Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі


ХІ ТАРАУ. ФИЗИКА САБАҚТАРЫН ТАЛДАУ



бет58/62
Дата12.10.2022
өлшемі0,66 Mb.
#42557
түріОқулық
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62
Байланысты:
Негізгі мектептіѕ физика курсын оќытудыѕ теориясы мен јдістемесі

ХІ ТАРАУ. ФИЗИКА САБАҚТАРЫН ТАЛДАУ


11.1 Сабақты талдаудың дәстүрлі тәсілдері


Физика пәнінің мұғалімдеріне практикалық жұмыс барысында педагогикалық іс-әрекеттің барлық түрін орындауға тура келеді. Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті деген әр түрлі әдебиеттерді (оқу бағдарламасы, оқулықтарды және оқыту құралдары)талдай отырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай қажетті материалды жинақтап, сабақтың пәндік мазмұнын құру; сондай-ақ, өзінің жұмысын жоспарлау мен оқушыларды өз жұмысын жоспарлай білуге үйрету; оқушылардың түрлі қызыметін ұйымдастыра білу, оларға көмектесу және белгілі бір деңгейде оны басқару; өзінің іс-әрекетінің негізгі түрлерін білуі тиіс. Мұғалімнің сабақ өткізуінде жоспардың дұрыс құрылып, оңды нәтижеге жетуі үшін сабаққа талдау жүргізудің әсері мол. Физика сабақтарына педагогикалық дәстүрлі талдау жүргізудің екі әдісі: В.П.Симонов әдісі және И.М.Богданов әдісі қарастырылады.
Кесте. Физика сабағын талдау сызбасы(В.П.Симонов әдісі) Кесте 13.



Мұғалімнің іс-әрекетіне қойылатын талаптар

Оқушының іс-әрекетіне қойылатын талаптар

Ұйымдастырушылық

Оқыту

Тәрбиелік




1.

Сабақ жоспарының орындалуы.

Оқытудың ғылымилық қағидасының орындалу

Сабақтың идеялық, адмгершілік
көзқарасқа бағыттылығы

Танымдық белсенділіктің деңгейі.

2.

Техникалық құралдар мен көрнекілікті пайдаланудың мақсаттылығы мен тиімділігі.

Көрнекілік қағидасының жүзеге асырылу айқындылығы

Оқушылардың еңбек ету және оқу дағдыларын қалыптастыру

Оқу пәні мен сабаққа оқушының қызығушылығының бар болуы.

3.

Негізгі психологиялық-гигиеналық талаптардың жүзеге асырылуы.

Білімнің беріктілігі ұғынықтылығы, жүйелік қағидасының жүзеге асырылуы.

Экономикалық тәрбие мен кәсіптік бағдарға арналған мүмкіндіктерді пайдалану.

Оқушының өзіндік жұмыс дәрежесі

4.

Барлық оқушылармен кері байланыс жүзеге асырылуы.

Оқытудағы тиімділік және шыдамдылық қағидасының сақталуы.

Сабақтың ақыл-ой тәрбиесіне және оқушының дамуына әсері.

Білімді белсендендіру(оқу материалындағы жетекші идеяларды ажырата білу іскерлігі)

5.

Оқу пәнін жетік білу, педагогикалық шеберлік деңгейі.

Проблемалық қағидасының жүзеге асырылуы.

Физикалық және гигиеналық тәрбиеге қойылатын талап.

Аналитикалық іскерліктер мен дағдылардың деңгейі.

6.

Сабақ бойынша құжаттарды ұйымдастыру деңгейі.

Оқытудың өмірмен, теориямен, практикамен байланыс қағидасының жүзеге асырылуы.

Оқушыларға сабақтың эстетикалық әсері.

Сабақ барысында тілдің, жазу, графикалық және арнайы іскерліктер мен дағдылардың дамуы.

7.

Мұғалімнің тілінің шеберлігі(эмоцианалдығы, образдылығы, дыбыс ырғағы және т.б.)

Басты дидактикалық мақсатқа жету дәрежесі мен оны таңдау үйлесімі

Сабақ барысында тәрбиелік міндетті орындауды өмірмен байланысты жүзеге асырудың тиімділігі

Ұжымдық жұмыс істеу дағдыларын дамыту.

8.

Сабақта уақытты тиімді пайдалануы.

Оқыту әдісін дұрыс таңдау мен оның оқушының жас ерекшелігіне және дамуына сәйкес келуі.

Сөзбен және баллмен бағалаудың тәрбиелік мүмкіндіктерін пайдалану.

Тақтада және арнайы құрал жабдықтар мен жұмыс істей білу іскерлігі.

9.

Мұғалімнің сыртқы сипаты мен педагогикалық мәдениетті және тактикасы.

Оқушының білімі іскерлігі мен дағдысын және оған қойылатын талаптардың деңгейін бақылау.

Мұғалімнің оқушыларға қозқарасымен оқушылардың басқару стилін таңдаудың дұрыстығы.

Оқушылардың ұйымшылдығы мен тәртіптілігі.

10.

Техника қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуы.

Үй тапсырмасының көлемінің үйлесімділігі мен оны оқушыларға жеткізу әдісінің тиімділігі.

Мұғалімнің жеке тұлға ретіндегі тәрбиелік мәні және оның сабақтағы іс-әрекеті.

Оқушының сыртқы сипатының бірыңғай қойылған талапқа сәйкестігі.




α

β

γ

ω

Тиімділік коэфиценті мына формуламен есептелінеді:

Э=(( α+ β+ γ+ ω)/80)100%


Жоғарғы көрсеткіш-2балл
Орташа көрсеткіш-1балл
Төмен көрсеткіш-0балл
Ең жоғарғы баллдың мүмкін болатын қосындысы:
Егер85%˂Э˂100% болса, онда сабақ өте жақсы өткізілді;
Егер65%˂Э˂84% болса, онда сабақ жақсы өткізілді;
Егер45%˂Э˂64% болса, онда сабақ орташа өткізілді;


Кесте. Физика сабағын талдау және бақылау үлгісі
(И.М.Богданов әдісі бойынша) кесте14.

Оқу материалының мазмұны

Мұғалімнің сабақтағы жұмысы

Оқушының сабақтағы жұмысы

Мұғалімнің сабақ тақырыбын тағайындауы және соған байланысты сабақтың мақсаты, оқушыларға тапсырма

Мұғалімнің педагогикалық тәжірибесі

Оқушылардың белсенділігі

Оқу материалы мазмұнының сабақ тақырыбы мен мақсатына сәйкестілігі

Сабаққа оқу-материалдық базасының дайындық сапасы мен оның қазіргі заманға сәйкестігі



Оқу материалының қызығушылықтың оянуы

Қазіргі ғылым мен техника салаларындағы мәліметтермен; берілген тақырыпты толық ашатын мәліметтермен оқу материалының мазмұнын байыту

Жұмыс жағдайын тез құра білу іскерлігі, сабақта оқу уақытынұтымды, пиімді пайдалана білу

Мұғалім мен оқушылардың өзара қарым-қатынасы

Тақырыптың толық ашылуы, қиын есептерді қарастырудағы тиімділік

Оқушылардың дербес, ұжымдық іс-әрекетін ұтымды жоспарлау, бақылау, түзету

Ұйымшылдық пен тәртіпшілік

Баяндаудың бір ізділігі, анықтылығы, обрыздылығы

Қателерді талдау мен ескерту, қызығушылығын ояту

Білімді өз бетімен меңгеру үшін техникалық құралдарды, зертханалық құрал жабдықтарды , компьютерді пайдалана білу

Сабақтағы берілген материалды оқу құралындағы материалмен салыстыру

Ойлау белсенділігін дамыту, өзіндік жұмысқа үйрету.

Физикалық құралдарды пайдалану кезінде техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақта бағдарламалық жасақтамалардың және оның оқу бағдарламасына, сабақ тақырыбы мен мақсатына сәйкестігі

Жұмыс барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеруі






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет