыту әдістерінің топтамалары қолданылып келді. Оқушы ақпаратты әртүрлі білім көздерінен – мұғалім әңгімесінен, кітаптан, тікелей бақылау немесе практикалық іс-әрекет кезінде ала алады. Соған байланысты оқыту әдістерін үш топқа бөлуге болады: сөздік, көрнекілік және практикалық.
Оқу-педагогикалық қызметтегі іс-әркет тұрғысы негізінде Ю.К.Бабанский оқыту әдістерін үш топқа бөледі:
1. оқу-танымдық іс-әрекеттерді ұйымдастырудың әдістері;
2. оқу іс-әрекетін ынталандыру әдістері;
3. іс-әрекетті бақылау әдістері.
Әдістердің бірінші тобына сөздік, көрнекілік және практикалық әдістер енеді. Ынталандыру әдістерінің тобына осы топқа тән әдістер: танымдық ойындар, пікірталас, мадақтау т.б. енеді. Бақылау әдістері тобына ауызша және жазбаша тексерудің әралуан әдістері – жеке және фронтальды сұрау, бақылау жұмыстары, диктанттар, рефераттар, дидактикалық карточкалармен жұмыс т.б. жатады. Танымдық іс-әрекет сипаты, білім көзі, оқу-педагогикалық іс-әрекетті, ғылым әдіснамалық тұрғыларынан оқыту әдістерін 2-кестеден көрсетілгендей топтастыруға болады:


Кесте 2

Топтастыру негіздемесі

Әдіс топтары

Танымдық іс-әрекет сипаты

түсіндірмелік-иллюстративтік
репродуктивтік
проблемалы мазмұндау
эвристикалық
зерттеулік

Білім көзі

сөздік
көрнекілік
практикалық

Оқу-педагогикалық іс-әрекет тұрғысынан

оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру
оқу-танымдық іс-әрекетті ынталандыру
оқу-танымдық іс-әрекетті бақылау

Ғылым методологиясы

теориялық
эмпирикалық

Педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерде оқыту әдістерін топтап, жіктеудің басқа да түрлері көрсетілген. Топтап жіктеудің негізіне оқу үрдісінің кезеңдері, оқушылардың танымдылық белсенділігімен материалды меңгеру деңгейлері, білім берудің логикалық жолдары т.б. алынуы мүмкін.
Оқушылар ақпаратты әртүрлі білім көздерінен алады(Мұғалімнің әңгімесінен, кітаптан, бақылау кезінде, практикалық іс-әрекет нәтижесінде). Осы тұрғыдан білім көзіне байланысты барлық оқыту әдістерін 3 топқа бөлуге болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет